Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Азаматтардың меншік құқығының объектілері

андары- мұра бойынша және сатып алу-сату шарты бойынша. 90-жылдары тұрғын үйлерді жаппай иемдену жекешелендіру нәтижесінде болды. Егер азаматта отбасы мүшелері болса, онда жекешелендірілген тұрғын үй олардың ортақ меншігіне көшті. Тұрғын үйге меншік құқығы оны тіркеу органдарында тіркеген кезден бастап туындайды.

Тұрғын үйдің, сондай-ақ құрылысы бітпеген тұрғын үйдің меншік иесі еркін, өз қалауы бойынша оны сатуға, сату шартын анықтауға, сыйға тартуға, ауыстыруға, басқа адамға мұраға қалдыруға, кепілге беруге, заң құжаттарында тыйым салынбаған басқадай билік жасауға құқылы. Меншік иесінің тұрғын үйді немесе оның тұруға арналмаған бөлігін пайдалануы үшін мемлекеттік органдардың рұқсаты қажет емес. Мұнда құқықты меншік иесі құрылыс, санитария, өртке қарсы және басқадай міндетті нормалар мен ережелерді сақтаған жағдайда іске асыра алады.

Бұл тұрғын үйде тұратын меншік иелері сол үйді ұстауға кететін жалпы шығынға қатысуға міндетті. Әрбір меншік иесінің шығынының мөлшері сол үйдегі өз меншігіндегі пайдалы тұрғын аланының немесе тұрмайтын алаңның көлемінің тұрғын үйдің жалпы алаңының көлеміне қатынасы арқылы анықталады, егер меншік иелерінің келісуімен басқадай белгіленбеген болса (Тұрғын үй қатынастары туралы Заңның 18-бабы).

Меншік иесінің тұрғын үйде тұрмауы, оның қанша уақыт болмағанына және Қазақстан Республикасы азаматтығын сақтағандығына қарамастан, меншік иесінің құқықтары мен міндеттерін тоқтатпайды және шектемейді. Бірақ, оның үйді ұстауға кететін ортақ шығындар бойынша барлық міндеттері сақталады.

12
скачать работу

Азаматтардың меншік құқығының объектілері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ