Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Батыр жырау - Қожаберген

ола облысының Қорғалжын, Вишневский аудандары мен Қарағанды облысына қарасты Теңiз ауданы жерлерi) Орта жүздiң Керей-Уақ елi сол Орта жүзге жататын басқа жұрттармен, Башқұрт, Ноғай, Сiбiр татары халықтарының бiраз руларымен, Кiшi жүздiң кейбiр тайпаларымен бiрге тұрмыстың қиыншылықтарын бiрдей көрiп, өздерiне нандық, атқа жемдiк егiп салып, аң, құс, балық аулап, 1723-1745 жылдар арасында сол өлкеде тiршiлiк еткен. Құрамында Шалабай Естектерi, Сiбiр Татары елдерi сарбаздары, Орта жүздiң Атығай, Қарауыл деген екi жасаң руының жiгiттерi бар Керей-Уақ жасағы қарт сардар Қожаберген жырау мен оның iнiсi Асқап ордабасының басшылығымен Шортанды мен Түмен арасындағы, Аманқарағай мен Үшбұлақ (қазiргi Омбi облысы мен Новосибирский облысының шектесектiң жерiндегi қоныс, ХIХ ғасырда осы ата мекенiнiң атымен аталған Үшбұлақ дуаны құрылған) аралығындағы орманды, көлдi, өзендi, қыратты қоныстарды жауға үстi-үстiне бас көтерместей, күйрете соққылар бере отырып, басқыншылардан 1745 жылдың жазының бас кезiнде толық тазартады. Сөйтiп, Керей-Уақ жұрты өздерiнiң ата мекендерiне қайта-дан көшiп барын орналасады. Оларға бұрын Ұлытау өңiрiн мекен-деген, 1724 жылы жазда қоныстарынан айырылған Атығай-Қа-рауыл руларыда iлесе көшедi. 1723 жылы жазда жоңғар қалмақ басқыншыларымен соғыста қырылып, артында ұрпақ қалмаған Керейдiң бес руының босап қалған жерiне Асқап ордабасының рұқсатымен Атығай-Қарауыл және Шалабай Естектерiнiң бiр топ елi көшiп барып қоныстаныпты.
Қожаберген мен оның iнiсi Асқап шора қоныстарын жаудан тазартқан соң, Керей-Уақтың билерi мен бектерiне, батырларына бұрынғыша төрт ауылға ортақ бiр медересе, бiр мешiт ашу туралы бұйрық бередi. Содан сол жарлық бойынша әрбiр төрт ауыл бiр медересе, бiр шағын мешiт ашу үшiн үйлер салуға кiрiседi, молдалар дайындау үшiн жас өспiрiмдер мен жас жiгiттердi арнаулы кiсiлерге ертiп, Бұхар хандығы қалаларына аттандырыпты. “Елiм-ай” жыр-дастанын Толыбайсыншыұлы жырау қолжазба арқылы елден-елге таратуды өз мирасхорларына өсиет етiптi. Баба өсиетiн орындауда жыраудың өз балалары мен немерелерi, шөберелерi және ақынның туған ағасы Қарабас тарханның ұрпақтары ерекше еңбек етiп, Толыбайсыншыұлы ғұламаның осы қолжазбаның 12-13 - беттерiнде аталған хисса-дастандарын, өлеңдерiн елден-елге қолжазбалар арқылы, әншiлер арқылы таратыпты.
Қожаберген жыраудың “Елiм-ай” эпопеялық жыры қазақ халқының сыртқы жауларға қарсы бағытталған жарты ғасырлық әрi әдiлеттi, әрi азаттық соғысын суреттеуге арналған маңызы кесек тарихи шығарма. Жырдың бiрiншi бөлiмi де, жыр мен аттас келетiн Толыбайсыншыұлы өнерпаздың “Елiм-ай” әнi мен “Елiм-ай” күйi де 1723 жылғы күзде болған орасан қырғынды ел басына келген ауыртпалықты көпке сол күйiнде жеткiзуге бағышталған. Сонымен қатар “Елiм-айдың” бiрiншi бөлiмiн жартылай өмiбаян-дық дастан десек, ешбiр қателеспеймiз. Өйткенi, осы жырда Қожа-берген сазгер өз өмiрiнен бiрталай мағылұмат берген.
Толыбайсыншыұлы жыраудың “Елiм-ай” дастаны - бiр нұсқа-лы жыр. Оның кейбiр сөздерi ауыздан-ауызға көше жүрiп, өзгерiс-ке ұшырағанына қарамай, әркiмдердiң қолында жүрген үзiндiлерiн сол дастанның өзге нұсқалары деп терiс түсiнуден аулақ болайық. Егер сол үзiндiлердi бөлек нұсқа деп керiсiнше ұғынып жүрген адамдар әркiмдердiң қолында жүрген үзiндiлердi жинап әкеп, “Елiм-ай” жырының бiрiншi бөлiмiнiң толық нұсқасымен салыстырса, олардың “Елiм-ай” дастанының бiрiншi бөлiмiнiң ел iшiн-де шашырап жүрген үзiндiлерi екенiн анық аңғарар едi. “Елiм-ай” жырын оқуға жұртшылық неге антық? Себебi:
Қо-жаберген шығарған “Елiм-ай” дастанының тарихи жағынан құн-дылығы өте зор! Қожаберген бабаның өмiр жолы да, оның тарихи шығармасы “Елiм-ай” да жастарды, жас өспiрiмдердi, жас бал-дырған шәкiртердi-отаншылдыққа, адалдыққа, бауырмалдыққа, турашылдыққа, әдiлдiкке, татулыққа, ұйымшылдыққа, көпшiлдiкке, жауынгерлiкке, достыққа тәрбиелеуге үндейдi.
Сонымен қатар, Толыбайсыншыұлы сардар “Елiм-ай” жырында 1723 жылғы үлкен апат тек өзiнiң туған халқы Қазаққа ғана емес, туысқан да көршi Ноғай, Қарақалпақ, Қырғыз, Шалабай Башқұрттары, Сiбiр Татары халықтарына да кенеттен келген зор iндет екенiн ашық та дәлелдi түрде баяндап өтедi. Әрине, бұл жағдайды екiнiң бiрi бiле бермеуi де мүмкiн.
Ақын “Елiм-ай” хиссасының бiрiншi бөлiмiнде тек қана соғыс-тарды баяндап қоймай, туған халқымыздың жер-суларының бұ-рынғы кездегi атауларын, тұрмыс-салтын, кәсiбiн, елдiң iшкi-сыртқы саяси жағдайларын, көршiлес мемлекеттермен қандай қарым-қатынаста болғанын, түрiк тектес елдердi, Сiбiр татарына жататын руларды, қалмақтың шыққан тегiн, оның түрiк халқына жатпайтынын, қалмаққа жататын тайпаларды дұрыс, айқын түрде көрсетiп берген. Мұның кейiнгi ұрпақтар үшiн маңызы аса зор екенiне ешбiр дау жоқ. Қожаберген ақынның “Елiм-ай” дастанын дұрыс та жоғары бағалаған көрнектi бiлгiр адамдардың бiрi - халқымызды әскери қайраткерi, бiлiмпаз да аса дарынды, қадырлы жазушысы, атақты батыры, есiмi әлемге әйгiлi Бауыржан Момышұлы атаң:
Керей Қожаберген жыраудай бұрынғы-соңды өмiр сүрген қазақ ақында-рының бiрде-бiреуi қазақ жұрты жерiнiң көлемiн, шекарасын айқындап берген емес. Ол кiсiнiң “Елiм-ай” жыры - әскери дастан! Жас бала кезiмде оны әншiлердiң аузынан талай рет естiп едiм. Шiркiн, сол әскери дастан қайда бар екен? - деген болатын бiрде. Ал, қазақ халқының аса көрнектi ғылым қайраткерлерiнiң бiрi, тарих ғылымының докторы, профессор Ермұхан Бекмаханов: атаң “Көшебе керей Қожаберген ақын Толыбайсыншыұлының “Елiм-ай” дастаны - тарихи эпопеялық жыр. Әрi сол “Елiм-ай” ерлiк хиссасының бiрiншi бөлiмi - 1723 жылғы “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” атанған iрi апаттың суретiн ел көзiне елестеткен бiрден-бiр тарихи құжат!” - деп тұжырып едi. Осы мазмұндас ба-ғаны академик-жазушы Ғабит Мүсiрепов, академик Әлкей Мар-ғұлан, академик Ақай Нүсiпбеков, тарих ғылымының докторлары:
Бек Сүлейменов пен Төлтай Балақаев ағаларың да кезiнде шегелеп айтқан едi. Қожаберген жыраудың бiздiң кезеңге жеткен екi дастанының бiрi - “Елiм-ай” болса, екiншiсi - “Баба тiл”. Бұл дастанды қазақ ауыз әдебиетiндегi бiзге жазбаша түрде жеткен тұңғыш көне шы-ғармалардың бiрi емес, бiрегейi деу керек. Дастан мазмұнын екiге бөлуге болады. Бiрiншi бөлiмде жырау қазақ шежiресi туралы, қазақ халқының қалыптасуы, құрамы жайында өз пайымдауларын жазса, екiншi бөлiмде баба тiлi - қазақ тiлi туралы, қазақ тiлiнiң тарихы, жазба тiлiне және көне тiл, бай тiл екендiгiне, ғылыми талдау жасайды. “Баба тiлдi қастерлеу - Азамат ерге лайық”, - деп, туған тiлдi қадiрлеуге, құрметтеуге, жетiк бiлуге шақырады. “Елiм-ай” дастанынан және лирикалық өлеңдерiнен Қожабер-геннiң қол бастаған батыр, сардар, ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен, топ жарған ақын-жырау екенiн бiлсек, “Баба тiл” даста-нынан оны басқа қырынан шежiрешi, тiл блiмiнiң маманы, ғалым екенiн аңғарамыз.
“Баба тiл” дастанының мазмұны Әбiлғазы баһадұр хан (1603-1663 жж.) мен оның “Түрiк шежiресi” деген атақты да көлемдi ең-бегiн сынаудан басталады. Бұл еңбектi кезiнде хандардың хронологиялық тiзбесi ғана”, - деп, “Қазақ шежiресi деген еңбегiнде Шоқан Уәлиханов та, “Түрiк, қырғыз, қазақ һәм хандар шежiрешi” деген еңбегiнде Шәкерiм Құдайбердiұлы да сынаған болатын. Ал, олардан бұрын Толыбайсыншыұлы жырау былайша сынайды:

Бiле тұра ол сұлтан,
Еске алмапты Үш жүздi.
Соның үшiн, жарандар,
Айтпақ болдым бұл сөздi.
Айналайын, Үш жүзiм,
Әбiлғазыға налыма.
Шежiресi бар елiмнiң,
Қоймаспыз жатқа жалына.

Қожаберген жырау “Қазақ” және Үш жүз жеген ұғымдар бiр жұрттың екi атауы болып, бiрдей шыққан сөздер деген пiкiр айтады:

Қазақ деген атауға,
Iлескен Үш жүз есiмi.
Бiр жұрттың екi аты боп,
Тағдыры ерте шешiлдi.
Шыңғыс ханнан көп бұрын,
Қазақ пен Үш жүз бар атау.
Сөзiме нан, жәмиғат,
Болмасын көңiл еш жадау.

Сөйтiп, батыр-жырау “Қазақ” пен “Үш жүз” атауларының Шыңғыс ханға дейiн пайда болғанын үзiлдi-кесiлдi айтады. Сонымен қатар, “Баба тiл” дастаны ауыздан-ауызға көше жүрiп, оның сөздерi өзгерiске ұшырағанын байқадық. Мысалы:
Оны Керей, Жәнiбек дегеннiң орнына Әз Жәнiбек деген сөздiң қолданылуынан аңғарамыз. Шыңғыс хан жорығының алдында ғана халық боп қалыптаса бастаған қазаққа Хорезм мемлекетiнiң құрамында хандық болуы мүмкiндiгi туса да, Шыңғыс ханның шабуылына тап боп халық болу дәрежесiнен айырылып, Хандық та бола алмай, тоқырау кезеңi басталып, екi жарым ғасырдан кейiн қайта қалып-тасып, Керей, Жәнiбек хандардың тұсында қайта хандық болып, қазақша жазба қайта қалыптасқан екен.
Көлемi 325 шумақ “Баба тiл” дастанының бiзге жартысынан көбi жеттi. Алайда Жейхұндария, Сейхұндария, Едiл-Жайық өзен-дерiнiң бойларын, Кердерi, Атырау теңiздерi жағалаларын, Орал тауы мен оның батыс, шығысын, Батыс және Шығыс Сiбiр аймақ-тарын, Алтай тауын, Тәншан тауын мекендеген түрiк жұрттарында Х-ХI ғасырда, яғни Хорезм шахы Мұхаммедтен әлдеқайда бұрын сонау Алаша ханның тұсында Есiләм дiнiнiң толық орнығып, салтанат құрғанын, араб әрпiнiң негiзiнде Түрiк ғарпы пайда бо-лып қалыптасқанын баяндаған “Баба тiл” дастаны шумақтарының түсiп қалғаны, яғни естен ұмытылғаны кiмдi де болса, қынжылтарлық жайт.

Керей ханның кезiнен,
Екiншi рет таңба iске асқан.
Арабтың ғарпын кегiзге ап,
Қазақша жазу құрасқан.
Таза қазақ тiлiнде,
“Жетi жарғы” жазылған.
Әз Тәукедей ханымыз,
Жоқ едi елдi аздырған.

Өткенде дейiн Әз Тәуке,
Қолданды ел қазақ таңбасын.
Осы күнде сұлтандар,
Қолға алды Татар жазбасын.
Үш жүз жылдан аса уақыт

1234
скачать работу

Батыр жырау - Қожаберген

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ