Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Амеба отряды



 Другие рефераты
Аралшық без (Ұйқы безі) Антивитаминдер Қарақұрт арқылы табылатын ақша Айырша без (тимус)

Амебалардың негізгі белгілері денесінің тұрақты пішіні, қалың қабыршағы, қаңқасының болмайтындығы. Денесінің кез келген жерінен уақытша цитоплазма өсінділерін-жалған аяқтарын шығаратын қасиеттері болады, өкілдерінің псевдоподиялары әр түрлі пішінді болып келеді.

Амебалардың мөлшері әр түрлі-10-15 мкм-нан 2-3 мм-ге дейін. Ядролары біреу немесе көп болуы мүмкін.

А.proteus –тұщы суларда, шалшық сулардың түбінде, топырақтарда көп тараған. Клеткасының көлемі — 0,5 мм. Денесі сыртынан цитоплазмалық мембранамен қапталған. Цитоплазма екі қабат құрайды, ашық түсті, мөлдір сыртқы — эктоплазма, және қоңырқай келген, түйіршікті ішкі — эндоплазма (2-сурет). Цитоплазманың ішінде бір ядро және көптеген органойдтар орналасқан.

Амеба жалған аяқтары немесе псевдоподиялары арқылы қозғалады. Бұлар денесінің сыртында өсінділер ретінде пайда болып, сол өсінділердің бағытына қарай цитоплазма құйылып, ұзын, қысқа, жуан, жіңішке немесе доғал болып келген псевдоподиялары пайда болады, сондықтан амебаның тұрақты пішіні де болмайды.

Амеба бактериялармен, көк-жасыл балдырлармен және ұсақ қарапайымдылармен фагоцитоз жолымен қоректенеді. Қорек заттарын жалған аяқтарымен орап алып, цитоплазманың ішіне тартады, содан кейін  ас

қорыту вакуолі түзіледі. Вакуольдағы ферменттер арқылы ас қорытылып, қорытылған зат амебаның цитоплазмасына өтеді де, қорытылмаған ас қалдықтары сыртқа шығарылып отырады. Амебалар қорек заттарын денесінің кез келген жерінен ұстап алып, қорытылмаған ас қалдықтарын денесінің кез келген жерінен сыртқа шығарып отырады.

Цитоплазманың ішінде жиырылғыш вакуолі айқын көрінеді.

Осы вакуоль жоғарыда айтылғандай үш қызмет атқарады: зәр шығару, осмос қысымын реттеу және тыныс алу. Жиырылғыш вакуолі 5-8 минутта сұйық заттарға және  суға толып жиырылып тұрады.

Амебалар тек жыныссыз жолмен көбейеді. Ядросы митоз жолмен бөлінеді. Қолайсыз жағдайда амеба цистаға айналады.

Амебалар отрядына еркін өмір сүретін түрлерінен басқа, паразитті өмір сүретін түрлері де жатады. Мысалы, Enthamoeda histolitica-дизентериялық амеба. Денесінің мөлшері 20-30 мкм. Эктоплазма және эндоплазма айқын бір-бірінен ажырап тұрады. Псевдоподиялары қысқа, тек қана эктоплазмадан тұрады.

E.histolitica-адамның тоқ ішегінде өмір сүреді, амебалық дизентерия немесе амебиаза деген ауруын қоздырушы болып табылады. E.histolitica ішектегі бактериялармен қоректене алады, сол бағытта олар адамға зиян келтірмейді, яғни адам амебиаза ауруымен ауырмайды, бірақ ішегінде дизентериялық амебасы бар адамдар маңындағы адамдарға өте қауіпті. өйткені сыртқа дизентериялық амебаның цисталарын көп шығарады. Көп жағдайда E.histolitica адамның тоқ ішегінің қабырғасына еніп, эритроциттермен қоректене отырып тез өседі және әр түрлі токсиндер шығарады. Тоқ ішекте жаралар пайда болады. Осы жарадан дизентериялық амебалар қан жолдарына түсіп қанмен бірге бауырға түседі де, бауырды ісіндіріп, іріңдетіп зақымдайды.Амебалар зақымданған ішектің ішінде төрт ядролы домалақ цисталарға айналады. Осы цисталар ішектен сыртқы ортаға шығарылып, қайнатылмаған су, жуылмаған жеміс, қол арқылы сау адамның ішегіне түсіп дамиды. Амебиаза ауруында іштен қан өтеді. Науқас адам күніне 300 млн. цистаны сыртқа шығарады.

скачать работу


 Другие рефераты
Ақпараттық жүйелерді қорғау
Қазақ лексикографиясы. біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері
Флуктуации. Бифуркации
Распределение доходов


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ