Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар

 

Қорытынды.

Сонымен қорытындылай келгенде, басқару тәртiбi мемлекеттiк ұйымдастыру, мекемелердiң, кәсiпорындардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басқару саласындағы дұрыс қызметiн қамтамасыз ететiн қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.

Басқару тәртібiне қарсы қылмыстар мен мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстардың топтық объектiсi сырттай қарағанда бiр-бiріне ұқсас сияқты болғанымен, бұл қылмыстар топтың объектiсi, субъектiсi арқылы бiр-бiрiнен ажыратылады.

Басқару тәртiбiне қарсы қылмыстардың топтық объектiсi мемлекеттiк немесе мемлекеттiк емес органдардың тек қана басқару саласындағы дұрыс, бiрқалыпты қызметi, ал мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстардың топтық объектiсi мемлекеттiк аппараттың тұтастай дұрыс, әрi бiрқалыпты қызметi болып табылады.

 Басқару тәртiбiне қарсы кылмыстардың субъектiсi жай адамдар, лауазымды адамдар болуы мүмкiн, ал мемлекеттік қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстардың субъектiсi мемлекеттiк аппараттың лауазымды адамы немесе мемлекеттiк қызметшiлер болады. Мiне осы көрсетiлген белгiлер арқылы көрсетiлген қылмыстар тобы бiр-бiрiнен оқшауланып бөлiнедi.

Нарық қатынастары табалдырықтан аттап меншік түрі өзгеріске ұшырасысымен заман талабына сай заңдарымыз да жаңара бастады. Қылмысқа қарсы күрес жүргізетін құқық қорғау органдарының санына жаңа құрылымдар қосылды. Қанша жерден ұрпақ ауысып уақыт озды дегенімізбен қоғам мен мемлекет мүддесіне қарсы жасалатын қылмыстардың сырт пішіні өзгеріп, қулық, құйыртқысы күрделенгенімен оның іші мен мазмұны сол қүйінде қалып қойды. Осы қылмыстар бір-бірімен тамырланып жатқан осынау қылмыстық топтардың ортасынан атақ, мансаптары дардай облыс әкімдері мен бір-бір министрлердің төбе көрсетіп қамды сыбайласып жемқорлық жасаудың бірінші күні қаншалықты өрісін кеңейтіп, бел алып отырғандығын әйгілесе керек.

Мамандардың пікіріне құлақ түрсек, мемлекеттік органдар заң бұзушылық пен жасалатын қылмыстың өзі сан түрлі.

Осы тақырыпты қарастыру барысында менің мынадай ұсыныстарым бар:

              1. Қылмыстық заңның 317-бабына сәйкес ҚР Мемлекеттік туына, Мемлкеттік елтаңбасына және мелекеттік гимнін қорлау. Бұл баптағы жазаларды көтермелеуді ұсынғым келеді. Себебі: мемлекеттік рәміздер тәуелсіздігіміздің нышаны. Әрине, біз тәуелсіздігімізді қорғаймыз, яғни, басқа біреуге тәуелсіздік нышандарына қол сұғуына жол бермеуіміз керек.  

          2. Жалпы ҚР ҚК-тің 14-тарауындағы басқару тәртібіне қарсы қылмыстардағы жазаны күшейту керек. Себебі: азаматтар мен мемлекет мүддесін қорғау, ҚР-ның Мемлекеттік рәміздеріне қарсы қылмыстар, басқару тәртібін қамтамасыз ететін жекелеген ережелерге қол сұғатын қылмыстардың  мән-жайлары мен түрлерін және де топталуын, сонымен қатар құрамын толығымен ашуға негізделген.

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстарға қатысты ойды қорытындылай келгенде, алдыма койған мақсатқа жетіп, осы қылмыстарға байланысты мән-жайлардың бәрін ашып көрсеттім деп ойлаймын.

 

                   

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

І. Нормативтік құқықтық актілер.

 1.1. Қазақстан Респбуликасының Қонститутциясы, 30 тамыз 1995ж.

 1.2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, 16 шілде 1997ж.

ІІ. Негізгі әдебиеттер

2.1. А.Н. Ағыбаев. Қылмыстык құқық ерекше  бөлімі, Алматы, «Жеті жарғы» 2000 ж.

2.2. Е.С.Алауханов. ҚР Қылмыстық құқығы Алматы 2001ж

2.3. Е.Қайыржанов. ҚР Қылмыстық құқығы, Алматы, 1998ж.

ІІІ. Қосымша әдебиеттер   

3.1. Заң және заман журналы, 2003 ж. қыркүйек-қазан.

3.2. Заңгер,  11 қараша 2003ж.

             3.3.  Ю.И.Бытко.Преступления против порядка управления. Саратов,

            1999г.

3.4. В.А.Владимиров.Ляпунов Ю.И. Преступления против порядка управления. Москва, 1969г.

3.5.Г.Ф.Поленов. Ответственность за похищение, подделку документов и их использование. Москва, 1980г.

3.6. В.В.Сташис,М.И.Бажанов.Преступления против порядка управления. Харьков, 1971г.

3.7. Г.Ф.Поленов. Ответственностьза преступления против порядка. Москва. ЮЛ. 1966г.

3.8. И.Ш.Борчашвили, М.М.Оразалиев. ҚР Қылмыстық құқығы. Ерекше бөлімі: оқулық. Қарағанды. ҚарЗИ. 2003ж.

3.9. И.Ш.Борчашвили, М.М.Оразалиев. ҚР Қылмыстық кодексінің және ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің өзгерістері мен толықтыруларына. Түсіндірме. Қарағанды. ҚарЗИ. 2003ж.

3.10. А.В.Наумов. ҚР Қылмыстық құқығы, Алматы, 2001ж.

12345
скачать работу

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ