Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бейнелеу өнерінің әмбебап тақырыбы, идеясы, мазмұны мен қыр-сыры

мифологиялық мәні, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен салттардың тәжірибесі, дәстүрлі мәдениеттің трансляция талабына жауап береді және бейнелеу өнер құралдарымен ашып беруге мүмкіндіктер береді.
Реалдық әлемі дегеніміз? Әрине, мәдениеттігінің бәрі тұтастай алғанда адам үшін, тарихи Адамзат тарихы реализмдық әлемі рухани көзге, естуге, түйсінуге арналған баршылық қана емес, сонымен қатар ішкі әлемімен игерілетін, адамның барлық қызметін басқаратын нәрсе екенін көрсетеді.
Қорыта айтқанда, суретші өзінің ойы мен сезімін толық таныту жолында, тек қана өзіне қажеттілерін екшеп алуда, яки толық қанды тұтас образдарды жасау жолында ұзақ дайындықтан өтті. Ол барлық бейнелеу әдіс – тәсілдерін жете меңгере отырып, кенепке немесе ақ қағазға салған әрбір бояудың түрін жігерлендіруші қуатты күшті айналдыра білді. Ол бір мезгілде өнердің міндете – көзге көрінген нәрсенің бәрін жазып ала бермей, ең алдымен – шындықты дұрыс және терең түсіну, зат пен құбылыстың құпия сырларын жете ұғыну, сыртқы жалған көрініске құр еліктемей, оның ішкі әлемі, сезімін, ойын көре білу және оны бейнелеу өнерінің әр уақытта қолынан түспейтін, әрқашанда құлапта сақтайтын құралдармен дәл жеткізу қажеттігін жүрегімен ұғынды. Себебі, суретші алғашқы бояу жаққаннан-ақ, одан кейінгілерінде де салған суреттерін үнемі шындыққа жанаса ма және оған өзінің көзқарасы үйлесе ме деген жалғыз дара форманы тауып алғанға дейін кедергілергекездесе береді ғой. Әрине, бояу жағылған сайын формада жетіле береді, мазмұны да жақсара түседі. Суретшінің ойы мен сезімі заттың мәнісіне терең үңілген сайын, оның жеткен шегіне, сырт көрінісіне қанағаттануға тура келеді. Ал, егер салған туындысына көңілі толмай одан әрі іздене түссе, ілгері қарай жетілдіре берсе, тіпті жақсы, себебі іздену үстінде жоғын табады, машықтанады. Ал, болмысты творчестволық тұрғыдан меңгере берудің тіпті де шегі жоқ қой. Басқалардың творчестосынан үнемі үйреніп және қадағалап отыру суретшінің өзін-өзі сезінуіне және өз еңбегіне сырт көзбен қарай білуіне көмектеседі. Сондай-ақ, суретші өз өнерін басқалардың творчествосымен салыстыра бақылап, оны суреткердің қоғамдық міндетімен, мән-мағына туралы жалпы ұғыммен байланыстыра қарай алуы қажет /38/.
Кең мағыналы «реализм» ұғымының шексіз кеңістігінде еркін қалыптап жүрген Қазақстан өнерінің санқырлығын айқын танытатын осы ерекшеліктер 3-ші мыңжылдықтың басындағы Қазақстанның бейнелеу өнерінің шарықтауы туралы менің сенімімді қуаттайды. Бүгінгі танда Қазақстан өнері бірегей өркениетті ғарыш ретіндегі қазақ мәдениетініңсақталуы мен дамуындағы ұлы жасампаз қызметі атқарады және әлемдік мәдени кеңістікке енуіне жол ашады.
Мемлекеттің негізгі мақсаты – ұлттық қауіпсіздікті сақтау дейміз. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау – қорғаныс күштерін нығайтып, ел ішіне енген арам пиғылды адамдарды аңду ғана емес, ел азаматтарының бірлігін сақтау, рухы биік, өз ұлтының барлық асыл қазынасы мен асыл қасиеттерін бойына сіңіре білген, өз дәстүрі мен салт-санасын өзгеге айырбастамайтын саналы азаматтарды тәрбиелеп, қалыптастыру /39/. Оның бірден-бір төте де сенімді жолы біреу-ақ, ол – жас ұрпақты мәдениет арқылы тәрбиелеу. Мәдениет – көптеген тоғышарлардың түсінігіндей клубтар мен дискотекалар ғана емес, мәдениет – тіл, тарих, музыка, әдебиет, экран, телеэкран, т.б. Біз көп айта беретін ұлттық идеология дегеніміздің өзі негізінен мәдениетке сүйенеді. Сондықтан біз шекараны қалай қорғасақ, мәдениетті де солай қорғауға тиіспіз. Қоғам мүшелерінің парасат деңгейі мен рухани биіктігі жоғары болған сайын мемлекет негізінің іргетасы да соғұрлым берік болмақ.
Осы қағиданы анық түсінгеннен кейін мемлекеттің алдынан мәдени дамудың бағытын таңдау, оны таңдағаннан соң сол дамудың стратегиялық концепциясын жасамай тұрып, мемлекеттік идеология туралы ойлаудың өзі жалаң идея, сөз жүзіндегі игі қана боп қалары даусыз. Қазақтың мәдениет және өнертану ғылыми-зерттеу институты осы концепцияны жүзеге асыру үшін арнайы бөлім ашып, іске кірісіп кетті.
Қазақстан – территориялық, экономикалық және геосаяси жағынан өзге мемлекеттерге ұқсамайтын бірден-бір ерекше мемлекет. Оны қоршаған мемлекеттердің конфессиялық, экономикалық, саяси құрылымдары мүлдем әр басқа. Бұған келіп, республиканың өз ішіндегі әр түрлі ұлттыр мен ұлыстардың тілдік және ментальдық әр алуандығын қоссақ, мәдени дамудың жалпы мемлекеттік стратегиясын жасап шығу оңайға соқпасы белгілі. Ол үшін әр түрлі тілдік, діндік және тарихи-мәдени ерекшеліктерді мен заң ғылымының өкілдері де белсене араласуы қажет /40/.
Қазақстан мәдениеті деген үлкен ұғымға негізгі ұйықты болатын Қазақ мәдениеті ертең қай бағытта дамуы керек? Азиялық па, еуразиялық па, түркілік пе, әлде мұсылмандық негізде ме? Мемлекетаралық, ұлттық интеграцияға ұмтылып отырған Қазақстанның қазіргідей саяси жағдайында бір ғана ұлттық шеңберде дамуды мақсат етіп қоюдың өзі дүние-әлемде қалыптасып отырған бүгінгі таңдағы реалды жағдайды ескермегендік боп табылар еді. Ұлттық мәдени дамудың перспективаларын негізге ала отырып, біз өзімізді қоршаған басқа да озық үлгідегі мәдени дәстүрлер мен ағымдарды есепке алуға тиіспіз.
Мәдениет ұлтты қорғайды, сол ұлттың басын құрып отырған мемлекетті қорғайды. Бұл – дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Демек, мемлекет те өз мәдениетін қорғауы керек, оның жаңарып, түрленіп, гүлденіп отыруына баса көңіл бөлуі қажет. Мәдениетті күнделікті болып жататын көңіл көтерер факт ретінде қабылдамай, ұлттың негізі, мемлекеттің тірегі деп қарайтын кез жетті. Олай болмаған жағдайда ұлт мәдениетінің босаған орнын басқа елдің жат өнері жайлап алады. Ол – жоңғар шапқыншылығынан әлдеқайда қауіпті.
ХХІ ғасырда бейнелеу өнері сияқты адам жайында айтудың осындай көне тәсілі қажет бола ма? Жердегі жаңа адамдардың суретшінің алдында ол бейнелеудің ұтымды формасын тапқанға дейін тапжылмай отырып күтуге уақыттары мен шыдамдары жете ме? Өмір сүре келе, көрерміз. Дегенмен, жақсы нәрсе текке кетпейді дегенге сенгің келеді және екі адам өмір мен өнер туралы достық рәуіштегі әңгімеде бір-біріне өздеріне сын көзбен қарауға мүмкіндік беретін де күндер туады: суретші ерекше түс белгісін табуды қажет ететін модель болса, модель суретші үшін шығармашылық пен өнердің мәнін түсіндірудің құралы.

1234
скачать работу

Бейнелеу өнерінің әмбебап тақырыбы, идеясы, мазмұны мен қыр-сыры

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ