Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бақытжан Қаратаевтың ғылыми зерттеу жұмыстары



 Другие рефераты
Батыр жырау - Қожаберген Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметі Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бақылау функциясы

Бақытжан Қаратаев- халқымыздың бостандығы мен ұлттық тәуелсіздігі, оның жарқын болашағы үшін аянбай күрескен ұлы даланың дарынды перзенті. Бар ғұмырын халқының мүддесі үшін сарп еткен ол өмірінің соңында болашақ ұрпақ үшін туған халқының басынан өткерген тарихын жазып, артына мол мұра қалдырды.
1931 жылы 16 тамызда Б. Қаратаев Орталық архив басқармасының ғылыми қызметкері болып тағайындалады [1, 55п]. Басқарма Б.Қаратаевты, арнайы бағдарламасы бойынша, Қазақстанның 1916-1919 жылдар аралығындағы тарихын зерттеу мақсатында, Ақтөбе, Орал, Саратов, Орынбор қалаларына іссапарға жібереді. Ол іссапарда жүріп мұрағат, кітапхана қорларымен жұмыс жасап, халқымыздың тарихына қатысты құнды деректер жинайды.
Б. Қаратаевтың жан-жақты зерттеліп жазылған құнды еңбегі-«Обзор материалов из истории колонизации казахского края в связи с восстанием казахов Оренбургского края в 1869 году и в начале 1870-х годов». Патша өкіметінің саясатын әшкерелей жазған бұл еңбегін жазбас бұрын Халық ағарту комиссарының атына: «Восстание казахов в Уральской и Тургайской областях и адаевцев Мангишлакского полуострова в 1869 и в 1870 гг возникшее на почве недовольства введением тогда в действие царским правительством Временным положением 21 октября 1868г. В виде опыта сроком на 2 года, составляет в глубокой степени скорбные и печальные страницы истории казахского народа. Этим восстанием была охвачена почти вся Малая Орда, распространяясь на казахов даже Сыр-Дарьинской области и продолжаясь, как видно из данных Каз.Центрархива, вплоть до 1875 года. Поэтому оно представляет большой интерес для современного казахского поколения. Казахи поняли , что царское правительство, вводя Временное положение в степных областях, под лицемерной и лживой маской любви к казахскому народу, приступает к интенсивному угнетению их, к насильственному обезземлению их, к нарушению всяких общественных отношений и общественной жизни, к подавлению самодеятельности и самостоятельности их.

Поэтому, в процессе своей работы по собиранию материалов по истории казахского народа, я пришел к мысли, что я бы не прочь и даже желал бы составить попутно особую брошюру о восстании казахов в 1869 и1870 годах........и т.к некоторые моменты восстания известны мне, как очевидцу, а некоторые моменты его известны мне по моему знакомству с вождями мятежа и из беседы с ними»- деп, осы кезең тарихын жазу маңыздылығын баяндайды. Жалпы, патша өкіметінің Х1Х ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басындағы озбырлық әрекеттері туралы сол замандағы көзі ашық, көкірегі ояу А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Сералин, М.Дулатов, М.Тышпаев, М.Шоқай, Ғ.Қарашев сияқты ұлт болашағы үшін, туған елінің, халқының азаттығы мен бостандығы үшін күрескен көптеген қазақ зиялылары империяның «солақай» саясатын ашық сынға ала баяндайтын өшпес мұралары көп.

Солардың қатарындағы есімі қазақ тарихында ерекше орын алатын, сөзі өткір, батыл мінезді Б. Қаратаев та еңбегінде «Уақытша ереженің» енгізілуін: «Вдруг Временное положение обьявило казахам, что земли занимаемые казахскими кочевьями, признаются государственными и предоставляются в общественное пользование казахов. Это было для них ударом молнии в ясный день………Сразу же почувстовалось, что они теперь как будьто на чужой земле» - деп баға бере отырып, қазақ даласына әкелген зардаптары мен жерінен айырылған қазақтардың басына төнген ауыр жағдай мен шеккен қайғы-қасіретін ашық жазады [3, 18б]. Бұл еңбегінде өзінің жастайында куә болған мына оқиғаны: «Қазақтар неліктен орыс шенеуніктері мен мекемелеріне келгенде жалған сөйлеуге және алдауға бейім деген сұраққа Арғын руындағы кішкене Шекті бөлімінің беделді қазағы, Шеген батырдың немересі Қорғанбек Бірімжанов 1886 жылы, менің Петербург университетінің студенті кезімде, Торғай облысының әскери губернаторы генерал-лейтенант Барабашқа менің көз алдымда былай деді: «Қазақ халқының даналығы айтады-егер сен орыс шенеунігіне шын көңілден, жүрегіңмен ақтарылып шындықты айтсаң-ол саған сенбейді, ал егер сен оған қиыстырып тұрып, шебер тілмен өтірік айтсаң-құлай сенеді»-деп есіне ала отырып, «Қорғанбек Бірімжановтың бұл сөздері ақиқат болғандықтан да, патша шенеунігінің бетіне түкірілген терең де ащы әжуаға толы қақырық еді»-деп империяға өшпенділігін білдіреді [4, 177б]. Ежелден қазақ халқының меншігінде болған жерлерді күштеп Ресей империясының мемлекеттік меншігіне айналдыру Қазақстандағы аграрлық қатынастардың шиеленісіп, халық көтерілісіне әкеп соқтырғандығын атап көрсетті.Бұл еңбегінде XIX ғасырдағы Қаратай ұрпақтарының тыныс-тіршілігі сөз болады.

Ал, Батыс Алаш зиялылары мен Алашорда үкіметін сыңға ала жазған «Из истории Алаш-Орды» еңбегінен, кеңестік тұрғыда жазылса да, алаш қайраткерлерінің сол кезеңдегі қоғамдық-саяси қызметтері, іс-әрекеттері туралы танысуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Б.Қаратаевтың артында қалған шығармашылық мұрасының біразын өзі көріп куә болған және өзі қатынасқан революциялық-саяси оқиғалар, яғни «К истории революционного движения в Уральской губернии», 1905-1907 жылғы бірінші орыс революциясы тұсындағы Орал қаласындағы астыртын ұйымдардың қызметін баяндайтын бұл еңбекті зерттеуші М.Ысмағұлов Б.Қаратаевтың жазғандығын айтады[2, 70б], 1919 жылы Торғайдағы Ә.Жангельдиннің екінші жорығын бейнелейтін «Первый полководец казахских частей - А.Джангельдин», Орал қаласын орыс-казактардан азат етілуі туралы «Взятие города Уральска», «Гибель Чапаева» және т.б жөніндегі естелік жазбалар құрайды.

Б.Қаратаев ғылыми жұмыспен өмірінің соңында, яғни 70 жастан асқан шағында айналысты. Денесін ауру меңзеп, төсек тартып жатса да, «біздің ұзақ өмірден көргеніміз, естігеніміз, тарихи әдебиеттерден кейбір білгеніміз қағазға түсе берсе игі еді деген мақсат» санаған Б. Қаратаев өз естеліктерін, көзқарастарын парақтарға жазып қалдырған.

Пайдаланылған әдебиеттер
1 ҚР ОММ 1227-қор, 1-тізім, 1-іс.
2 Ысмағұлов М. Революция сарбазы // Жалын, №1,1989.
3. Қаратаев Б.Б Обзор материалов по истории колонизации казахского края в связи с восстанием казахов Оренбургского края в 1869 году и в начале 1870-х годов.
4 Қойшыбаев Б. Бақытжан Қаратаев.-Алматы: Ана тілі, 1993.-184 бет.

****

Биыл туғанына 150 жыл толатын қазақтың тұңғыш заңгері, қоғам қайраткері Бақытжан Қаратаевтың ел тарихында алар орны үлкен

 

ОРАЛ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Биыл туғанына 150 жыл толатын қазақтың тұңғыш заңгері, қоғам қайраткері Бақытжан Қаратаевтың ел тарихында алар орны үлкен. Алаштың ардақты ұлдарының бірі, қазақтан шыққан тұңғыш заңгер, императорлық Санкт-Петербург университетінің заң факультетін 1890 жылы алтын медальмен бітірген
Бақытжан Бисәліұлы Қаратаевтың қоғамдық-саяси қызметін көрсететін Алматы, Орынбор, Мәскеу, Орал, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау қалаларындағы мұрағаттарда біраз тарихи құжаттар сақталған.
Бақытжан Қаратаевтың атасы - өз заманында патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілісті басқарған Қаратай сұлтан Нұралыұлы.
Б.Қаратаев аталмыш университетті бітіргеннен кейін патшаның Әділет министрлігінің бұйрығымен Грузияның Кутаиси қаласына тергеуші болып барған. Бір қызығы, онымен бірге Гурьев уезі қараған Орал облысынан он сегіз қазақ отбасы бірге барады. Сол алыс грузин жерінде жүріп-ақ ол туған елінен қол үзбей хат-хабар алып, тыныс тіршілігінен хабардар болып отырады. 1894 жылы орыс зерттеушісі П.Юдиннің «Тургайские областные ведомости» газетінде жарық көрген мақаласында бабасы Қаратай сұлтанды «қарақшы» деп бағалауына қарсы орнықты жауап беріп, орыс зерттеушісіне белгісіз, соны мәліметтерді хабарлап, ата-бабаларының шежіресін терең білетіндігін айғақтады.
1897 жылы ол туған еліне оралып, адвокаттық қызмет атқарды.
Заңгер Б.Қаратаев - 1907 жылы ақпанның 20-сында шақырылған ІІ Мемлекеттік Думаға Орал облысынан депутат болып сайланып, І және ІІ Мемлекеттік Думаға сайланған қазақ депутаттарының арасынан патша үкіметінің қазақ жерінде жүргізіп отырған аграрлық саясатының отарлық астарын ашық сынға алып, сөз сөйлеген жалғыз депутат. Б.Қаратаев 1907 жылы ІІ Думада сөйлеген сөзінде: «Қырғыз-қайсақ (қазақ) халқының атынан бұл мінбеден ешкім сөйлеген жоқ. Біз, қырғыз-қайсақтар, Россияда қатты ушығып отырған аграрлық мәселе шұғыл шешім қабылдауды талап ететінін терең түсінеміз. Біздің шаруа бауырларымыздың жерге мұқтаждығын жақсы сеземіз, егер басы артық басқа жеріміз болса, оларға біз ризашылығымызбен ығысып орын беруге әзірміз, біз оң жақ қатарда шаруалардың жерге деген мұқтажын жою үшін олардың иелігі мен пайдалануындағы жер көлемін кеңейту қажеттігі туралы жақ ашпай отырған жолдастарымыздың жолын мүлде қуғымыз келмейді. Қоныс аудару бүгінде топырағы құнарлы уездерінде жайлаған, яғни, отырықшылыққа ден қойып, егін салумен айналысып жатқан қырғыз-қайсақ халқын ығыстырумен, халықты өздері тұрған үйлері мен деревняларынан қуып шығумен қат-қабат жүріп жатыр. Мен мұны ресми деректермен дәлелдей аламын. Осы кезге дейін бәрі қырғыздар көшіп-қонып жүреді-міс деген түсінікпен келеді. Жоқ, мырзалар, қырғыздардың көшпелілері де, отырықшылары да бар. Орыстың қарапайым еңбекшілері мен зиялылар қауымы жерімен қора-қопсысынан қуылып жатқан сорлы қырғыз-қайсақтарды жәбірлеп жатқандарға қарсы шығып, қамқор қолұштарын береді деп сенемін. Менің қолымда мұны дәлелдейтін қыруар деректер тұр, бірақ өкінішке қарай, сөзімді аяқтай алмадым». Міне, патша үкіметі тарапына айшықтай сын, бетке баса айту осындай-ақ болар.
Сонау 1908 жылғы маусымның 15-і күнгі «Тургайская газетаның» №24 санында «К изданию киргизской газеты» атты мақала жарық көрді. Аталған мақалада Санкт-Петерборда қазақ тілінде газет, журнал және брошюралар шығару үшін қоғам ұйымдастырылғаны жазылады. Бұл қоғамды құруды қолға алған белгі

12
скачать работу


 Другие рефераты
Культура языческой Руси
Москва в XV веке глазами иностранцев
Православное учение о Промысле Божием
Египетские пирамиды как объект всемирного исторического культурного наследия


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ