Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Басқаның патшасының бәрі жақсы, неліктен біздің хандар жаман болған

дан шыққан жазбаларда қазақтың басты жауы ретінде башқұрттар аталып, солармен келісу үшін “бодандық” мәселесі сөз болған. 1730 жылы қазан айында Санкт-Петербургке Әбілқайыр хан атынан келді делінген елшілер Сейітқұл Қойдағұлов, Құтлымбет Қоштаевтың айтуымен толтырылған жазбаға сенсек, “қазақ  қалмақ, жоңғар қонтайшысымен бейбіт келісімге келеді де,  тек башқұрттар ғана патшаның бұйрығынсыз келісімге”  көнбейді. Мұндай мазмұндағы әңгімені М.Тев­келев қазақ даласына барып келгеннен кейін 1733 жылы 14 қаңтарда патша үкіметіне жеткізеді (КРО. С. 37, 49). Сонда Әбілқайыр ханды “бодандыққа” мәжбүрлеген Алдарбай мен башқұрттар ма? Алдарбай Есекеевтің өзі патша қолынан 1734 жылы қазақтарды келісімге әкелгені үшін тархан атағын алғанымен, 1740 жылы Ресейге қарсы башқұрттар көтерілісіне қатысқанына байланысты дарға асылады.

 

Сонымен  Әбілқайыр хан башқұрттар қаупінен сақтану үшін Ресейге бас иді деген­ге кім нанады? Сол мақсатта “орыс бодандығын” қабылдады дегенді қалай түсінеміз? Ұлан-байтақ даланы билеп-төстеген, өмір бойы еркіндікті биік тұтқан көшпелі бабамыз бір күнде “бодандықты” қабылдады, оған басты кінәлі Әбілқайыр дегеніміз ақиқатқа жата ма? Өкінішке қарай, бұған да жауапты  Ресей мұрағатта­рынан іздейміз. Ондағы барлық құжатта “бодандық” жөніндегі келісім  тайға таңба басқандай етіп көрсетіледі. Орыс мұрағатындағы М.Тевкелевтің жазбасында Әбіл­қайыр ханның “бодандықты” жалғыз өзі өзге хан-сұлтандардың келісімінсіз қабыл­дағандығы, оның жанында табын Бөкенбай, тама Есет батырлар болғандығы, старшындар мен қазақтардың  көпшілігінің “бодандыққа” өшпенділігі ашық жазылған. Қазақтар тіпті М.Тевкелевтің өзін бірнеше рет өлтіруге әрекет жасаған. Ел игілері М.Тевкелевке Әбілқайырдың Ресеймен мұндай келісіміне Халық Кеңесі рұқсат етпегендігін жариялаған. Орыс елшісінің сөзіне сенсек, қазақ даласында 2 жылдай жүріп, түнделетіп, жанына Әбілқайырдың баласы Ерәлі сұлтанды, Нияз сұлтанды ертіп орыс патшасымен кездестіруге уәде беріп аттанады. Сонымен, Ата Заңды, яғни Халық Кеңесінің шешімінсіз саяси келісімінің жүзеге аспайтындығын жақсы білетін Әбілқайыр шынымен “бодандықты” көздеді ме, әлде  тарихи құжат арқылы оқырман қауымды арнайы адастырған орыс саясаты ма? Біздіңше, әскери одақ, тиімді келісім, бейбіт көршілік іздеген Әбілқайырдың түсіне кірмеген “бодандықты” тықпалауды тоқтататын мезгіл жетті. Ол ешкімге, соның ішінде қазаққа енді пайда әкелмейді. Қазақтың Ресейге бодандығы қанды күрестің жеңілісі ретінде ХІХ ғасырдың екінші жартысында жүзеге асты. Бірақ ол да толыққанды болды деу қиын.

 

1731 жылы 19 ақпанда Әбілқайыр орыс “бодандығын” қабылдады делінген патша грамотасының нақты мәтініне де, рухына да қазақ ханының кейінгі уақыттағы барлық іс-әрекеті, саясаты қайшы келеді.

 

Оған төмендегі дәлелдемелерді келтіруге болады. Біріншіден, қазақтар орыс бодандары қалмақ, башқұрттар секілді алым-салық төлемеді. Ресей оны талап ете де алмады. Екіншіден, Әбілқайыр хан тірісінде хандықтың ішкі, сыртқы саясатына Ресейдің ықпалы жүрмеді. Үшіншіден, қазақтың ішкі басқару жүйесіне орыс өкіметі араласа алмады. Төртіншіден, Кіші жүз қазақтары солтүстіктегі, батыстағы жайылымдар үшін қалмақ, башқұрт, орыс казактарымен күресті тоқтатпады.  Ол арада Ресейдің оларды өзара айдап салуға айласы жеткенімен, қазақ қолдарын Саратовқа дейін тоқтата алмады. Мәселен, қазақтар 1737 жылы 2 ай бойына Ресейге “адал” башқұрттарды шауып, өзіне бағындыруға ұмтылса, 1739 жылы қыр­күйек айында Мәскеу жолындағы керуендерді талқандады. Содан қазақтардан қорғану үшін Орынбор комиссиясының басшысы В.А.Урусов Самара мен Орынбор аралығына 2 зеңбірек пен қарулы жасақ шығарды (ОрОММ. 2қ., 1т., 6 іс, 35-36 пп). 1746-1747 жылы Әбілқайыр ханның өзі қол бастап Ресейдің ішкі губернияларына шабуыл жасады. Ал 1747 жылдың қысында теңізден өтіп, Жайық форпостарындағы казак орыстар мен қалмақтар мекендерін жойды. Орыс зерттеушісі В.Н.Витевский осы шабуылды қазақтардың “ұлы қырып-жоюы” деп бағалады. Бесіншіден, Ресей  Әбілқайыр сұраған қару-жарақ, әскерді ешқашан да берген емес. Ал, қалмақ, башқұрттарды қай кезеңде де қаруландырып, біздің халқымызға қарсы салып отырды. Соған қарағанда Ресей қазақтарды “боданым” деп жар салғанымен, оған өздері де сенбеген.

 

Әңгімеміздің басында біз екі тағылымды ежіктеп айтқан едік. Үшінші тағылым, Әбілқайыр ханның өз бауырлары қолымен өлтірілгеннен кейінгі ел игілерінің қалыптасқан саяси ахуалдан шығар жолды іздестірудегі қадамдарынан шығады. Мұрағат деректері қанды оқиғаға тікелей жауапты Барақ сұлтан болғандығын айғақ­таумен қатар, ішкі қырғынға итермелеуші И.И.Неплюев екендігін де дәлелдейді. “Бөліп ал да, билей бер” саясатын іс жүзіне асырған Ресей, оның артынан Кіші, Орта жүздердің өзара таласын қоздыруды көздесе керек. Бізге маңыздысы Әбілқайыр өлтіріліп, елі жоқтағанымен, Барақ әрекетінің қазақтар арасындағы бірлікке, ынтымақтастық пен туысқандыққа сызат түсіре алмауы. Бұл арада Қазыбек бидің Бараққа: “Біз сен үшін Кіші жүзбен айтыспаймыз” (ОрОММ, 3 қ., 1т., 2 іс, 248-249 пп.) немесе Жәнібек тарханның: “Сен (Бараққа – Ә.М.) атақты және бас ханды өлтірдің, енді қашып құтылуға болмайды. Ең дұрысы Орта, Кіші жүздер ортасына көшіп келіп, әкесіз қалған, Орынбордағы аманатта қалған Айшуақ сұлтанды өз балаң Шығаймен ауыстыр” деген пікірлері ел игілерінің болашақтағы қазақ жайын ойлаудан туғандығын атап өтеміз. Кезінде мұны В.В.Вельяминов-Зернов: “Жәнібек тархан Түркістаннан Барақтың қызы мен ұлын өзіне алып келді. Мақсаты – араздасушы екі жақты құдандалы етіп табыстыру”, деп оң бағалаған-ды (Вельяминов-Зернов В.В. Исторические известия о киргиз-кайсаках и сношениях России с Средней Азии со времена кончины Абулхаир хана (1748-1765 г.г.)// Оренбургские ведомосты. 1853, № 5, С. 43-48). Яғни Әбілқайыр қаншама айбарлы хан, бас қолбасшы, ел тірегі қаза тауып, ішкі тартыс енді өршитіндей көрінгенімен, басты қорытынды елдің іргесінің сөгілмеуінде жатыр. Кеше де, бүгін де мәңгілікке елдігін сақтамақ болған халықтың басты мұраты да осында.

 

Мақала тақырыбын “Басқаның патшасының бәрі жақсы, неліктен біздің хандар жаман болған?..” деп атақты Ғафаң, Ғафу Қайырбеков ағамыздың өлең жолдарынан шығарып отырғанымызды енді түсінген боларсыздар, құрметті оқырман. Бабаларымыз “жаман” болмаған. Оны олай дегізіп келген солақай саясат, деректерді бұрмалаушылық. Енді одан арылайық. ”Қорыта келгенде, Әбілқайыр хан тарихы бүгінгі  егемен еліміздің тар жол, тайғақ кешу кезеңіндегі жүріп өткен жолы. Одан сабақ алу, бар өмірін қазақ жауларын тұқыртуға арнаған, ат үстінен түспеген тұлғаның ұлан-байтақ халқымыз бен территориямыздың тұтастығын сақтаудағы рөлін мойындау, ұрпаққа үлгі ету, ұлықтау маңызды. Тарих тағылымы соны дәлелдейді.

12
скачать работу

Басқаның патшасының бәрі жақсы, неліктен біздің хандар жаман болған

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ