Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бауырмен жорғаушылар



 Другие рефераты
Азғыр-Тайсойған сынақ полигоны Аустралия Имунитет пен лимфа Имунитет пен лимфа

Бауырымен жорғалаушылар жер бетінде тіршілік ететін, жоғарғы сатыдағы омыртқалылар.

Дөңгелекауыздылар, балықтар, амфибилер көбінетіршілігі сумен тығыз байланысты, төменгі сатыдағы омыртқалылар болса, рептилилер, кұстар және сүтқоректі жануарлар құрлық татіршілік ететін жоғарғы сатыдағы омыртқалылар. Бұлардың ішінде тіршілігінің көп уақыты суда өтетін түрлері де бар, бірақ ол су ортасында тіршілік етуге бейімделген екінші белгі болып саналады. Оны палеонтологияның, эмбриологияның, және экологияның көптеген мәліметтері дәлелдеп отыр.

Барлық жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ұрықтануы іште болады. Көбеюі құрылықта, кейбір тірі туатын түрлері (мысалы, кит тәрізділер) суда көбейеді. Жоғары сатыдағы омыртқалылардың эмбриональдық дамуындағы бір ерекшелігі ерекше ұрық қабының пайда болуы. Жоғарғы сатыдағы сүт қоректілер-де ұрық қабы бала жататын орынды немесе плацента құрауға қатысады. Оның өзі өсіп келе жатқан эмбрион мен аналық организмнің арасындағы органикалық байланысты түзеді.

Бір ұрық қабының амниотикалық деп аталуына сәйкес жо-ғары сатыдағы омыртқалылар амниота деп аталған. Ал төменгі сатыдағы омыртқалыларда ұрық қабы пайда болмайды, сондықтан оларды анамниялар деп атайды.

Жер бетінде тіршілік ететін барлық жоғарғы сатыдағы омыртқалыларға тән белгілер бауырымен жорғалаушылардан айқын байқалады. Олардың миы әлде кайда жақсы жетілген. Сондықтан бауырымен жорғалаушылардың рефлекторлық әрекеті күрделі болады. Құрлықта тіршілік етуіне байлднысты бұлардың денесі амфибилер мен балықтарға қарағанда жақсы жіктелген. Әсіресе, басын әр түрлі бағытта қозғауына мүмкіндік беретін мойын бөлімінің болуы. Денесін құрғап кетуден сақтайтын терісінде мүйізді эпидермис қабаты мен мүйізді қабыршақтарының болуы. Өкпе арқылы тыныс алады. Жүрегі мен артериялық доғасы жақсы жіктелген. Оң және сол қарыншаның арасында перде болады, осы қарыншадан үш артерия қан тамыры шығады.

Әйткенмен рептилилер жоғарғы сатыдағы омыртқалылар-дың ішінде нашар ұйымдасқан организм болып саналады. Аортаның екі системалы доғасына байланысты, олардың тұлға бөлімінің артерия қаны аралас болады. Денежылуының реттелу қабілеті нашар. Дене температурасы тұрақты емес; мысалы кейбір кесірткелердің актив қозғалысы кезіндегі дене температурасы 14— 32° градустың арасында болады.

Амфибилерге қарағанда рептилилер көп алуан түрлі және кең таралған класс. Қазір рептилилердің шамамен 5000—5500-дей түрі белгілі. Олар 4 класс тармағына, 9 отрядқа бөлі-неді.

І-класс тармағы. Алғашқы кесірткелер немесе

Ящерогадылар (Ргоsаигіа)

1-отряд, Тұмсықбастылар (Rһупсһосерһаlіа).

ІІ-класс тармағы. Қабыршақтылар (Sqиаmаtа).

2-огряд. Қесірткелер (Lасегtilіа).

3-отряд. Хамелеондар (Сһаmаеlеопtеs).

4-отряд. Жыландар (Орһіdіа).

ІІІ-класс тармйғы. Крокодилдер (Сгосоdіlіа) .

5-отряд. Крокодилдер (Сгосоdilіа).

ІҮ-класс тармағы. Тасбақалар (Сһеlопіа).

6-отряд. Жасырьш мойындылар (Сгурtоdіга) .

7-отряд. Бүйір мойындылар (РІеигоdiга).

8-отряд. Теңіз тасбақалары (Сһеlопііdеа).

9-отряд. Жұмсақ терілілер (Тгіопусһоіdіае) .

РЕПТИЛИЛЕРДІҢ ДЕНЕ ҚҰРЫЛЫСЫ

Сыртқы көрінісі. Денесінің сыртқы көрінісіне қарай рептили-лер үшке бөледі.

1. Кесіртке тәрізділер. Бұлардың сыртқы құрылысы рептилилердің көпшілігіне тән және біріне-бірі ұқсас деп айтуға болады. Олардың аяқтары жақсы жетілген, құйрықтары ұзын, кейбір түрлерінде қармақ тәрізді болады. Кесіртке тәрізділерге кесірткелер, хамелеондар, крокодилдер, ящерогадылар жатады.

2. Жылантәрізділер. Бүлардың денесі цилиндр пі-шінді, аяғы жоқ, мойыны денесінен айқын бөлінбеген, көкірек бөлімі мен құйрық бөлімі айқын ажыратылмай бір-бірімен жалғасып жатады. Бұларға: жыландар, аяқсыз кесірткелер жатады. Алғашқы және соңғы типтің арасында аралық формалар бар. Мысалы, амфисбен (АmрһізЬаепіdае) тұқымдасының кей-бір түрлерінің тек қана алдыңғы аяқтары болады, олардын ба-сы денесінен айқын бөлінбеген, мойын бөлімі байқалмайды, қысқа, жуан құйрығы да денесінен айқын бөлінбеген. Қерісін-ше, жыландардан, айдаһарлардан артқы аяқтың нұсқасын кездестіруге болады.

3. Тасбақа тәрізділер. Тасбақа тәрізділердің денесі арқасы-нан құрсағына қарай қысыңқы болып, арқа және құрсақ сауытының арасына орналасқан. Аяқтары көбінесе қысқа, құрлықтағы формаларында бағана тәрізді, теңіздегі формаларында ескек тәрізді, мойыны ұзын, қозғалмалы. Бұған тасбақалар жатады,

Тері жабындысы. Терісінің сыртқы қабатының эпидермисі мүйізденіп, әрқашанда түлеп огырады. Оны төменгі жатқан қа-баты қалпына келтіреді.

Денесі сыртынан мүйіз қабыршақпен қапталып жатады. Эпидермистің мүйізденуі, мүйізді өсінділердің болуынын үлкен маңызы бар. Өйткені бұлар жануарды құрғап кетуден сақтайды. Тері бездері болмайды. Кесірткелердің санының ішкі бетінде тесікшелері болады, бұлардан көбею кезінде қоймалжың, желім тәрізді жабысқақ заттар шығады, оның маңызы әлі анық-талмаған. Аздап та болса тері бездері крокодилдерде, әсіресе жас крокодилдерде кездеседі. Олар арқасында, төменгі жағында клоаканың маңында орналасқан. Жыландарда да тері бездерінің нұсқасы болады.

Омыртқасы. Қесірткелердің көпшілігі-нің нің омыртқа жотасы, процельдік омыртқалардан қалыптасқан Төменгі сатыдағы формаларының омыртқа денесі амфицельді, Омыртқа жотасы, амфибилерге қарағанда қозғалмалы болып, бес бөлікке бөлінген: мойын, арқа, бел, сегізкөз, қүйрық.

Кесірткелердің мойын омыртқасыньщ саны 8. Рептилилер-дің мойын омыртқалары амфибилердін, мойын омыртқаларынан көп және бұлардьщ алғашқы екі омыртқасының құрылысында өзіндік ерекшеліктері болады. Басқа амниоталардікі сияқты бірінші мойын омыртқасын (аtlаз) ауыз омыртқа, екіншісін — эпистрофея (еріsігорһеиs) деп атайды. Ауыз омыртқасы сақина пішінді, ол жоғарғы және төменгі жартыға байланыс ткані арқылы бекінеді. Жоғарғы тесігі жұлынмен байланысады да, төменгі тесігіне екінші мойын омыртқаның эпистрофеяның тіс тәрізді (ргосеssиs оdопtоіdеиs) өсіндісі еніп тұрады. Ауыз омыртқасы осы өсіндінің айналасында айналып тұрады. Эмбриологиялық мәліметтерге қарағанда, эпистрофеяның бұл өсіндісі ауыз омыртқасының денесі болып саналады. Мойынның мұндай құрылысы оның қозғалмалы болуына әсерін тигізеді.

Бел — көкірек бөлімінің омыртқалары кесірткелерде 22 бо-лады. Бұлардың барлығына да қабырғалар бекиді, бірақ алдыңғы бес омыртқаның қабырғалары төс сүйегіне барып бекиді. Соның нәтижесінде көптеген рептилилерге тән нағыз көкірек қуысы пайда болған. Төс сүйегі болмайтын жыландарда көкірек қуысы да болмайды. Кесірткелердің төсі шеміршекті болады. Ол ұрықтық даму кезінде көкірек қабырғаларының иілген ұштарының өсуінің нәтижесінде пайда болған.

Сегізкөз екі омыртқадан қалыптасады, бұлардың көлденең есінділеріне жамбас сүйектері бекиді.

Құйрық бөлімі ондаған омыртқалардан тұрады. Оның ал- дыңғыларында бүйір, өсінділері және қабырғалардын, да нұсқалары болады. Құйрық омыртқаларының соңғы бөліктерінде өсінділері жойылып, таяқша тәрізді сүйекке айналған. Әрбір омыртқа денесінің ортасында жігі болады. Егер әр түрлі себептен құйрығы үзіліп қалса, онда омыртқа осы жігінен екіге бөлінеді. Анығырақ айтқанда — бір омыртқамен екінші омыртқаның қосылған буын аралығынан бөлінбейді. Құйрығындағы арнаулы еттердің жирылуының нәтижесінде құйрығын үзіп, қалдырады.

Ми сауыты. Ми сауытының бір ерекшелігі ондағы алғашқы шеміршек сауыт толық сүйектеніп, көптеген тері сүйектер дамып, төбе сүйегі, бүйір және ми сауытынын, түбі негізделген.

Бас сүйегінің шүйде бөлімі (хондральдық) шеміршек тектес төрт сүйектен: жоғарғы шүйде, негізгі шүйде және екі бүйір шүйде сүйегінен құралған. Бұл сүйектер қарақұс тесігінің айналасына орналасқан. Оның астыңғы жағында бір ғана қарақұс өсіндісі болады. Оның қалыптасуына екі бүйір және негізгі шүйде сүйек қатысады. Негізгі шүйде сүйегінің алдыдғы жағында негізгі сына тэрізді (hаsіsрһепоіdеиm) сүйек орналасқан. Бұл ми сауытынын. түп жағын құрауға қатысады. Парасфеноид сүйегі кішкене, ол негізгі сына тәрізді сүйектің алдыңғы ұшына Жалғасып жатады.

Есіту капсуласының маңынан үш құлақ сүйегі пайда болады. Оның біреуі — алдыңғы құлақ — бүкіл өмір бойы жеке қалып қояды, ал қалған екеуі — артқы құлақ сүйегі; бүйір шүйде сү-ііекпен, үстіңгі құлақ сүйегі — жоғарғы шүйде сүйегімен бірігіп кетеді.

Иіс бөліміндегі шеміршектер сүйектенбей, сол шеміршек кү-йінде қалып қояды. Ми сауытының төбесі мынадай жұп сүйек-терден: мұрын, маңдай алды (ргаеігопtаlіа), маңдай және маң-дай артындағы (роstfгопtаlіа), төбе және тақ төбе аралық (іпtеграгіеtаlіа) сүйектерден құралған. Төбе аралық сүйегінің ортасында төбе органының тесігі болады. Ми сауытының бүйір жақтары мына сүйектерден тақ жақ-аралық, жұп жоғаргы жақ, көз үсті, бет және бұдырбетті сүйек-терден қалыптасады. Ми сауытының төбесінін, астықғы жағында, самай маңында, кесірткелерде — бүйір самай шұңқыры деп аталатын едәуір ояз жері болады.

Төменгі жағы Меккелев шеміршегіне ұқсас, буындасқан сүйектен тұрады. Бұл шаршы сүйекпен ұштасады. Тіс, бұрыш, және бұрыш үсті (sиргаапgиlаге), садақша (согопаге) және тақташа (sрlепіаlе) сүйектерде жақ құрамына енеді.

Тіл асты доғасының үстіңгі бөлімі гиомандибулярға ұқсас, ол есіту сүйегі — үзеңгі деп аталады. Висцеральдық скелеттің басқа элементтері шеміршек пластинкаларынан және үш пар өсіндіден тұратын тіл асты аппаратын құрайды.

Иық белдеуі. Амфибилердегідей негізінен үш сүйектен қа-лыптасады. Иық белдеуінің құрсақ жағында тоқпан жіліктің басы еніп тұратын шұңқыры бар коракоид болады. Иық белдеуінің арқа жағы — жауырыннан және жауырын үсті шеміршегінен тұрады. Коракоид төспен байланысады, ал оның алдыңғы жағында бұғана жатады. Крест тәрізді төстің сүріншегі бұғана мен коракоидтың арасын жалғастырып тұрады.

Жамбас белдеуі. Жамбас белдеуі мы

12
скачать работу


 Другие рефераты
Проблема готовности Ребенка к школьному образованию
Постиндустриальное общество и его враги
Об интегральных формулах Вилля-Шварца для трехсвязных областей и ее применение к краевым задачам Дирихле
Мир и Россия: Основные тенденции истории


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ