Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бейбітшілік дегеніміз таза ауа сияқты

р бар емес пе? Кешегі соғыста шыңдалған ардагерлердің организмдері де мықты ғой. Ұлы Жеңістің 65 жылдығын күткен ақсақалдар аз болған жоқ. Жастары 90-ға таяған мен танитын бір-екі адам бар еді. Олар да Жеңіс күнін тойлап біткен соң, екі-үш айдан кейін дүние салды. 

- Мамыр айы Сіз үшін несімен қымбат?

- Мамыр айының тағы бір ерекшелігі — аспанның ауасы таза болып тұрады. Таңғы ауаға ештеңе жетпейді. Аспанға қарасаңыз, ашық болады, аппақ бұлттар қалқып жүреді. Өзім жақсы білетін солтүстік өңірде қыстың ызғары кетіп, ағаштар бүр жарып, төңіректің бәрі жасыл желекке оранады. Бұл кезде малдың бәрі төлдеп, өріске шығады, төрт түліктің аузы көкке ілігеді. Мәселен, сүт өнімінен жасалатын айран, қаймақ өте дәмді болады. Мамыр айы табиғаттың тамаша түрге енетін кезі. Соның барлығы адам баласына ерекше әсер етеді.

Мамыр айында мейрам көп болды. 19 мамыр пионерлер күні еді. Ол кезде әр түрлі олимпиадалар өткізілді. Ауылдық мектепте оқысақ та, ауданда өтетін сайысқа барып, өз өнерімізді көрсетеміз. Спорттық шаралар бойынша жарыстарға қатысатынбыз. Соның бәрі кешегі күннің тәрбиесі болса да, оның ішінен жақсы жақтарын алып отыру қажет деп ойлаймын. Бүгінгі таңда «Атамекен» ұйымы құрылған, оқушылар мойындарына көк галстук тағып жүр. Бұл өте дұрыс. Адамның бала кезінен азамат болып қалыптасуына зор ықпал етеді.

Мамыр айында мектеп бітірушілер мамандықтарын таңдайды. Айдың соңында соңғы коңырау өтеді. Түлектер үшін мемлекеттік емтихандар басталады. Бұл дәстүр қазір де сақталып отыр. Бүгінде Ұлттық бірыңғай тест сынағынан өтеді. 

- Халыққа айтар тілегіңіз?

- Еліміз аман, халқымыз тыныштықта өмір сүре берсін. Әр отбасында молшылық, ырыс-береке болсын. Елбасының мемлекет пен халықтың алдына қойып отырған үлкен мақсаттары бар. Соның бәрі жүзеге асып, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып, еңселері көтеріліп, өркениетті елдің азаматтары болуына тілектеспін. Ал жастарымыз алдарына қойған мақсаттарына жетіп, білім мен ғылымнан және еңбектен несібелерін таба берсін. Сондай болатынына мен сенемін. Ел үшін еңбек жасап, қуаныштан қуанышқа жете берейік!

- Әумин, айтқаныңыз келсін.

01.05.2011 / 10:14

Бейбітшілік дегеніміз таза ауа сияқты- Уәлихан Қоңырбаев

12
скачать работу

Бейбітшілік дегеніміз таза ауа сияқты

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ