Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ҚОРҒАУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ АСПЕКТІЛЕРІ



 Другие рефераты
Азаматтық іс жүргізудегі тараптар Азаматтық сот ісін жүргізу принциптері Сыртқы экономикалық мәміленің құқықтық реттелуі және оның бір түрі тәуекелді контрактілер ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗМДІ ЖАСАҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПҚА ТАРТУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

Адамзаттың даму тарихындағы барлық кезеңдерде жазушылар, ақындар, суретшілер, ғалымдар еңбектерінің жемісі адамзат пен қоғамның рухани  байлығының негізі болатын. Нарықтық экономика жағдайында  әдебиет, көркем өнер және ғылым туындылары сияқты шығармашылық қызмет нәтижелері, адам мен қоғамның рухани өмірінің негізін құрап, оның даму деңгейінің көрсеткіші ретінде қалыптасып қана қоймай, нарықтық қатынастарда тауардың ерекше түрі нысанындағы тауар айналымының объектісі ретінде қалыптасты. Заманның объективті үрдістері, ең алдымен ғылыми-техникалық прогресстің қарқынды дамуы, рухани игіліктер жаратушыларына ғана емес, сонымен қатар тұтынушыларға жаңа көкжиектерді ашуда. Осыған орай, атақты американ композиторы, актеры, продюсеры Б. Шерманның айтқан сөздері орынды: «Белгілі бір мемлекетте шығармашылық тұлға қандай құрметке ие болатынын білудің ең оңай тәсілі- осы мемлекеттің авторлық құқық туралы заңнамасымен  танысу».

        Батыста авторлық құқық аясы мемлекет жағынан зор ілтипатқа ие облыстардың бірі болуы — дамыған мемлекеттерге өндірістік өнімді өндіру саласында әлемдік көшбасшыларына айналуына жол ашты. Мысал ретінде, Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі Дүниежүзілік ұйымының мәліметтері бойынша Америка Құрама Штаттарында авторлық құқыққа негізделген ұлттық зияткерлік индустриясының үлесі 12%-ды құрайды [1]. Ақшалай эквивалентке аударғанда 500 млрд. долларға тең, бұл американдық киім, автокөлік, компьютерлер мен ұшақтар экспортын қоса алғандағы жалпы көлемінен асады.

Қазақстан Республикасына келсек, бізде де зияткерлік меншік болашақта мемлекет азаматтарының  әл-ауқаттылығы деңгейін белгілейтін, құнды ресурс ретіндегі қас маңыздылыққа ие бола бастады.

Бұрынғы кеңес кеңістігінде сияқты, Қазақстанда  да  зияткерлік меншіктің ұлттық жүйесі республиканың өз тәуелсіздігі мен дербестігін алғаннан кейін қалыптаса бастады. Осылайша, 1992 жылы Қазақстан Республикасының  Министрлер Кабинетінің шешіміне сәйкес Авторлық құқық туралы Бүкілодақтық Агенттіктің қазақстандық бөлімшесі негізінде Авторлық және

сабақтас құқықтар туралы Мемлекеттік Агенттік ұйымдастырылды.                                 1996 жылы Авторлық және сабақтас құқықтар туралы Мемлекеттік Агенттік құрастырған «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» (әрі қарай -  Авторлық құқық туралы заң) Қазақстан Республикасы Заңы қабылданды.

Қазіргі таңда авторлық құқықты  қамтамасыз етудің негізгі функциясы 2001 жылы  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен ұйымдастырылған  Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі Комитетке жүктелді. Осы органның негізгі міндеттерінің бірі – авторлардың құқықтарын сақтаумен байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу, пайдаланушылардың құқықтық сауаттылығын көтеру, сонымен қатар зияткерлік меншік объектілерін пайдаланатын тұлғаларды қадағалау.

Біраз уақытқа дейін қазақстандықтардың көпшілігі үшін зияткерлік меншік күнделікті  тәжірибеде қолданысқа ие емес, тұманды құқықтық түсінік ретінде қалатын. Бірақ қазіргі таңда көпшілік компаниялар мен ұйымдар  зияткерлік меншік объектісіне айрықша құқықтар, бәсекелес артықшылықтардың ерекше түрі екендігіне көз жетті.

Соған қарамастан, ғылым, әдебиет және өнер туындыларын коммерциялық негізде пайдаланатын тұлғалардың құқықтық сана деңгейін көтеру – басты мақсаттардың бірі ретінде қала берді.

Қазіргі кезде Қазақстан Зияткерлік меншік жөніндегі Дүниежүзілік ұйымның шегінде іске асатын бірқатар халықаралық шарттар, келісімдер мен конвенциялардың толық құқылы мүшесі болып табылады, соған қарамастан республикада авторлық құқықты қорғау халықаралық деңгейге жеткілікті түрде сәйкестендірілмеген. Осылайша, Еуропалық Одақтың сауда директораты Қазақстанда жұмыс істейтін  өз өкілдері, жеке компаниялар мен авторлық құқықты қорғау жөніндегі қоғамдар арасында сауалнама жүргізу арқылы, Қазақстанда зияткерлік меншік құқығын бұзу жеткілікті түрде таралған тәжірибе деген шешімге келді. Еуропалық Одақ мүшелері мен Америка Құрама Штаттары жағынан республика экономикасына ұдайы құйылатын инвестицияларды ескере отырып, зияткерлік меншікті қорғау аясындағы Қазақстанның ұлттық заңнамасын жетілдіру мен халықаралық құқық нормаларына сәйкестендіру – міндеттердің ең маңыздысы болып табылады.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, қандай да болсын мемлекеттің міндеті – бұл авторлардың құқықтарын бұзумен күресу аясында тиімді құқық қолданушы жүйені құрастырып, енгізу. Зияткерлік меншік  құқықтарын қамтамасыз етудің маңызды кезеңі – зияткерлік меншік құқықтарымен байланысты қылмыс пен құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қамтитын Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодекстің қабылдануы. Ұлттық заңнаманы Дүниежүзілік Сауда Ұйымының үлгіқалыптарымен толық сәйкестендіру мақсатында 2005 жылы «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына  туындыларды ретроактивті қорғау бөлігіне түзетулер енгізілді, дәлірек айтсақ, дамушы мемлекеттерде сияқты авторлықты қорғаудың мерзімі 50 жылдан 70 жылға дейін ұзартылды. Сонымен қатар, республикада авторлар үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін «2005-2015 жылдар аралығына арналған Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру мен дамыту жөніндегі Бағдарлама» қабылданды.

Қазақстанның «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» қолданыстағы Заңы 10 маусым 1996 жылы қабылданды, оған дейін 1991 жылғы Жоғарғы Кеңеспен қабылданған азаматтық заңнама Негіздері қолданылатын. Авторлық құқық туралы заңына түзетулер 1998 жылы 9 шілдеде енгізілді, өзгерістерді енгізу – Қазақстанның 16 сәуір 2004 жылы ратификацияланған Зияткерлік меншік жөніндегі Дүниежүзілік ұйымының «Интернет келісімдеріне» қосылуымен түсіндіріледі.

Алдымен, Зияткерлік меншік жөніндегі Дүниежүзілік ұйымының авторлық құқық туралы келісімімен байланысты түзетулерді енгізуге дейінгі Қазақстанның авторлық құқық аясындағы жағдайын қарастырайық. Осыдан кейін осы түзетулердің қаншалықты дұрыс іске асырылғанын талдаймыз. Авторлық құқық туралы Заңның негізін қалаушы ережелер келесі аспектілерді қамтиды:

Қазақстан территориясында объективті нысанда көрініс табатын туындыларды қорғаудың ұлттық режимі; қорғау мерзімі – автор қайтыс болғаннан кейін 50 жыл (ескертпе: 2005 жылы ұлттық заңнаманы Дүниежүзілік Сауда Ұйымының үлгіқалыптарымен толық сәйкестендіру мақсатында авторлықты қорғаудың мерзімі 50 жылдан 70 жылға дейін ұзартылды); компьютерлік бағдарламалар мен база деректерін қамтитын, қорғау объектілерінің ашық тізімі; қорғау қабілеттілігінің межесі: ерекшелік және объективті нысан; мүліктік емес құқықтар: авторлыққа құқық, автордың абыройын қорғауға құқық және туындыны кері қайтарып алу құқығын қамтиды (2004 жылы шілдеде қабылданған түзетулерге байланысты жария шығару құқығы қосылды); мүліктік құқықтар жарыққа шығару, тарату, импорт, көпшілікке көрсету құқығы, көпшілік алдында атқару құқығы, көпшілікке хабарлау құқығы, эфирге хабарлау құқығы,  аудару құқығы, өңдеу құқықтарын қамтиды. 2004 жылы шілдеде енгізілген түзетулерден кейін бұл тізім сарқылмайтын қатарға жатқызылды; еркін пайдалану: жеке пайдалану үшін шығару, дәйектеу, оқу-білім мақсатында шығару, ақпараттық мақсатта  эфирге хабарлау, зағип жандар үшін арнайы тәсілдермен шығару, кітапханалар мен мұрағаттарда шығару, ресми салтанатты кездерде сот, әкімшілік мақсаттарда шығару, өзгерту, декомпиляция, сонымен қатар мұрағаттық мақсаттарда компьютерлік бағдарламалар мен деректер базаларының көшірмелерін жасау жағдайларын қамтиды.

Цифрлік аспектілерге келсек, Қазақстанда ол үлкен тәжірибелік сұранысқа ие болған жоқ. Оның бірнеше себептері бар. Біріншіден, отандық құқық иемденушілері әлі де Интернет арқылы туындыларды құрастыру, тасымалдау айналымына  жеткілікті түрде қатыстырылмайды, сондықтан да Интернетті пайдаланушылар жағынан зиян-зардапты сезбейді. Екіншіден, Қазақстанда Интернетті пайдаланушылар саны салыстырмалы түрде  әлі де аз. Шамамен мынадай сандар: 1996 жылы -10 мың, 2000 жылы – 70 мың, 2002 жылы — 250 мың, 2005 жылы -1 200 000, 2009 жылы-2 300 000 [2]. Алғашында, өсу қарқындығы жылдам көрінгендігімен, 2 300 мың адам Қазақстан халқының тек қана 14,9 % құратындығын аңғару керек. Үшіншіден, Қазақстанда құқықтарды ұжымдық басқару ертеден бері ауқымды қолданысқа ие болмады, сондықтан да қоғамға авторлардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз ететін берік құрал жетіспейді.

Соған қарамастан, өзгерістерді енгізуге дейін Интернет пен цифрлік ортаға байланысты теоретикалық даулы сұрақтар көтерілген болатын. Олар келесі мәселерге қатысты: 1) «әлемдік желіде» туындыны уақытша сақтау және іздеу (браузинг) автордың келісімімен іске асырылуы тиіс пе; 2) туындыларды еркін пайдалану жағдайларына Интернеттің әсері; 3) Интернеттегі «қарақшылықпен» күресудің жаңа шараларының қажеттілігі.

1) Бірінші сұраққа келсек, Авторлық құқық туралы заңда, қандай да болсын электронды нысандағы (цифрлік нысанды қоса) уақытша сақтау қайта шығару деп есептеледі. Осылайша, Интернет режимінде туындыны уақытша сақтау мен іздеу (еркін пайдалану жағдайларынан басқа) автор келісімімен жүргізілуі тиіс.

2) «Әлемдік желіде» кітапханалар, мұрағаттар мен білім беру мекемелеріне қатысты еркін пайдалану жағдайлары әрдайым уайым туғызатын. Репрографиялық жарыққа шығару жағдайлары ғана айрықшаланады. Нәтижесінде, шынында да кітапханалар, мұрағаттар мен білім беру мекемелерінің цифрлік жарыққа шығаруымен байланысты шараларды қолдану қажеттілігі

12
скачать работу


 Другие рефераты
Восточное направление внешней политики М.С. Горбачева
Классификации мировых конституций
Бас бостандығынан айырмай түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеудің жағдайы мен тәртібі
Грозненская школа живописи


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ