Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Әулиеатаны Ресейдің жаулап алуы



 Другие рефераты
Жәңгір ханның ағартушылық қызметі Жәңгір хан және Қазан университеті Ғалияда оқыған қазақтар Араб мемлекеті

Әулиеатаны Ресейдің жаулап алуы
Б. ӘБІЛДАҰЛЫ
Қазақ халқы жоңғар басқыншыларымен жан алысып, жан берісіп соғысып жатқанда Ресейдің І-Петр патшасының әскерлері жерімізді шетінен кертіп қалалар салып, жыландай жылжып сұғынып келе жатты.
Омбы, Орынбор, Павлодар, Семей, Өскемен қалаларынан соң орыс отаршылары XIX ғасырда Жетісуға жетіп, 1854 жылы ежелгі Алматы кентінің орнына Верный бекінісін тұрғызды. Ал, бұдан бір жыл бұрын Орынбор жақтан генерал Перовский басқарған орыс әскері қоқандықтардан Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) қаласын басып алған болатын. «Тәбет тамақ ішу барысында келеді» деп білетін қомағай Ресей отаршылары енді Талас, Шу аймағына, одан әрі Орта Азияға көз аларта бастады. Бұл кезде Оңтүстік Қазақстанды ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған Қоқан зекетшілері жәй мал-мүлік салығын былай қойып, мұсылмандықтан безіп, көңіл көтеру үшін әр ауылдан бір қыз бересің деген адамгершілікке жатпайтын салық ойлап шығарды. Өздерінің оң жақтағы ару қыздарын көздерінің қарашықтарындай сақтайтын қазақтар бұл қорлыққа көнбей 1858 жылы мамыр айында көтеріліске шықты. Мырза би деген зекетшіні нөкерлерімен қоса Шымкент түбінде қырып салды.

Қоқан ханы Құдияр әр жерден бас көтерген қазақтарды аяусыз жазалап, қанды шеңгеліне қайта түсірген соң 1860 жылы Жетісуды орыс отаршыларынан құтқарамыз деген ұранмен әскер көтерді. Ұзынағаш түбінде полковник Колпаковский басқарған орыс әскері қоқандық сарбаздарды зеңбіректерден оқ жаудырып, жамсатып салды. Осы қоқандықтар сапында Байзақ, Батырбек датқалар да болатын. Олар орыс қаруының каншама куатты екендігін осы соғыста түсінді. Ұлы жүзден Ресейге ертерек караған ағайындарының жай-жапсарын Қоқанға қарасты өз елінің күйімен салыстыра келе Байзақ датқа бүкіл қазақ бірге болуы керек деп шешті. Ал, Ташкент бегілер бегінің карындасына үйленген Батырбек датқа коқандықтар жағында еді.
Ресей патшасы Александр I Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу үшін бас штабтың полковнигі Михаил Григорьевич Черняевты қолбасшы етіп тағайындады. Бұл 1863 жыл болатын. Сол жылы Орынбор жақтан келіп Созақта, Шолаққорғанда болып, тілік ІІІоқай датқамен тіл табысқан, жай-жапсарды ұққан М. Г. Черняев 1864 жылы Омбы генерал губернаторы А. Дюгамельдің қарамағына жіберілді. Сол генералдың қолы қойылған деректерге қарағанда 1864 жыл басталған қыс Оңтүстік Қазақстанда өте қатал болып, қазақтар жұттан көп малынан айырылған екен. Орыс дипломаттары қоқандықтарды әлсірете түсу үшін Бұхар әмірімен байланыс жасап, оны да ортақ жауына қарсы көктемде жорыққа шығуға итермелеген.
Шудың бергі жағындағы қосын бастығы полковник Черняев басқарған әскер 1864 жылғы 1 мамыр күні Верный бекінісінен аттанды. Ал, бұдан бір жыл бұрын старшина Бутаков солто, сарбағыш руларынан манаптар Жанғараш, Маймыл, Тыналы, Бәйтік, Қойшы, Мәкеш, Шайділдә, Өзбек басқарған елдеріне барып, олардың Ресейге қарайтындығы туралы антын алды. Сол сияқты 1862 жылы попковник М. Г. Герасимов басқарған шағын орыс әскері Меркіге келіп, бағдарлап қайтқан еді.
Полковник М. Г. Черняев басқарған жаулап алушы экспедицияға Ресейдің бас штабы 150 мың рубль күміс ақша бөлді. Бұл жаулап алушылар қосынында 60 офицер, 2533 солдат болды, оларға 835 ат-көлік берілді. Қосын штабында 10 офицер, жаяу әскерлердің 31 офицері, казактардың — 9, артиллерияның — 7, дәрігерлік — 2, жорық ас-ауқат қамдаушы бір офицер бар еді. 1638 — жаяу әскер, 351 — казак, 150 сапта тұрмайтын жауынгер болды. Оларға 2180 снаряд, 2 пұттық 180 бомба, ширек пұттық 2 мың бомба, 100 пұт оқ-дәрі берілді. Бұған соғыс министрі генерал-адъютант Милютиннің өзі 1864 жыпғы 13 ақпанда қол қойған еді. Осы министр жаулап алушылар қатарына зоология магистрі, атақты ғалым Н. А. Северцовты айына 300 күміс рубль беріп қосты.
Сібір корпусының командашысы генерал А. Дюгамель Ресей министрінің үлгісімен Шудан бергі қазақ жерін жаупап алуға аттанған қосынға өзінің адъютанты штабс-ротмистр Шоқан Уәлихановты, суретші Михаил Знаменскийді қосып, қолбасшы полковник М. Г. Черняевтан әр әпта сайын өздерінің жүрген- тұрғаны, әрекеттері туралы жазып отыруды тапсырды.
Полковник М. Г. Черняев басқарған әскери қосынның Алматыдан-Верныйдан шығып Әулие-атаны жаулап алғанға дейінгі Омбыға, ондағы Сібір корпусының командирі А. Дюгамелые, бүл қолбасшының соғыс министрі Милютинге Петербургке жолдаған хаттары Ташкент қаласындағы Өзбекстанның орталық мұрағатында «Полковник Серебряковтың қоры» дейтін бумаларда жинақталған. Жоғарыдағы және кейін келтірілетін мәліметтер осы қордан алынғаңдығын ескертеміз.
Полковник М. Г. Черняев Верный бекінісінен 1 мамырда шығып, 2-інде Ақсу, Шамалған өзендерінен өткенін, 3-інде Ұзынағаш бекетінде, 4-інде Қастекте болып, Қордай асуынан артиллерияны капитан Крыштановскийдің, подпоручик князь Тумановтың басшылығымен 152 өгізге жегілген арбамен 5 мамыр күні өткізгендігін, ал Шу өзенінен Тоқмақ арқыпы жалдап шыққандығын 12-ші мамыр күні Омбыға жолдапты. Осы хатта жол-жөнекей 15 адам ауырғандығын, Әулиеатада қоқандықтардың 1500-дей сарбазы бар екендігін, Меркіде де қоқандықтардың шағын тобы отырғандығын хабарлайды. Бұл кезде қосында бір священник, қару-жарақ жөндейтін 4 шебер, қырғыз-қазақ, милиция тобында 5 сұлтан, 22 би, жалпы 215 қырғыз-қазақ, жалданған 54 арбакеш, бұлардан бөлек 57 паушы қазақ болғандығы да хабарланады. Қазақтардың қаруы шиті мылтық, азиялық үлгідегі қылыш және найзалар екендігі, олардың қарамағында 279 түйе, 829 егіз, 410 жылқы барлығы, бұл малдың ішінен 266 өгіз, 66 жылқы Ресей қосынына тиістілігі де айтылыпты.
16 мамырда Тоқмақтан аттанған Ресей қосыны жолда сегіз күн жүріп, 23 мамыр күні Меркені апған. Бұл туралы 27 мамыр күні жазылған №202 жолдамада: «Біз келер алдында Мерке қорғанындағы бірнеше қоқан қарауылы кеткен екен. Қорған ішінде соқыр әйел мен ауру бала қалыпты. Қорған қабырғасы іргесінде қоқандық жазалаудың ізіндей екі адамның іри бастаған өлігі жатыр екен», — деп көрсетіледі. Мерке қамалын тазалап, жөндеу ағайынды капитандар Крыштановскийлерге, подпоручик князь Тумановқа жүктеледі. Олар басқарған орыс жауынгерлері Меркі қорғанын жөндеуді 24 мамырда бастап, 27-сі күні аяқтаған. 28 мамыр күні Меркі қорғанына орыс гарнизоны орналасқан. Бұл гарнизонда №8 батальоннан атқыштар ротасы, 2 жеңіл зеңбірегі, оғы жарты пұттық мортирасы бар 30 казак орналастырылып, олар үшін әрқайсысы 15 күміс рубльдік 25 киіз үй сатып алынады. Тоқмақтан Меркіге жеткенше капитан Красовский, ғалым Н. Северцов, тау инженері поручик фрейзе жол-жөнекей бағалы тастарды, тұзы бар жерлерді зерттегені, Тоқмақтан 35 шақырым жерден тұз табылғандығы да айтылады.
Полковник М. Г. Черняев Верный бекінісінде тұрғанда-ақ өзіне қырғыздар мен үйсіндерден көптеген билер келгендігін, олардың ішінде дулаттар, бестамғылар бар екендігін, Шу өзенінен етісімен Бішкекте өзіне бес адамын Шолаққорғаннан жіберген Шоқай датқаға хат жазғандығын, Әулиеатаға жетісімен олардың тілегі ескеріліп, Ресей бодандығына алынатындығын, қазақтар мен қырғыздардын өзара қырқысып, екі ортадағы барымтада бірнеше мың мал қолды болғандығын, жұттан кейін оларды қайтару мүмкін болмай қалғандығын, орыстарға көмектесу үшін қазақтар мен қырғыз билерінің өз балаларын, туыстарын қосқандығын, беделді адамдарға шекпендер, сағаттар, басқа да бұйымдар сыйлағандығын жазады. «Осы кезде қырғыз-қазақтармен біздің жақындасуымызға бір жағдай әсер етті. Шу бойындағы дулаттар жақында қайтыс болған Жанғараштың ұлы Шолпанбай Ташкент парванашынан солто тайпасының аға манабы деген атағына қоса мол сый-сияпат алып, Шымкенттен қайтып келе жатқанында тұтқынға түседі. Меркідегі лагерьде төрт күн бойы қырғыздар мен қазақтардың ең құрметті адамдарынан іріктелген билер сотында генерал Колпаковский тапсырған және басқа да жол-жөнекей ұшырасқан қылмысты істердің барлығы шешілді. Жанқараш, сондай-ақ Бошқай, Байсейіт, Тыналы сияқты күшті манаптарды өз жағымызға шығару үшін мен оларға Ресей бодандығына қабылдау туралы өтініштері ескеріледі, тұтқынға түскен Шолпанбай барлық мал-мүлкімен жайлауына қайтарылады, үстіне шапан жабылады деп үміттендірдім. Билер сотынан кейін Шолпанбай босатылып, оның ауылынан екі барымта кезінде Шу бойының дулаттары айдап әкеткен малдары, сондай-ақ, поручик фрейзе мен Северцов мырза экскурсияға шыққан кезде казактар алып қойған малдары да қайтарылды. Қазақтар мен қырғыздардың арасында үнемі жалғасып келген барымта біз бекіністерді алғаннан кейін азаятын шығар, күзге қарай мүлдем тоқтайтын шығар. Жабайылар мен біздің қарым-қатынасымыздың осындай қолайлы нәтижеге жетуіне өзінің біліктілігі және жігері арқылы штабс-ротмистр Ш. Уәлиханов пен Алатау округі бастыгының кемекшісі, артиллерия поручигі Мединский көп эсер етті. Бұл істің табысты болуы солардың арқасы" деп жазыпты генерал-майор Кройерус полковник М. Г. Черняевтың жолдамасын көшіре отырып (Өзбекстан мемлекеттік орталық мұрағаты, И-715 қоры, 1-бума, 27-іс, 202-207 парақтар). Әулиеата қаласының жаулап алынуы туралы Шудан бергі орыс қосынының бастығы, полковник М. Г. Черняев Сібір корпусының командиріне 1864 жылғы 6 маусымда мынадай хабар жолдайды: « Меркіден шыққалы ешқандай жауды кездестірместен Ұзынбұлақ шатқалына дейін жеттік. Өгіз арбалы көлік артымыздан ілесіп, олар жетісімен қосынмен бірге түнеп жүрдік. Осында қоқандықтар бізді Әулиеатаға жетпестен бұрын қарсы алмақ деген мәліметтерді естісімен жүріс-тұрысқа ауырлау нәрселердің бәрін қалдырып, Әулиеатаны алған соң сонда қалдыратын ракеталық станогы мен екі ротаны және батареялық екі зеңбірекпен қаруланған 50 казакты қорғау үшін алып, жеңіл-желпі күйде (маусымның) 2-сі күні таңға жуық аттандық. Он шақырым жүрісімен қоқан шолғыншылары көрінді. Олар біздің қосынды бай-қасымен-ақ атыспастан шегініп кетті. Әулиеатаға жеті шақырым қалғанда мен әскерлерді 25 шақырымдық ауыр жолдан соң демалуға тоқтаттым. Лагерь орналасқан жерден 5 шақырымдай жерден Тектұрмас төбесіне жиналған қоқандықтар тобын байқадық. Бұл төбеден (Әулиеата) қаласы көрініп тұрады. Үш сағаттай демалған соң мен қосын

123
скачать работу


 Другие рефераты
Некоторые аспекты новейшей истории Франции
Александр Мень
Законы Хаммурапи
Мировой суд во второй половине 19 века


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ