Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жеке тұлға психологиясы және оған әсер ететін факторлар



 Другие рефераты
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС- ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ Әлеуметтік мәдени сервистегі психолгияның мәні Білім берудің мазмұнын жаңарту

Жоспар

1.1Тұлға құрылымы

1.2 Тұлғаның қалыптастырушы факторлар

1.3 Тұлғаның психолгиялық жағдайы.

Тілдік білім беру нәтижесінің жеке-тұлғалық деңгейі тіл үйренушінің тілдік білім беру үрдісінде меңгерген білім, білік, дағдыларымен анықталады. Бұл жағдайда нәтиже тілді қарым-қатынас құралы ретінде меңгерудің сандық және сапалық сипаттамалары тұрғысынан анықталады. Лингводидакт-ғалымдардың пікірлерін негізге ала отырып,  «Тіл үйренушінің өзге тілді үйренудегі негізгі межесі не болмақ, ол қандай білім, білік, дағдыларды меңгеруі тиіс?» деген мәселелерге байланысты мынадай тұжырымға келдік: «Өзге тілді меңгеру дегеніміз – сол тілде сөйлей, оқи, жаза және тыңдай білу, бұл жағдайда тілді меңгерудің негізгі ұстанымы тілдік нақтылық емес, әңгімелесушілердің бірін-бірі өзара түсінуі болып табылады». Яғни, гуманитарлық колледждердің орыстілді топтарында қазақ тілін өзге тіл ретінде меңгертудің негізгі шарттарының бірі – тіл үйренушілердің өздерінің тілдік тәжірибесін еркін, ешқандай қорқынышсыз қолдана алатындығына сенімділік сезімі. Бұл шартты қазақ тілін оқытуда мультимедиалық бағдарламаны қолдану арқылы қамтамасыз етуге болады.

Тілдік білім беру нәтижесін қоғамдық-мемлекеттік деңгейде елдегі болып жатқан әлеуметтік-экономикалық жаңарулардың маңызды резерві ретінде қарастыруға болады. Қазіргі уақытта қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілінің бұл мәртебесі жыл өткен сайын биіктеп, беки түсуде. Қазақ тілінің қоғамдық өмірдегі қолданылу аясы да бірте-бірте кеңіп келеді. Соған орай, орыстілді топтарда қазақ тілін оқытуды осы тұрғыдан қарастырудың да маңызы өте зор.

Тілдік білім беру жалпыөркениеттік деңгейдегі нәтиже ретінде білім алушыда (тіл үйренушіде) өмірге деген жаңа көзқарасты қалыптастыруды, экологиялық, ақпараттық мәселелерге толы өмірде өмір сүре және жұмыс істей білуге даярлығы мен қабілеттілігін қалыптастыруды, ұжым өкілдерімен түрлі формаларда қарым-қатынас жасай білуді жүзеге асыруды, осы қарым-қатынас барысында алынған ақпараттарды өңдей білу және қажетті шешім қабылдай білуді жүзеге асыруды, оны бәсекеге қабілетті жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Бірінші бөлімнің төртінші бөлімшесінде (Қазақ тілін оқыту үрдісінде мультимедиалық бағдарламалық қорларды қолданудың психологиялық, педагогикалық мәселелері) сандық интерактивтік мультимедиалық білім беру қорларының түрлері, оларды қазақ тілін оқытуда қолданудың психологиялық, педагогикалық мәселелері, дәстүрлі оқыту мен сандық интерактивті мультимедиалық білім беру қорларын қолданып оқытудың ерекшеліктері мен айырмашылықтары сараланып, сандық интерактивті мультимедиалық білім беру қорының бірі ретіндегі мультимедиалық бағдарламаны қазақ тілін оқытуда қолдануға қатысты маңызды  тұжырымдар жасалып, мультимедиалық оқытудың артықшылықтары көрсетілді.

Зерттеу жұмысының екінші бөлімі «Гуманитарлық колледждердің    орыстілді топтарында қазақ тілін мультимедиалық бағдарлама арқылы   оқытудың әдістемелік негіздері» деп аталады.

«Коммуникативтік сөйлесім әрекетінің түрлерін меңгертудің интерактивті әдістері» деп аталатын бөлімшесінде мультимедиалық бағдарламада қарастырылған жаттығулар мен тапсырмаларды орындау барысындағы интерактивті әдістерге талдау жасалып, сабақтың тілдік біліктерді дамыту кезеңінде оқушылардың тілдік серіктестер тобындағы (ұжымындағы, жұбындағы) өзара белсенді әрекетін ұйымдастырудың интерактивті әдіс-тәсілдері анықталды, сонымен бірге дәстүрлі әдістер мен интерактивті әдістерге салыстырмалы сипаттама жасалды.

Мультимедиалық оқыту бағдарламасы  оқушылардың белгілі бір  оқу тақырыптары бойынша берілген материалдарды өз бетінше және оқытушының көмегімен игеруіне негізделген.  Оқу мәтінімен танысудан бастап, бағдарлама мазмұнында қамтылған барлық жұмыс түрлері  интерактивті режимде орындалады.

Қазақ тілін мультимедиалық  бағдарлама арқылы компьютерді қолданып оқытуда интерактивті режим «оқушы – компьютер», «оқушы – оқушы», «оқушы – оқытушы» диалогы  негізінде іске асырылады.  Интерактивті әдістердің негізінде оқу үрдісіндегі оқушы мен оқытушының және оқушылардың өзара  бірлескен қызметі іске асырылады. Оқытудың интерактивті әдістерін қолдану арқылы оқу үрдісін оқушылардың барлығы танымдық қызмет үрдісіне тартылатындай етіп ұйымдастыруға болады, оқытуды  бұлайша ұйымдастыруда ескеретін бір нәрсе – оқушының  қарастырылып отырған мәселеге қатысты ой-пікірлерінің барлығы (дұрыс, бұрыстығына қарамастан) маңызды деп есептелуі тиіс.

Ғылыми зерттеулерде оқу материалын меңгерудің сапасы мен нәтижесі  ақпараттарды алудың тәсілдері  мен  оқушының белсенділігінің деңгейіне тікелей байланысты екендігі айтылып жүр:  оқу үрдісінде оқушы оқыған материалының  10% -ын, естігенінің 20% -ын, көргенінің 30% -ын, ал өзі жасағанының 90% -ын меңгереді екен. Қазіргі заманғы мультимедианың орасан зор мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану нәтижесінде оқыту үрдісінде қажетті ақпараттарды  осы айтылған тәсілдердің барлығы арқылы бір мезетте алуға болады.

Қазақстандық-сингапурлық   жоба  негізінде дайындалған  мультимедиалық оқыту бағдарламасында ақпараттарды алудың жоғарыда айтылған тәсілдерінің барлығы қамтылған.  Бағдарламадағы мәтін мазмұнымен танысудағы оқушы мен компьютердің өзара интерактивті әрекеті аудиолық, визуалдық, сөздік, аралас көрнекілік әдістері арқылы жүзеге асады. Лексикалық, грамматикалық ұғымдарды меңгертуде, грамматикалық дағдылар мен біліктерді қалыптастырып, дамытуда көрнекілік әдісі түрлі графикалық көрнекіліктер – анимациялық  кестелер, сызбалар –  түрінде қолданылған.

Мультимедиалық бағдарламада қызығушылықты туғызудың негізгі әдістері ретінде көрнекілік әдісі (аудиолық көрнекілік, визуалдық көрнекілік), анимация, интерактивті жаттығулар қолданылған.

Мультимедиалық бағдарламамен жұмыс жасау барысындағы (өз бетінше жаңа білімді меңгерудегі, бекітудегі, бақылау-бағалаудағы) оқушы мен компьютердің, оқытушы мен оқушының өзара әрекетін ұйымдастыруға негізделген оқытудың интерактивті әдістері оқушының  танымдық қызметін ұйымдастыруда, қызығушылығын туғызуда, сөйлесім әрекетінің тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым түрлерін меңгертуде, сөйлесім мен тілдесім әрекеттері үшін қажетті тілдік және коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруда өте маңызды қызмет атқарады.

Ал сабақтың оқушылардың сөйлесімдік, тілдесімдік біліктерін дамытып, жетілдіруге бағытталған келесі кезеңіндегі оқу үрдісі оқушылардың тілдік серіктестер тобындағы (ұжымы немесе жұбындағы) өзара әрекеті негізінде ұйымдастырылды. Сабақтың бұл кезеңінде оқушылардың тілдік ортадағы (тілдік серіктестер тобы, ұжымы, жұбы) өзара әрекетіне негізделген оқу қызметін ұйымдастыруда, негізінен, қатысымдық әдіске сүйендік. Оқушылардың топтағы, ұжымдағы, жұптағы оқу іс-әрекетін қатысымдық негізде ұйымдастыруда оқытушының рөлі ерекше. Оқытушы оқу үрдісін мақсатқа сай дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушылар өздеріне ұсынылған тілдік жағдаяттар, проблемалық сұрақтар мен коммуникативтік-интерактивтік тапсырмаларды  топта талқылап орындау барысында бір-бірімен қатысымдық іс-әрекетке түседі. Немесе берілген оқу міндеттерін шешуге байланысты топтағы полилогты, жұптағы диалогты, т.б. ұйымдастыруға болады.

Тыңдалымдық біліктер оқушылардың  есту арқылы қабылдаған ақпаратын (хабарды) түсінуін, ойша қорыта білуін, талдап, жіктей алуын, өзінің жауап әрекетін құра білуін қамтамасыз етеді. Сабақтың мультимедиалық бағдарламасыз өткізілетін кезеңінде оқушылардың тыңдалымдық біліктерін дамытуды  ұйымдастыру үшін мынадай әдіс-тәсілдер қолданылды: оқытуды ұйымдастырудың ұжымдық (топтық, жұптық) әдісі, ақпаратты берудің аудиолық әдісі, көрнекілік әдісі, диалог әдісі, полилог, т.б. Бұл кезеңдегі оқушыларға тыңдауға ұсынылатын мәтін мультимедиалық бағдарламадағы мәтінге байланысты таңдалып алынды және ол диалогтық сипатта болып, аудиотаспадан тыңдатылды. Бұдан соң  тілдік серіктестер топтарына (жұптарына) тыңдалған мәтінді түсініп-қабылдауға байланысты орындалатын жұмыстар түрлендіріліп берілді. Жұмысты оқушылар топта (жұпта) өзара ақылдаса, ойласа отырып орындады.      Айтылымдық және оқылымдық біліктерді дамыту үшін «жұптағы диалог», «топтағы дилог» әдістері қолданылды.  Жұмысты «жұптағы диалог» әдісі арқылы жүргізу үшін топтағы оқушылар бірнеше жұптарға бөлінді. Әр жұпқа жеке қысқаша мәтін бір парақ қағаз түрінде берілді. Жұптағы оқушылар мәтінді оқиды да, берілген тапсырма бойынша мәтін мазмұнына байланысты бірнеше үнқатымдардан тұратын диалог мәтінін құрастырып, оны өздері оқиды. «Топтағы диалог» әдісі арқылы да осындай жұмыс түрін ұйымдастыруға болады.

Жазылымдық біліктерді дамыту үшін, мысалы, мультимедиалық бағдарламада берілген мәтіннен алынған үзінділер (сөйлемдер) орфографиялық қателермен бір парақ қағазға жазылып, топтарға таратылып беріледі. Оқушылар топта ақылдаса отырып, берілген сөйлемдердегі қателерді тауып, сөйлемді қайта қатесіз жазады. Тапсырманы топта ақылдасып, орындау барысында олардың тілдесім әрекеті де жүзеге асады.

Ұсынылған әдебиеттер:

1. Сервисная деятельность: организационные, этические и психологические аспекты  : учеб. пособие / В. Ф. Буйленко. — Ростов н/Д : Феникс, 2008. — 156 с. — (Высшее образование)

2. Истомина-Нуркеева А.В. Психологические основы  в менеджменте и маркетинге: уче

12
скачать работу


 Другие рефераты
Восприятие рекламы и отношение к ней молодежи
Социальные причины пьянства
Эволюция вселенной
Будущая жизнь и небытие (сочинения Аллана Кардека)


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ