Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бәсентиін Малайсары батыр

ымен байланыстырады:

“В районе городского выгона на урочище “Мухтарово”, находится стена, сло­женная из булыжника и плитняка. Длина ее по равнине, приблизительно, до 41/2 версть, далее же она подымается в горы, где и теряется среди камней, высота стены не одинакова: в равнине местами доходит она до 3-х арш, а где развалилась, она едва приметна. Об этой стене существует следующий рассказ. Когда в каркаралинских степях впервые появились киргизы, вытиснив калмыков, то один из завоевателей, по имени Малай Сары, выбрал каркаралинскую долину, защищенную большими, почти отвесными горами, для своей кочевки; но так как она была окружена горами только с трех сторон, то с четвертой стороны, где гор не было и где местность была открыта для набегов калмыков, он построил стену. Стена эта долго служила защитою или межей для владении рода Сары и потеряла свое значение лишь с приходом в эти места русских”.

Малайсары туралы деректерді өткен ғасырдың 90-шы жылдары Ертіс өңірінің белгілі өлкетанушысы марқұм Жеңіс Марданов жинақтай бастады. Ертіс бойында қазақ шежіресін, эпикалық жырларын жатқа айтатын адамдар аз болса да өлке­танушы тынбай тіршілік жасап, ауызша деректер мен жазбаша материалдарды ұштастыра отырып Малайсары батырға арналған қысқаша этюдтер жазды. Ол “Дауа” шығармашылық бірлестігі жариялаған “Қазақ халқының каһармандары” кітабының бірінші томында шықты.

Бұл жарияланымдардың ғылыми, әдеби айналымға қосқан деректері батырдың генеалогиясына, жеке портретіне қатысты. Өлкетанушының жазуына қарағанда “Тоқтауыл батырдың Молдыр деген қалмақ әйелінен Малайсары, Қайдауыл, Бағыс туады, ал Алма атты қазақ әйелінен Қарнақ пен Көбес туады”.

“Малайсарының түр келбеті ақсақалдардың айтуынша, батыр ұрпақтарының ата-бабаларынан естіген деректері бойынша кең иықты, ұзын бойлы, алқымды, шекелі, мұрынды болыпты” — деп сипаттайды Жеңіс Марданов. Малайсарының осы сипаттаудан басқа портретіне қатысты ешқандай дерек жоқ. Осыған байланысты батырдың түр-келбетін қайта жаңғыртатын антропологиялық зерттеулердің қажеттілігі туындайды.

Тағы бір әңгіме Қаракерей Кабанбай батырдың жары болыпты делінетін Малайсары батырдың қарындасы Гауһар туралы. Өлкетанушылардың айтуына қарағанда Гауһар батыр ағасы сияқты өте өжет екен. “Калмаққырғанның сыртындағы тауға Гауһар батыр болып қарауылға шығады екен”. Бұл бұрыннан бері ақсақалдардың аузында жүрген дерек болса керек.

Малайсарының ұлы Тілеуқабыл да әрі бай, әрі батыр болыпты. Бірақ көпке дейін ер баласы болмай Құдайға жалбарынып: “Мына қалың жылқыға ие бере көр?” деп сұрайды. Ақыры мұқтажы орындалып, дүниеге келген ер баланың атын Бісміллә қойған екен. Бұл ауызша деректер де “Қазақ халқының каһармандары” кітабына Жеңіс Тілеукеұлы енгізген ел аузынан жиналған дүние.

Малайсары батыр туралы газет мақалалары 90-жылдардан бастап жариялана бастады. Олардың ішінде 1991 жылғы тамыз айында “Дауа” газетінің бетінде жарияланған топтаманы айта кеткен жөн. 2003 жылы қыркүйек-қазан айларында Павлодар облысының “Сарыарқа самалы” газетінде қадірменді ақсақалдар Жұбай Нұрғалиев пен Серік Жақсыбаевтың мақалалары жарияланды. Бұл материалдар батырдың шыққан тегі мен жарқын өмірі, үрім-бұтағы, оның жұмбақ сауыты жөнін­де мәлімет береді, ой салады.

Малайсары батырға қатысты деректерді біз 2005 жылдың желтоқсан айында Алматы облысының Кербұлақ ауданында болған кезімізде де жинастырдық. Осы аты аталған ауданның Малайсары ауылында тұратын 1920 жылы туған Ысқақов Мырзахан ақсақал батырға қатысты бірсыпыра әңгімелерді айтты.

Қарияның баяндауына қарағанда Малайсары Қызылсораң биігінде қайтыс болған. Бұл қазіргі осы ауылдан 12 шақырым жер, Малайсары аталған алып жотаның ең көрнекті тұсы. Жотаның өзі Сарыөзектен басталады да Салмырза тұсында жайдаққа айналады, сол себептен Салмырзаны жотаның тұмсығы дейді. Малайсары тауынан әрі Желдіқара, одан әрі Алтынемел таулары. Арасы тым алыс емес. Алтынемел арғы заманда қалмақтың ту тіккен ордасы болғаны белгілі. Ақсақал қалмақтың ордасы Доланалы деген жер деп, осыған байланысты ескі аңыздардың болғанын айтады. Оның бірі қалмақ қонтәжісінің қызы Шаған ару туралы. Бүгінгі күні қыздың атымен аталған Шаған тауы Алтынемелден күнбатысқа қарай тұр.

Біз әңгімелескен көнекөздердің айтқан аңыздарына қарағанда Малайсары Жетісу жеріне найманды арашалап келген. Қалмақ оларды көгендеп қойып, қойдай бауыз­дап жатқанда батыр жалғыз өзі Арқадан көмекке келген-мыс делінеді. Мұның бәрі аңыз болғанымен түбінде бір шындықтың да жатқаны даусыз. Үмбетей жыраудың Бөгенбай қазасына байланысты айтатын:

Қалмақты қуып қашырдың,

Қара Ертістен өткізіп,

Алтай тауға асырдың

Ақшәуліге қос тігіп,

Ауыр қол жиып алдырдың,

Қалмаққа ойран салдырдың.

Қабанбай мен Бөгенбай

Қоныс қылып қалдырдың

Арғын менен найманға! – дейтін жырының Малайсары ерлігіне де тікелей қатысы бар.

Ең басты деректердің бірі Малайсарының жатқан жері осы ауылдың іргесінде екендігі. Бір әңгімелерде “осы таудың ішінде өлген, денесін алып кеткен” делін­генмен, жаугершілік заманда алысқа апармаған сияқты. Жергілікті өлкетанушылар Малайсары батырдың жатқан жерін нақты көрсетеді. Бүгінгі күні басында үш терек ағаш өсіп тұрған жадағай оба қазақтың жерін, азаттығын қорғап, қалың жаумен соғыста өлген батырдың бейітін айғақтап тұр. Іздеушісі болмағандықтан бұл обалар да аяқ асты жатыр. Жаугершілік заманда асығыс көтерілген оба енді біраз жылдан кейін тіпті көзден таса болатын түрі бар. Бұл ескі қорымда сол жаугершілік заманда елі мен жерін қорғап қаза болған Малайсары батырдың, оның жауынгер досы Жайнақ батырдың, тағы басқа ондаған-жүздеген ер азаматтардың сүйегі жатыр. Биылғы жылы Малайсары батырдың 300 жылдық тойына әзірлік үстінде батырдың басын да көтеру қажеттілігі анық.

Осы тұста қарапайым елдің, Малайсары тауының бөктерін мекендеген ауыл азаматтарының батыр есімін жадында ұстап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқанына риза боласың. Мұндағы қариялар ауылдың жастарына көптеген ұлағатты әңгімелерді айтып отырады. Алыс сапарға шығатындары батырдың басына арнайы келіп дұға оқиды. Бұл жердің маңынан қатты жүруге болмайды деп Малайсары батыр жерленген оба тұсынан жаяулап өтеді. Малайсары ауылының іргесіндегі бұлақ та “Малайсары бастауы” аталады.

Тек бір өкініштісі Малайсары тархан атының өзінің туған өңірінде ұмытылып, қатардан шығып қалуы. Кутузов, Суворов сияқты Ресей батырларын құлай құрмет­тейтін Ертіс бойындағы Кереку елінің Малайсары тархан атын осыншама жатсы­нуын қалай түсінуге болады?!

Малайсары есімі соңғы кезге дейін көп аталған жоқ. Қазақтың ескі шежіресінде болғанымен, бертінгі уақытта ол туралы не зерттеу, не кітап шыққан емес. Совет заманында Малайсары туралы жұмған ауызды ашуға болмады, себебі Шоқан айтқандай ол өзі бай, өзі батыр, өзі ақылды, оның үстіне отаншыл еді. Ресей отаршылдарын: “Малайсары – отаншыл”, деген анықтаманың өзі-ақ үрейлендіргені сөзсіз. Міне, батыр атының аталмауына осындай себеп бар.

Екінші жағдай: Ресей 1750 жылдан бастап қазақ-қалмақ соғысын пайдаланып Ертістің бойын иеленіп, бекініс шептерін орната бастады, осылай өмірге 10 шақырымдық қазақтарға жолауға болмайтын меже келді. Жергілікті халық бұдан әрі не оң жағалаудағы Құлынды даласына, не Алтайға қарай өте алмайтын болды. Малайсарының орысқа қарсы болғанда күткен қаупі осы еді.

Үшінші себеп: отаршылар қазақтың көзге түсетін ер азаматтарын, батырлары мен серілерін әртүрлі себеп тауып өлтіріп, бодан елді жасытып отырды. Бұл саясат бір­неше ғасыр бойы жүргізіліп, Ертіс бойындағы елдің жуасуына, тарихи жадыдан жұтап, қиындық көріп, күнкөріс қамымен тіршіліктен бас көтере алмай қалуына әкелді. Ал бұл ел санасынан Малайсары батыр мен оның серіктері, олардың ерлік істері туралы әңгімелерді ұмыттырды.

Абылай заманында керемет құрмет көрген, ел аузында аңыз болған Малайсары батырды біз жеткілікті білеміз бе? Оған тиісті бағасын беріп отырмыз ба?! Бұл мәселелер төңірегінде ел болып, жұрт болып ойластыратын мәселе аз емес сияқты.

Малайсары ұрпақтары Қазақстанның әр жерінде, одан да тыс өңірлерге кеңінен тарап кеткені белгілі, бірақ негізгі өзегі қазіргі Май ауданының жерінде. Осы ау­данның, кезінде Малайсары батырдың жанын шүберекке түйіп, өзі қызғыштай қор­ғаған жердің атын біз неге Малайсары атымен атамаймыз? Қазіргі уақытта Қазақ­станның оңтүстігінде Төле би атымен аталатын аудан бар. Батысымызда Әйтеке би, Сырым батыр, Махамбет, Исатай атындағы аудандар бар, Қарағанды қала­сының негізгі ауданының бірі қазір Қазыбек атында, Солтүстік Қазақстанның бұрын­­ғы Сергеев ауданы қазір Шал Құлекеұлының, Алматы облысындағы бұрынғы Нарынқол ауданы – Райымбек батыр атына берілді. Осындай мысалдар республикамызда аз емес. Патша өкіметі билеген заманда, советтік тоталитарлық жүйенің кезінде қазақ халқының ұлттық жадын жою үшін істелмеген шара қалған жоқ. Небір ер азаматтарын өкімет оққа байлады, жер аударды, бала-шағасын тоз­дырып, құртып жіберді, тарихи жерлердің аты түгелдей өзгеріп жаңа отаршылдық аттар берілді. Сол кезде қазақ халқынан қалай деп бір адам сұрады ма?!

Бұл мәселелер идеологияға, халықтың ар-ожданы мен намысына тарихи санасы мен жадына қатысты.

Ең бастысы, “Майский” аты тіпті кездейсоқ, бұрынғы төл атаулармен де, совет дәстүрлерімен де келіспейтін қызықты ат. Бұл жер революцияға дейін ел ішінде Мойка /Мойское/ атанған, оған себеп орыс көпестерінің жүнді жууға арналған кішкене өндірісі. Революциядан кейін де Мойка немесе Мойское атанып жүргені деректерден белгілі. 1932 жылы геолог Н.Горностаев осы маңнан ақ балшықтың орнын зерттеп, оны Кузнецк металлургия комбинатына жіберуді ойластырды. Геологтың күнделік қағ

1234
скачать работу

Бәсентиін Малайсары батыр

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ