Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

БЕЛОКТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ, ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ

рті бар амин қышқылдары ашылады.
Цистеин мен цистин молекулаларындағы күкірт онша күшті байланыспағандықтан, оны негіз бен күкірт сутек түрінде оңай гидролиздеуге болса, ал ол әрі қарай сілтімен әрекеттесіп, натрий немесе калий сульфидтерін береді.
9. Нитропруссид реакциясы. Бұл реакцияда күкірті бар амин қышқылдарын анықтау үшін пайдаланады.
ЖҰМЫС барысы. 1-2 мл белок ерітіндісіне 2-3 мл сілті ертінідісін қосып қайнатамыз. Суығаннан соң жаңадан бірнеше тамшы 10 % натрий нитропруссидінің ерітіндісін қосамыз. Күкірт сутектін натрий нитропруссидімен әрекеттесу нәтижесінде қызыл – қоңыр пайда болады.
Белоктарды тұнбаға түсіру әр түрлі реактивтер арқылы іске асады. Белоктар коллоидты ерітіңді береді. Себебі белок молекуласының бөлшектерінің зарядтары болады. Белоктардың -тұнбаға түсуі, олардың бөлшектерінің дегидратациялануына су қабаттарының бұзылуына байланысты. Осыған байланысты белок молекулаларының тұрақтылық факторларының бірі жойылады, яғни олардың бөлшектері іріленіп коагуляцияланады. Сондықтан тұнбаға түседі.
Белокты заттардың физико-химиялық қасиетгеріне көптеген факторлар әсер етуіне байланысты, олардың макро,- молекулаларының структурасы өзгеріске ұшырайды. Бұл процесс бізге денатурация түрінде белгілі. Денатурация кезінде белоктың макромолекулаларының активті конформациясы бұзылады. Әсіресе мұның олардың коваленттік /пептидтік/ байланыстарын бұзбай-ақ екіншілей және үшіншілей структураларын өзгеріске түеіруге әсері болады.
Денатурациялануды болдыратын факторларды физикалық және химиялық деп екі топқа бөледі: физикалық факторларға — температура, механикалық әсерлер, ультра-дыбыспен өңдеу, ионизациялық сәулелендіру әсері жатса, ал химиялыққа — ауыр металдардың иондары, минерал және органикалық қышқылдар, аммоний тұздары, сілтілік және сілтілік жер металдары тұздарының ерітінділері; органикалық еріткіштер /спирт, эфир, ацетон, хлороформ және т.б./, алкалоидты реактивтермен тұнбаға түседі. Әсер етуі жағынан бұларға ұқсас детергенттер, несеп нәрі, кейбір бояғыштар жатады.
Кейбір физикалық факторлардың әсер ету механизмін жан-жақты қарастыру керек. Мысалы, ультрадыбыс толқындары мен ионизациялық сәулелендіру әсерлері салдарынан белоктың макромолекулалары химиялық өзгерістерге ұшырайды.
Белоктарды тұнбаға түсіру реакциялары қайтымды да қайтымсыз да болып келеді. Қайтымды болса, тұнбаға түскен белоктын макромолекулалары негізінен терең өзгеріске ұшырамайды, сондықтан тұнбаны алғашқы еріткіште /мысалы, суда/ қайтадан ерітуге бйлады. Қайтымды тұнбаға түсіру аммоний тұздары, сілтілік және сілтілік жер металдары тұздарының /тұздау/, спирт пен басқа да органикалық еріткіштердің әсерлерінен болады.
Қайтымсыз тұнбаға түсіруде белок терең өзгеріске ұшырайды да, ол гидрофильды қасиетінен айырылып, гидро-фобтыға ауысады. Денатурацияланған белок, өзінің бастапқы физика-химиялық және биологиялық қасиеттерін қалпына келтіре алмайды. Қайтымсыз тұнбаға түсіру жоғары температураның қышқылдардың ауыр металдар иондарының алколоидты реактивтердің детергенттер, бояғыштар әсерлерінен де болады.
Фенол және формалинмен белокты тұнбаға түсіру
2 пробиркаға 1 мл белок ерітіндісін құйып, біреуіне сондай мөлшерде қаныққан фенол, екіншісіне қаныққан формалин ерітіңдісін қосады. Пробиркадағы сұйықтықты араластырып, бірнеше минут өткеннен кейін тұнба түзілгенін көреміз. Формалин мен фенолдың дезинфекциялау әсері олардың белокты ұйытуына негізделеді. Осыған байланысты олар түрлі зиянды бактерияларды құрта алады.
Белоктарды диализдеу /тазарту/
Диализ әдісі белоктарды /кіші молекулалы қоспалардан және анорганикалық заттардан/ тазарту үшін кен түрде қолданылады. Диализ әдісін жүргізетін аспапты диализатор деп атайды. Ең қарапайым диализатор ретінде коллодийден немесе целлофан қағазынан жасалған қалта пайдаланылады. Коллоидты ерітінділер коллодидан жасалған қалтаға құйылады. Бұдан қаңттардың тұздардың және төменгі молекулалы заттардың молекулалары оңай өтсе, ал белоктың коллоидты бөлшектері өтпейді. Сол сияқты диализ әдісі арқылы кейде глобулиндерді, альбуминдерден бөлуте болады.
Диализдеу
Бір стакан алып, оған дистилденген су құйып ішіне ерітіндісі құйылған коллодий қапшығын жұқа резинка ұстатылған 2 шыны таяқша арқылы стаканның бет жағына орналастырып, коллодий қалтаны суға салады. Біраз уакыт өткеннен кейін қалтаның ішіндегі белокты тұзді ерітіндісі ылайланады.
Глобулин тұнбаға түседі. Бұл процесті 1-1,5 сағат жүргізу керек. Қалтадағы ерітінді мөлшері 5-10 мл болуы керек- 10-15 минуттан кейін стакандағы судан алып, молекулалы қосылыстардың ерітіндіге өткен-өтпегенін анықтайды. Ол үшін судан 1 мл алып, оған бірнеше тамшы 10 % HNO3 аюне AgNO3 қосады. Егер AgCl ақ түсті тұнбасы түссе, онда
диализдену болғаны, яғни хлор иондарының таза суға көшкені.
Белок молекулалары өтті ме, өтпеді ме, оны білу үшін де сапалық реакциялар жүргізеді. Әрбір 10-15 минутта суды алмастырып, жоғарыдағыдай тексеріп отырамыз. 1,5-2 сағат уақыт өткеннен кейін, қалтаны судан алып, оның ішіндегі сұйықтықты сүзіп сапалық реакциялардың жәрдемімен фильтратта альбумин, ал фильтрдегі қалған тұнбада глобулин белогінің барлығына көз жеткіземіз.
валин аланин
Төртеуінен 16 түрлі белок алуға болады.
лейцин тирозин
Белок молекуласының құрамындағы амин қышқылдары түрлі орын алмастыру реакцияларына қатысады. Мысалы: дезаминдеу:
және ферменттердің әсерінен декарбоксилденеді:
декарбоксилдену процесі кезінде гистидин амин қышқылы -% гистамин; лизин -» кадаверин; орнитин — путресцин; тирозин -» тираминді береді.
Қарапайым белоктар немесе протеиндер
Протеиңдер тек қана амин қышқылдарының қалдығынан тұрады. Қарапайым белоктарды еріткіштерде түрліше еру жағдайына байланысты бірнеше топ тармақтарына бөледі.
1. Алъбуминдер суда жақсы ериді, хануарлар мен өсімдіктер альбумині негізінен протоплазмада кездессді. Тұзды ерітінділерде тұнбаға түседі, олардың өздеріне тән формасы кристалдары болады. Бидай дәнінде кездесетін альбуминді дейді.
2. Глобуяиндер суда ерімейді. Оларды бөліп алу үшін 10 % NaCL пайдаланады және диализ арқылы да бөлуге болады. Буршак тұқымдас өсімдіктер мен майлы дақылды өсімдіктерде кездеседі.
3.Проламиңдер — суда да, тұзда да ерімейді. Тек 60-80 % -тез Этил спиргінде ериді, негізінен проламиндер астық тұқымдастарда кездеседі.
4.Глютелиндер еріткіштерде ерімейді, тек әлсіз қышқыл мен сілті ерітіндісінде ериді. 0Д-0,5 % — тік ерітіңді қолданылады.
5.Протаминдер ерігіштігі глютелинге жақындаса, ал қажетті жағынан өзгеше. Әсіресе протаминдер балық сперасының белогінің 80 %-ін құрайды. Аргининнен тұрады.
6.Гистондар қасиеті жағынан нағыз белокпен гротзосиннің арасында жатады.
7.Протеиноидтер немесе скелет /қаңқа/ белоктары деп аталады.
Қорытынды
Белоктар — -құрамыңда көп мөлшерде амин қышқылдары бap, өте күрделі жоғары молекулалы органикалық қосылыстар. Белоктың молекулалық салмағы өте жоғары: альбуминнің молекулалық салмағы 17 400, ал гемоглобиннің молекулалык салмағы 68 000. Кей белоктардың молекулалық салмағы 15 000 000-ға жетеді. Организмдердегі зат алмасу, көбею, организмнің өсуі, тітіркендігіштігі бұлшық еттің жиырылуы, бездердің жұмысы белоктармен тығыз байланысты. Белок жоқ жерде тіршілікте жоқ. Белоктар организмде мынадай қызметтерді атқарады:
Белоктар клеткалар мен жасушадан құрылған пластикалық материал. БҰЛ жағынан белокгардың орнын майлар да, көмірсулар да баса алмайды.
2. Белоктар ферменттер мен гормондарды құруға қатысады.
3.Белоктардан неше түрлі ауру тудыратын және «антидене» сол ауруларға қарсы тұратын вирустар пайда болады. Емдеуші сывороткаларды, вакциндер, қан алмастырулар және басқа препараттар медицинада қолданылатын күрделі белок системасына жатады.
4.Ядро құрамындағы күрделі белоктар нуклеопротеидтер көбею және өсуде үлкен роль атқарады.
5.Белоктар қышқыл-сілті тепе-теңдігін тұрақтауға қатысады.
6.Белоктар энергетикалық материал. Белоктардың ыдырауы кезінде организмге керекгі 12 % энергия алынады.
Жануарлар клеткасында белок өсімдікгерге қарағанда көп болады. Ересек адам күніне 100-150 г белокты пайдалану керек.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Сағатов К. «Биологиялық химия» Оқу құралы, Алматы, Ы. Алтынсарин 1998 ж. 208 б.
2. Сейтембетова Амангүл, Лидодии Станислав «Биологиялық химия» Алматы, «Білім» 1994 ж. 304 б.
3. Несіпов, Төлқұтай «Адам және жануарлар физиологиясы» Алматы, «Ғылым» 2005 ж. 304 б.
4. Төленбек Исатай «Хайуанаттар мен адамдардың биофизикасы» Алматы, «Білім» 2002 ж. 328 б.
5. Аблаев, Нйколай Романович «Биохимия в схемах и рисунках» Алматы, «Ғылым» 2001 ж. 288 стр.

123
скачать работу

БЕЛОКТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ, ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ