Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Басқару, мектепішілік басқару және мектепшілік менеджмент



 Другие рефераты
Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы Білім беру мекемесі басшыларының функциялық міндеттері Менеджменттің мәні мен мазмұны Менеджмент(кітап)

Педагогика ғылым мен тәжірибеде тұтас педагогикалық процесті басқару ғылыми тұрғыдан қарастырып, оған қатаң ғылыми негізделген сипат беруге деген ұмтылыс күшейе түсуде. Шындығында басқару тек техникалық және өндірістік процестерге ғана емес, сонымен бірге педагогика сияқты күрделі әлеуметтік жүйе үшін де қажет.

Жалпы басқару дегенді — шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытын-дысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйенің бірі ауыл, аудан, облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім беру жүйесі деп білеміз. Бұл жерде білім жүйесі ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері, аудандық білім бөлімдерін атаймыз. Ал орта мектеп күрделі қозғалыстағы әлеуметтік жүйе ретіндегі мектеп-ішілік басқарудың нысаны болады. Біз мектепті басқару немесе оның компоненттері туралы айтқанда олардың жалпы жүйе — орта мектепті басқарудың бөліктері ретінде қарастырамыз. Ол бөліктерге тұтас педагогикалық, сынып сабақ жүйесі, мектеп тәрбие жұмысының жүйесі, оқушыларға эстетикалық тәрбие, кәсіптік бағдар беру жүйесі және т.б.

 

Мектепішілік басқару дегеніміз біртұтас педагогика-лық процеске қатыстылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі. Біртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеті мынадай бірізді, өзара байланысты әрекеттер мен қызметтердің тізбегінен тұрады, олар: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету.

Мектепішілік басқарудың дәстүрлі ұғымдарын жаңа ұғымдар алмастыруда. Мысалы, »ықпал ету» ұғымының орнына »өзара әрекеттесу», »ынтымақтасу», »рефлексивті басқару» ұғымдары қолданылуда.

Сол сияқты мектепті басқару теориясы мектепішілік менеджмент теориясымен толығуда. Менеджмент теория-сы басшы қызметінің өзара құрметке, қарамағындағы қызметкерлерге сенім білдіруді, олардың табысты еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленеді. Менеджменттің осы қыры мектепшілік басқару теориясын одан ары байыта түскен.

 

Мемлекеттік басқарудың негізгі белгілері

Қазіргі заманың білім жүйесінің басты ерекшелік-терінің бірі — мемлекеттік басқарудан мемлекеттік-қоғамдық басқаруға өту. Білім беруді мемлекеттік-қоғамдық басқарудың негізгі идеясы

-          білім проблема-ларын шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш-қуатын біріктіру, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналарға оқу процесінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру әдістерін және білім беру мекемелерін таңдауға барынша кең құқық пен еркіндік беру.

Білім беру жүйесінің мемлекеттік сипаты елде »Білім туралы» заң негізінде бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізілуімен ерекшеленеді. Заң аясында Қазақстан Республикасының білім саласына басымдық берілген, яғни еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси, халықаралық салаларындағы жетістіктері білім саласындағы жетістік-терімен байланыстырылады. Білім саласының басымды-лығы білім жүйесінің материалдық, қаржылық мәселелерін бірінші кезекте шешуді талап етеді.

Сонымен бірге білім беруді басқарудың мемлекеттік сипаты »Білім туралы» заңда белгіленген мемлекеттік саясат принциптерін мынадай бағыттарымен де айқындайды:

-          білім берудің гуманистік сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығын, жеке тұлға бостандығының басымдылығы. Азаматтық пен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

-республикадағы мәдени және білім беру кеңістігінің біртұтастығы, аз ұлттардың білім беру жүйесінің қорғалуы;

-          білімнің жалпыға бірдейлігі, білім беру жүйесінің дайындығы, даму деңгейі мен ерекшеліктеріне бейімдел-гіштігі;

-          білім жүйесінің еркіндігі мен көптүрлілігі;

-          білім беруді басқарудың демократиялық, мемлекеттік қоғамдық сипаты. Білім беру мекемелерінің дербестігі.

Білім беруді басқарудың жергілікті органдары мемлекеттік саясатын мемлекеттік білім стандартарын сақтау арқылы іске асырады. Білім стандарты оқу бағдар-ламасының міндеті минимумы мен оқушылар жүктеме-сінің максимум көлемін және бітірушілерге қойылатын талап деңгейін қамтиды. Білім беруді басқару органдары-ның міндеті білім алуды формальді түрде қамтамасыз етумен шектелмейді, ол сонымен бірге жеке тұлғаның өзін-өзі айқындалуына қолайлы жағдай туғызады.

Білім беру саласында мемлекеттік саясатты дәйекті іске асыру үшін білім беруді басқарудың мемлекеттік органдары құрылады. Олар республикалық, облыстық, қалалық және аудандық басқару мекемелері.

Мемлекеттік басқару органдары — білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері өздерінің компетенциясы шеңберінде білім берудің мақсат бағдарламаларын жасайды және іске асырады; мемлекеттік білім стандарттарын жасап, білім туралы құжаттардың баламаларын (постификация) айқындайды; білім мекеме-лерін қаржыландырады және т.б. көптеген мәселелерді шешеді.

Қазіргі жағдайда білім беруді басқару жұйесін орталықсыздандыру (дезентрализация) процесі жүреді. Оның мәні жоғарғы басқару органдарының бірқатар функциясын жергілікті органдарға беру. Бұл жерде респуб-ликалық органдар стратегиялық бағыттарды талдап жасаумен айналысса, жергілікті органдар нақты қаржылық, кад-рлық, материалдық және ұйымдастырушылық мәселе-лермен айналысуы тиіс.

 Қоғамдық басқарудың негізгі белгілері

Мемлекеттік басқару органдарымен қатар қоғамдық басқару органдары да құрылады. Оның құрамына мұғалімдер мен оқушылар ұжымы, ата-аналар мен жұрт-шылық өкілдері енеді. Олардың басқаруға қатысатындары мектеп ұжымында ғылыми ізденіс атмосферасын және қолайлы психологиялық климат қалыптастыруға алғы- шарт қалайды. Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының нақты көрінісі — мектеп кеңесі сияқты ұжымдық басқару органдарының қызметінен танылады. Кеңес жұмысының мазмұны мен қызметі мемлекеттік нормативтік құжаттарымен айқындалады.

Мектептің ең жоғарғы басқару органы жылда бір рет өткізілетін конференция болып есептеледі. Оның өкілеттігі өте кең; жалпы мектептік конференция мектеп кеңесін, оның төрағасын сайлайды, олардың қызметінің мерзімін белгілейді. Әрбір оқу орны конференцияда оқу орнының жарғысын қабылдап, нақты жағдайға қарай оқу орнының дамуын, оның міндеттері мен мақсаттарын белгілейді. Сондықтан да бір мектептің Жарғысы екінші мектептікінен өзгеше болуы мүмкін. Мектеп кеңесі алқалы орган болғандықтан дамудың негізгі бағыттарын, оқу-тәрбие процесінің сапасын көтеру шараларын белгілейді. Сонымен бірге мектеп кеңесі оқу орнының жұмыс бағыттары бойынша тұрақты комиссия, штаб құрып, олардың құқықтары мен міндеттерін өкілеттік шегін белгілейді. Ал, конференцияға шешуші дауыспен орталау және жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, оқу орнының басқа да қызметкерлері, ата-аналар, жұртшылық өкілдері сайланады. Конференциялар аралығында жоғары басты органның рөлі мектеп кеңесіне беріледі. Мектеп кеңесінің қызметі мынадай негізгі бағыт-тарда іске асады:

конференция шешімдерін іске асыруды ұйымдастырады;

мемлекеттік және қоғамдық органдар оқушылардың мүддесіне қатысты мәселе қарастырғанда ата-аналармен бірге оқушылардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;

бірінші сыныпқа оқушылар қабылданғанда олардың жасын, оқу түрін белгілейді.

бюджет шығындардың есебін талқылайды, оқу орнының жеке қорын қалыптастырады, оқу орнының бюджеттік және бюджеттен тыс қаржысын жұмсауының негізгі бағыттарын айқындайды;

Мектеп директорының, оның орынбасарларының, жекелеген мұғалімдердің есептерін тыңдайды;

Мектеп әкімшілігі және жұртшылық өкілдерімен бірігіп ата-аналарға педагогикалық білім беруге жағдай туғызады.

Жұртшылық немесе ата-аналар өкілдерінің бірі бас-қаратын мектеп кеңесі мектеп әкімшілігі және қоғамдық ұйымдармен тығыз бірлікте жұмыс жүргізеді. Кеңестің шешімі ата-аналарға хабарланады. Әрине, кеңес шешімі оған қатысқандардың үштен екісі қоштап дауыс бергенде заңдық күші бар деп есептеледі.

Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының арта түсуі білім жүйесін мемлекетсіздендіру және білім мекеме-лерін диверсификациялаудан көрінеді.

Мемлекетсіздендірудің мәні мемлекеттік білім беру жүйесімен бірге мемлекеттік емес білім мекемелерінің де құрылуын аңғартады. Олар мемлекеттік ақпарат құралына енбейді, мұғалімдер мен тәрбиешілер, оқушылар мен ата-аналар өздерінің жеке мүдделері, аймақтық, ұлттық, кәсіптік, діни бірлестіктің, топтың мүддесіне жұмыс жасайды. Ал диверсификация (латын тілінен алғанда -көптүрлілік, дамудың жан-жақтылығы) бір мезгілде білім беру мекемелерінің бірнеше типінің қатар дамуы. Мысалы, гимназия, лицей, колледж, жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын, мемлекеттік емес білім беру мекемесінің бірқатар ерекшеліктері болады. Ондай мекемені басқару тікелей оның құрылтайшысы немесе сол құрылтайшы тағайындаған қамқоршылар кеңесі іске асырады. Мемлекеттік емес білім мекемелерінің қамқоршылар кеңесінің өкілеттілігі, басқару құрылымы, мекеменің басшысын сайлау, тағайындау тәртібін айқындайтын өз жарғысы болады.

Педагогикалық жүйені басқарудың жалпы қағидалары

Кез келген әрекет, соның ішінде басқару әрекеті де ұйымдастырушы мен басшылық жасаудың барлық функцияларын іске асыруда басшылыққа алатын бірқатар қағидаларды сақтауға негізделеді. Ол қағидалар мақсат қою және жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау және т. б. топтастырылады. Ал басқару қағидалары басқару заңдылығының бейнелену жә

12
скачать работу


 Другие рефераты
Мышление и искусственный интеллект
Главные историко-культурные центры мира
Основания и последствия признания брака недействительным
Экономика СССР после Второй мировой войны


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ