Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Батыр жырау - Қожаберген

Бекiнiп екi көлдiң арасына
Шатырды тiгiп судың жағасына
Отырдық Көшебе орман қойнауында
Жауынгер дәрi жағып жарасына.

Тоқтаттық Есiлкөлде қалың жауды
Үздiксiз шабуылдап есе бермей..., - деген.
Осы өлең жолдарында аталған жер-сулар, орман - бәрi Омбы қаласының маңында.
Көшебеден 15 бала - Жауынгер, Жәдiгер, Жанқорыс, Жазы, Жомарт, Жарқынбек, Жанат, Жауғашты, Жалайыр, Жандарбек, Жантелi, Жұмат, Жаған, Жанәбiл, Жанкелдi туады. Жауынгерден тараған ел Үлкен Көшебе, немесе Жауынгер Көшебе деп аталады. Себебi, Жауынгер Көшебе батырдың бәйбiшесi - Балумәржаннан туған тұңғышы екен. Ол тұралы Қожаберген жырау “Баба тiл”атты тарихи дастанында:

Көшебе тұңғышы
Жауынгер баба ер болған
Темiрдiң қолын басқарып,
Мұсылманға бел болған.
Жауынгерден өрбiген
Үлкен Көшебе Керейде..., - деп жазған.

Жауынгерден - Асылболат, одан екi бала: Байбол, Бибол туады. Байболдан - Алдаспан, одан Шiлiкшi би туады. Шiлiкшiден - Жаңбыршы, Бораншы, Құланшы, Аққас, Қарақас, Жастабан, Жолжақсы есiмдi - 7 батыр ұл туған. Жаңбыршыдан 3 бала: Ораз, Шәмiл, Мәмiл туады. Ораз батырдан - Айболат, Байболат, Биболат, Ерболат, Есболат, Жанболат, Ақболат, Сойылгер, Найзагер, Қаншыгер, Сойырғаш, Еламан, Жоламан, Таузар, Баузар, Қанжарбек, Қылышбек - 17 ұл туады. Таузардан - 9 бала: Дәулен, Мәулен, Дәурен, Ақсары, Бексары, Жансары, Базар, Назар, Күжiгiр.
Таузардың үлкен баласы Дәулен баһадур XVI ғасырдың екiншi жартысы мен XVII ғасырдың бiрiншi ширегiнде өмiр сүрген, ол көп жыл бойы Қазақ - Қарақалпақ - Ноғай халықтарының бiрiккен әскерiн басқарып, ордабасы тархан деген әскери атақтар алған кiсi екен. Дәуленнен - 15 бала: Малыбай, Аулабай, Жақсыбай, Садақбай, Тұрсынбай, Наурызбай, Арғынбай, Қыпшақбай, Уақбай, Толыбай сыншы, Ертiсбай, Жарқынбай, Қарқынбай, Барқынбай, Арыстанбай.
Толыбай сыншы арқадағы Керей руының басшысы, атақты әскер басшысы болған. Сонымен бiрге ол алдағыны болжайтын көреген, адамды да, атты да, құсты да сынайтын сыншы, қара қылды қаң жарған әдiл би, айыр көмей, жез таңдай шешен, ат сүрiнгенше ақыл табатын дейтiн адам болған. Гүлтөбеде көп жыл бойы қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарының бiрiккен әскерiн басқарып, ордабасы-баһадүр деп атанған. Шешендiгiн, әдiлдiгiн, сыншылдығын кезiнде бүкiл қазақ халқы қадiр тұтқан. Толыбай сыншыдан - 23 бала туған: Майлы би, Өтежан, Өтеген, Өтебай, Өтеулi, Өтебек, Өтегелдi, Қарабас, Өмiр, Әмiр, Темiр, Батыр, Бабыр, Бадыр, Едiл, Жайық, Оралбек, Тобыш, Барқыт, Өтеғұл, Өтепберген, Өтемiс, Қожаберген жырау. Қожаберген жырау ағасы Қарабастың тәрбиесiнде болған адам. Сегiз Серi осы Қарабастан тарайды. Қарабас тарханның шежiресiн таратпастан бұрын Қарабас Толыбай сыншыұлы тұралы ел аузында сақталып қалған аңыз-әңгiменi айта кетейiк.
1647 доңыз жылы бiр күнi ауылға кенеттен жау тиiп, қалмақ шапқыншылары бiр топ саяқ атты айдап, соған қоса он төрт жастағы Қарабасты тұтқындап әкетедi. Арада бiрнеше күн жол жүрiп, өздерiнiң мекенiне жеткен жаулар аяқ-қолы бұғауланған жас өспiрiм Қарабасты басқа да олжамен бiрге хонтайшыға әкеледi. Хонтайшы Қарабасты бiр қалмақ шонжарының қарамағына жiберiп, тұтқын баланы кiсендеп ұстауды тапсырды. Дұшпандар қолға түскен жас баланы келеке етiп, аяғына кiсен салып, бетiне күйе жағып, өздерi соған мәз болыпты. Бiр күнi тұтқын бала кiсеннiң шынжырын сүйрете жүрiп, тезек теруге барғанда, жылқының бас сүйегiн тауып алып, әрi-берi аударып қарап, оның тұлпардың басы екенiн таниды. Ол басты өзi жататын қамыс лашыққа алып келедi. Сол баспен Қарабас ылғи мұндасады екен. Сонда ол оған: “Сенi тұлпардың басы деп кiм айтар, менi Толыбай сыншының баласы деп кiм айтар?” деп мұңын шағады екен. Қазақ баласын күзететiн қартаңдау қалмақ жас жiгiт көзiнде қазаққа тұтқын болып, сонда қазақ тiлiн үйренген екен.
Күзетшi қалмақ бiр күнi жылқының қу басын қолына ұстап, өзiнен-өзi сөйлеп отырған Қарабастың сөздерiн сыртынан келiп тыңдап алады да, қалмақ шонжарына барып оның әкесiне тартқан сыншы екенiн айтады. Қарабастың түр-тұлғасына қарап жоңғар шонжары да оны тегiн бала емес деп ойлаған екен. Ендi оның сол ойын күзетшi шал расқа шығарып тұр.Жонғар тайшысы күзетшi шалға Қарабасты алдырады. Қалмақ тайшысы:
“ Сен қазақтың қай батырының баласысың?”- деп сұрапты. Қарабас:
“ Мен Толыбай сыншы ордабасының ұлымын”- деп тура жауап қайтарыпты. Қалмақтың шонжары оған тағы да: “Сен ат сынауды бiлесiң бе?”- деп сауал қояды. Қазақ баласы:
“ Ептеп ат сынауды бiлемiн!”- деп жауап бередi. Хонтайшы: “Менiң жылқыларымның iшiндегi тәуiр аттарды iрiктеп, соның iшiнде тұлпар бар ма екен, бiлiп бер!”- дейдi.
Қарабас қалмақ тайшысының үш мың бес жүз жылқысын аралап, тәуiр ат болуға жарайтын асауларды көрсетiп, жылқышыларға ұстатып үйретедi. Алайда бес жүздей жақсы аттың iшiнде тұлпар жоғын Қарабас қалмақ шонжарына ашық айтады. Табылса құнын артығымен төлеп, сатып алмақ болып келiсiп, қасына Қарабасты ертiп, бiрнеше қалмақ байларының жылқыларын аралап, аттарды сынап көргенде тұлпар таба алмайды.
Содан олар ауылына қайтып келе жатса, бiр өзеннiң жағасындағы лашықты көредi. Ол бiр қалмақ балықшы шалдың лашығы екен. Сол үйдiң маңында екi жылқы жүргенiн Қарабас алыстан көредi. Сыншы қазақ баласы “Ана екi жылқыны көре кетейiк”- деп, өтiнiш қылады. Екi жылқының бiрi - торы ала бие, бiрi - арық қара кер ат екен. Қарабас аттан түсе қап, биенi де, атты да айнала жүрiп қарап шығып: “Арықтығына қарамаңыз, қара кер бестi нағыз тұлпар болатын жылқы екен. Орнына жетектегi аттардан екi ат берiңiз де, осыны алыңыз. Ал, ана бие де жақсы екен. Бiрақ ол тұлпар болатын құлын таппайды”- дептi. Жоңғар тайшысы балықшы шал мен кемпiрдi шақырып алып, оларға екi күйлi ат берiп, арық қара кер бестiнi алып кетiптi.
Ауылына бiр күндiк жер қалғанда олар тағы да өзен бойында отырған екi балықшыға кез болады. Сыншы Қарабастың айтуымен жоңғар тайшысы екi балықшыға екi-екiден төрт ат берiп, екi арық бестi жетелеп жүре берiптi. Үйiне оралған соң, тайшыға Қарабас үш арық бестi атты күтудi өз мiндетiне алатынын айтқан екен. Тайшы ендi Қарабасты еркiндiкте ұстайтын болыпты. Қазақ баласы үш арық бестiге жем-шөптi мөлшерлеп берiп, оларды жақсы бағады. Аттарды баққанына бiр жыл толғанда тұлпар торы атты сойғызыпты. Сонда торы аттың бел омыртқасының сүйегiн сүйемдей жерi қызыл-қоңыр болып, арқа сүйегiнiң басқа жерi түгелдей ағарғанын көрiптi. Қарабас: “Тұлпардың сүйегi түгелдей ағаруға әлi бiраз уақыт бар екен!”- дептi қалмақ тайшысына. Арада тағы бiр жыл өткен соң, Қарабас жоңғар тайшысына айтып, тұлпар емес көк атты сойғызыпты. Бала оның сүйегiнiң екi елi жерi әлi ағармағанын байқаған екен.
Үшiншi жылы күздiң басында қазақ баласы қара кер тұлпарды мiнiп, әрi-берi жүрiп, атты ылғи суытып, таң асырып қояды. Ол тұлпарды өзi баптап күтү үшiн жоңғар шонжарынан рұқсат сұрапты. Қалмақ тайшысы оның тiлегiн қабыл алыпты. Қарабас әкесiнiң және басқа да атбегiлердiң сәйгүлiктердi қалай таңдап, қалай баптағанына көзi қанық болып өскен жас екен. Ол соны iс жүзiнде өзi де қолдану үшiн үш жыл бағып, сүйегiн ағартқан қара кер тұлпарды мiнiп, әуелi аса көп, қатты жүрмей, аз ғана шыға жүрiп, үнемi суытып, таң асырып қойып жүрген екен. Ол тұлпарға жем ретiнде тазаланған арпа, не сұлы және жалқыға жұғымды қара шөп берiп отырыпты. Жемдi қара керге шамалап, ретiмен берiптi. Себебi аяңдатып, кейде желiп, кейде шоқытып, кейде шауып жүрiп, келгеннен соң кермеге байлап, суытып, таң асырып, терiн алған атқа жемдi ел жата, түн ортасы ауа, таңға жақын беру керектiгiн Қарабас жақсы бiледi екен. Тұлпарды баптап жүрген ол ұйқыны азайтып, сергек жүрiптi. Талай таңды көзiмен атырған екен. Әдетте ол тұлпарды суытқан соң, отқа қоятын бопты.
Суытпаған, не таң асырылып терi алынбаған жылқы семiз кезiнде тез бұзылатынын, яғни қызыл май болатынын Қарабас бiлiптi. Тұтқын қара кер тұлпарды күз, қыс бойы баптап, бәйгеге қосуға жаратыпты. Тұлпармен елiне жетудi армандаған Қарабас қалмақ тайшысының: “Таңдаған қызыңды әперем” дегенiне амалсыз келiсiп, қыз көрудi кейiнге қалдырыпты. Құдай оның көктен тiлегенiн жерден берiп, жаздың басында хонтайшының iнiсiнiң баласы келiншек алатын болып, соның тойына зор дайындықпен баратын болыпты. Сонымен қатар сол тойда болатын ат жарысында Қарабас баптап, қыс бойы оқтаудай боп жараған қара кер тұлпарды қосатын сәт туды. Атқа Қарабастың өзi мiнiп шабатын болған екен. Сондықтан ол тұлпардың кекiлiн түйiп, үкiлеп, жалын тарап, құйрығына шоқ тағыпты. Ат айдаушы жүйрiктердi белгiлi жерден жiберер алдында астындағы ер-тоқымның үстiне екi басына орталап құм салынған қоржынды байлап, үстiне өзi отырып, аттардың артында кете барады. Бәйге аттарға мiнген балалар тиiстi жерге жетiп қонып, ат тынықтырып, өздерi де дем алыпты. Ертеңiне ат жарысы басталған кезде де Қарабас қара кер тұлпардың екi бүйiрiне құм салған қоржынның екi басын теңдеп алып, сәйгүлiктер қарасын үзгенше, артында келе жатыпты. Бәйге аттардың алды ортасынан ауды-ау деген кезде тұлпардың құлақ шекесi аздап терлей бастайды, көзi шырадай жан

1234
скачать работу

Батыр жырау - Қожаберген

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ