Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Банктің меншікті капиталы

икасының Ұлттық банкімен бекітілген меншікті капиталдың жеткіліктілігінің төмен нормативтік деңгейінің себебінен, соңғы кездері қаржылық тұрақтылығы төмен банкттік ұйымдардың қалыптасуына әкеп соқты. Сондықтан, қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі банк қызметін қадағалайтын нормативтерінің орындалуын қатал қадағалап, меншікті капиталдың минималды мөлшерін ұлғайтты.

Меншікті капитлалдың негізгі қиыншылықтарының бірі – меншікті капиталдың жеткіліктілігін сақтау болып табылады. Оны 3 әдіспен шешуге болады:

1.     Әрбір кезең арқылы капиталдың мөлшерін ұлғайту;

2.     Жалпы активтердің соммасын қысқарту;

3.     Тәуекелділігі жоғары салымдардың көлемін қысқарту арқылы активтер құрылымын өзгерту;

Банк қызметін қадағалау жүйесінде ағымды, есеп айыру, депозиттік шоттардағы қалдықтар бойынша міндеттемелерді орындау үшін, өтімділігі жоғары активтер көлемінің жеткіліктілігін сақтаудың маңызы өте зор. Олардың ішіндегі маңыздысы болып табылатын: олардың орындалуының нәтижесінен банктің корреспонденттік шотына қаржылар түсуімен байланысты операциялар болып табылады. Себебі, бұдан ең алдымен банктің мерзімінде және толығымен өз міндеттемелерін орындау мүмкіншілігі тәуелді.

Резев капиталының болмауы немесе оның жетіспеушілігі, банктің тартылған ресурстардың көп бөлігін мерзімді төлемдерді өтеу мақсатында, оларды өтімді активтер ретінде қолдануға мәжбүр етеді. Осыдан келе, банктің несиелер бойынша проценттік кірістермен қатар, кірістердің жалпы сомасы азайып, капиталдандыру мүмкіншілігі кемиді.

Халықаралық тәжірибеге келетін болсақ, банк өтімділігінің көрсеткіштері, актив операцияларының қолдану мүмкіншілігі мен міндеттемелердің және олардың өтеу мерзімін есепке ала отырып, арасындағы нормативтік қатынастар ретінде көрсетіледі.

Банктің заңды және жеке тұлғалардың тартылған бос ақша қаражаттарының мөлшерін анықтау үшін, банктің тартылған қаржыларын банктің меншікті капиталымен салыстырамыз. Оның маңызы өте зор. Себебі, заңді және жеке тұлғалардың тартылған бос ақша қаражаттары, банктің активті операциялары мен инвестициялық қызметтің негізгі көзі болып табылады.

Банктің тартылған ресурстардың оңтайлы үлес салмағы, банктің меншікті қаржылары мен тәуекелділігі бойынша салмақталған активтердің арасындағы қатынасы ретінде меншікті капиталдың жеткілікті нормативі арқылы қадағаланады.

Банктің меншікті капиталы пассив операцияларына жатады және ол келесі баптардан тұрады:

·        Жарғылық капитал – жай акциялар (мерзімі шексіз бағалы қағаздар), ерекшелігі бар акциялар (дауыс беруге құқығы жоқ бағалы қағаздар);

·        Банктік резервтер – яғни, алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивиденттер төлеуге, қайтарылмаған қарыздардың орнын жабуға арналады;

·        Қосымша төленген капитал – жай және ерекшелігі бар акциялардың сату курсы мен номеналдық курсы арасындағы айырмадан құрылады;

·        Қосымша төленбеген капитал – активтерді қайта бағалаудан құрылады;

·        Бөлінбеген таза кіріс – банк меншігінде қалатын, жылдан жылға жинақталатын кіріс сомасы;

1-сурет. Меншікті капиталдың құрылымы.

                                                

 

1.2 Банктің меншікті капиталы мен оның қызметі

 

Банктің ресурсы ретінде меншікті капитал акционерлердің диведенді формасындағы құнға ие. Бұл ресурстың көбеюі екі әдіспен жүруі мүмкін:

1.     Жарғылық капиталды көбейту;

2.     Таза кірісті көбейту;

Банктік қаражаттар құрылымындағы жарғылық капитал мен оған теңестірілген баптар, банктің тұрақтылығы мен оның жұмыс тиімділігін қамтамасыз етуде өте үлкен роль атқарады.

Меншікті капитал бірқатар қызметтер атқарады:

1.     Қорғаныс қызметі;

2.     Шұғыл қызметі ,

3.     Реттеуіш қызметі;

4.     Айналым қызметі;

5.     Резервтік қызметі;

1. Қорғаныс қызметі. Банктің меншікті капиталдың қорғаныс қызметі оның капиталының шамасының банктің төлем қабілетіне және тұрақтылығына тікелей байланыстылығын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы қаншалықты жоғары болса, соғұрлым банк өтімді болып саналады. Банк банкротқа ұшырай қалған жағдайда, оның акционерлерінен басқа ешкім зиян шекпейді.

 Банктің меншікті капиталының қорғаныс қызметі, банктің салым иелеріне жардем ақы төлеу мүмкіндігін ғана емес, сол сияқты ағымдағы табыс болмаған жағдайда, зияндарды жабуға қызмет етуін сипаттайды.Сондықтан да, оның азаюі банктің банкротқа ұшырауына жол береді. Қорғаныс қызметі – меншікті капиталдың ең басты қызметін білдіреді.

2. Шұғыл қызметі. Банк капиталының шұғыл қызметі қорғаныс қызметіне қарағанда екінші дәрежелік маңызға ие болып табылады. Меншікті капиталдың шұғыл қызметі жер, ғимарат, құрал–жабдықтар алуға қажетті меншікті қаражаттарды жұмылдыруды, сондай–ақ көзге көрінбейтін зияндар жағдайына байланысты резервтер құруды сипаттайды. Бұл қаржы көздері әсіресе, банкік қызметінің басталуы үшін маңызды. Кейінен бұл қаражаттардың бір бөлігі ұзақ мерзімді активтерге және әр түрлі резервтерді құруға жұмсалынады.

3. Реттеуіш қызметі. Қаржы және салым иелерінің мүдделерін қамтамасыз етуден басқа, банктің меншікті капиталы реттеуіш қызметін атқарады. Бұл қызмет қоғамның мүдделерімен, сол сияқты банк операцияларына бақылауды жасауға мүмкіндік беретін заңдар мен ережелерге тікелей байланысты. Банк капиталының көрсеткіштерінің көмегімен мемлекетік ұйымдар банктер қызметтеріне баға беріп, оны бақылауды жүзеге асырады.

Банктің капиталына қатысты ережелер, оның ең төмеңгі мөлшеріне қойылатын талаптарды, активтерге байланысты шектелуін және басқа банктен активтерді сатып алу шарттарын қамтиді. Пруденциялдық нормативтерде банктің меншікті капитал көлемі беріледі. Сонымен қатар, реттеуіш қызметте несиелік және инвестициялық операцияларға байланысты шектеу мақсатында капиталды пайдалаланады.

4. Айналым қызметі. Кез келген банк капиталы банкротқа қарсы, не болмаса зияндардың орнын жабу үшін құрылмайды. Олардың басты мақсаты комерциялық қызмет көрсету болып табылады. Мұндай қызметтер тәуекелмен байланысты болатындықтан, банк капиталының мұндағы қызметі тәуекел дәрежесін есепке алатын активтік айналымдарды авансылаумен сипатталады. Сондықтан да, бұл қызметті меншікті капиталдың айналым қызметі деп атайды. Бұл қызметті атқара отырып, өзінің айналым капиталын кассалық ақшалар, несиелік, факторингтік және лизингтік операцияларға, бағалы қағаздарды сатып алуға, басқа да ғимарат, құрылғыларға және басқа да негізгі қорларға жұмсай отырып, банктер өз несие берушілерін зияндардан қорғайды.

5. Резервтік қызметі. Тәуекелділіктер тек активтік операцияларға ғана емес, сондай-ақ пасивтік операцияларға да тиісті болып келеді. Пассивті операциялардан туындайтын тәуекелділіктерді болғызбау үшін, банктер тартылатын қаражаттар есебінен міндетті резервтер ретінде Орталық банкте резервтерін құрайды.

Банктердің ресурстарының тапшылығына байланысты міндетті түрде құрайтын резервтер сияқты, активтік операциялардан болатын туекелдердің орнын толтыру үшін арнайы резерв құруға мәжбүр болады. Мұндай зияндар банк капиталының айналым қызметіне жатпайтындықтан, оларды басқа қызметі – резервтік қызмет арқылы ғана қолдап отырады

Банктің капиталының резервтік қызметі тәуекел активтердің болуына байланыссыз, банк каиталының тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік қадағалау органдарымен қойылатын пруденциялдық нормативтер негізінде банктің меншікті капиталының көлемімен байланысты болады. Осы қарастырылып отырған классификация негізінде реттеуштік функцияға банк капиталын несиелік пен инвестициялақ операцияларын шектеу мақсатында қолданылатын құрал ретінде жатқызады.

Басқа аналитиктердің айтуы бойынша, капиталдың басты мақсаты болып тәуекелділікті төмендету ретінде басшылыққа алып, капиталдың келесі функцияларына көңіл аударады:

·        Капитал, барктің шығындарын жаба алатын, сондай ақ оның төлем қабілетін сақтай алатын буфер ретінде қолданылуы;

·        Банктің төлем қабілетімен байланысты проблемалардан сақтап, қаржылық ресурстар нарығына жол ашуға мумкіндік береді;

·        Тәекелділікті төмендетіп, оның өсуіне жол бермейді;

 

Капиталдың несиелерге қатысты шығындарға қарсы буфер ретінде қызмет етуі

12345След.
скачать работу

Банктің меншікті капиталы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ