Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Айырша без (тимус)



 Другие рефераты
Амеба отряды Қарақұрт арқылы табылатын ақша Азқылтандылар класы Азаматтың денсаулығын сақтау, медициналық көмек көрсету

Айырша без көкірек қуысында жүрекке жақын жатқан ірі тамырлардың вентральдық бетін ала орналасады. Ол бір-бірімен дәнекер ұлпамен жабысқан екі бөліктен тұрады. Әр бөліктің алдыңғы жағы сүйірлене көкірек қуысынан мойынға шығып жатады да, артқы жағы толыса келіп, жүрек қапшығына дейін созыла орналасады.

Без ұлпасы боз заттан және қыртыстық бөліктен тұрады. Әр бөлік секрециялық торшалардан және қан түзуші мүшелерге тән торлы-эндотелийлі ұлпа торшаларынан құралады. Без тек жыныстық жетілу кезеңінде ғана өсіп-дамиды да, одан кейін өз қызметін тоқтатып, инволюция (кері даму) процесіне ұшырайды.

Айырша без күрделі қызмет атқаратын құрылым. Оның секрециялық торшалары тимозин гормонын түзеді. Без бүкіл лимфалық жүйенің дамуына әсер етеді, сүйектің қатаюын, организмнің өсіп-жетілуін реттейді. Бұл безде лимфоциттер сұрыпталып, ұлпалық иммунитет қалыптастыруда маңызды рол атқаратын Т-лимфоциттер пайда болады.

Айырша безді тәжірибе мақсатында сылып тастаса, организмнің өсіп-дамуы баяулап, минералды тұздар мен белоктың алмасуы бұзылады, сүйек жұмсарып, майысады, бұлшық ет тонусы төмендеп, босаңсиды, жоғары дәрежелі нервтік қызмет бұзылып, ацидоз жағдайында 2-3 ай ішінде мал өліп кетеді. Сақа малда аталған ауытқулар байқалмайды.

скачать работу


 Другие рефераты
Коммуникации в менеджменте
Структура органов власти в США по конституции 1787 года
Арпа
Культура Руси (Времен XII века)


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ