Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Банктің меншікті капиталы

нде маңызы өте зор. Оның маңыздылығын келесі мысалмен келтіруге болады: егер банк клиенттері алған несиелер бойынша өз мінднттемелерін орындауды тоқтатса,лезде пайыздар мен негізгі төлемдер бойынша ақша қаражаттарының түсімі азаяды. Ақша шығымы өзгермейді. Түсім сомасы шығым сомасынан артық болып тұрған жағдайға дейін, банк өзінің төлем қабілеттілігін сақтайды.Мұнда да капитал өзінің буферлік қызметін атқарады,себебі ол міндетті шығымдарды азайтып отырады. Банк төлем қабілеттсіз болғандықтан, акциялар бойынша дивиденттердің төлем мерзімін ұзарта алады.Ал банк қарызы бойынша пайыздар төлеу міндетті. Жеткілікті капиталы бар банктер қосымша акциялар мен міндеттемелер шығарады, себебі аз түсімнен келген шығындардың орнын жаңа қаражаттармен жабу және уақыттан ұту керек. Неғұрлым банк капиталы жоғары болса, соғұрлым банк төлем қабілетсіз болғанға дейін, активтердің көп бөлігі төленуі мумкін және соғұрлым банктің тәекелділігі төмен болады.

Капитал дәстүрлі көздерден кәдімгі жай пайыздық ставка бойынша банкке қарыз алуға мүмкіндік береді.

Капитал қарыздың көмегімен қаржыланатын активтердің тәуекелдігінің өсуін азайтады және шектейді. Бұл қызметтер капиталдың ативтерге белгілеген мемлекеттік органдардың нормативтерімен тығыз байланысты. Егер банк қарыз мөлшерін көбейтуді немесе басқа активтерді сатып луды жоспарласа, онда олар жарғылық капиталды қосымша қаржыландыру көмегімен өсімді ұстап отыруы керек.

Сонымен, аталған банк капиталының аталған қызметтері көрсеткендей, меншікті капитал – банктің коммерциялық қызметінің негізі. Ол банктің тәуелсіздігіне жәе оның қаржылық тұрақтылығына кепіл болады, банктің түрлі қауіпті-қатерлі тәуекелділіктерді реттеу көзі бола алады. Меншікті капиталдың құрамында банктің жарғылық капиталының үлес салмағы маңызды екені белгілі. Ол меншікті бағалы қағаздарды шығару жолымен қалыптастырылады және сондықтан кеңінен оны акционерлік капитал деп атайды. Банктің жарғылық капиталының шамасы акционер-қатысушылардың акция ұстаушылардың жарнасынан жинақталады. Жарғылық капиталды қалыптастыру және көбецту меншікті акцияларды шығару мен орналастыру арқылы жүргізіледі. Бағалы қағаздардың шығарылуы тіркелуі тиіс, проспект эмиссиясы жарияланады, одан кейін теңгеге және шетел валютаға өткізіледі немесе материалдық құндылықтармен төленеді.

Банктің басқа да меншікті қаражаттарының капитализациясы жасалуы мумкін, ол бұрын шығарылған конвертацияланатын облигацияларды акцияға ауыстыру жолымен де іске асырылады. Шығарарылған бағалы қағаздарды толық орналастырған соң, банк талдау жасап, шығарылған бағалы қағаздар туралы қорытынды есеп жасацды. Ол Қазақстан республикасының Ұлттық банкімен бекітіледі. Ұлттық банк шетел валютасындағы капиталдың күшін заңды түрде жоюды және оны ұлттық теңгемен қайтта шығаруды ұсынды. Мұндағы негізгі проблема – курс, себебі онымен айырбас жүргізіледі, айырбас түрінен түскен табыстар мен шығындардың есебі жасалады. Кез келген табысты дивидент ретінде акционерлерге үйлестіруге болмайды. Ең басты мақсат- қандай бухгалтерлік есеп әдісі қолданылса да, бінші деңгейлі капиталға әсер етпейтінін қамтамасыз ету.

Конвертацияланатын курсы ретінде – ақша шығару кезінде тарихи курс болуы мүмкін. Бұл әдістің кемшілігі теңге түріндегі жаңа акцияның теңгедегі бірнеше номеналды шамасын алуға алып келеді, сол себепті тарихи курсты келісу кезінде кейбір қиындықтар туындайды.

Ұлттық банк белгілеген айырбастау өтетін күнінің датасын көрсету балама нұсқа болуы мүмкін және онда осы күнгі ресми курс пайдаланылады. Бұл әдістің артықшылығы айырбастан болған шығын немесе табысты есептеу де оңай.

Конвертацияланған акциялары мен тарихи немесе ресми курстың бастапқы құны арасындағы айырмашылық, бөлінбеген резервге жатқызылуы тиіс, яғни акциялар бойынша премиялар шотына. Егер де бір кездейсоқ себептермен заңды күшін жою және конвертация шығынға алып келсе, онда оны акциялар бойынша премиялар есебіндегі қандай да бір кредиттік қалдыққа жатқызу керек. Егер олардың олардың сомасы жеткіліксіз болса, онда шығынды ағымдағы жылдың табыстары мен шығындары шотына жатқызу керек.

Шетелдік валютадағы капиталдың заңды күшін жою бойынша және теңгедегі капиталын шығару бойынша бухгалтерлік өткізбелерді валюталық позиция шоты арқылы өткізгені дұрыс. Бұл үшін нарықта теңгені сататын және валюталық позицияны сатып алатын сатып алушы болуы керек. Мұндай банктер үшін Ұлттық банк соңғы инстанциядағы сатып алушы болуы мүмкін.

 

 

1.3 Банктің жарғылық капиталының құру тәртібі.

 

Банктің жарғылық капиталы акционерлік капитал деп аталатының себебі, меншікті бағалы қағаздар шығару жолымен қалыптасуында. Жарғылық капиталдың көлемі акция ұстаушылар – акционер, қатысушылар жарғысынан жиналады. Банктің жарғылық капиталы заңды және жеке тұлғалардың толық салымдарынан қалыптасады. Акционерлік банктер өзінің жарғылық капиталын қалыптастыру және көбейту үшін, жай және артықшылығы бар болып бөлінген акциялар шығарады.Меншікті капитал құрамында банктің жарғылық капиталы маңызды меншікті салмаққа ие.

Банктің жарғылық капиталына төмендегілер кіреді: жай акциялар, артықшылығы бар акциялар, артық капитал (акцияның курстық бағасы сомасы мен оның бастапқы бағасы арасындағы айырмашылық), бөлінбеген табыс.

Акционерлік коммерциялық банктің акциясы, оның иесінің банктің жарғылық капиталыедағы үлесін және дивиент алуға құқығын, сондай-ақ банкті басқару ісіне қатысу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.

Жай акциялар акционерге акционерлер жиналысымен белгіленген мөлшерде дивидент алуға, сондай –ақ банк жойылған жағдайда банк мүлкінің бөлігін алуға құқық береді. Бұл жерде үлес пропорциялды жүргізіледі: «бір акция – бір дауыс» қағидасы бойынша олар бірдей бастапқы баға құнына ие болуы тиіс.

Артықшылығы бар акциялар акционерге дивиденттерді бірінші кезекте алуға, банк жойылған жағдайда оның мүліктерінің бөлігін алуға құқық береді Банктің жарғылық капиталын қалыптастыру бірнеше кезеңнен өтеді:

·        Бағалы қағаздар эмиссия проспектісінің дайындықтан және сараптамадан өтуі;

·        Бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеу;

·        Шығарушы банктің бағалы қағаздарын тіркеу;

·        Эмиссия проспектісінің қорытындыларын тіркеу және бағалы қағаздарды орналастыру;

Қазақстан Республикасында банктің жарғылық капиталын қалыптастыру процессі төмендегі заңдар мен нормативтік актілермен реттеледі: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, заң күші бар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Акцияларды шығаруды рәсімдеу, заңды күшін жою тәртібі туралы ереже және Қазақстан Республикасында акциялар шығару мен орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарц 1996 жылғы 29 қарашадағы №141 Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының бекітілген «Қазақстан Республикасы аумағында жегелеген банк операцияларын іске асыратын банктер мен ұйымдар шығаратын акциялар мен облигацияларды эмиссия проспектілерінің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінде сараптамадан өту тәртібі туралы» 1995 жылғы 15 мамырдағы №251 уақытша нұсқау, «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

Акциялардың эмиссиясын жүргізу кезінде банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде сараптаудан өтуі тиіс. Ол бағалы қағаздардың шығарылымы бойынша шығарылым көлемі, инвесторлар саны және орналастыру тәсіліне қарамастан және шығарылым мен орналастыру қорытындылары есебі бойынша жузеге асырылады.

Ұлттық банктегі сараптама және қорытынды төмендегідей жағдайларда өткізіледі:

·        Банкті ашқанда және акцияларды оның құрылтайшылары арасында орналастырғанда;

·        Банкті қайта ұйымдастыру (қосу, бөлу, біріктіру, оқшаулау, қайта құру);

·        Қосымша акция шығару жолымен банктің жарғылық капиталының көлемін көбейткенде немесе акцияның номеналдық құнын көбейткенде;

·        Банк капиталының мөлшерінің өзгермегені кезінде немесе акцияның номеналдық құнынын өзгерген жағдайында;

·        Акцияның номеналдық құнын азайту жолымен немесе акциялардың жалпы санын азайту мақсатында меншікті акциялардың бір бөлігін сатып алу жолымен жарғылық капиталының мөлшерін азайту жағдайында;

·        Облигациялар шығарған кезде;

Бағалы қағаздар шығару проспектілерін сараптаудан өткізу үшін банк, Ұлттық банкке төмендегі құжаттарды ұсынады:

1.     Еркін түрде жазылған және банк басшысы қолымен куәландырылған өтініш;

2.     Бұдан бұрыңғы бағалы қағаздарды шығарылуын тіркеу және оның қорытындысы туралы қабылданған есептер құжаттарының көшірмелері;

3.     Банктің жарғысы мен құрылтай шартына өзгерістер еңгізу туралы банктің өтініші және жарғы мен құрылтай шартына енгізілген нотариалды рассталған өзгерістер (егер ондайлар бар болса);

4.

12345След.
скачать работу

Банктің меншікті капиталы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ