Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Басқару, мектепішілік басқару және мектепшілік менеджмент

не нақты іске асуын танытады. Мектепішілік менеджменттің негізгі заңдылығы талдағыштық, мақсатқа сәйкестік, ізгілік, басқарудағы демократиялық және мектеп түрлі басқару қызметіне дейін болуы сияқты компоненттерді қамтиды. Осы заңдылықттардан мектеп директорының, менеджердің оқу жүйесін басқарудағы басшылыққа алатын негізгі қағида-лары туындайды. Сонымен негізгі қағидаларға мыналар жатады: педагогикалық жүйені демократизациялау және ізгілеу; орталықтандыру және орталықсыздандырудың парасатты үйлесімі; жеке билік пен алқалы биліктің бірлігі; педагогикалық жүйені басқару ақпараттарының объективтілігі және толықтылығы.

Педагогикалық жүйені басқаруды демократияландыру және ізгілендіру

Мектепшілік басқару ең алдымен басшылардың, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналардың бастамашылығы мен өздігінен жұмыс жасай алуын дамытуға бағытталады. Бұл жағдай тек қана шешім қабылдау мен талқылаудың бүкпесіз, ашық жүргізгенде ғана мүмкін. Мектеп басшы-ларын сайлау, педагогикалық кадрларды байқау және контракт негізінде қабылдаудың жүйесі — мектептегі демократияның бастауы. Сол сияқты мектепті басқарудағы жариялылық ақпараттың ашықтығы және түсініктілігіне негізделелді. Мектептің алдында тұрған міндетті, оның қиындығын жете сезінген әрбір мүғалім оған бей-жай қарамайды. Мектеп әкімшілігінің, мектеп кеңесінің тұрақты түрде есеп беріп отыруы оны талқылауға және шешім қабылдауға мұғалімдер мен оқушыларды қатыс-тыруы мектеп өмірінде демократияның орнығуына негіз қалайды.

Басқарудың жүйелілігі мен тұтастығы

Педагогикалық процесті басқару жүйесінің табиғатын түсіну, басқаруға қолайлы алғышарт жасайды. Мектептегі басқаруды жүйелілік ыңғайының бірінші белгісі — мектепті жүйе ретінде танып, оның негізгі белгілерінен құралатын осы жүйенің тұтастығын көре білу. Екінші белгі мектептің құрылымы болып табылады. Жүйенің құрылымы қалай болса мектептің байланыстары мен қатынастарының дамуы соған тікелей байланысты болмақ. Жүйенің үшінші компоненті оның өзіндік ерекшеліктері мен сипаттарынан туындайды. Дегенмен олардың өзара әрекеттесуі арқылы жүйенің жаңа сапасы қалыптасады. Компоненттердің тұрақты түрде өзара жақындауға ұмтылуы жүйенің тұтастығын айқындайды. Мектепті басқаруда жүйенің төртінші ерекшелігі — оның қоршаған ортамен тығыз және өзгеше байланыстылығын естен шығармаған жөн. Мектеп пен қоршаған ортаның әрекеттесуі екі формада көрінеді. Бірінші жағдайда мектеп өз әрекетін сыртқы ортаға бейімдесе, екінші жағдайда мектеп өз мақсаттарына жету үшін ортаны өзіне бағындырады.

Мектепті басқарудағы жүйелілік пен тұстастық мектептің басшысы мен ұжымының басқару қызмет-терінің өзара байланысы мен өзара әрекеттесуін де қарас-тырады. Бұл қағиданы іске асыруда біржақтылыққа жол бермеуге болмайды. Осы қағида арқылы басқару қызметі-нің бірізділігін, қисындылығын, өзара пайдалылығын, оның барлық қызметінің де бірдей маңыздылығын аңғарамыз.

Орталықтандыру мен орталықсыздандырудың парасатты үйлесуі

Мектеп және педагогика тарихы шамадан тыс орталықтандырудың әкімшілік басқаруды күшейтуге әкеліп соғатындындығына талай рет көз жеткізді. Басқаруды орталықтандыру төменгі буындағы жетек-шілердің, мұғалімдер мен оқушылардың бастамалығын шектеп, оларды өздерінің қатысуынсыз қабылдаған шешімдерді жай ғана орындаушыларға айналдырады. Біржақты орталықтандыру жағдайында басқару қызметінің қосарлануы, уақыт шығыны басшы мен орындаушы-лардың жұмыс бастылығы сөзсіз орындаушылардың жұмыс бастылығы орын алады.

Соған сәйкес орталықсыздандыруға шамадан тыс мән беру педагогикалық жүйе қызметінің тиімділігін төмендетеді. Орталықтандыруды орталықсыздандыруға пайдасына жығып беру тұтастай басқару мен әкімшіліктің рөлін төмендетіп, басқарудың талдамалық және қадағалаушылық қызметін жояды. Мектеп тәжірибесі көрсетіп отырғандай демократиялық ойындар және орталықсыздандыруға әсуестенушілік ұжымының қызметі мен өміріне елеулі нұқсан келтіріп, педагогикалық ұжымда түсініспеушілік пен жанжалға негіз болып, әкімшілік пен қоғамдық басқару орындарының бір-біріне қарсы тұруына жол берді.

Сондықтан да мектепшілік басқаруды қамтамасыз етуде орталықтандыру мен орталықсыздандыруды үйлестіру әкімшілік және қоғамдық органдар басшыларына бүкіл мектеп ұйымының мүддесін ескеріп, кәсіптік деңгейде шешім қабылдауға мүмкіндік беріп, педагогика-лық жүйенің барлық құрылымдық бөлімдердің қызметін жоғары деңгейге көтеруге жағдай туғызады.

Жеке билік пен басқарудың біртұтастығы

Бұл қағиданы іске асыру педагогикалық жүйені басқаруда субъективтілікке, билеп-төстеушілікке жол бермеуге бағытталады. Басқару қызметінде әріптестердің тәжірибесі мен біліміне сүйеніп, оларды талдамалар жасау мен шешім қабылдауға қатыстыру, әр түрлі көзқарас-тарды салыстыра отырып оңтайлы шешім қабылдаудың маңызы зор. Оның үстіне алқалық шешім ұжымның әрбір мүшесінің тапсырылған міндетке жеке жауапкершілігін жоққа шығармайды.

Басқарудағы жеке билік тәртіпті қамтамасыз етіп, педагогикалық процеске қатысушылардың өкілеттілігін айыптауды және оны қатаң сақтауды қамтамасыз етеді. Егер алқалы билік қабылданған шешімді іске асыру кезеңінде белгілі бір шешім қабылдаса, бұл өте маңызды.

Педагогикалық жүйе басшысының жеке билігін билеп төстеуді, беделді алға салу емес, ол терең педагогика-лық бітім мен тұлғаның және әлеуметтік психологияны жете меңгеру, оқушы, мұғалім, ата-ананың дербес-психологиялық ерекшеліктерін жіті есепке алуға негіз-деледі. Басқарудағы жеке мен алқалы билік біртұтастығы-ның көрінісі. Жеке билік шешімді орындауда жеделдігімен ерекшеленсе, алқалы билік біршама »бәсеңдігімен» ерекшеленеді. Сондықтан да тактикалық әрекеттерді айқындағанда жеке билікке, ал стратегияны талдап жасағанда алқалы билікке арқа сүйенген дұрыс болмақ.

Бұл принцип оқу-тәрбие процесін басқаруда қоғам-дық негізде жұмыс істейтін түрлі комиссиялар мен кеңестердің қызметінен көрініс табады. Әсіресе ұжымдық ізденіс пен қабылданған шешімге жеке жауапкершілік қажет болатын съезд, слет, конференциялардың жұмысы осы қағиданы қатаң басшылыққа алады. Білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық сипаты орталықта және жергілікті жерлерде бұл қағиданың күнделікті практикада орнығуына қолайлы жағдай туғызады.

Педагогикалық жүйені басқарудағы ақпараттардың объективтілігі және толықтылығы

Педагогикалық жүйені басқару тиімділігі едәуір дәрежеде қажетті және толық ақпараттың болуына байланысты. Ақпараттың объективтілігі және толықтығы ақпараты талдау және өңдеудегі асығыстыққа, дерексіз-дікке қарсы қойылады. Әлеуметтік педагогикалық әдебиетте ақпарат педагог пен тәрбиеленушінің арасындағы байланыс құралы ретінде, кейде жүйе мен қоршаған орта туралы мағлұматтар жиынтығы ретінде қарастырылады.

Басқаруда ақпаратты пайдаланудың қиындығы оның тым көптігінен немесе тым аздығынан туындайды. Мектепішілік басқаруда ақпаратты біржақты қарастыруға болмайды. Ақпараттың аздығы да, көптігі де шешім қабылдауға, оны іске асыруды реттеуге кедергі жасайды. Әдетте педагогикалық жүйедегі ақпараттың жетістіктері тәрбиелік қызмет саласынан байқалады. Ал оқу тәрбие процесінде тұлға дамудың бағыттары, оның оқу және оқудан тыс әрекеті, мінезі мен даму ерекшеліктері туралы да ақпараттар жетіспей жатады.

Мектепішілік ақпаратпен айналысқан адам оны жинау, өңдеу сақтау және қолданудың әдістерін жете білуі тиіс. Мектеп басшысы, менеджер өз қызметіне бақылау, анкета жүргізу, тестілеу, нұсқаулық және әдістемелік материалдармен жұмыс жасау жиі қолданылады. Техника-лық құралдарды және компьютерлендірудің нәтижесінде материал жинау, оны өңдеудің мерзімі едәуір қысқарды. Қазіргі мектеп басшысының міндеті — мектепішілік ақпараттық басқару технологиясын жасап, енгізу. Ол технологиияны басшымен бірге мұғалімдер де пайдалана алуы тиіс.

Педагогикалық жұйені басқаруда кез келген ақпарат маңызды, әсіресе жүйенің оңтайлы жұмыс жүргізу үшін қажетті басқару ақпаратының маңызы ерекше. Түрлі белігілеріне қарап басқару ақпаратын былай топтастыруға болады: уақыты бойынша — күнделікті, айлық, тоқсандық, жылдық; басқару қызметіне қарай — талдамалық, баға беруші, конструктивті, ұйымдық; жиналған мәлімет көзіне қарай — мектепішілік, ведомстволық, ведомстводан тыс; мақсатты пайдалануы бойынша — директивалық, таныстырушылық, кепілдемелік және т.б.

Ақпараттық банк қалыптастыру, оны шұғыл қолдану технологиясын енгізуде, еңбекті басқару ғылыми ұйымдастырудың деңгейін арттырады.

Қолданылған әдебиеттер

Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. -Алматы, Қазақ университеті, 1989.

Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.

Айтмамбетова Б., Бозжанова К., т. б. Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. -Алматы, 1985.

Айтмамбетова, Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы әдістері. -А., 1991.

Айғабылова Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары. -А., өнер. 1972.

Ахметов Ж. Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу жолдары. //Қазақстан мұғалімі, 18 ақпан,1994.

Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру.   /Методикалық нұсқау. А., 1990.

Ақназарова Б. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1973.

Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. -А., 1992.

Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.

Әбдіразақов Е. Адамгершілік, имандылық тәрбиесі. -Шымкент 1994.

Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру. -Алматы, 1988.

Әбиев Ж. Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері. -Алматы, 1997.

Әбиев Ж. Оқушыларға атеистік тәрбие беру. Алматы, //Қазақстан мектебі, 1959. ғ3.

Әбілова З. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. -А., 1972.

12
скачать работу

Басқару, мектепішілік басқару және мектепшілік менеджмент

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ