Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Аудит стандарттары және аудиторлардың кәсіби этикасы



 Другие рефераты
Химия ғылымының концепциялары Химияның қазіргі кездегі мәселелері Қазақстан Республикасының Аудиторлық қызметті реттейтін нормативтік құқықтары Аудиттің компоненттері, принциптері және концепциялары

Аудит стандарттары – аудитке қойылатын бірегей талаптарды және аудит өткізу тәртібін анықтаушы принциптерді белгілейтін нормативтік құжаттар. Аудит стандарттары Аудиторлар палатасының республикалық конференциясында қабылданып, мемлекеттік уәкілетті органдарда тіркеледі. 2000 жылғы наурыз айында өткізілген аудиторлардың бесінші республикалық конференциясында Қазақстан Республикасының аудитін Халықаралық стандарттарға көшіру және оларды ұлттық стандарттар ретінде қабылдау туралы шешім қабылданды. Стандарттар аудиторға бақылау шараларының ауқымын, оларды жүргізу әдістерін анықтауға көмектеседі әрі аудиторлық қызметтің нәтижелерін бағалаудың өлшемдері болып табылады.

Әр елдің ұлттық стандарттары аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрсетеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктіліктерін  ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың жұмыс сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді әрі оңтайландырады.

Аудит стандарттарының маңызын төмендегілер айқындайды:

–       жоғары сапалы аудиторлық тексеруді қамтамасыз етеді;

–       аудит өткізудің барлық кезеңдерібойынша регламентті анықтайды;

–       аудиторлық тексеру нәтижелері дұрыстығының құқықтық кепілдігін қамтамасыз етеді;

–       Қазақстан аудитінің деңгейін көтереді және оны халықаралық экономикалық қатынастар саласында танымал етеді;

–       аудит өткізу және оның нәтижелерін рәсімдеу мәселелеріне қатысты тәсілдерді, терминдерді, анықтамаларды, мәліметтерді бір ізге салу міндеттерін шешеді;

–       аудиторлық тексеру іс-тәжірибесінде жаңа ғылыми жетістіктерді енгізуге ықпал етеді;

–       ақпараттарды пайдаланушыларға аудиторлық тексеру жүргізу үдерісін түсінуге көмектеседі;

–       кәсіптің қоғамдық беделін құрайды;

–       мемлекет тарапынан бақылауды жояды;

–       аудиторға клиенттермен келіссөз жүргізуге көмектеседі;

–       аудит өткізу үдерісінің жекелеген элементтерінің байланысын қамтамасыз етеді.

Жалпы стандарттар – аудитордың алдында тұрған міндеттерді тиімді әрі кәсіби деңгейде орындау үшін оның бойында болуға тиіс белгілі бір қасиеттер мен кәсіптік дәреже. Ол үшін әзірлік, кәсіби біліктілік, тәуелсіздік, әділдік, аудитті өткізу кезінде тиісті көңіл бөлу талап етіледі.

Аудит стандарттары аудиттің сапасы мен сенімділігіне қойылатын нормативтік талаптарды анықтайды және тәуелсіздіктің, әділеттіліктің, кәсіби біліктіліктің, аудиторлық тексеру нәтижесі жөніндегі ақпараттардың құпиялығын сақтаудың белгіленген деңгейін қамтамасыз етеді. Экономикалық реформалар механизмінің жетілдіруіне қарай Аудит стандарттарын уақыт талабына сай ету мақсатымен, оларды кезең сайын қайта қарап отыру қажет.

Аудиттің халықаралық стандарттары тек оны өткізудің жалпы тәсілдерін, тексеру жүргізу ауқымын, аудиторлық қорытынды есептің түрлерін, әдістемелік мәселелерін, сондай – ақ аудиторлар қолдануға тиісті негізгі принциптерді айқындайды.

Аудит стандарттары Аудиторлар палатасының республикалық конференциясында қабылданады және уәкілетті мемлекеттік органмен тіркеледі.(«Аудит қызметі туралы» ҚР Заңы).

Халықаралық аудит стандарттарын (ХАС) Халықаралық аудиторлық тәжірибе жөніндегі комитет ұйымдастырған (ХАТК). ХАТК Халықаралық бухгалтерлер федерациясы кеңесінің тұрақты комитеті түрінде болады (ХБФ), ол 1997 жылы Нью-Йоркта құрылған. ХБФ-ға мүше болу Халықаралық  бухгалтерлік стандарттар (ХБСК) жөніндегі комитетке мүше болу құқығын береді. ХБСК Лондонда құрылған. Екі мекеме бір-біріне тәуелсіз, біріншісі аудитормен, ал екіншісі бухгалтерлік есеппен жұмыс істейді.

«Қазақстандағы Халықаралық аудит стандарттары» нұсқасы ТМД елдері үшін Еуразияның бухгалтерлері мен аудиторлары Халықаралық жергілікті федерациясының шешімі бойынша ұсынылды.

  1. Стандарттардың  мазмұны 

№1

Стандарт

Қысқаша мазмұны

1

2

3

100-199 Кіріспелік аспектілер
100 Халықаралық аудит стандарттарына кіріспе ХАС-тың заңнамалық статусы, оларды қабылдау тәртібі мен қолданылуы анықталады.
110 Глоссарий ХАС-та қолданылған терминдердің сөздігі.
120 Халықаралық аудит стандарттарының концептуалды негізі ХАС-тың құрылымы бейнеленді және аудитке қызметтің классификациясы ұсынылды.
200-299 Жауапкершілік
200 Қаржылық есептілік аудитінің жалпы мақсаттары мен принциптері Аудиттің мақсаты мен оның негізгі принциптері анықталды. Есептілікті жасау бойынша басқарманың жауапкершілігі анықталады.
210 Аудит өткізу бойынша келісімшарттар Аудитті өткізу келісімшарты туралы аудитордың хат нысанының мазмұны ұсынылды.
220 Аудиторлық жұмысты сапалық бақылау Аудиторлық жұмысты сапалы бақылауда бақылау процедуралары мен саясаты ұсынылды.
230 Құжаттама Аудитордың жұмыс құжаттарының мазмұны мен нысаны бойынша ұсыныстар
240 Қателер мен алаяқтық Аудитті жүргізу барысында қате, алаяқтық іс-әрекеттер салдарынан ақпараттың нақты қателігі туралы мәселелердің пайда болуы.
250 Қаржылық есептілік аудиті негізіндегі заңдар мен нормативтік актілердің қарастырылуы Аудитті жүргізу барысында нормативтік актілерге қайшы келуі және олардың қаржылық есептілігінің сенімділігі туралы мәселелердің пайда болуы.
300-399 Жоспарлау
300 Жоспарлау Аудиторлық тексерулердің, аудит бағдарламасы мен жоспар құру тәртібінің жоспарлау үдерісі бейнеленеді.
310 Бизнесті білу Клиент бизнесінің сипаты мен бағытын түсінуге бағытталған аудитормен ақпаратты алу мәселелері бойынша ұсыныстар берілді.
320 Аудиттегі мәнділік Аудиторлық тәуекелдік пен мәнділік концепциясының мазмұны берілді.
400-499 Ішкі бақылау
400 Ішкі бақылау мен тәуекелді бағалау Тәуекелдіктің анықтамалары мен олардың бағалары туралы ұсыныстар жасалды.
401 Компьютерлік ақпараттар, жүйелер ішіндегі аудит Мәліметтерді компьютерлік өңдеу шарттарында қосымша аудиторлық рәсімдерді қолдану, аудитордың классификациясына талаптар, үшінші жақтарды тарту.
402 Қызметін жүзеге асыратын мекемелердің жұмысын қолданатын субъектілердің аудит бойынша мәсілелері
123
скачать работу


 Другие рефераты
Страх как социальное явление
Правонарушения и юридическая ответственность
Система межбанковских сообщений SWIFT
Плоттеры: принцип действия, характеристики, перспективы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ