Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бейнелеу өнерінің әмбебап тақырыбы, идеясы, мазмұны мен қыр-сыры

з. Заттардың сарқылмас ішкі энергиясы мен күшін күшті қолдана тежеп отыратын экспрессивтік нысандар К. Дүйсенбаев еңбектерінен орын алады. Ырғақтың талдамалық ықшамдылығы мен әр түстердің таңғалақтарының шамасы және оптикалық тұрғындар дәл келтірген қатынастар арқылы дүние К. Ахметжановтың шығармаларында өзінің үйлесімдік сәйкестігіне ие болды.
Дүниенің жан – жақтылығын шифрленген көп таңбалар арқылы түсіндіруге ұмтылыс, дүние құрылымына, оның байлықтарын шексіз мөлшерде өзгеріске ұшырап отыратын талдамалық қатаң нысандар арқылы көрсетуге деген ұмтылысқа әкелді. Осы бағыттарға арналған еңбектерден М. Нарымбетовтың жер тартылысы сияқты салмақты бейнелер мен С.
Атабековтың адам демі сияқты нәзік бейнелерін атап өтуге болады. Немесе, ұшқыр, алабажақ кеңістікті жылжытатын, кенепке бейнелеген С. Баялиевтің композитциялары шексіз қозғалыс және өмірдің жаңа нысандарының пайда болуы идеяларын таңдайды.
Жаңа бағыттарды іздестіру барысында түрлі дәуір мен мәдениет архаикасына бет бұру, бақылаудың өткірлігі мен маштабтығы өмірге күшті және айрықша шығармаларды әкелді. Өнерде дүниеге қатысты көзқарастың түрлі қырын және әмбебаптығын дамытты. Бүгінгі күннің өнер саласындағы танымал тенденцияларының бірі жеке бейнелеу объектісі немесе тұрақты объктілердің жиынтығында дүниеқалыптасу потенциялы мен мүмкіндіктерінің кең ауқымды спектірін сыйғызу болып табылады. Осындай шығармашылық, ұлттық және тартымдылыққа байланысты таңдалып алынатын, көп жағдайда нақты контекстерден жұлып алынған объектілер немесе сюжеттер түрлі суретшілердің еңбектерінде өзіндік рәміздер немесе мифтерге айналады. Сол миф арқылыдүниені генезисті және ондағы тәртіптің ұлылығы, қолданымдағы ережелер, алдағы болашағы сияқты құбылмалылығы мен толықтығын адам көкейіне жеткізуге тырысады.
Осындай жалпылама мифтік шығаршашылық арнасы арқылы Қазақстанның алдыңғы қатарлы суретшілерінің де шығармашылығы дами береді. А. Сыдыханов өзінің мифтік бейнелеу өнеріне қажетті ерекше код ретінде қазақтың рулық рәмізін, таңбалардың әр түрін ала отырып, оны бірте-бірте қошаған ортаны толықтыратын дүниеқұрылымдық ережелерге қарай түрлендіре алады. Дәуірдің астан–кеткенінен, стихияларынан, тарих дағдырынан өз тәртібін бейнелеп шығады. Оның бейнелеу шығармаларының қою материалдық туындысынан, ағымдағы өмірге тән таңба шоғырланады, сол арқылы түсінік, ой-сезім және сананың шағылысы пайда болады. Шарттылық, түстілік-фактуралық ізденіс А. Сыдыхановтың бейнелерінде өзіне ғана көзге көрінер дүниені бағындырады және оны өз заңдарына орай түрлендіреді.
Е. Түлебаев өзінің кеңістіктік түрлі шешімдерінің күрделілігіне қарамастан, осы жылдары тұрақты таңбалық қатарға, пропорциясы «алтын адам» деп аталатын сақ жауынгер – көсеміне сәйкес, адам пішінін еске түсіретін, ұзартылған тұлға бейнелеуге келді. Сыртқы көріністермен шырмалған, адамның ішкі өмірімен ұштасып жатқан нәзік метаморфозалар Е. Түлепбайдың жарық шашыратқыш, өмірлік күшке мол шығармаларынан орын алады. Осы суретшінің күшті жақтарының бірі бояудың алуан түрлері мен бейнелеу өнерінің сипаттарын мүмкіндігіне, негізгі мазмұнын жоғалтпай, әсерлендіргіш, сезімдік тұрғысына келтіруі еді.
А. Ақанаевтің пластикалық және рухани кеңістікті бейнелейтін шығармалары мифте және дала аңыздарын еске түсіруге толы бола отырып, күн энергиясы мен даланың хош иістерін сездіріп отырады. Осы бір тұтас дүниетанымның әр қырларын Б. Мырзагалиева та көрсетуге тырысады. Осы заман суретшілердің көбі ежелгінің анималистік төтемдік
ағымына ұқсас өзіндік бейнелеу мифтерін асқан зор жігерлікпен қалыптастыруда. А. Иса сияқты суретшілер жолбарыстан әлемдік абсалют рәмізі кейіпкерін көрсе, А. Есдаулетовтың мүйіз тұмсықтары мен бұқалары мифологоиялық кезеңнің, жер бетіндегі бастапқы өмірдің сан қырлы тірлігін қалпына келтіреді, ал А. Ахаттың ежелгі Тұранды бейнелейтін шығармаларында, өткен кезеңді армандау мен өткен дәуірді аңсауды байқаймыз. Небір түрлі заттар, атап айтқанда: шәйнектер, сазгерлік аспаптар, ежелгі мүсіндік релефтер, ай тәрізді періштелер (Р. Қожахметов, М. Нарымбетов, Э. Казарян, А. Есенбаев) фетиштелінеді.
Әр түрлі объективті жағдайларға байланысты (бұрынғы орталықтың қысымдық әсерінің болмауы, дербес мемлекеттің ішкі сұранысы, сонымен бірге сыртқы нарықтың кең ауқымды сұранысы) өнердің әр алуан деңгейдегі ұлттық идеяға деген қызығушылығын арттырды. Тәуелсіз мемлекетке қажетті көрнекі көркем суреттік құрылымдар (ұлттық волюта, Елтаңба, монументалды мүсіндік кешендер, тарихи бейнелеу шығармалары) қалыптастыратын сәттен бастап, еркін шығармашылық ізденістерді әр суретшінің шығармаларынан көреміз. Алайда, ең қызығы, ұлттық идея үнемі нон – конформистік өнер өкілдерінің концепциясына енуде, олар қазақтардың әдеттегі дүниетанымдық түсініктерін, түркілердің өз әрекеттерін, перформанстары мен объектілерін тұрақты ауыстыра пайдаланады.
Алайда 90-шы жылдардың екінші жартысындағы өнер саласында ұлттық суретшілер мектебінің кемеліне келуінің куәсі болатын бір ерекшелігі де бар.Оны стильдердің қолтаңбаларының тенденциялары бағыттары мен дербес ерекшеліктерінің кең ауқымды болуынан көреміз. Өзіндік ерекшеліктері, өзіндік құндылығы, танымал, сөйте тұрса да, стилистикалық және идеялық параметрлеріне келетін болса, мүлде қарама-қарсы тұлғалар да кездеседі. Авангардта, реализм де өте қызық арналарын тауып, жаңа кезеңге сыйсып отырады, жаңа тұрғыдағы обстрактілі кейіпкерлік қалыптасты, сонымен бірге сезімдік жағына нәзік импрессионистік бейнелеу өнері де өз көрермендерінің жүрегінен орын табуда.
Егер де көптеген суретшілердің шығармашылығында өмірдің нақты реалдылығына деген қызығушылық материалдылық тұрсысқа дейінгі небір реалдылыққа деген тартымдылықпен ауыстырып отырса, біртұтас мәдени кеңістікте мүдделері мүлде қарама-қарсы екендігі айдан – анық бейнелеушілер мен мүшіншілер еңбек етуде. Таңғажайыптылыққа деген нәзік сезімталдыққа ие, елестік кейіпкерлерге жаны тартып тұратын суретшілер (А. Дузельханова, Д. Қасымов, т. б.) классикалық нақты нысандарда бізді қоршаған дүниеге танымды түрде адам мен кеңістік арасындағы үйлесімшілік идеясын абстракті тәсілмен шешуші жақтаушылар тәрізді жеткізе алды.
Г. Исмаилова сияқты қазақ бейнелеу өнерінің классиктері де өз жұмыстарын жалғамтыруда. Әйелдердің көзге түсерлік әдемілігі, хош иісті гүлдер, өмірдің жылы тынысы оның еңбектері арқылы бізді нақты адам өмірінің қымбаты, қайталанбас және табылмас әлеміне әкеледі. М.Каспак асқан зор шеберлікпен қазақ көшпелілерінің өмірін, тұрмысын және рухани атмосферасын қайта қалпына келтіреді. Қазақтардың күнделікті өмірінің реалдылығы мен этнографиялық ерекшеліктері жалпылама түрде берілсе де, танымалдық сипатқа ие, жарықтандырудың ерекшеліктерін, ауаның ылғалдылығы мен құрғақтығын, кештің ымырттығын немесе түс кезіндегі күн сәулесінің бірқалыптылығын асқан зор шеберлікпен көрсете білу оның шығармаларына көп уақыт бұрын жоғалып кеткен және рухани сезімділік дыбыстарын қабылдаумүмкіндігін берді. Ж. Қайрамбаев та өз шығармаларында бейнелеушілік пен бейнелеудің декоративтік сапаларын, көңіл күйі мен көңіл жағдайының психологизмн өзінше қиыстыра білген.
Мүмкін, кей жерлерде Қазақ даласындағы өмір салтын қабылдаудағы кузнецовтік бағытын жалғастыра және дамыта отырып, З. Түсіпов, Б. Табиевтер реалистік әдет-ғұрыптарды ерікті түрде түсіндіреді. Күнделікті тұрмысқа тамырын тереңдетіп енгізген, олардың сюжеттері мазмұны жағынан поэтикалық сезімталдылықпен тартымды болды. Нақты өмірсезімдерінің күші, тартып тұрып жібере салған кендір сияқты ұшатын экспрессивтик динамика З. Түсіпованың натюрмоттары мен далалық пейзаждарын толтырады, Б. Табиевтің суреттердегі орта ғасырлық қалалардың мешіттері мен тар көшелері, қоңырқай көгілдір түтін тәрізді ортадағы Шығыстың жұмсақ өмірін сипаттайды. Осысуретшілердің қаламдары арқылы берілген, адам және табиғаттың өмірі мен сұлулығының құпиясы, автор көзқарасының толғамдылық сезімділігімен, мәңгілік, тұрақты және даланың алтын көкжиегіне көгілдір аспанға төгілген құндылықтарды түсінумен, дала тұрғындарының қоңырқай келбеттерінің әдемілігімен ерекшеленеді. Қазақтың әсемдік – қолданбалы өнерінің тәсілдері мен батыс – еуропалық поатимпрессионизмнің сабақтарын трансформациялаудан келетін шарттылық әсемдік әдет – ғұрыптары М. Қасымбеков пен Т. Мұқаттың шығармашылықтарында ерекше тәсілмен ұштасып жатады. Авангардты түрде түсіндірілетін этнографиялық нотаы бар, өзгешелігі бар жаңа толқындар С. Смағұлов пен А. Смағұлова ары қарай дамытады. Елестеушіліктің еркін қалқуын түсіндіре отырып, С. Сүлейменова, А. Меңлібаева, З. Сұлтанғазина, М. Бекеев еркін және бейнелеушілік ойын ары қкркй жалғастырады.
Қазақстанның бүгінгі күнгіөнер туралы сөз қозғасақ, әдетке айналып кеткен қазақ бейнелеу өнеріндегі тұрмыстың мазмұндық мәселелері мен экзистенциалдылыққа тартымдылық тәрізді көріністерінің де жалғасып жатқанын атап өтпеуге болмайды. Кәсіби өнердің дамуының осы сәті суретшілердің осы заманғы тұтынушыға жеткізуге ұмтылатын идеялар кешенінің нақты байқалатын шоғырланушылығымен де сипатталады. Бүгінгі күннің бейнелеу және мүсін өнері контекстік жағынан аса толықтырылған, кей жағдайда сол себепті қарапайым көрермен оны түсіне де бермейді. Суретшілер мектебінің қалыптастырылуы сатысының алдыңғы кезеңдеріндегі тәжірибелері, бүгінгі күні толық түсінуіміз болашақтың ісі екенін біле отырып, ұлттық өнердің тұтас, сыйымды, өзіндік сипатқа ие феномен бола отырып, біртұтас түрде жиналатын сияқты болады. Түрлі түстер, композициялар, фактура немесе пластика көмегімен, шығу көздері, жылдар бойы шыңдалған, әдеттегі құндылықтар мен түсінушіліктермен тығыз байланысқан, дүниенің құрылуы туралы ұлттық түсініктерді өнерде қалыптастыра, бейнелік шығармалар мен мүсіндік копозицияларда қалпына келтіре отырып, суретшілер небір жиынтыққа, біртұтас жүйеге, шашырап қалған элементтер мен фрагменттерді жинайды деуге болады. Осы процесс барысында шығармалардың нысандарымен атқарылатын жұмыстар да жедел қойылғанын атап өтуіміз керек. Әр алуан түрлі
1234
скачать работу

Бейнелеу өнерінің әмбебап тақырыбы, идеясы, мазмұны мен қыр-сыры

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ