Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

АЙША БИБІ КЕСЕНЕСІ



 Другие рефераты
Зиянкестерлер Ұлттық мәдениеттің құндылықтары және отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру БЕГАЗЫ – ДӘНДІБАЙ МӘДЕНИЕТІ “Этнос” туралы ұғым. Этностардың пайда болу заңдылықтары

Айша бибі кесенесі – ХІІ ғасырда салынған сәулет өнері ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айша бибі ауылында орналасқан.

Айша бибі – тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Күмбезді сол Қарахан салдырған. Бірақ кесенені салдырған сәулетші туралы нақты дерек жоқ. Пішіні шаршыланып біткен, ауданы – 7,6 х 7,6 м, бұрыштар бағана-тіреулер арқылы көтерілген. Кесене ортасында 3 х 1,4 м құлпытас орнатылған. Батыс жақ қабырға мен бағаналар оюлы ұсақ плиткалармен қапталған. Қабырғаның ортасында сүйір аркалы текше жасалған. Текше бетінің қабырғаға ұласар тұсы шағын бағаналармен сәнделген. Бұл бағаналардың жоғарғы жағы көгеріс өрнекпен әшекейленген мығым блок болып келеді. Бұрыштағы бағаналар көгеріс өрнекті жұқа кірпішпен өрілген белдеу арқылы әсемделген. Айша бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 м биіктікте бағаналарға араб әрпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың бірінде «күз, бұлттар, дөңгеленген дүние…» деген сөздер араб әрпімен жазылған. Кесене қабырғаларының қалыңдығы – 80 см. Ол үш бөліктен: күйдірілген кірпіштен қаланған ішкі жағынан, оймыш әшекейлі плиталармен қапталған сыртқы жағынан, сонымен бірге саз балшықпен және жарамсыз плиткалардың сынықтарымен толтырылған қабырға ортасындағы кеңістіктен тұрады. Қабырғалар мен бағаналар беріктігін арттыру үшін қабырғаның ішкі жағына арша ағашынан арқалық қойылған. Кесене қабырғаларының сыртқы беті артқы жағындағы сыналармен бекітілген оймыш ұсақ плиталар арқылы безендірілген. Ұсақ плиталардың шырмауық өрнегіне 60 түрлі әшекей қолданылған. Қашаумен үңгіп жасалған бұл оюлар бір-бірімен қиюласып, кесененің мақсатына лайық сәулеттік сипат, композициялық шешім тапқан. Кесене құрылысынан Темір дәуіріндегі сәулет өнерінде  үлкен орын алған порталды-тақталы дәстүр айқын аңғарылады. Қазақ жобалау-қалпына келтіру институты Айша бибі кесенесін жөндеу жұмысының жобасын жасап, Тараздағы шеберхана ескерткішті қалпына келтірді. Айша бибі кесенесі республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынған.

Ж.Әскербекқызы

скачать работу


 Другие рефераты
XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы
Боевые искусства древней Греции
Патриотизм-источник духовных сил воина
Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі, көне Түркі ескерткіштері


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ