Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Әулиеатаны Ресейдің жаулап алуы

мен бірге жаңағы төбеге қарай қозғалдым. Алдымызда казактар жүздігі мен қазақтар милициясы жүріп отырды, олар екі ракеталық станокпен қаруланған. Сол сияқты тау взводы мен бір рота атқыштар да болды. Осынша әскер жақындасымен қоқандықтар өздері тұрған төбеден жылыстап, қапаға таяу төбеге шегінді. Жаудың жалпы саны 1500-дей адам болып қалар. Басты әскери күшіміз келісімен екі рота атқыштар жан-жаққа шашырай қозғалып, қоқандықтарды дереу шегіндірді де, оларды Таластың сол жағалауына асығыс өтуге мәжбүр етті. Осында жауларымыз қорғаннан 4 зеңбіректі 500 жаяу сарбазы мен ,300 атты әскерінің қорғауымен алып шыққан екен. Қалаға жақын соңғы тебені де алған артиллери-яшыларымыз дәлдеп атқан соң қоқандықтар дереу кетуге мәжбүр болды. Осы тебеде батареялық және атты дивизиондарды қалдырылып, оларды қорғау үшін екі ротаны бөлген соң мен қалған әскерлерімді олардан бір шақырымдай төмендеу лагерьге орналастырдым. Сол күні кешкісін қаланы босқа қиратпау және тектен-тек қан текпеу үшін Әулиеата комендантына төменде кешірмесін келтіріп отырған хат жаздым:
«Әүлиеата қорғанының құрметті бегі Ниязалы датқаға.
Біздің айтарымыз мынадай: Мен ұлы мәртебелі патша ағзамныңәмірі бойынша Әулиеатаны алуға әскеріммен келіп тұрмын. Бостан-босқа қан төкпес үшін Сізге өзіңіз бізден қорғай алмайтын қорғанды Ақ патшаның әскерлеріне тапсыруды талап етуді өзімнің ең бірінші борышым санаймын. Ерлікпен қорғағандығына қарамастан Қосқорған, Күмісқорған, Ақмешіт, Жаңақорған, Дінқорған және бүкіл хандығыңыздағы қорғандардың ішіндегі ең мықтысы Бішкек басына туған жағдай біздің күш-қуатымыздың қандай екендігін көрсетеді. Ал, Қоқан әскерлерінің Құмсуат, Ақмешіт, Ұзынағаш түбіндегі жеңілістері орыс қаруының ешкімге дес бермейтін қуатына көздеріңізді жеткізген болар.
Мен құдіретті патшамның атынан қамал бір оқ шығарылмастан берілетін болса, қорған ішіндегі қоқан бодандарының бәріне де өмірін, мал-мүлкін, еркіндігін сақтауға сөз беремін. Өткен жылы мен басқарған орыс әскерлері Созақ пен Шолаққорғанды уақытша басып алғандығы менің сөзімнің қайтып алынбастай беріктігіне куә бола алады.
Сіз менің ұсынысымды қабылдамасаңыз, Әулиеата тағдырын өзгерте алмайсыз, сондай-ақ гарнизон мен тұргындарды қырғынға ұшыратасыз, ал бізге берілуге ақылмен келіссеңіз, ішкі айтыс-тартыстарда және өздеріңізбен теңдес сыртқы жауларыңызбен күресу үшін қажетті көптеген жауынгерлеріңізді аман сақтап қаласыз. Қорғанамын десеңіз, бұл өз еркіңізде. Бірақ мұның салдарының ауыртпалығын өзіңізден көресіз.
Жауапқа 3 сағат белгілеймін.
Полковник Черняев».
Алайда, белгіленген мерзімде жауап алмаған соң қала мен қорғанға 3 жеңіл және 4 батареялық зеңбіректен оқ атқыздым. Келесі күні ертеңгі сағат 6-да Әулиеата саудагерімен бірге жіберілген жаушым коменданттан жауап алып оралды. Командант (Ниязалы датқа) ойлану үшін 14 күн сұрапты. Қасындағы штабс-ротмейстр Ш. Уалихановқа мен бекке (Ниязалы датқаға) ұсынған шарт ешқандай өзгермейтіндігін ескерте жауап жазуды тапсырған соң тағы да оқ атуға бұйрық бердім. Бұрын айтылған 8 зеңбірекке тағы да оғы екі путтық мортира қосылды. Келесі күні күш-көліктің келуіне қарай Талас өзенінің сол жағалауына таулық взводпен толықтырылған екі жарым рота, ракеталық станокпен қаруланған казактар жүздігі подполковник Лерхенің басшылығымен бас штабтың капитаны Красовский, инженер-капитандар — бірінші және екінші Крыштановскийлер, поручик князь Туманов жүргізген рекосценировканы қорғаштау үшін өткізілді. Қала дуалының батыс қабырғасы онша күшті еместігіне, оның алдында паналайтын нәрселер көптігіне, қорғанның артиллериялық қаруы өте әлсіздігіне жеке өзім көз жеткізген соң мен ешқандай орлар қазбастан-ақ қаланың ішіндегі үйлерді паналай отырып, цитаделиді қолға түсіріп, басып алуды ұйғардым. Келесі күні таңертең сағат 6-да екі ротаны, екі тау зеңбірегі, екі ракеталы станогы бар екі жүздікті, қазақ милициясын лагерьде қалдырып, қапған бес ротамен, бір жүздікпен және 8 зеңбірекпен жаңбыр жауып турғанда Талас өзенінен өтіп қалаға батыс жағынан келісімен 400 сажын жерге бүкіл артиллерияны позицияға орналастырдым. Осындай қашықтықтан қорғанға оқ жаудырған соң зеңбіректерді 300 сажын жерге жақындаттым. Қоқандықтар осы жерде бізге қарсы гарнизон әскерінің көп бөлігін жане калибрі шағын төрт зеңбіректі топтастырған екен, алайда батареялық және аттарға жегілген дивизиондардың сәтті әрекеттері 8-батальонның бірінші, екінші және атқыштар роталарының, сапер командасының жауды алдындағы тығылған қабырғадан қуып шығуға, сөйтіп бірінің иықтарына бірі шығып қалаға және қорғанға кіруге мүмкіндік берді. Осы әскерлерден кейін артиллерия және қалған екі рота іске кірісті. Біз қала мен қорғанды алғанда комендант 400 атты әскерімен цитаделиден қашып кетті, бұларды қала мен қорған қабырғалары ұзын болғандықтан қолға түсіре алмай қалдық. Жаяу сарбаздар қаруларын тастап, тұрғындармен араласып кетті. Сонымен біз оқ атқаннан кейін екі сағат ішінде қала да, қорған да, цитадели де түгелдей біздің билігімізге көшті... Біздің қосыннан үш адам ғана жеңіп жараланды, бір офицер (прапорщик Беляков)
пен қатардағы бір солдат контузия алды. Дұшпандардың шығыны қазір анық бола қойған жоқ. Кеше қала тұрғындары менің бұйрығым бойынша 307 адамды жерледі. Қаза тапқандардың барлығы дерлік қоқан гарнизонынан екен, жараланған барлық қоқандықтарға медициналық жәрдем берілді. Қосын медигі дәрігерлік көмек көрсеткендердің саны — 390 адам. Олардың басым дені — сарбаздар. 341 сарбаз тұтқынға алынды. Біздің олжамыз 3 ту, 5 зеңбірек, 6 фальконет, 13 қамал мылтығы, 397 шиті мылтық пен винтовка, 70 пут қорғасын мен ірілігі әртүрлі 415 пут пытыра».
Бұдан кейін полковник М. Г. Черняев көзге түскен офицерлерінің аты-жөндерін, жаралыларды емдеген батальон медигі Мацеевскийді атайды. Полковник Әулиетадан 1864 жылы тамыздың 18-і күні жазған жолдамасында: «Мұның алдындағы хатымда Сізге Шымкентте біздің қосындар кеткеннен кейінгі болған қырғын туралы жазған едім. Қоқанда қазір билік жүргізіп тұрған қыпшақтар тобы сірә бізді жақтайтын сарт өкілдерін қырып салған сияқты. Қаза тапқандардың арасында біз Әулиеата мен Түркістанды жаулап алғанға дейін Қоқанда ұсталған бірнеше қазақ биі де бар екен. Өзінің көп санды шымыр руын билейтін аса беделді 75 жасар қарт Байзақты зеңбіректің аузынан атып жіберіпті. Оның ұлы Ақмолда өзінің аға-інілерімен бірге біз Әулиеатаны басып алысымен келіп, орыс бодандығын қабылдауға тілек білдірген еді. Бұл-кезде оның әкесі қоқандықтар қолында болатын. Біздің қосынымыз Шымкенттің іргесіне барғанда Әулиеатамен байланысымыз үзіліп қалғанда Қоқан парванашы Ақмолдаға орыстардың мүлдем жойылғандығын хабарлай отырып, әкесі жоқта өзі басқарып отырған шымыр руының адамдарын Шымкентке қарай көшіріп әкелу туралы хат жазған екен. Ақмолда Ақ патшаның бодандығын қабылдағандығын, сондықтан қоқандықтарға бармайтындығын жаушыға айтып, қоқандықтар хатын Әулиеатада комендант болып қалған полковник Богацевичке берген еді. Әкесінің қазасы туралы хабарды естіген Ақмолда кеше бір топ адамымен маған келіп, 10 мың адамды атқа қондыратындығын, біздің қосынға Шымкентті жаулап алу үшін барлық көлікті беретіндігіжөнінде ұсыныс айтты», — деп жазыпты.
Ресей армиясы 1864 жылы Әулиеатаны жаулап алған кезде Орынбор жақтан аттанған полковник Николай Веревкиннің қосыны 14 маусым күні Әзірет сұлтанды — Түркістан қаласын басып алған еді. Бұл соғыста орыстар жағынан 5 адам қаза тауып, 13 жауынгер жараланған екен.
Полковник М.Г. Черняев Әулиеатаны алған соң масаттанғаны сонша Шымкентті де бірден басып алу үшін аттанып, қыркүйектің 19-нан 20-сына қараған түнде шабуылға шығады. Шымкент түбіндегі бұл соғыста 6 орыс қаза тауып, 20-сы жараланады. Орыс әскерлері Сайрамға да шабуыл жасады. Сайрам үшін болған қыркүйектің 28-і күнгі соғыста хорунжий Сұраншы батыр Хәкімбеков қаза тауып, шапырашты Сарыбай би жамбасынан жараланды.
Сол жылы күзде шымыр Ақмолда батырбасы Байзақұлы — орыс армиясының капитаны, сыйқым Құдайберген Баетұлы майор атағын алды. Бұған I Александр патшаның өзі қазан айында қол қойған. Ресей әскерлерінің осы жорығына қатысқан басқа да бірқатар қазақтар мен қырғыздар шен алды, шекпен киді. Ресей армиясының қатарында атақты Жаяу Мұса Байжанұлы — Шоқан Уәлихановтың тұған нағашысы Шорманұлы Мұстафаны «Атымды алып, сондықтан жаяу атандым» дейтін Жаяу Мұса да болған еді. Әулиеата соғысында 1847 жылы Қырғызстандағы соғыста Кенесары ханды тастап кеткен сұлтан Рүстем Аспандиярұлы да жарақаттанып, қаза тапты. Шоқан Уәлиханов Әулиеатадағы қырғын соғыста бейбіт тұрғындардың да жазықсыз қырылып кеткендігі үшін полковник М. Е. Черняевпен ат құйрығын кесісіп кеткендігі мәлім. Орыс ғалымы А. К. Гейнс өзінің «Собрание литературных трудов» деген еңбегінің екінші томында (СПб, 1898) «Мен Әулиеатада қоқан билігінен қалған зынданды көрдім. Шөлмек тәріздес зынданның тереңдігі 10 сажын екен, аузы тар. Бұл шұңқырдың ішіне жазалы адам арқанмен белгілі мерзімге түсіріледі. Әулиеатада дар да болды» — деп жазған екен. (419- б.).
Шоқан Уәлихановтың Әулиеатадағы қоқандықтармен бейбіт келіссөз жүргізу қажет деп талап еткендігін, бірақ полковник Черняев бұған көнбей, осы соғыста орыс әскерінің жауыздығына шыдамай Әулиеатадан шілде айында бір топ сардармен бірге Алматыға қайтып кеткендігін оның орыс достары Н. Потанин және басқалары тайға таңба басқандай жазған еді.
Орыстар Әулиеатаны жаулап алғанда қала тұрғындары екі-үш мың мөлшерінде болған екен. Айтпақшы, М. Г. Черняевтың Әулиеатадан жазған жолдамасында қалада қазақтардан бірнеше шымыр үйі болғандығы да көрсетіледі. Сол 1864 жылы шілденің 17-сі күні Әулиеата Жаңа қоқан сызығының құрамына қосылды. Әулиеатаны алғаны үшін полковник М. Г. Черняев генерал-майор атанды. 1889 жылы Әулиеатаны орыс әскерінің басып алғандығының 25 жылдығы құрметіне қалада Түркістан өлкесінің әскери губернаторы Н.П. Гродековтың бұйрығымен ескерткіш орнатылды. Қазір бұл отаршы басқыншылар ескерткішінің жұрнағы да жоқ.
123
скачать работу

Әулиеатаны Ресейдің жаулап алуы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ