Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Азаматтардың азаматтық (жеке) құқықтары мен бостандықтары



 Другие рефераты
Жеке тұлға — азаматтық құқықтың субъектісі Азаматтық құқық Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары Адамның және азаматтың құқықтық мәртебесінің принциптері

ҚР азаматтарына тиесілі құқықтарды олар қоғамдық әртүрлі қарым-қатынастарда қолданады. Бірақ бұл құқықтар біртекті емес, және оларды дұрыс түсіну үшін заңдарда және әдебиетте келтірілетін терминдердің бірдей болуы жөнінде келісіп алған жөн.

Құқық адамдар арасында, олар мен ұйымдар және т.б. арасындағы қарым-қатынасты реттейді. Құқық адам мен заттың арасындағы қатынасты реттемейді, ал заттарға және материалдық емес игіліктерге қатысты қатынастарды реттейді. Осылайша барлық құқықтар мен міндеттер тек адамға, жеке тұлғаға немесе адамдар қауымдастықтарына тиесілі, сондықтан оларды жеке құқықтар деп атауға болады (кең мағына тұрғысынан). Бірақ азаматтар әртүрлі қоғам салаларына қатысып, әрбір саланың өзгешеліктеріне байланысты әртүрлі құқыққа ие болады. Заң әдебиеттерінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мынадай шартты түрдегі топтарға бөледі: саяси, жеке, әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар мен бостандықтар. Демек, «жеке құқықтар» деп азаматтарға тиесілі барлық құқықтар емес, белгілі бір әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтардан айырмашылығы бар құқықтар жатады. Бұл топқа жеке тұлғаның өзінен ажырамайтын, жеке өмірінің әртүрлі салаларында қорғайтын азаматтардың осындай құқықтарын біріктіреді. Бұл құқық ар-ожданын, өмірін, денсаулығын, атын, әртүрлі жеке өмірі салаларының құпиялылығын, оның ішінде жанұя өміріндегі құпияларын және ҚР Конститутциясының ІІ бөлімінде кепілдік берілген басқа да нормаларды білдіреді. Дәл осы азаматтардың құқықтарын «жеке құқықтар» ретінде атайды (осы терминнің тар аясында). «Жеке құқықтар мен бостандықтар» ұғымы ғылыми әдебиетте ХХ-ғасырдың 40-жылдарының соңы мен 50-жылдарының басында қалыптасты.

Жеке құқықтардың маңызды ерекшеліктеріне мыналар жатады:

1) жеке адамның бостандығына кепілдік береді, яғни азаматтың адамгершілік қатынастарда, жеке тұрмыстық өмірінде әртүрлі іс-әрекет етуін кедергісіз таңдау мүмкіндігін білдіреді (әрине, егер мұндай іс-әрекеттер құқық нормаларына қайшы келмеген жағдайда);

2) жеке азаматтың тұлғасын оқшауландырып, оның рухани мүдделерінің, қабілеттерінің, жеке өмірдегі дағдылары мен жеке ерекшеліктерінің жан-жақты көрініс табуына көмектеседі.

Жеке құқықтарда жеке мүдде, тұрмыс саласы, жеке адам өмірі, адам қауіпсіздігі конститутциялық қорғау объектісі болып саналады; мұнда азамат жеке творчестволық тұлға ретінде алдыңғы сапта көрінеді. Сондықтан гуманизм идеясы көрсетілген құқықтарда өзінің айқын конституциялық-құқықтық мәнін көрсетеді.

Жеке құқықтардың ерекшеліктерінің бірі олардың адамның жеке игіліктерінен ажыратылмайтын ар-ожданы, жеке өмірі, жеке қауіпсіздігі тәрізді құқықтарды білдіреді. Ажырамайтын бұл құқықтар басқа адамдарға келісім немесе басқа жолмен берілуі мүмкін емес және олардың мүліктік сипаты жоқ. Олардың өзгешелігі рухани, олар қамтамасыз ететін ажырамайтын игіліктердің материалдық емес сипатында.

Адам құқықтары мен бостандықтарының заң табиғаты оларды қоршаған адамдардың бұзудан бойын аулақ ұстау міндеттігін көрсетеді. Бұл құқықтардың жария құқықтық қорғау тұрғысынан азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттерінен тыс шеңберде жатқан жеке құқықтары саласына мемлекеттің араласпауы мұнда алдыңғы қатарға шығады. Мемлекет сонымен бірге қажет болған жағдайда азаматтарды мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, азаматтардың тарапынан болған заңсыз әрекеттерінен қорғауды қамтамасыз етеді.

Жеке құқықтар мен бостандықтардың белгілі ішкі құрылымы болатын жеке жүйеге қатысты (дәлірек айтқанда, азаматтың құқықтың мәртебесінің шағын жүйесінде) қасиеттері бар. Жеке құқықтардың жіктелуінің негізіне жеке адам бостандығының ең маңызды атап айтқанда: азаматтың жеке қауіпсіздігі, оқшаулану мүмкіндігі мен жеке өмірі, оның ар-ожданы мен абыройының қорғалуы, жанұясы мен некесінің қорғалуы, рухани өмірінің құпия тараптары, ар-ожданының қорғалуы тәрізді құқық нысандарын алуға болады. Жеке бостандықтың мұндай нысандарының көрініс табуы маңызды әлеуметтік игіліктер болып табылады және Конститутцияның баптарында бекітілген заң нормаларының көмегімен қамтамасыз етіледі.

Қорытынды

Қазіргі кезде Қазақстанда экономикалық және саяси жағдай тұрақтанған кезде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беру және олардың жүзеге асырылуы маңызды болып отыр. Құқықтар мен бостандықтар мәселесін қараған кезде құқықтар мен бостандықтардың барлығының толық көлемде жүзеге асуы нақты демократиялық құқықтық мемлекет болған жағдайда орын алатындығын атап өткен жөн.

Осы Конститутцияда азаматтардың барлық құқықтары мен бостандықтарына кепілдік берілетіндігі бекітілген. Оларға экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, құқықтық, педагогикалық, тәрбиелік және сыртқы экономикалық кепілдіктер жатады. Әдетте, ғылыми әдебиетте адам құқығының экономикалық, саяси және идеологикалық кепілдіктері аталады. Кейде жалпы кепілдіктердің басқа да түрлерін, атап айтқанда қоғамдық, әлеуметтік және рухани түрлерге бөледі.

Қазақстанда адам құқықтарының жүзеге асырылуының мынадай түрлері жатады:

1) адам құқығының жағдайына қатысты альтернативтік заңдарды әзірлеуі;

2) адам құқығын сақталуын бақылаушы мемлекеттік органдардың белсенділігін арттыруы;

3) сот, прокуратура қызметінің адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы халықаралық нормаларға, атап айтқанда азаматтық (жеке) және саяси құқықтары мен бостандықтарын сәйкестендіруі;

4) Қазақстан Республикасының Парламентінің адам құқықтары мен бостандық мәселелері бойынша кәсіби деңгейін көтеруі;

5) адам құқығы саласындағы халықаралық шарттарға еліміздің қосылуы немесе оларды ратификациялауы.

Қазақ тіліне адам құқықтары жөніндегі негізгі әдебиеттің, халықаралық шарттардың мәтіндерінің, адам құқықтары бойынша басқа конвенциялар мен құжаттардың аударылуын қамтамасыз ету қоғамда бұл салада сауаттылықтың күрт көтерілуіне алып келер еді.

Біздің республикамызда азаматтың азаматтық (жеке) құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылу мәселесі ғылыми әзірлік тұрғысынан алғашқы сатысында болып отыр және осы салада кең ауқымда қызмет етуге болады. Бұл саладағы жұмыс құқықтық демократиялық демократиялық әлеуметтік мемлекеттің қалыптасыуына, Қазақстан халқының игілігіне қызмет етіп, ал түбінде жалпы адамзат құндылықтары болып табылатын жеке адамның абыройының нығайуына қызмет етер еді.

Қорыта келгенде Қазақстан Республикасының Конститутциясы адамның құқықтық мәртебесіне қатысты халықаралық-құқықтық актілердің барлық ережелерін бекітетінін атап өткен жөн

Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі

  1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы
  2. Права человека. М., «Норма», 2000г.
  3. Права человека; Алматы, «Данекер», 1999г.
  4. Сапаргалиев Г. «Конституционное право Республики Казахстан»; Алматы, «Жетi Жарғы», 1998г.
  5. Конституция РК: Научно-правовой комментарий; Алматы, 1998г.
  6. Журсимбаев С. «Права человека в международно-правовых актах и Конституции РК»; Астана, 1998г.
  7. Абельдинов А. «Конституционно-правовой статус человека и гражданина»; журнал «Политика», 1996г. №7
  8. Права человека и судопроизводство. Собрание международных документов; Вена, 1995г.
  9. Права человека: проблемы и перспективы; М., 1990г.
  10. Конституционный статус личности в СССР; М., «Юр. лит.», 1980г.
скачать работу


 Другие рефераты
Использование макросов в MS Access 2000
Программирование в двоичных кодах
Леонард Эйлер
Приход фашистов к власти в Германии


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ