Азаматтық құқық
Другие рефераты
1.Азаматтық құқықтың жүйесі,қайнар көздері.
2.Құқық қаблеттілігінің және әрекет қаблеттілігінің түсінігі.
3.Мәміленің жалпы сипаттамасы.
Азаматтық құқық – құқықтың бір саласы.Оның атауы ежелгі уақыттан белгілі.Оны Римдік заңгерлер Римдік азаматтарының құқығы- «Цивильді құқық»деп атады.Азаматтық құқық ҚР-ның құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс тіршілікпен, сондай ақ азаматтардың заңды тұлғалармен мемлекеттің өзімен оның әкімшілік аумақты бөліністерімен тығыз байланысты.ҚР азаматтық құқығының мәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген.Өзгеде мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатнастар құрайды.
Азаматтық құқық жүйесі әдістері.- Мемлекеттегі құқықтық нормаларының жиынтығын қамтитын ғылыми әрі нақты құбылыс болып табылады. Азаматтық құқық ҚР-ғы құқықтық нормативтік құжаттар жағынан ең ауқымды күрделі заң саласы болып есептеледі. Азаматтық құқықтың жүйесі логикалық талаптарға сай келеді.Яғни, олар іштей салаларға, құрылымдар мен оның бөліктеріне бөлінеді.ҚР-ның Азаматтық құқықтар жүйесі 2 бөлімнен тұрады: Жалпы және Ерекше. Жалпы бөлімнің 1 бөлімі: Жалпы ережелер. Жалпы бөлімнің 2 бөлімі: Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар. Жалпы бөлімнің 3 бөлімі: Міндеттемелік құқықтар. Ерекше бөлімнің 4 бөлімі: Міндеттемелердің жекелеген түрлері. Ерекше бөлімнің 5 бөлімі: Интелектуалдық меншік құқығы. Ерекше бөлімнің 6 бөлімі: Мұрагерлік құқық. Ерекше бөлімнің 7 бөлімі: Халқаралық жеке құқық.
Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың негізгі түрлерінің біріне, құқықытық нормалардың ықпалына ұшырайтын мүліктік қатынастар жатады. Материалды игіліктермен байланысты қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мүліктік қатынастар мүлікке деген меншіктік қатынастардың негізінде туындайтындықтан, азаматтық заңнамалардың іс-әрекетіне бағынады. Осы тұрғыдан, мүліктік қатынастар дегеніміз мүлікті алу, иемдену, не басқа субъектілерге беру барысындағы қатынастар. Бұл қатынастар нарықтық қатынастар барысында, айырбас, сату немесе тауар-ақша қатынастарына айналады. Сондықтан нарық реттеудің негізгі объектісі болады.
Азаматтық құқық тек қана мүліктік емес, сонымен бірге жеке мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамалары екі түрлі жеке мүліктік емес қатынастарды : 1) мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес және; 2) мүліктен тыс, мүліктік емес қатынастарды реттейді.
Мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарға авторлық , өнертапқыштық сияқты қатынастар жатады. Мысалы, бір ұйымның екінші бір заңды тұлғаның тауарлы белгісін пайдалануы, соңғысына зиян шектіруі, атына кір келтіруі мүмкін.
Мүліктен тыс, мүліктік емес қатынастар, мүліктік қатынастар сияқты емес, басқа фактілердің, басқа субъектілердің арасында пайда болады. Олар мүліктік мазмұны болмайтын, ақшалай бағалауға келмейтін, жеке және заңды тұлғалардан айырмайтын игіліктерге байланысты туындайды.
Азаматтық құқықтың қайнар көздері — Оларға ҚР-ның Конституциясы, Азаматтық құқық кодексі,нормативтік құқықтық актілер,Азаматтық құқық пәні,бағалы қағаздар жатады. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуының негіздерінде заңды фактілер жатады. Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдарда көзделген негіздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетілмегенімен, олардың жалпы негіздері мен мәніне байлансты азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 7-бабына сәйкес азаматтық құқықтар мен міндеттер: 1) заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмілелерден, сондай-ақ заңдарда көзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілерден; 2) заңдарға сәйкес азаматтық –құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан; 3) азаматтық құқықтар мен міндеттер белгіленген сот шешімінен; 4) заң құжаттарында тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау немесе иемдену нәтижесінде; 5) өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және интетеллектуалдық қызметтің өзге де нәтижелерін жасау нәтижесінде, 6) басқа жаққа зиян келтіру салдарына, сол сияқты басқа жақ есебінен мүлікті негізсіз сатып алу немесе жинау салдарынан; 7) азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттері салдарынан; 8) заңдар азаматық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады. Азаматтық құқықтар мен міндеттер құқықытың субъектілері деп аталатын құқықтық қатынасқа қатынасушыларға тән. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілеріне азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер жатады. Аталған субъектілердің азаматтық құқықтық қатынастарға қатынасуының алғашарттары олардың азаматтық құқықтық қабілеттілікке және азаматық әрекет қабілеттілігіне ие бола алуы.
Азаматтық құқықтық қабілеттілік дегеніміз – азаматтың заңмен бекітілген құқықтарға ие болып, белгілі бір міндеттерді атқара алу қабілеттілігі. Азаматтық құқық қабілеттлігі барлық азаматтарға бірдей, ортақ деп танылады. Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады. Азаматтық құқықтық қабілеттілік азамат Қазақстан Республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктеуге ; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналасуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысу, өнербастыларға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интелектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интелектуалдық меншік құқығы болуға, материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады; өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ, қаласа, әкесініңң атын қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асырады. Заңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құққықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншік ат пайдаланатын реттерді көзделуі мүмкін; азамат тқрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері жеп танылады. Он төрт жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықты азаматтардың тұрғылықты жері олардың ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері болып табылады.
Заңды тұғалардың құқықтық қабілеттілігі дегеніміз — олар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін пайда болып, өздерінің қызметін тоқтатқанда жойылады.
Азаматтың әрекет қаблеттілігі дегеніміз – азаматтың өзінің іс-қимылымен белгілі бір құқықтарға ие бола алу және сол құқықтарды іске асыра алу және белгілі бір міндеттерді атқару, алып жүре алу қабілеттілігі. Азаматтық қабілеттіліктің әрекет қабілеттілігі жоқ, жартылай, толық емес, шектелген деген сияқты түрлері бар.
Алты жасқа дейінгі балалардың әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады. Сонымен бірге, жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп тануы мүмкін, соған байланысты оған қорғаншылық белгіленеді.
Жартылай әрекет қабілеттілігі – 6-14 жасқа дейінгі балаларға тән. Азаматтық заңнамалар бойына олар үшін мәмілелерді, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-анасы, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы.
Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың толық емес әркекет қабілеттілігі бар деп мойындалады. Бұл жастағы азаматтар мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанаға сай келуге тиіс. Он төрт жастан он сегз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің табысына, степендиясына, өзге де кірістеріне және өздері жасаған интелектуалдық меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасасуға құқылы.
Жеткілікті негіздер болған жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық органы кәмелетке толмаған адамның өз табысына, степендиясына, өзге де кірістеріне және өзі жасаған зияткерлік меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік ету құқығын шектеулі немесе ол құқықтан айырылуы мүмкін. Он төрт жастан он сенгіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар осы баптың ережелеріне сәйкес өздері жасаған мәмілелер бойынша дербес жауапты болады және өздерінің әрекеттерінен келтірілген зиян үшін осы Кодекстің ережелері бойынша жауап береді.
Азаматтар 18 жасқа, яғни кәмелетке толғанда олардың толық әрекет қабілеттілігі мойындалады. Бұл жерде мынадай бір сәтті есімізге салып кеткеніміз жһн. Егерде заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда,он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.
Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігі сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа мәмілелер жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кірістерін алуды және оларға билік етуді ол тек қамқоршысының келісімім
| | скачать работу |
Другие рефераты
|