Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бейбітшілік дегеніміз таза ауа сияқты



 Другие рефераты
Түркі тілдес түгел бол Қазақтың асылы – Асылы ханым Қарулы күштеріміз елмен бірге есейіп келеді Қуатты Қарулы Күштер – ел тыныштығының кепілі

АСТАНА. 1 мамыр. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін, 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні. Осы орайда ҚР Парламенті Мәжілісінің  Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Уәлихан Қоңырбаевтан алған сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.

- Бүгінгі әңгімеміз мамыр мейрамдары, халықтар ынтымақтастығы туралы өрбітсек. Сіздің пікіріңізше, бұрынғы мен қазіргі мерекелердің айырмашылығы қандай?  - Балалық шағымыз Ұлы Отан соғысынан кейінгі күрделі жылдарға сәйкес келді. 1954-55 жылдары халықтың еңсесі көтеріле бастады. Халыққа нан жеткілікті бола бастады. Ол кезде Кеңес одағының құрамында болдық. Біз бала кезімізде мамыр айын ерекше күтетін едік. Сол кезде ата-аналарымыз бір жаңа көйлек немесе аяқ киім алып берсе, соның барлығын 1 мамыр күні киіп шығатын дәстүріміз болды. Ауылдың да, қаланың да балалары солай істеуші еді. Аналарымыз киімді қысты күні алса да, «мына киімді 1 мамыр күні киесің»,- дейтін. Үлкен адамдар да мамыр мейрамында көшеге жарқырап шығуға тырысатын-ды. Тұрғындар жиналып, мектептің жанында митингі өтетін еді. Сонда біз үлкен мемлекетке өзіміздің де қатысымыз бар екенін сезінетінбіз. Ол кезде теледидар жоқ. Барлық жаңалықты радио арқылы білеміз. Мәскеу мен Алматы қалаларында салтанатты шеру өтіп жатқанын естиміз. Баланың тілегі де қызық қой. Біздер «Бірінші мамыр күні жаңбыр жаумаса екен» деп тілеуші едік. Өйткені біздің олай дейтініміз жаңа киімдеріміз су болып, батпақ тиіп кірлемесе екен деген ойдан туған ғой.

Ал жаңбыр жауса, үлкен адамдар қуанады. Аталар: «Жақсы болды. Алланың нұры жауып тұр. Жаумасын деп айтпаңдар. Жаңбыр жауса, құрғақшылық болмайды. Мамыр айы келді, жауын жауып, халықтың ырысы молаяды. Шөп көп өседі, егін мол болады, нан болады»,- дейді. Мамыр айында еліміздің оңтүстігінде көктемгі егіс жұмыстары аяқталып жатса, солтүстік жақта енді басталып жататын шақ. Халқымыз «Көктемнің әр күні жылға азық» деп бекер айтпаған ғой.  

- Бірінші мамыр мейрамының шығу тарихына тоқталып өтсеңіз?

- Бұрын 1 мамыр еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастық күні деп аталды. Өйткені ХІХ ғасырда ауыр еңбекке жегілген адамдар көп болды. Жұмысшылар өндіріс орындарында 11-12, кейбір жерлерде 15 сағаттық жұмыс жасаған. Содан 1886 жылы 1 мамырда Чикагода Американың жұмысшылары ереуілге шығып, өз құқықтарын қорғауды, жұмыс уақытын 8 сағатқа дейін азайтуды талап еткен. Ол шеру полициялармен қақтығысқа ұласып, қантөгіспен аяқталған. Кейін көтерілісті ұйымдастырушылар жазаға тартылған. Және сол кездегі билік бірнеше адамды өлім жазасына кесіп, дарға асқан. 1889 жылы ІІ Интернационалдың Париж конгресі Чикаго жұмысшыларының ереуілі болған күнді жыл сайынғы шеру болатын күн деп шешім қабылдаған. Бірінші рет 1890 жылы Австро-Венгрия, Бельгия, Германия, Дания, Испания, Италия, АҚШ, Норвегия, Франция, Швеция және басқа бірқатар елдерде еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастық күні аталып өткен. Міне, осы оқиғалардан-ақ бұл күн қандай қантөгістермен, қуғын-сүргінмен келгенін көреміз.

Көп ұлтты Кеңес одағы да өзінің жұмысшылар құқығын қорғайтын ел екенін көрсету мақсатында 1 мамырды мейрам етіп атады. Ол күні бейбіт шерулер өтетін-ді. Ол кезде халық бас бостандығына, сөз бостандығына сенді. Жарқын келешекке үміт артты.

Ал Қазақстан өз тәуелсіздігін алған соң, 7 қараша, 23 ақпан секілді бірқатар мейрамдарды алып тастады. Дегенмен халықтың қолдауына ие болған, елге қажетті мейрамдардың атауы өзгертілді. Соның ішінде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 1 мамыр халықтар бірлігі күні болып бекітілді.

Шынымен де, бірлігі бар халықтың тірлігі болады. Көп ұлтты елдің келісімін сақтау мақсатында 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Мемлекетімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыстардың өкілдері тұрады. Олардың басым бөлігі өз бетімен келген жоқ. Әр түрлі қоғамның саясатымен, патшалық Ресейдің жер аударуымен, одан кейін Ұлы Отан соғысы уақытында Сталиннің жарлығымен келді. Кавказдағы  халықтарды бір-ақ күнде жер аударып, Қазақстанға әкеліп орналастырды. Еділ  бойынан немістерді көшірді. Қиыр Шығыстан кәрістерді еріксіз қоныс аудартты. Олардың барлығы осы жерге үйреніп, өз Отаным деп санайды. Қайсысымен тілдессеңіз де, барлығы да «Қазақстаннан басқа қандай Отаным бар?!» деп айтады. 

- Сіз өскен ауылда өзге ұлт өкілдері тұрды ма?

- Біздің ауылда өзге ұлт өкілдері де тұрды. Украиндар, немістер және тың игеруге келгендер қоныс тепкен. Бала кезімізде негізінен ана тілімізде сөйлестік. Ауылда көп балалы Серков деген орыс тұрды. Ол кезде орыс тілін білмесең, алысқа бара алмайтын заман болды. Сонда әкеміз: «Әй, балам, Ислам, Тілегендермен ойнағанша, барып Серковтың балаларымен ойнасаңшы, орысша үйренсің ғой»,- дейтін. Бірақ та олардың балалары да біздермен бірге қазақша сөйлеп кетті. Өйткені бірге ойнаған балалар тілді тез үйренеді. Черненко деген де отбасы болды. Бәрі де қазақша сөйлеп кетті. Немістер қазақ тілін тіпті тез меңгеріп алады.

Мен өскен Айыртау ауданындағы Сырымбет аулының табиғаты әсем. Орманды шұрайлы жері бар. Ақан сері «Аулым қонған Сырымбет саласына» деп әнге қосқан ғой! Сырымбет аулында үлкен балалар үйі болды. Онда соғыс уақытында ата-анасынан айырылған Ресейдің соғысқа ұшыраған аймақтарының, Ленинград қаласының, Беларусь, Украина республикаларының балалары болды. Балалар ата-аналарынан хат күтеді. Ауыл балалары да олардың мұң-қайғысымен бөлісіп өсті. Жан-жақты қамқорлық жасалып тұрды. Біз Шоқан Уәлиханов атындағы мектепте оқыдық.

Халық даналығына сүйенсек, «елу жылда — ел жаңа, жүз жылда — қазан» деген. Осы күні туған жеріме барсам, кешегі аулым жоқ бүгін. Ол уақыттың әсері. Ол замандағы аш-жалаңаштықты, халықтың көрген ауыр тұрмысын ешкімнің басына бермесін.  

- Елдің ынтымағын сақтау туралы қандай ойыңыз бар?

- Қазір таза ауа жұтып отырмыз ғой. Бейбітшілік дегеніміз таза ауа сияқты. Мен де, сіз де жұтып отырған кезде оны байқамайсыз. Ал пәле-жаладан құдай сақтасын! Бір жерде түтін шығып, улы газ тарап жатса, бір жұтым ауаға зар боласың. Мәселен, өткен жылы Мәскеудің жан-жағында орман да, дала да, ауылдар да өртеніп, тұрғындарға демалатын таза ауа қалған жоқ. Сол секілді бейбітшіліктің рақаты мен пайдасын да, мемлекетіміздің дамығанын да, армандарымызды орындау үшін беріліп жатқан мол мүмкіндігін де байқамаймыз.

Ал қақтығыс шыға қалғанда барып, оның қасірет екенін сезінеміз. Өйткені қақтығыс жақсылыққа әкелмейді. Жер шарында болып жатқан оқиғаларды көріп отырмыз. 

- Кішкентай кезіңізден Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, мүгедектерін көріп өстіңіз. Бұл жөніндегі пікіріңізді ортаға салсаңыз?

- Соғыс ардагерлері үшін мамыр айы айрықша қымбат. 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күні. Бір қызығы, бұрын ол күні халық демалмайтын, жұмыс күні еді. Тек Жеңістің 20 жылдығына байланысты 1965 жылдан бастап заңға түзету енгізіліп, мемлекеттік мереке дәрежесіне қосылды және демалыс болып есептелді.

Өзіміздің әкелеріміз соғысты бастан кешкен ардагерлер ғой! Менің әкем Қоңырбаев Есламбек неміс басқыншыларын жеңген соң, әскери қызметті одан әрі жалғастырып, Қиыр Шығысқа жіберілген. Жапон соғысына қатысып, елге 1945 жылы қазан-қараша айларында оралған екен. «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері және бірнеше медальдармен марапатталған. Есламбек әкеміз минометшілер қатарында болды. Той-томалақта соғыс жылдары шырқалған әндерді айтушы еді.

Мен қазақ салтымен әкемнің туған ағасының қолында өстім. Сондықтан Есламбек Қоңырбаевты әкем деп есептеймін. Ол 1994 жылы 86 жасында дүние салды. Ал өз әкем Сиянбек 57 жасында ертерек өмірден озды. Ол брон арқылы соғыстан қалдырылған.

Ардагерлердің әңгімелері қызықты болатын. Арасында мүгедектер де болды. Базарбай дейтін майдангер соғыста бір аяғынан айырылып, мүгедек болып келді. Сол кезде 24 жаста болды-ау деймін. Өзі шаруашылықта жұмыс істеп, үнемі мотоциклмен жүретін-ді. Аяғына протез салынған. Балалы-шағалы болды.

Сол сияқты ауылда Сарбасов Мотан деген ардагер болды. Ол өз әңгімесінде: «Сталиннің «Живым в плен не сдаваться!» деген Жарлығы бар. Қатты ұрыс жүріп жатты, сол кезде ауыр жарақат алдым, солай ес-түссіз жатқанымда жау қолына түстім»,- дейтін. Ол ағаға соғыстан келгеннен кейін де тыныштық бермеді. Әскери комиссариатқа ма, басқа бір органға ма, алып кетіп, «Пленге қалай түстің? Неге түстің?» деп тергеп жүрді. Не керек, әйтеуір 1955 жылға дейін оған тыныштық берген жоқ. Ұлы Отан соғысындағы жеңіс халықтың жеңісі болды. Жауынгерлер ұлтқа бөлінген жоқ. Бәрі де Отан үшін жаумен айқасып, қанын да, жанын да аяған жоқ. Соғыста әр түрлі жағдай болады. Кейбірі жау қолына түсіп қалады. Олар әдейі түскен жоқ, Отанын сатқан жоқ. Сол кездегі өкімет «Елге келгеннен кейін де оларды неге қуғын-сүргінге салды екен?» деп ойлаймын. Ол да әділетсіздік. Сондықтан ондай ардагерлер соғыс оқиғалары туралы көп айтпайтын.

Соңғы мәліметтер бойынша бірқатар облыстардың кейбір аудандарында бірде-бір соғыс ардагері қалған жоқ. Кезінде майдангерлер көп еді. Ұлы Жеңістің 40 жылдығын өткізгенде әкімшіліктегілер «Ана ардагерге пәтер керек, мына майдангерге автокөлік керек» деп айтатын еді.

Өткен жылы Жеңістің 65 жылдығы ТМД елдерінде кең көлемде аталып өтілді. Елбасымыздың бастамасы бойынша Қазақстан да ерекше тойлады. Ардагерлерге үлкен құрмет көрсетілді, 65 мың теңге арнайы жәрдемақы төленді. Ол үшін ел бюджетінен 6 млрд теңеге жуық қаржы бөлінді.

Ақын Сағи Жиенбаевтың әнге айналған «Ауыл қарттары» өлеңінде «Құрыштан құйған құдірет — Қарттарым, аман-саумысың?!» деген тамаша жолда

12
скачать работу


 Другие рефераты
География тепловой электроэнергетики России
Заповедники, заказники, национальные парки
Значение текста в художественном образе древнерусской рукописной книги конца XIV – начала XV века
Алмазы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ