Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС- ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ



 Другие рефераты
Сынып жетекшісінің қызметі мен лауазымдық міндеттері ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ Жеке тұлға психологиясы және оған әсер ететін факторлар Әлеуметтік мәдени сервистегі психолгияның мәні

Мектептің тірегі де, жүрегі де, білімнің тұтқасы да – мұғалім. Бала тағдыры қолына сеніп тапсырылып отырған басты тұлға да ұстаз екені де баршаға белгілі.

К.Д. Ушинский пікірін П.Ф. Каптерев одан өрі дамыта отырып, педагогикалық үрдіс оқушы мен мұғалімнің бірлескен әрекеті: бір жағынан, бұл — мұғалімнің бағыттаушы, ал екінші жағынан — оқушының өзіндік ішкі әрекеті. Ол оқушының белсенді білім игеруі мен қызығушылығына, талпынысына ерекше мән берді.  Каптерев оқушының білімді игерудегі ішкі процестерін зерттеуді бірінші орынға қойды. Ең маңыздысы, бұл процестерге жағымды жағдайлар жасау дейді.

Қазақ мектептерінде дидактикалық міндеттерді шешуде Ы.Алтынсарин үлкен үлес қосты. Алтынсариннің мұғалім міндеттері туралы, қалай оқыту керек, қалай оқу керек деген талаптары біздің зерттеулерімізде маңызы болды. Ы.Алтынсарин бойынша оқытудың жеке әдіс — тәсілдеріне:

а) оқыту әдісі — бұл баланың білімге құштарлығын оятатын, кейіннен өз бетінше білім көтеруіне бастайтын жол;

ә) сабақта баланың ой-әрекетін жаттықтыру. «Маңыздысы, оқушының өз бетінше ойлана білуі.».

Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – бастауыш мектеп. Ал бастауыш буынның негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін дамыту, адамзаттың асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру.

Кейбір зерттеулерде оқушының танымдық белсенділігі – бұл интеллектуалды және кәсіптік дайындыққа бағытталған үздіксіз оқу үрдісі, оқу тиімділігі мен оқытудың ғылымилығы деңгейін оптималдандыру ретінде түсіндіреді.

Баланың шығармашылық іс-әрекеттерін, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарын тәрбиелеу ана тілі арқылы жүзеге асады. Осы пәннің маңызы туралы Ж.Аймауытов былай дейді: «Оқытатын пәндердің бәріне бірдей керекті, бәрін қаусырып, орап алатын пән -  ана тілі екені даусыз. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілін үйрену – сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен қатар, бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін ойлау жүйесін, ой пәлсафасын да меңгереді». Ал ана тілін оқыту арқылы шығармашылық іс — әрекетті қалыптастыру дегеніміз- өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Осыған орай В.В.Давыдов: «Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттіліктерді оқу әрекетіндекөрінеді, даму өнімі- оқуға құштарлық, ынталылық» — дейді. Ал шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз оқушыға оның бойында көрінбей тұрған мүмкіншіліктерін ашып көрсету. Осы міндеттерді орындауға мұғалімге бірден-бір керегі – дұрыс, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап пайдалану. Мен өз тәжірибемде жаңа технологияларды қолдану арқылы біраз нәтижеге жеттім. Бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушының өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді, түрлі іс-әрекетке бағыттайды.

Оқушылардың танымдық  ізденімпаздығы  қалыптастыруға  бағытталған шақтар түрлері төртке бөлінеді: «танымдық, коммуникативтік, шығармашылық ,  әдіснамалық».

Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы арттыруда шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін өткізудің маңызы зор.

Мұндай түрдегі сабақтардағы түрлі оқу жұмыстары оқушының шындық белсенділігін арттырып, оқу мен ойлау әрекетінің тиімді амал-тәсілдерін, яғни материалының негізгі ұғымдары мен тұжырымдарын айыру, жаңа материалды өткен материалмен салыстыру оларды белгілі жүйеге  топтастырады және қортындылау жасау сияқты амалдарды дайындауға үйренеді.

Шығармашылық      сабақтардың     жоспарын      жасауда      оқушының шығармашылық  әрекетінің  бағдарына  сәйкестендіріп,   олардың  қабілетері, ескерілуі тиіс. Оқушылардың шығармашылық әрекетін тудыратын сабақтарды өткізу жоспары мен кезеңдерін қарастырамыз.

Шығармашылық сипаттағы сабақтардың жоспарын жасау үшін
тақырыбы, мақсаты, әрекет түрі және нәтижелері бір-біріне жуық
байланысты    сабақтарды    топтастырып, таңдап  алуға болады.    Жалпы бағдарламада   көрсетілген   пәндік   сабақтардың   әр   тарауында   жететін жетістіктері негізінде оқушылар білім алуда нәтижеге жетеді.

Оқушылардың шығармашылық әлеуетін көтеруді мұғалім алдына
мақсат етіп қояды. Мұғалім оқушы күйіне кіріп, олардың тақырыпқа қатынас әрекетін ойлайды, өтілетін сабақтың проблемасына қажет жағдайда жоспарланған сабақ мазмұны мен оқыту әдістеріне түзетулер енгізеді.

Сабақ тақырыбы бойынша мұғалім оқулықтар, кітаптар, әдістемелік кітаптар, басқа да материалдармен танысады. Мұғалім өзіне, оқушыларға мықты болатын мәселелерді іздестіреді. Осы мәселелер жөнінде көптеген материалдарды қарастырып, мамандардың пікірлерін ескере отырып, табу қажет.

Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:

  1. Балаларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну;
  2. Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыларға тапсыру;
  3. Ертегіні ұжым болып тыңдау;
  4. Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру;
  5. Қиялдау арқылы сурет салғазу, ролмен ойнату;
  6. Арнайы тақырыпта пікірталас тудыру.

Сыныбымдағы әр оқушының пән бойынша ізденімпаздық деңгейлері анықтаймын. Сонымен қатар  пәнге қабілеттілігі, қызығушылығы анықталады. Шығармашылық әр оқушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін, танымдық іс-әрекеттері мен дағдыларының дәрежесін көрсетіп береді.

Шығармашылық жұмыстарды тәжірибемде мынадай тәртіппен орындаймын: мақсаты жұмыс барысы, алынған нәтижелері бойынша өзіндік ұстауы, сондай-ақ оқушылардың пікірлері енгізіледі, таңдаулы жұмыстардың авторларына қорғау қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі жүргіземін, жұмыс мектеп көрмесіне қойылады немесе шығармашылық жұмыс жинақта жарияланады т.б.

Оқушылар өздері таңдаған шығармашылық жұмыстарды ықыласпен тындайды. Кейбір оқушылар жыл бойына әр түрлі пәннен 10-15 шғармашылық жұмыс орындағанын тәжірибемде кездесті.

Шығармашылық жұмысты мына жоспар бойынша көркемдеймін:

  1. Тақырып, оқушының және жетекшінің аты — жөні, сыныбы, мектебі, жылы.
  2. Тақырыптың өзектілігі.
  3. Негізгі идеясы, мақсаты.
  4. Жұмыс мазмұны, жоспары.
  5. Жұмыс орындауда туындалған проблемалар, қиындықтар және оның шешілуі.
  6. Жұмыс қорытындысы және оның практикалық мәні.
  7. Жұмысқа өзіндік талдау, өзіндік баға беруі.

Шығармашылық ай қорытындысы бойынша ғылыми жұмысқа қабілетті оқушылар іріктеліп, белгілі бір тақырып бойынша ғылыми жұмыстар беріледі.

Баланың шығармашылық әрекетін ұйымдастыру барысында бала өзінің бұған дейінгі білетін амал-тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.

4-ші сынып оқушыларының танымдық қажетсінуін анықтау
мақсатында төменгідей тест пайдаландым:

Оқушылардың танымдық қажетсінуін анықтау. Тест № 1

5- иә

4 — көбінесе

3- кейде, сирек

2 — білмеймін

1 — жоқ, сәйкес келмейді.

  1. Мен білуге тырысамын.
  2. Мен өз мүмкіндігіме, қабілетіме сенемін.
  3. Жұмысым көп болмаса да, өзімді дамытуға көп уақыт арнаймын.
  4. Өз пікірімді, көзқарасымды жеткізуге тырысамын,.
  5. Танымдық сұрақтар туындағанда кеңінен отырып пікірлесемін.
    1. Сабақта кездесетін кейбір кедергілер менің белсенділігімді реттейді.
    2. Проблемалық жағдаяттар танымдық ізденімпаздығымды арттырады.
    3. Өзімнің және жолдасымның әрекетін салыстырамын.
    4. Ақыл-ой еңбегімен ұзақ уақыт айналыса аламын.

10. Кері байланысты іздеймін, бұл өзімді білу мен бағалауға көмектеседі.

11. Өз білімімді, тәжірибелерді өмірде іске асырамын деп ойлаймын.

12. Өзімнің қызығушылығыма байланысты достар іздеймін.

13. Мен мамандық таңдауға өз білімімнің дәрежесін ескеремін.

14. Мен танымдық ой-өрісімді дамытып отырамын және жақсы нәтижелерге
жетемін.

15. Жауапкершіліктен қорықпаймын.

Оқушылар өздерінің жалпы ұпай санын есептеп шығарады.

Егер сізде 45 ұпайдан жоғары болса, онда сіз қажеттіліктеріңізді белсенді орындайсыз; 36-44 ұпай өзіңізді дамытуға құлшынбайсыз, танымдық ізденімпаздықты қалыптастыру жолға қойылмаған; 14-35 ұпай — өзіңізді мүлдем дамытпайсыз, оқуға жауапкершілікпен, саналылықпен қараңыз. Өзіңіздің жеке тұлғаңыздың
дамуына көп көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Жоғарыда көрсетілген 15 критерий
бойынша әрекет етуге тырысыңыз.

Тест нәтижесінен оқушылардың 20%-і 45 ұпайдан жоғары, 48 %-і 36-44
ұпай жинаса, 32%-і 14-35 ұпай жиналды.

Танымдық қажетсіну ізденімпаздыққа апаратын жол екендігін, оқушы
шығармашылық әрекетке қажетсінбейінше сапалы білім алу мүмкін еместігі
белгілі болғандықтан, оқушылардың өзінің интеллектуалдық, жеке дамуына
кедергі келетін факторларды анықтау мақсатында төмендегідей тест
пайдаландым:
Тест №2

Төмендегі фактор

12
скачать работу


 Другие рефераты
Интелегенция и революция
Қазақстанның оқу-ағарту және денсаулық сақтау жүйесі
Грядущий миропорядок
Отравляющие вещества


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ