Жасөспірім шақтағы интернет-тәуелділіктің белгілері мен механизмдері
Другие рефераты
Интернет тәуелділікке бейім адамдар Интернетке аддекватты қарайтын адамдардан ерекшеленетіні анық нәрсе. Интернет тәуелділік белгілерінің пайда болуын анықтауға зерттеулер жүргізілуде. Олар Интернет тәуелділігі қалай пайда болады, неде көрінеді, оны қалай емдеуге болады деген сұрақтарға жауап іздеуде болды. Зерттеуді шетел психологтары М.Шоттон, Ш.Тэкл және К.Янг жүргізді. Және мынандай ой қорытындыларына келді:
-
Ø Ата–ана Интернеттегі ойыннан біраз уақытқа көңіл бөлуді сұрау кезінде, жасөспірім оны істеуге айқын қарсылығын білдіреді.
-
Ø Баланы компьютерден алып тастаудың өзінде де ол өте қозулы күйде болады.
-
Ø Компьютердегі программаларды жаңарту және жаңа ойындар сатып алу үшін бала көп қаражат жұмсайды.
-
Ø Жасөспірім үй жұмысы, міндеттері, сабақ жайлы ұмытады.
-
Ø Қоректену және ұйқы графигі толық бұзылады, бала өз денсаулығын сақтамайды.
-
Ø Өзін үнемі сергектік күйде сақтау мақсатында кофе және басқа психостимуляторларды көп пайдаланады.
-
Ø Компьютер алдында көп қоректенеді.
-
Ø Компьютер алдында ойнау немесе жұмыс істеу барысында бала эмоционалды көтеріліс сезеді.
-
Ø Қоршаған адамдармен үнемі түрлі Интернеттік тақырыптарда әңгімелесу басталады.
-
Ø Компьютер алдында эйфория сезімін сезеді.
-
Ø Өзінің компьютерлік фантастика әлеміне келесі енудің ұсақ–түйегіне дейін ойластырады және оған жағдай жасайды. Ал бұл көңіл–күйдің көтерілуіне жағдай тудырады, барлық ойларын билейді, ол жайында армандайды[5].
Біраз уақыттан кейін дамып келе жатқан ағзада асқорыту жүйесінің қызмет етуінде бұзылыстар; омыртқа, жауырын, қолдарында аурулық сезімдер пайда болады, ал көз алмаларының үнемі қозу жағдайында болуы көз ауруларының пайда болуына жағдай туғызады[34].
Егер де бала келесідей әрекеттер жасайтын болса, ата–ана мен жақындарға көңіл аударған жөн:
-
Ø Компьютерден алыстамай ішіп жейді, сабағын оқиды.
-
Ø Компьютер қасында түн өткізе бастайды.
-
Ø Компьютер алдында отыру үшін мектептен қала бастайды.
-
Ø Пәтерге кіре салысымен компьютерге бағытталады.
-
Ø Тамақ ішу, тіс тазалау, шашты тарау, киім ауыстыруды ұмытып кетеді (бұдан бұрын ол байқалмаған болатын).
-
Ø Компьютер сынып қалған жағдайда қозулы, агрессивті күйде болады, немен айналысарын білмейді.
-
Ø Компьютер алдына отыруға тыйым салынса, бопсалап қорқытады[27].
Интернет–тәуелділік механизмдеріне тоқталсақ, ол ағзаның түсініксіз талаптары мен психикалық жүйесіне негізделген. Бұл талаптар персонаж роліне енуге деген құмарлыққа және бұл арқылы шындықтан қашуға негізделеді. Берілген механизмдер адам санасы мен мотивация сипатынан тәуелсіз жұмыс істейді. Бұл мотивтер бала белгілі бір компьютерлік ойынмен алғашқы танысуынан кейін пайда болады. Кейін индивидуалды ерекшеліктер және мотив негізінде тәуелділік қалыптаса бастайды:
Бірінші механизм – бұл реалдылықтан кету. Бұл механизмнің негізі баланың күнделікті шаруа мен проблемалардан (мектептегі, құрдастарымен, жанұядағы, мұғалімдермен проблемалары болуы мүмкін) кетуге деген қажеттілігі болып табылады. «Реалдылықтан кету» термині қоғам немесе социумнан кету емес, ал шын мәнінде реалдылықтан кету дегенді білдіреді. Шынайы реалдылықтан кету басқа виртуалдыға ауысу арқылы жүзеге асырылады.
Тәуелділіктің қалыптасу механизмдерінің психологиялық аспектілері жасөспірім немесе баланың күнделікті өмірімен байланысты әртүрлі проблемалар мен ыңғайсыздықтардан құтылу сияқты жаратылыстық бағыттылыққа негізделеді[28].Бала психикасы жағымсыз әсерлерге әлі де тұрақсыз, кез келген күйзеліс пен ыңғайсыздықтар амалсыз немесе катастрофалық болып қабылданады. Рольдік компьютерлік ойын бастан өткерілмеген өмірлік жағдайларды жасау үшін қарапайым әрі қол жетерлік әдісті табуға жәрдемдеседі.
Рольдік ойын көмегімен бала проблема, сабақ, шаруа және тағы басқа күнделікті міндеттері жоқ идеалды әлем жасайды. Ойын оған эмоционалды босату және стресті шешу әдісі болып көрінуі мүмкін. Алайда бала бұл идеалды реалдылыққа тез үйреніп кетеді. Реалды өмірде проблемалар ешқайда да кетпейтіндіктен бала басқа реалдылыққа кетуді жиілетіп, оған салынып кетеді, сондықтан да болашақта одан шығу өте күрделі болады. Шынайы әлемнен толық үзіліп кету қаупі пайда болады, 100%-ға реалдылықты виртуалды әлемге ауыстыруы мүмкін. Өте күшті интернет–тәуелділік қалыптасу қаупі өседі. Мұнда тәуелділіктің қалыптасу мен нашақорлық препараттарды қабылдаумен ұқсас ерекшеліктерін байқауға болады.
Интернет–тәуелділіктің қалыптасуының келесі механизмі –бұл рольді қабылдау. Бұл механизм негізінде адамға тән ойынға қажеттілігі жатыр. Балаға белгілі бір себептермен реалды өмірде қанағаттандырылмай жүрген қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін компьютерлік персонаж – ролін қабылдауға бағыттылық тән болып табылады. Адамдар ерте балалық шағынан рольдік ойын ойнауға үйренген. Бұл рольдік ойын ойнаған кезінде, саналы түрде ересек адамның ролін (ана, әке, апа немесе атасы) қабылдайды. Бұл арқылы ол оны қоршаған әлемді тануға деген қажеттілікті бейсаналы қанағаттандырады. Есею барысында бала рольдік ойынды интеллектуалдыға ауыстырады, алайда басқа адамның ролін қабылдауға деген қажеттілік сақтала береді. Виртуалды реалдылық көмегімен оны компьютерлік ойында қанағаттандыруға болады.
Рольдік ойын – бұл танымдық қызметтің тиімді әдісі[35]. Тәуелділіктің қалыптасу процесінің өзі рольді қабылдауға деген қатты қажеттілік пен құмарлыққа негізделген. Біраздан кейін келесідей болады: бала көп ойнаған сайын реалды және виртуалды өмір айырмашылығы айқындала береді. Сөйтіп, ойын өмірлік проблемаларды компенсациялайтын құралға айналады, бала реалды әлемдегі емес, ол виртуалды әлемдегі қажеттілігін қанағаттандыра бастайды. Әрине, мұндай коменсация салдары өте ауыр. Бұл балада өзін–өзі тану, өзін–өзі бағалаудың және жоғары психикалық функциялардың қалыптасуында, жеке тұлғасының дамуындағы бірқатар күрделі проблемаларды тудырады[31].
Сөйтіп, басқаның ролін қабылдауға қажеттіліктің пайда болуы психологиялық факторлардың негізінде өтеді:
-
Реалдылықтан кетуге деген құмарлық және қатты қажетсіну.
-
Өзін компьютерлік ойын персонажымен ұқсатуға деген қажеттілік[37].
Берілген факторлар бірлесе немесе біреуі басым болып жүзеге асуы мүмкін. Бұл механизмнің екеуі де негативті өмірлік күйзелісті компенсациялау процестеріне негізделген. Егер де бала өз өмірімен толық қанағаттанып, проблемаларын рационалды шеше білсе, ол балада виртуалды әлемге кетуге деген қажеттілік пайда болу мүмкіндігі өте төмен. Алайда мұндай балалар өте аз.
Жасөспірім шақтағы интернет-тәуелділігінің психологиялық физиологиялық әлеуметтік себептерін, жасөспірімнің психикалық даму ерекшеліктері, жасөспірім Интернет тұтынушысы ретіндегі әрекет ерекшеліктері, мотивациясы, қарым-қатынасы, жасөспірім шақтағы тәуелді әрекет-қылықты зерттеудің теориялық негіздерін байланыстыра отырып қарасақ:
Жасөспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып, ересектіктің басталуымен аяқталатын даму стадиясы деп аталады. Алайда бірінші шегі физиологиялық, екінші әлеуметтік шек болып тұрған осы анықтаманың өзі құбылыстың күрделілігі мен көп өлшемділігін көрсетеді [18].
Балаң жастық — адамның дене дамуының аяқталатын кезеңі. Бойдың ұзаруы жеткіншек кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың бойының толуы орта есеппен 16 мен 17-нің арасында болады(ауытқу плюс-минус 13 ай), жігіттерде 17 мен 18-дің арасы (ауытқу плюс-минус 10 ай).Салмағы артады, осының өзінде ер балалар қыздардан қалып келген есесін толтырады. Бұлшықет күші өте тез өседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тұрғыдан екі есе асып түседі[20]. Бойы толысқаннан кейін шамамен бір жылдан кейін адам қалыпты ересектік бұлшықет күшіне жетеді. Әрине, көп нәрсе дұрыс тамақтану режимі мен дене шынықтырумен шұғылдануға байланысты. Спорттың кейбір түрлерінде балаң жастық – ең көп жетістіктерге жететін кезең.
Жыныстық даму жөнінен жігіттер мен қыздардың көбі бұл жаста постпубертаттық кезеңде болады[25]. Көп тараған түсініктерге қарамастан, жыныстық толысудың мерзімі нәсілдік және ұлттық ерекшеліктерге, климатқа байланысты емес.
Жасөспірімдік шақ бала мен ересектердің арасындағы аралық жағдайда болады. Баланың жағдайы оның ересектерге тәуелділігімен сипатталады, бұлар оның өмірлік іс-әрекеттің мазмұны мен бағытын белгілейді[26]. Баланың атқаратын ролі ересектердің ролінен сапалық тұрғыда өзгеше болады және екі жағы да мұны анық ұғынады. Өмірлік іс-әрекеттің күрделене түсуімен бірге жастарда әлеуметтік ролдер мен мүдделер диапозонының сандық ұлғаюы ғана болып қоймайды, сапалық тұрғыдан өзгеріп, ересектік ролдер бірден-бірге көбейеді, осыдан келіп дербестік пен жауапкершілік өлшемі шығады[27]. 16 жаста жеке куәлік алады, 18 жасында сайлау құқығы мен некелесуге мүмкіндік алады. Жасөспірімдік қылмысты істер үшін жауап беретін болады. Көпшілігі бұл жаста еңбек қызметін бастайды, бәрі де мамандық таңдау туралы және т.б ойлайды. Алайда жасөспірімді ересектер статусының элементтерімен қатар оның жағдайын баланың жағдайына жақындататын тәуелділік белгілері әлі сақталады. Бұл мектептен басқа жерлерде де байқалады, мұнда 16 жастағылар емес, 20 жастағыларды да көбінесе ересек деп санамайды. Жағдайдың (бір тұрғысынан ересек деп танитын, екінші тұрғыдан танымайтын) және өзіне қойылатын талаптардың тиянақсыздығы жастардың психологиясына өзінше ұғынылады[32]. Жастар тым еліктегіш, әсерленгіш, эмоционалды болғандықтан, олармен сө
| | скачать работу |
Другие рефераты
|