Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Азаматтық іс жүргізудегі тараптар



 Другие рефераты
Азаматтық іс жүргізу құқығы: пәні, әдісі, жүйесі Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастар Азаматтық сот ісін жүргізу принциптері ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ҚОРҒАУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ АСПЕКТІЛЕРІ

Жоспар:
1. Азаматтық процестегі тараптар түсінігі
2. Тараптардың  азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттері
3. Іс жүргізуге тең қатысушылық және оның түрлері
4. Іс жүргізу құқық мирасқорлығы
5. Азаматтық процесте тиісті және тиісті емес тараптар

 

Азаматтық процестегі тараптар түсінігі

Азаматтық іс жүргізудегі тараптар іске қатысушы тұлғалар қатарына жатады. (АІЖК-нің 44-бабы). Жеке тұлға болсын, заңды тұлға болсын (кәсіпорын, мекеме, ұйымдар) өздеріне келтірілген зиянды сот арқылы өндіріп алуға хақысы бар.

Тараптар – сотта субьективтік құқықтары немесе заңмен қорғалатын жеке мүддесі туралы даулары қаралып және шешілуге тиіс іске қатысушы тұлғалар.

Тараптар деп талап қоюшы мен жауапкерді атайды. Талап қоюшы мен жауапкер ретінде жеке тұлғалар (ҚР-ның азаматы, шетел азаматы және азаматтығы жоқ адам) мен заңды тұлғалар (мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар) болып табылады.

Талап қоюшы – сотқа талап арыз беру арқылы өзінің субьективтік құқықтары мен заңмен қорғалатын мүддесін қорғаушы тұлға.Қазіргі азаматтық іс  жүргізу заңында талап қоюшының азаматтық процеске қатысуының 2 негізі көрсетіледі:1-ден, талап қоюшы өз мүдделері және құқықтарын көздеп талап қою арқылы қатысады;2-ден, басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінеді. Бірінші жағдайда талап қоюшы іс жүргізуін өзі бастайды, ал екінші жағдайда ол іске қатысуға соттан рұқсат сұрайды.

Жауапкер – талап қоюшының талабы бойынша сот алдында жауап беретін тұлға. Талап қоюшының айтуынша жауапкер оның субьективтік құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін бұзып не дауға салып отыр. Талап қоюшы мен жауапкер – сотта қаралуға жататын даулы құқық қатынасының немесе заңмен қорғалатын мүдденің субьектілері.

Азаматтық іс жүргізуде тараптар ретінде қатысушы үшін азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі (АІЖК-нің 45-бабы) болуы тиіс, ал сотта өзінің іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыру үшін азаматтық іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыру үшін азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі (АІЖК-нің 46-бабы) қажет.

Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі – азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі, материалдық құқық субьектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады. Азаматтарға азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттері туғаннан беріліп, өлгенде ғана тоқтатылады.

Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі – сотта құқықтарын өз іс-әрекетімен жүзеге асыру және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру қабілеттігі. Заңды тұлғаның  азаматтықіс жүргізу құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттігі мемлекеттік тіркеуден  өткен кезде және оны куәландыратын сәйкесті құжат болғанда басталады. Азаматтардың іс жүргізу әрекет қабілеттілігі толық көлемде 18 жасқа толғаннан кейін ғана басталады. 16 жасқа толған ата-анасының рұқсатымен үйленген немесе шарт бойынша кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналысатын болса оны толық ааматтық іс жүргізу әрекет қабілеті бар деп танимыз. 14-18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды, алайда, сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әркет қаббілеті шектеулі деп танылған азаматтардың өздерін тартуға міндетті.

 

Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттері

ҚР АІЖК-і 48-бабының 5-бөлігіне сәйкес: тараптар іс жүргізу құқықтарын тең пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндетін мойнына алады деген.

Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтарын: жалпы және арнайы деп бөліп қарастырса болады. Жалпы – бұл тараптардан басқа да іске қатысушы тұлғаларға тән құқықтар: іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге, қарслықтарын мәлімдеуге, дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға және т.б. (ҚР АІЖК-нің 47-бабы). Арнайы – ҚР АІЖК-нің 32, 49, 50, 156, 158 және т.б. баптарында көзделген. Мысалы, талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талабының мөлшерін ұлғайтуға не азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы. Жауапкер талап қоюды толық не жартылай тануға, немесе талаптан бас тартуға құқылы.

Тараптардың азаматтық іс жүргізу міндеттерін: жалпы және арнайы деп бөлініп қарастрса болады. Жалпы – тараптар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға,сот отырысындағы тәртіпті сақтау, сотта төрағалық етушінің қаулыларына бағынуға тиіс. Арнайы – ол азаматтық іс жүргізудің сатыларына және нақты іс жүргізу әрекеттердің мінезіне байланысты. Осылай, талап қоюшы сотқа өзі ұсынған талап арыында міндетті түрде заңда көрсетілген мәліметтер бар болу керек (ҚР АІЖК-нің 150-бабы); әр тарап (талап қоюшы мен жауапкер) өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс (ҚР АІЖК-нің 65-бабы).

 

Іс жүргізуге тең қатысушылық және оның түрлері

Іс жүргізуге тең қатысушылық – бұл бірден азаматтық процесте талап қоюшы не жауапкер жағында немесе екі тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) жағынан бір-біріне мүдделері қайшы келмейтін бірнеше тұлғалардың қатысуы.

ҚР АІЖК-нің 50-бабында: «Талапты бірнеше талап қоюшы бірлесіп қоюы немесе оның бірнеше жауапкерге қойылуы мүмкін. Талап қоюшылардың немесе жауапкердің әрқайсысы екінші тарапқа қатысты процесте дербес болады. Тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) іс жүргізуді тиісінше тең талап қоюшылардың немесе тең жауапкерлердің біреуіне тапсыра алады».

Егер іске бірнеше талап қоюшының қатысуы болса, онда ол тең талап қоюшылар деп аталады.

Егер іске бірнеше жауапкердің қатысу болса, онда олар тең талап қоюшылар деп аталады.

Егер іске бірнеше жауапкердің қатысуы болса, онда олар тең жауапкерлер деп аталады.

Теория жүзінде бірігіп қатысушылықты екі мағынада қарастырады:

1 – процессуалдық-құқықтық мағынада.

2 — материалдық-құқықтық мағынада.

Процессуалдық-құқықтық мағынада ол 3 түрге бөлініп қаралуы мүмкін:

1-ші түрі – белсенді бірігіп қатысуы – сотта талап қоюшы ретінде бірнеше тұлғаның қатысуы (екеу және одан көп қатысуы), мысалы, 3 талап қоюшы мен 1 жауапкердің қатысуы;

2-ші түрі – енжар бірігіп қатысуы – сотта жауапкер жағынан бірнеше тұлғаның қатысуы (екеу және одан көп қатысуы), мысалы, 1 талап қоюшы мен 3 жауапкердің қатысуы;

3-ші түрі – аралас бірігіп қатысуы – бірден сотта талап қоюшы мен жауапкер жағынан бірнеше тұлғаның қатысуы, мысалы, 3 талап қоюшы мен 3 жауапкердің қатысуы.

Материалдық-құқықтық мағынады 2 түрде қарастырылуы мүмкін:

1-ші түрі – қажетті (міндетті) – заң бойынша іске барлық қатысушылардың (талап қоюшы не жауапкер ретінде) қатысуын міндетті түрде тілейді, мысалы, ортақ мүлік бөлуде өз ұпайын белгілеу;

2-ші түрі факультативті (міндетті емес) – бірігіп қатысуын міндетті түрде тілемейді, яғни іс бойынша бірнеше талап қоюшылардың немесе бір ғана талап қоюшының бірнеше жауапкерлерге жеке және бір-біріне байланыстырмай қаралуын білдіреді. Бірнеше талап қоюшы талаптар қойған немесе талаптар бірнеше жауапкерге қойылған кезде сот, егер талаптарды ажыратып қарауды неғұрлым дұрыс деп тапса, бін немесе бірнеше талапты жеке іс жүргізуге бөлуге құқылы (АІЖК-нің 171-бабы 2-бөлігі). Судья осы соттың іс жүргізуінде дәл сол тараптардың қатысатын біртектес, не бір талап қоюшылардың бір жауапкерге немесе әр түрлі талап қоюшылардың бір жауапкерге қойған талабы бойынша бірнеше іс бар екенін белгілеп, егер мұндай біріктіруді дұрыс деп тапса, бұл істерді біріктіріп қарау үшін біп іске біріктіруге құқылы (АІЖК-нің 171-бабы 3-бөлігі).

Басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі сотта өкіл бола алады (АІЖК-нің 59-баб 6-бөлігі).

 

Іс жүргізу құқық мирасқорлығы

Іс жүргізу құқық мирасқорлығы – бұл даулы не сот шешімімен анықталатын құқықтық қатынасының іс жүргізуінен жақтардың біреуінің шығуына байланысты істе тарап немесе үшінші тұлға болып танылатын тұлғаны ауыстыру.

Іс жүргізу құқық мирасқорлығы материалдық құқық бойынша мынадай жағдайларда болады:

1. Жалпы (универсалды) мирасқорлық (мұрагерлік, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы);

2. Сингулярлы мирасқорлық, яғни жеке суьбективтік құқық мирасқорлығы (талапқа жол беру немесе басқа тұлғаның қарызын өзіне аудару).

Материалдық құқық бойынша мирасқорлыққа жол берілмейтін жағдайда онда іс жүргізу құқық мирасқорлығы да болмайды, мәселен талап ету құқық талап қоюшы немесе жауапкер тұлғаларымен тығыз байланыста болса (неке бұзу, алименттер өндірі алу, жұмыс орнына қайта тұрғызу туралы талаптар бойынша), сондай-ақ мирасқорлық заңға не шартқа қайшы болса (ҚР АІЖК-нің 190-бабы).

Құқық мирасқорлығы процестің кез келген сатысында мүмкін болады. Құқық мирасқордың процеске кіруі соттың ұйғарым шығарумен белгіленеді. Құқық мирасқоры процеске кіру кезінде өзінің мирасқорлығын негіздеуге тиіс, мысалы, мұрагерлікте мұрагерлік құқы туралы куәлік, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуында сол туралы құжат, талапқа жол беру немесе борышты ауыстыру туралы сәйкесті шарттар.

Құқық мирасқоры процеске кіргенге дейін жасалған барлық әрекеттер құқық мирасқоры үшін бұл әрекеттер құқық мирасқоры ауыстырған тұлғаға қаншалықты міндетті болса, сондай шамада міндетті.

 

Азаматтық п

12
скачать работу


 Другие рефераты
Орган
Заповедники России
Политическое участие
Система образования в Ирландии


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ