Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бәсентиін Малайсары батыр

е еду” (Норбо Ш. Зая-пандита) Материалы к биографии. (Элиста, 1999. с. 100).

Тарихи деректерге қарағанда Жоңғар мемлекетіндегі күрделі дағдарыс 1745 жылы Қалдан Серен өлімінен кейін басталады. Құдіретті жоңғар басшысының соңында үш ұл бала қалған: “Оның үлкені күңнен туған Лама Доржы, одан кейін кәмелетке толмаған Цэван-Доржы (13 жаста) және кенжесі сегіз жаста қалған еді”. Жоңғар “Заргосының” хан (хан кеңесі) шешімімен таққа ортаншы ұл отырып, бірақ билік жасай алмай, ақыры 1750 жылы Лама - Доржыға тақты берді. Осы кезде елдің берекесі, ынтымағы кете бастаған еді. Даваци, Әмірсана сияқты ұлыс басшылары ханға қарсы болып, азамат соғысы басталып кетті. Ақыры Әмірсана мен Даваци (Лабашы) қашып келіп қазаққа тығылды. Міне Малайсарының архив қағаздарына тағы да түсетін тұсы осы кезең.

Бұл екі қашқын қазақ арасына 1751 жылдың қара күзінде келіп, Жоңғария шека­расына жақын орналасқан Қайып батырды паналады, бірақ Абылаймен ылғи да байланысып, қамқорлық көріп отырды. Қазақтар қалмақтың екі ірі ноянының жан­сауғалап келгенін ырым көріп, қолда барын беріп көмектесті, таршылық көрсеткен жоқ. Даваци мен Әмірсананы қолда ұстап отыру Абылайға да өте тиімді көрінді. Бұл бағытта Абылайды Бөгенбай батыр, Дәуіт тархан, Жәпек батыр, Ералы сұлтан, Төле би (хат арқылы) қолдап отырды.

Ал Әбілмамбет хан, Малайсары батыр, тағы басқалар Даваци мен Әмірсанадан гөрі Лама Доржымен қарым-қатынасты жақсартқан дұрыс деп есептеді. Жоңғария қанша жерден саяси дағдарысты басынан кешкенмен, жыланды үш кессең де ке­сірткедей әлі бар дегендей, әл-қуаты күшті мемлекет болатын. Даваци мен Әмір­сананы бермеген күнде екі арада жаугершілік болатыны сөзсіз еді. Осы себептен Малайсары Лама Доржыдан 1752 жылғы келген Бекей бек бастаған алғашқы елші­лікті күтіп алып, өзінің баласы Тілеуқабыл мен Жәпек батырдың ұлын қосып Қайып ауылына жұмсады. Бірақ Қайып Малайсарының “қалмақпен текке жанжалдас­пайық, қантөгіс болады” дегенін керек қылмай, қайта екі жас жігіттің өтінішіне мойынсұнбай “Малайсары жоңғар жағына болыспасын” деп шығарып салды.

Орыс деректерінде бұл әңгіме былай суреттеледі: “Послан был от зенгорского владельца Бекей-бек во сто человеках калмык для разведывания о ноенах Дебачи и Амурсаны, где и у кого они находятся по надежде к киргизскому старшине Ма­лай-Сары - батырю, которой-де и люди его частые приезды в Зенгорские владение употребляют и приказал им быть у него с месяц и заподлинно о них разведать и как возможно привесть в ургу”.

Абылай Лама Доржыға қарымта елшілік жұмсап Давациді арнайы шақырма­ғандығын, бірақ ұстап та бермейтіндігін білдірді. Екінші елшілік те осындай нәтижемен аяқталды. Абылайдың жинаған 70-тен астам ел басшылары — батырлар мен билер, қашқындарды ұстап бермеуді жақтап шықты.

Қалмақ осы оқиғадан кейін бүлінеді. Қазақ арасына Даваци мен Әмірсананың жақтастарының қашып келуі көбейді. Екі ноян алғашқы уақыттағы Еділ бойына қашамыз деген жоспарынан айнып, енді Абылайдан Лама Доржымен соғысуға көмек сұрай бастайды. Лама Доржы көз алдында болып жатқан бүліншілікті тоқтатпақ болып Саин - Белек бастаған 20 мың әскерді қазақ даласына, Даваци мен Әмірсананы күшпен алып келуге жұмсады. Қазақ-қалмақтың арасындағы кезекті соғыс осылай басталды. 1752 жылдың қыркүйегінде басталған соғыс 1753 жылдың қаңтарында Лама Доржының өлімімен аяқталды. Ханды өлтірген Даваци мен Әмірсана бастап қалмақ ордасына жаугершілікке барған қазақ жауынгерлері еді.

Бұл жерде кім дұрыс, кім бұрыс деп топшылаудың өзі қиын. Егер Әбілмәмбет пен Малайсары ойлағандай болса, Жоңғария мемлекет есебінде көбірек өмір сүрер ме еді, кім білсін?! Жоңғарияның қазақ даласына шығыстан қалқа болып Қытайдың айдаһарынан қорғап тұрғаны да пайдалы шығар?! Бірақ тарихтың қайта шегінер жолы жоқ, болған іс болды, Жоңғария келе-келе жер бетінен мемлекет, ел есебінде өшті.

Енді қазақ шежіресіне келейік. Оның классикалық нұсқалары (Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Шәкәрім, т.б.) тарихи аңыздар мен әңгімелерден, жеке тұлғаларға қатысты қанатты сөздерден тұрады. Бұл қазақ халқының бірнеше мың жыл бойы жинақтаған тарихи білімінің қорытылған, нығыздалған түрі. Шежіре нұсқаларын ақтара отырып Малайсарыға қатысты бірсыпыра деректерді Мәшһүр Жүсіп жазбаларынан кездестіреміз.

Мәшекең Малайсары батырға қатысты қызықты әнгімелерді қазақ батырларына, оның ішінде Олжабайға арналған аңыздар топтамасында келтіреді. Шежірешінің айтуына қарағанда: “Осы Малайсары өз заманында епетейсіз ірі, дөкей батырдың бірі есепті болған” – деп суреттейді. Одан әрі былай деп жазылған:

“Малайсары... баласы Тілеуқабылды қалмаққа ақ үйліге бермек болып, ақ мылтықтың аузын жаласып, анттасып қайтқан екен. Сонан үйіне келіп жаңа “үһ” деп демін алып отырған үстіне қалмаққа қосын жасап, ту тігіп Абылай хан келіп қалыпты.

– Отырма, атқа мін, жүр! – дейді ғой.

Малайсары:

– Мені қой, мен бармаймын, қалмақпен жауласпаймын деп ақ мылтықтың аузын жаласып, анттасып қайтқан едім. Антқа ұшырап қалармын, – дейді.

– Қалмақ шіркіннің анты не қылар дейсің, жүресің, бармасаң болмайды,– деп еркіне қоймай ертіп алып, аттанып қалмаққа барған екен. Барса қалмақ күнбұрын естіп, күтініп, дүние-дүние болғалы, жер-су болғалы жау беттеп бұзып кіріп ала алмайтұғын бір берік қорғандары болады екен. Тас түйін болып бәрі соған қамалған екен. Сонда Абылай хан төрт батырды жіберіпті, қорғанды айналып, болжап келіңдер, бұзып кірер жері бар ма екен деп. Сонда Уақ Сары, Баян жоғары өтіп, қорғанның үстінен үңіліп ішіне қарай бергенде дулығаның қақ маңдайынан оқ тиіп, дулығаның артына қарай, қайқайып қалғанын қалмақ мергендері көріп, жығылды ғой деп қорғанның үстіне шығыпты. Көре сала батырлар жалт беріп қашқанда артынан оқты жаңбырдай жаудырыпты. Сонда Абылай:

– Бір қанды ауыз мылтықтың аузы Малайсарыға дөп келді-ау, құдай-ай, сақтай гөр дегенше болмай, Малайсарының сауытының жыртық жиегінен оқ тиген екен, жөремелете сол қалмақ үш атыпты.

Абылай хан: “Малайсары аман емес, аты кирелеңдеп қалды”, депті. Айтса айт­қандай, Малайсарының белін оқ қиратып тастаған екен. Қосына алып келіп түсіріп, жатқызыпты. Абылай:

– Өзге тамақты бұған бере беріңдер. Жалғыз-ақ ескі қатқан сүр ет бермеңдер, ішегі аман екен. Қатқан сүр ет берсеңдер ішегі жыртылады, онан соң үйірге қосыл­майды, — депті. Малайсарыны бақыршысы бағып, қоста жата береді, өзгесі күнде аттанып қорғанға бара береді.

Қалмақ қорғанда қамалып жатыр, бұлар елсіз-күнсіз далада қамалып жатыр. Түсте бірін, кешке бірін сойып тұратұғын қой-қозы бар ма? Малайсары бақыршысын шақырып:

– Қызыл турам етке тісімді тигізбесең, басыңды шауып тастаймын, – деп қаһар­ланыпты. “Ала қоржын қайда, алып кел, соның түбінен қызыл турам ет табылмаса, менің құрығаным ғой, қарам суалғаны ғой!” – деген соң, бақыршы ала қоржынды алып келіп, ақтарып қараса, бір қазы жатыр екен. Ортасынан тұтамдап кестіріп алып, астырып жепті.

Абылай хан келген соң көрсе, Малайсарының түрі бұзылып, келіспей қалғанын байқап, сүр ет бердіңдер ме дегенде бақыршы:

– Қазының ортасын беріп едік, – депті. Хан:

– Енді болмады, жалғыз-ақ ілініп тұрғандағы ішектің бүтіндігі, әй, қап әттеген-ай, келіспеді-ау, – депті. Сонда Малайсары батыр:

– Әзірейіл, шіркін, бұл қайда жүр өзі дей беруші едім. Сөйтсем, ала қоржынның түбінде бұғып жата берген екен. Сөйтіп, амалын тауып, айласын асырып алмаса, біздей кісіге бадырайып тура келуге оған да жан керек қой, – деген екен. Сол сапарда демі таусылып, сүйегін елге алып келіп қойыпты”.

Малайсарының қайтыс болуы 1754 жылдың оқиғаларына сәйкес келетін сияқты. Бұл кезде Қалдан Серен тағына Даваци (Лабашы) мен Әмірсана күресіп жатқан. Абылай қалмақ ішіндегі азамат соғысына араласып, екі ноянға алма кезек қолдау саясатын жүргізеді.

Абылай алдымен Давацимен одақтасып 1753 жылы дэрбэт ауылдарын шапты. Дэрбэттер Лама-Доржыны, оның оң қолы болған атақты қолбасшы Саин-Белекті, атақты батыр Үнемкей Жырғалды қолдайтын. Давацимен жасалған келісім бойын­ша дэрбэттердің ер азаматтарын Абылай одақтасы Давациге беріп, қатын-баласын түгел өзі алды. Қолға түскен мал-дүние тең бөлінді. Осыдан кейін Әмірсана мен Даваци арасында жаулық басталғанда Абылай Әмірсананы қолдап 1754 жылы Жетісуға 1700 жауынгерден тұратын әскерді бастап келді. Бұл сәуір айы болатын, жоңғарлардың Қаратал бойында он мың адамдық (түмен) үлкен қосыны тұрды. Малайсарының өлімі осы соғыста болған сияқты.

Қаратал өзені екі ғасыр қалмақ қонтәжілерінің ордасы (ұрға) болған үлкен саяси орталық. Қалдан Серен заманында көтерілген құрылыстардың орны бұл жерден әлі де көрінеді. Онымен қатарлас Алтынемел жотасы тұр. Алтынемел атанатын жердің билікке тікелей қатысы бар. Қазақшаға аударғанда “алтын ердің қасы, немесе ердің алтын қасы” деген ұғымды білдіреді. Осы Алтынемел тауының бір сілемінде Малайсары батыр оққа ұшты. Сол заманнан бері бұл жота Малайсары атанады: биіктігі 1446 м, батыстан шығысқа қарай 100 шақырымға созылып жатыр, ені 10-20 шақырым. Жоңғар Алатауының басталатын тұсы да осы жер.

Малайсарыға қатысты тағы бір деректер Жаяу Мұса Байжановтың Қазақ Ұлттық Ғылым академиясының кітапханасында сирек кездесетін қолжазбалар бөліміндегі “Абылай ханның 40 батырымен Сарыарқаны қалмақ ханы Қалдан Сереннен тартып алған уақиғасы” деген қолжазбасында кездеседі. Сондай-ақ келесі ауыз екі мағлұматтар ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақ жерінде өлкетану ісімен шұғылданған орыс зерттеушілерінің жазбаларында да бар. Мәселен В. Никитин “Памятники древности Каркаралинского уезда” атты мақаласында (1895 ж.) Қарқаралы тауларындағы тастан қаланған ірі бекініс жүйесін Малайсары ат

1234
скачать работу

Бәсентиін Малайсары батыр

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ