|
|
Бақытжан Қаратаевтың ғылыми зерттеу жұмыстары
лі байлар И.Жаманшалов пен Рамьевтер болды. Империя астанасынан шығарылатын болашақ «Алаш» газетінің редакторлығына Б.Б.Қаратаев шақырылады.
Қазақ зиялылары «Алаш» атауының түп-төркіні еркіндікті білдіретін қасиетті ұғым екендігін тамыршыдай тап басқан және редакторлыққа елге белгілі қайраткерді шақыруы да біраз жәйтті аңғартса керек. Газет ұжымы егер болашақта шығарылатын газетке Б. Қаратаев редактор болса, жұмыстың өрге басатындығын, Бақытжан Бисәліұлын жалпақ алаш жұртының жақсы білетіндігін жаза келіп, алдағы жұмысына табыс тілеген. Өкінішке қарай, газет жарыққа шықпаған сияқты.
Б.Қаратаев 1908-1916 жылдары алаштың зиялылары Ә.Оразбаев, А.Жанталин, С.Лапиндермен бірге қазақтарды жерге орналастыру жөнінде заң жобасын дайындап, халықты отырықшылыққа шақырса, ал Ғ.Қараш, Ш.Бөкеев және Е.Бұйриндермен бүгінгі «Егемен Қазақстанның» бастауында тұрған «Қазақстан» газетін шығару жұмысын қолға алды. 1914 жылы Қазан қаласында шыққан «Үлгі» атты поэманың авторы Садыр Ғалиұлы Бақытжан Қаратаевтың қазақ елі үшін еткен еңбегін, ағартушылық жұмысын, үлгілі өнегелі істерін өлеңге де қосқан.
1916 жылғы зобалаң жылдары Б.Қаратаев қазақ даласындағы тыл жұмыстарына жастарды алу шараларын тоқтату жөнінде Ж.Досмұхамедов, Ж.Сейдалиндермен бірігіп дайындаған «Қазақтар туралы естелік жазбаны» патша әкімшілігіне тапсыру туралы да біраз еңбектенген.
Кеңес үкіметі орнаған тұста Б.Қаратаев зор саяси оқиғалардың бел ортасынан табыла білді. Халықтың мұң-мұқтажын, қайғы-қасіретін түсінген ол өз келісімі бойынша әділет комиссары болды. 1918 жылы Орал қаласындағы ақ гвардияшылардың тұтқынында отырған тұста ол: «Большевизм үкімет басында тұра алар ма екен? Меніңше, ол жалған атақты үкіметтердің тіршілігі жойылғанға дейін тұрады. Большевизм өтпелі кезең, өз орнын бейбітшіл, жасампаз социалистік сипаттағы десе де болады, үкіметке қалдырып «сахнадан» кетеді. Әзірше большевизм барлық ескі және іріп-шірігендерді күйретуші мәнге ие. Жасампаздар басқа адамдар болады», - деп большевиктер турасында көзқарасын білдіруі бүгінгі күннің сипаттамасы деуге тұрарлық. Ал қазіргі Қазақстанның бейбітшіл, жасампаз саясат ұстанып отырғаны көпке мәлім.
Азамат соғысының отты жылдарында Б.Қаратаев алғаш қазақ атты әскер жасағын құру ісіне де үлесін қосты. Ол 1919 жылғы Қазақ өлкесін басқару жөнінде революциялық комитетінің алғашқы құрамына Ә.Жангелдин, С.Меңдешев, А.Байтұрсынов, М.Тұнғашиндермен бірге мүшесі болды. Осы жылдары сот-тергеу, әкімшілік-шаруашылық, заңнамалық болжам, жаңа сот ұйымдарын ашу және олардың қызметтерін жандандыру жұмыстарын белсене жүргізді. Алашорда үкіметінің қатарында болған азаматтарды қорғауда заңгер Б.Қаратаевтың ерекше белсенділік көрсетуін мұрағат қорларында сақталған құжаттар толық дәлелдей алады. Б.Қаратаевтың балалары да саяси қызметтерге белсене араласқаны мәлім. Мысалы, Шәмілі Қазақтың 1-атты әскер дивизионының комиссары, ал Мұраты Алаш жасағының сарбазы болды.
Дегенмен Кеңес үкіметі органдары тарапынан Б.Қаратаевтың саяси қызметіне бақылау орнатылғаны және қызметінен шеттетілгені де - тарихи шындық. Бірегей тұлғаның ұлт-азаттық көтерілістер және Қазақстандағы азамат соғысы тарихы туралы еңбектері әлі құндылығын жойған жоқ. Оның тұңғыш қазақ заңгері екендігін ескере отырып, республиканың ірі қалаларындағы заң саласы бойынша білім беретін оқу орындарына немесе колледж, мектептерге есімін берсе нұр үстіне нұр болар еді.
| | скачать работу |
Бақытжан Қаратаевтың ғылыми зерттеу жұмыстары |
|
|
|
Погода в Алматы |
на 10 дней |
другой город |
|