Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Басқаның патшасының бәрі жақсы, неліктен біздің хандар жаман болған



 Другие рефераты
Особенности пространственного мышления речи у детей с дизартрией Ата жұрт Балалар әдебиетіндегі патриоттық тәрбие мәселесі Особенности работы над предлогами и приставками в начальной школе

Басқаның патшасының бәрі жақсы,

неліктен біздің хандар жаман болған?²

 

 

Әбілсейіт МҰҚТАР, тарих ғылымдарының докторы.

 

Қазақ тарихындағы күрделі тұлғалардың бірі — Кіші жүз ханы Әбілқайыр. Бүгінге дейін оның қоғамдық-саяси қызметі, тарихи портреті сан мәрте талқыланып, сан қырынан зерттеліп, ой елегінен өткізілгенімен нақты бағасын ала алмай келеді.

 

Кеше ғана қазақты жоңғар жұтуға шақ қалғанда үш жүздің ығайы мен сығайын, хандары мен сұлтандарын, батырлары мен билерін мойындатып бас қолбасшы сай­ланып, жауын талқандап, кейін қашырған, еліміздің батысы мен солтүстігіндегі қалмақ пен казак орыстан, оңтүстігіндегі Бұхара, Хиуа, түркімен, қарақалпақтан еш тайсалмаған, көршілес башқұрт елінің хан тағына шақырылған жалғыз қазақ – Әбілқайыр тарихы осыншама неге 300 жылға жуық мерзім бойы пікірталас нысанына ұласып келеді?

 

XVІІІ ғасырдағы зерттеушілер П.И.Рычков, ХІХ ғасырдағы ғалымдар А.И.Левшин, Л.Мейер, В.Н.Витевский, А.И.Добросмыслов, ХХ ғасырдағы кеңестік тарихшылар А.Ф.Рязанов, М.П.Вяткин, Н.Г.Аполлова, П.Е.Матвиевский, Е.Бекмаханов, В.Я.Басин, А.Сабырханов, қазақстандық И.В.Ерофеева, К.Л.Есмағамбетов, Ж.Жақсығалиев, Ж.Қасымбаев, С.М.Мәшімбаев... Міне, осылай Әбілқайырды зерттеушілер тізімі жалғаса береді.

 

Қазақ тарихында бір тарихи тұлғаға осынша қалам тартқандар  болған емес. Соған қарамастан соңғы жылдары Әбілқайырмен тұстас, тағдырлас ағалы-інілі буындар — Төле, Қазыбек, Әйтеке билер, Бөкенбай, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Райымбек батырлар, Жәнібек тархан, Абылай хан аттары жиі-жиі аталып, тәуелсіз еліміздің тарихына қосқан үлестері айшықталып, ұрпаққа үлгі ретінде насихатталып жатқан тұста олардың қатарынан оның көрінбей, шетқақпай қалуы неліктен?

 

Қарама-қайшылыққа толы Әбілқайыр заманын біржақты бағалау сонау XVІІІ ғасырдың өзінде-ақ басталған. Оның негізін ресми орыс әкімшілігінің шенеунігі  И.И.Неплюев қалаған болатын. Оның пікірі барлық орыс зерттеушілері мен тарихшылары еңбектерінде еш талдаусыз-ақ пайдаланылып, Әбілқайырдың орыс отарлауына қарсылығы “оның бас хандыққа таласуы” және қазақтар арасындағы араздықты басты ұйымдастырушы ретінде қарастырылды. Мәселен, Әбілқайырмен замандас, 1734 жылдан Орынбор экспедициясында қызмет еткен П.И.Рычков өзінің “Топография Оренбургской губернии” еңбегінде қазақтарға жоңғарлар мен башқұрттардың қысымы күшейіп тұрған кездің өзінде-ақ  қазақ билеушілері арасындағы “ақылдысы, әрі тез шешім қабылдайтын адам – Әбілқайыр”, екендігі мойындалғанымен,  Ресейге қарсы түрлі әрекеттерге барып, халықты оған қарсы қоя білді және оның жоспарлары мен жауыздық әрекеттері “Орта жүз билеушілерін де ренжітті” деп түйінделген. Ал, Орынбор губернаторы И.И.Неплюев болса, ашықтан-ашық өзінің осы өлкедегі қазақтар бағытындағы саясатына қарсы шыққан Әбілқайырды 1742 жылы 27 қыркүйекте Ресейдің Сыртқы істер коллегиясына жолдаған хабарламасында “Әбілқайыр ханның адалдығына келер болсақ, бізде баласының (Қожахмет.– Ә.М.) аманатта болғанына қарамастан, оған еш сенуге болмайды, ол алдаушы және тәкаппар адам” деп жеткізсе, келесі бір құжатта қазақ ханын Ресейге “ұлы қастық ойластырушы” дейді. (Казахско-русские отношения в XVІ-XVІІІ веках. Сборник документов и материалов. А, 196. С. 254, 393).

 

Осыдан бастап Әбілқайыр қазақтарды Ресейге, оған бас июге бастаушы ғана емес, сонымен бірге орыс патшасының Кіші жүздегі отарлау саясатына қарулы жасақпен қарсы тұрушы, кей жағдайда Еділ бойына, Башқұрт еліне дейін барып орыс империясының бодандары қалмақ, казак орыстар мен  башқұрттарға шапқын­шылықтар жасаушы деген екіұшты пікірлер зерттеулерге енеді. Сонымен бірге орыс әкімшілігі қазақтар арасына от жағып, біріне сый-сыяпатты үйіп-төгіп, екінші­леріне қырғи қабақ танытады. Мұндай жымысқы саясат орыс әкімшілігі өкілдерінің  Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Барақ сияқты билеушілер жөнінде жазған хаттарынан айқын көрінеді. 1748 жылғы тамыздағы Әбілқайыр өліміне дейін И.И.Неплюев оған қарсы Барақты, ол арқылы Батыр сұлтандарды шебер пайдаланды. Губернатордың: “Әбілқайыр, Барақ тектері Кіші, Орта жүздер халықтарын тепе-теңдікте ұстау үшін ғана емес, сонымен бірге “жабайы” халықтарды жуасыту үшін де аса қажет”, деген ойлары іс жүзіне асырылып, өз нәтижелерін беріп жатты. Осы сарындас хаттардағы пікірлер бүгінге дейін сан ұрпақтың санасына сіңіріліп келеді. Ондағы тұжырымдарды өзге деректермен жоққа шығару – қиынның-қиыны. Ал, енді қазақ хандары, сұлтандары, батыр-билері жазды делінген, астына мөрлері соғылған келесі бір хаттардың тобын талдасақ, оларда қазақтардың Ресей патшасынан “көмек”, “ақыл-кеңес” сұрап өтініш білдіргені мөлдірете көрсетіледі. Үнемі “аса мәртебелі” деп орыс кеңсесі талабымен жазылған хаттардың басым бөлігін дайындаған татар молдалары мен оны  аударған орыс тілмәштары екенін көпшілік оқырман  біле білмейді. Бірақ бізге жеткен мұндай хаттардың мәтіндері  сол кезде-ақ орыс әкімшілігі ыңғайына орай өзгертілгені құпия емес. Мәселен, Әбілқайырдың 1746 жылы Орынбордан келген аудармашы А.Бекметевті тұтқынға алып, өз әрекетін “ішкі құпияны хабарламас үшін” деп түсіндіргені тілмәштардың барлық мәліметін қатаң сыни көзқарастан өткізуге жетелейді. Екінші бір мысал – Сырым батырдың 1792 жылғы 25 мамырдағы А.А.Пеутлингке жазған хаты. Оны оқып,  танысқан генерал-губернатор “ешқандай түсініксіз”, “дөрекі”, “Ресей басшыларына қалыптасқан құрмет жоқ”, “патшаға бағынбайтындар жазған”, “хатқа жауап бермей, кері қайтару қажет” деген шешімге келіп, хаттың түпнұсқасын Сырымның өзіне жіберген (ОрОММ 5 қ., 1т., 44 іс, 111-116 пп.). Мұнан шығатын түйін біреу-ақ: орыс мұрағаттарына қазақ халқының мүддесін білдіретін құжаттар жолатылмады.

 

Шындығын айтуға тиіспіз, кешегі кеңестік тарих ғылымы қазақ тарихын негізінен орыс деректеріне арқа сүйеп жазды. Деректердегі Ресейге қарсы әрекеттер, мәліметтер үнемі біржақты қарастырылып, отарлыққа қарсы күрестің түп тамыры хан-сұлтандардың әрекеттерінен, қазақтардың өзара күресінен, әлеуметтік-экономикалық артта қалушылығынан іздестірілді. Ұлт-азаттық күрестердің аясы әдейі тарылды. Осындай жағдайда Әбілқайырдың қоғамдық-саяси қызметі толық­қанды жазылуы да мүмкін емес еді. Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуі  Ресей мұрағаты деректерін қазақ шежірелері, фольклоры материалдарымен салыстыра пайдалануға жол ашты. Бұған қосымша қытай деректері мен шетел авторлары еңбектерінің қолға тиюі тарих ғылымын құнды мағлұматтармен байытты. Бұл жағдай Әбілқайыр хан туралы соны тұжырымдар жасауға негіз қалап отыр.

 

Біріншіден, Әбілқайыр хан өмірі мен қызметі — халқымыздың тарихының күрделі кезеңінде өрбіген құрамдас бір бөлігі. XVІІІ ғасырдың басындағы қазақ жағдайын Бөгенбай батыр Ақшаұлы 1748 жылдың 20 маусымында А.Тевкелевке толық анықтап береді. Оның суреттеуінше: біріншіден, жоңғар қалмақтарынан; екіншіден, Еділ қалмақтарынан; үшіншіден, башқұрттардан; төртіншіден, Сібір бағытындағы полковниктер Л.Парфениев, Ф.Матигоров басқаратын казак орыстар; бесіншіден, Жайық казак-орыстарының жойқын шабуылына тап болған (КРО. С.385). Ал Әбілқайырдың өзі “Жылдар бойы қонтайшымен соғысып келемін, оған әлім жетер емес... Оның үстіне Еділ қалмақтары, башқұрттар, Бұхара, Хиуамен соғыса бастадық. Төрт жағымыздан бірдей жау қоршауында қалдық”, дейді. (Красный архив. 1936. №5/78) С. 197). Мұндай жағдайды А.И.Левшин де өзіне: “Неге өзге жүздерге қарағанда Кіші жүз қазақтары мазасыз?” деген сұрақты қоя отырып, оның себебін мұндағы географиялық орналасудан іздейді. “Кіші жүздің батысы, солтүстігі, оңтүстігінде тұрақтаған казак орыстар, қалмақтар, башқұрттар, хиуалықтар олармен жаулықта, тек шығыста ғана бауырлары — орта жүз қазақтары тұрады”, деген қорытындыға келеді.

 

Г.Гельмгольт, Джорд Тоул, Уолф Шьербранд сияқты  шетелдік зерттеушілер Әбілқайыр мен Бөгенбайдың пікірлеріне тоқталып, ұлы далаға қарсы қалмақ, казак орыс, башқұрттардың әрекеттерінің агрессиялық саясаты жатқандығын айғақтайды (Есмағамбетов К.Л. Что писали о нас на Западе. А, 1992. С. 94-95).

 

Жоғарыдағы келтірілген деректерге назар аударсақ, сол тұстағы қазақтың басты жауы Ресей болғандығына көз жеткіземіз. Бүгінде қалмақтар, башқұрттар, казак орыстар Ресейдің көздеген жоспарын жүзеге асырушылар ғана, Жоңғарияны да қаруландырып, Қытаймен екі ортадағы плацдарм ретінде пайдаланған Ресей саясаткерлері болғаны жиі жазылып жүр. Олай болса, XVІІІ ғасырдың басындағы шиеленісті жағдайды Ресей қолдан жасады. Ерте ме, кеш пе қазақ тағдыры орыс патшасының қитұрқы жоспары арқылы шешілетін еді. Түркі тілдес бауырлар — ноғай, татар, башқұртқа кигізілген қамыт  қазақтарды да күтіп тұрды.

 

Оның хабаршысы Кіші жүз руларына жойқын әскери шабуылдар мен тонаушылық салдарынан солтүстік-батыстағы жайылымдардың тарылуымен байқалды. Оған қабаттаса жоңғар жасақтары қазақтарды шығыстан батысқа, оңтүстікке ығыстыра бастады. Оңтүстікте парсы шахына сенген Хиуа, Бұхара хандықтары қазақтардың тығырыққа тірелген жағдайын өз мүддесіне пайдаланып қалуға ұмтылады. Қазақ тағдырының сын сағаты соқты. Тарих лабиринтінен шығудың жолы іздестіріле бастады. 

 

Екінші тағылым,  қазақтардың орыс “бодандығын” ерікті түрде қабылдады деген тұжырымның орнығуына байланысты. Мұрағат құжаттарындағы “бодандық” туралы әңгіме басында башқұрт Алдарбай жүреді. 1730 жылғы орыс патшасына жазылған хаттар мен о

12
скачать работу


 Другие рефераты
Карибский кризис 1962 года. Мир на грани войны
Мировой рынок ссудных капиталов
Латвия. Сердце Балтии
Квазары


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ