Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бауырмен жорғаушылар

қын сүйектен (ilium) шонданай сүйегінен (іsсһіиm) және шап сүйегінен (риЬіs) тұ-рады. Бұлардың бір жақ ұштары түйісіп келіп, ортан жіліктің басы еніп тұратын шұңқырды құрайды. Мықын сүйегі екі жа-ғынан да сегізкөз омыртқаларының көлденең өсінділеріне бекінеді. Оң және сол жақ мықын сүйегі мен шап сүйектері өз ара байланысады.

Аяқтарының қүрылысы, бес саусақты организмдердің аяқтарының құрылысына ұқсас.

Ет системасы. Рептилилерде төменгі сатыдағы организм-дерге тән еттің метомерлі орналасуы сақталмаған. Оларда мойын бөлімінің пайда болуы, бес саусақты аяқтың дамуы, жалпы денесінің үлкен бөліктерге жіктелуі міне осының барлығы ет системасының күрделі дифференциялануына себепші болған. Әсіресе, тыныс алу процесін реттеуге қатысатын қабырға аралық еттерінің пайда болуын ерекше атап өтуге болады.

Ас қорыту. Органдарының құрылысы амфибилердің ас қорыту органдарынан әлдеқайда күрделі. Бұл ас қорыту жолы-ның үлкен бөлімдерге бөлінуіне және кейбір жаңа бөлімдердің пайда болуына байланысты ауыз қуысы жұтқыншақтан айқын бөлінген. Тасбақа мен крокодилдердің мұрын жұтқыншақ жо-лы ауыз қуысынан екінші таңдай сүйек арқылы бөлінген. Ауыз-қуысының түп жағында орналасқан, атылып шығуға бейімделген, қозғалмалы, етті тілі болады. Тілінің формасы түрліше болады. Жыландар мен кесірткёлердің көпшілігінің тілі жіңішке, ұшы екі айыр болады. Хамелеондардың, керісінше тілінің ұшы жалпақ. Тілдің формасының түрліше болуы қоректік заттарды ұстау тәсілі мен пайдалану сипатына байланысты.

Рептилилердің көпшілігінің тісі болады. Тісі жоғарғы жақ, жақ аралық, қанат тәрізді және төменгі жақ сүйектеріне орна-ласқан. Амфибилерден айырмашылығы — гаттерилерден басқаларында, өре сүйегінде тісі болмайды. Тістері көрсетілген сүйектердің жиектеріне бекиді. Тек қана крокодилдердің тістері альвеолға орналасқан. Ауыз бездері амфибилерге қарағанда күшті жетілген.

Етті қарыны басқа ас қорыту жолынан айқын ажыратылған. Аш ішек пен тоқ ішектің қосылған жерінде соқыр ішектің нұсқасы болады. Тек қана шөппен қоректенетін тасбақалардың соқыр ішегі (бүйені) жақсы жетілген .

Ұйқы безі он екі елі ішектің иініне орналасқан. Бауырында өт болады. Өт жолы да ұйқы безінің ашылатын жеріне келіп

ашылады.

Тыныс органдары. Рептилилердің амфибилерден айырма-шылығы, бұлардың суда тіршілік ететін личинкалары болмайды. Ұрықтарының эмбриональдық даму кезінде желбезек ап-параты қалыптаспай, жұмыртқаның ішіндегі ұрықтың газ ал-масуы алантоис пен сары уыз қапшығы арқылы орындалады. Ересек рептилилер тек қана өкпемен тыныс алады. Терісінде мүйізді қабаттың пайда болуына байланысты тыныс алура қатыспайды.

Өкпесінің пішіні қапшық тәрізді оның іші өте ұсақ ұяшықтарға бөлінген. Тасбақа, крокодил сияқты жоғарғы сатыдағы рептилилерде бұл бөлімі өте жақсы дамып, күрделене түскен. Осы кездегі өте қарапайым — гаттерилердің өкпесінің ішкі қуысының өзі де үлкен болады. Кесірткелердің, әсіресе хамелиондардың өкпесінің. астыңғы жағында ұяшықтар мен аралық перделері болмай, саусақ тәрізді керегесі жұқа өсінділер — өкпе қапшықшалары болады. Бұларда газ алмасу процесі орындалмайды.

Көмекей қуысы оймақ тәрізді және бір пар ожау тәрізді шеміршекпен шектелген көмекей камерасына жалғасады. Көмекейден ұзын кеңірдек кетеді. Қеңірдек екі бронхаға тарамдалып, өкпеге жалғасады. Тыныс алу және шығару көкірек қуысының, кеңейіп, тары-луы нәтижесінде орындалады. Қан айналысы. Көпшілік рептилилердің жүрегі амфиби-лердікі сияқты үш камералы болады, бірақ жүрекшелерінің аралығындағы перделері толық жетіледі де қарыншаларының арасындағы пердесі толық болмайды. Крокодилдерде бұл перде толық жетілгендіктен қарыншаны толық екі бөлікке бөліп тұрады. Жүрек қарыншасының. әр жерінен үш артерия кетеді. Оң қа-рыншадан өкпе қан тамыры шығады да біраздан соң оң және сол өкпе артериясына бөлінеді. Қарыншанын, сол жақ бөлімі-нен (ішінде артериялық қаны бар) аортаның оң жақ шеңбері шығады. Одан ұйқы, бұғана асты артериялары кетеді. Ең со-ңында қарыншаның ортасынан қолқаның сол жақ шеңбері ке-теді. Ол жүрекке қарай иіліп, қолқаның он. жақ шеңберімен қосылып, арқа қолқасын құрайды

Қан тамырының осындай жіктелуі нәтижесінде өкпё артерия-ларына тек қана вена қаны құйылады да он, жақтағы қолқа доғасына, сол сияқты күре тамыр және бұғана асты артерияларына — таза артериялық қан келеді. Тек қана сол жақ колқа шеңберіне, арқа қолқасына аралас қан келеді, бірақ оттегіне бай қан басым болады. Арқа қолқасы омыртқаның бойымен кетеді де, одан ішкі органдарда, еттерге қан тамыры

таралады. Арқа қолқасы жамбас тұсына келгенде үлкен мықын артерияларына бөлініп, қанды артқы аяқтарға апарады.

Құйрық бөліміндегі вена қандары — құйрық венасына жина-лады, ол клоаканың маңына келгенде, екі жамбас венасы-на тарамдалады. Жамбас веналарына артқы аяқтардың веналары жалғасады. Одан кейін бүйректің қақпа венасын бөліп шығарып, олар құрсақ венасымен қосылады. Құрсақ венасы ішкі органдардың көптеген веналарын қосып алып, бауырға еніп, бауырдың қақпа венасын құрайды.

Бүйректен шыққан вёналардан артқы қуыс веналрдан артқы қуыс вена құралады.Артқы қуыс венасына омыртқаның астыңғы бетімен басқа қарай көтеріліп, оң жүрекшеге келіп

құяды. Артқы қуыс венасына — бауыр венасы да құйылады.

Бас бөліміндегі вена қандары қос яремдык венаға жиналады. Олар қос бұғана асты веналарымен қосылып, алдыңғы бір пар

венаны құрап, оң жақ жүрекшеге құяды. Сол жақ жүрекшеге өкпе веналарының. қаны кұйылады.

Зәр шығарү органдары. Рептилилердің ересектерінің зәр шығару органы жамбас бүйректерінен (metanерһгоs) тұрады. Метанефрос дене бойымен созылып жатқан — дене бүйрегі бастамасының алдыңры жағынан дамиды. Дене бүйректері ұрықтың даму кезеңінде болатын орган. Дене бүйректері ұрық жұмыртқадан шыққанша, кейде жүмыртқадан шыққан соң біраз уақытқа дейін жұмыс істейді. Жамбас бүйрегі жетілген соң, вольфов каналының артқы бөлімінен, бүйректің зәр шығару түтігімен қосылатын канал шығады. Сөйтіп зәр шығару түтігі пайда болады. Оң және сол зәр шығару түтіктері клоаканың арқа жарынан құйылады. Құрсақ жағынан клоакаға қуық ашылады. Крокодилдердің, жыландардың, кесірткенің кейбір түрлерінің қуығы жетілмеген. Мұндай жануарлардың зәр заты қоймалжың болады да, негізінен несеп қышқылынан тұрады.

Жамбас бүйрек қалыптасқан соң, дене бүйрегі редукцияланады. Ұрғашыларында алғашқы бүйрек толығымен редукцияланады да еркегінде оның алдыңғы бөлігі қалып қояды. Оны ұрық безінің қосалқысын (еріdіdуmиs) деп атайды.

Жыныс органдары. Жыныс бездері дене қуысының ішінде, омыртқа жотасының екі жақ бүйіріне орналасқан. Ұрық безі, мезонефростың қалдығы, ұрық қосалқысы екені айтылған болатын. Ұрық қосалқысының қаналы рептилилерде тек қана ұрық өткізгіш болып саналатын вольфов каналына жалғасады. Гаттериден басқа рептилилердің барлығында да шағылыс органы болады. Кесірткелерде, жыландарда шағылыс органдары клоаканың арт жақ керегесінен өскен бір пар өсінді болып есептеледі. Крокодилдер мен тасбақалардың шағылыс органдары сыңар болады.

Ұрғашыларында вольфов каналы сақталмайды. Жұмыртқа жолының қызметін мюллеров каналы атқарады. Мюллеров ка-налы қабырғасы жұқа қос түтіктен тұрады, оның воронка тәрізді бір ұшы дене қуысына ашылады да екінші ұшы клоакамен жалғасады. Тасбақалар мен крокодилдердің жұмыртқа жолының ортасында жұмыртқаның белокты қабығын бөліп шығаратын безі болады. Жұмыртқа жолының төменгі жағында пергамент тәрізді немесе жұмыртқаның известі сіңген қабығы пайда болатьы безі бар.

Нерв системасы. Рептилилердің нерв системасы амфибилердікінен анағұрлым жақсы жетілген. Ми жарты шарлары үлкен, олардың мидың сұр затынан тұратын қыртысы болады. Әйткен-мен бұл қыртысы әлі де жақсы жетілмеген, сондықтан да алдыңғы мидың көпшілік бөлімі жолақты денеден тұрады. Алдыңғы мидың үлкенірек болуы, аралық миды үстінен жауып қарағанда көрсетпейді. Төбе органы мен эпифиз жақсы жетілген. Төбе органы өзінің құрылысына қарағанда көзге ұқсайды. Бұл орган гаттерия және кесірткелерде жақсы жетілген. Ол төбе сүйектерінің аралығындағы тесікке орналасып, жарықтың әсе-рін өте жақсы қабылдайды.

Мишық өте жақсы дамыған. Басқа жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың миы сияқты рептилилердің сопақша миы да вертикал бағытта айқын иін жасайды. Сезім органдары. Механикалық қозуларды қабыршақтары-ның үстіне, эпидермистің астындағы сезім клеткаларының жи-налған жеріне, сезім дақтарына орналасқан сезгіш “түктері” арқылы қабылдайды. Бірақ суда тіршілік ететін төменгі саты-дағы омыртқалыларда болатын бүйір сызықтарының органдары болмайды.

Иіс органының құрылысында оның иіс сезу жолының ор-таңғы бөлімінің төменгі — тыныс алу, жоғарғы нағыз иіс сезу бөліміне бөлінуінің үлкен маңызы бар. Барлық иіс жолының бас жағында айқын бөлінген табалдырық бар, ол оның жұтқыншаққа ашылатын төменгі бөлімі мұрын жұтқыншақ жолын құрады. Бұған қосымша якобсонов органы болады. Бұл ауыз ішіндегі тамақтың иісін айырады. Кесірткелер тілін аузынан шырарып, кейбір заттарға тигізеді. Тілін шығарғанда иісі бар заттың ұсақ түйірі тіліне жабысады да, қайтадан тілін аузына ендіргенде тілімен бірге енген заттан якобсонов мүшесі арқылы оның иісін “аңғарады”, айыра біледі.

Дыбыс органдары. Рептилилерде қос мекенділер сияқты ішкі және ортаңры құлақтан тұрады. Ортадғы құлақта бір ғана үзеңгі сүйегі болады. Жарғақты лабиринт иірімдері жіктеліңкі-реген, оның ішінде мүйіз тәрізді иірімді байқауға болады, ол көпшілігінде қалта тәрізді өсінді түрінде болады.

Олардын, көздерінің қозғалымды қабақтары болады. Оның төменгісі жақсы дамыған, тез қозғалады. Көзінің алдыңғы бұрышында көзін ашып, жұматын — үшінші қабағы болады. Жылан мен гекконның төменгі және жоғарғы қабақтары мөлдір болады және бірімен-бірі бірігіп кеткен. Көзінің құрылысында заттарды әр түрлі қашықтықтан көруге бейімделушілік байқа-лады.

12
скачать работу

Бауырмен жорғаушылар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ