Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН КӨТЕРУДЕ АРНАЙЫ ҒЫЛЫМИ, ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЗЕРТХАНАНЫҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ

лабы. Көркемдiк тәрбие беруде бейнелеу өнерiнiң тағы бiр негізгі атқаратын мiндетi – ол әрбiр баланың  бойына мәдениеттілікті қалыптастыру,  табиғи қабiлетiн дамыту, соған қолдау жасау, болашақта суретшi мамандығын меңгермесе де, өмiрге қажетті қандай да болмасын мамандықтың білікті маманы болып шығуына ықпал жасау.

Бейнелеу өнерінің қоғамға, жеке адамның білікті маман болып қалыптасуына  қаншалықты үлесі бар екендігі туралы көп мысал келтiруге болады. Атақты Кеңес одағының 3 дүркiн батыры, ұшқыш Иван Кожедуб мектеп қабырғасында сурет сабағының дұрыс жолға қойылуының арқасында, сурет салуды жақсы меңгергендігі, көз өлшемінің қалыптасуына көп әсер беріп, жаумен соғысу кезiнде   көз өлшемiнің көп көмегi тигенiн үнемi мақтанышпен есiнен шығармаған. Аты әлемге танымал авиаконструктор А.С.Яковлев те осы бейнелеу өнерiнiң арқасында жеткен жетiстiктерiне байланысты: мен тағы бiр нәрсе үшiн мектепке дән ризамын, онда сурет салу жақсы жолға қойылған болатын. Сурет сала бiлгенiм, менің болашақ мамандығымды таңдауыма себеп болды дейді. Өйткенi инженер-конструктор әлде қандай машина жасауды ойластырған кезде, ол өзiнiң болашақ туындысын егжей-тегжейлi көз алдына келтiруге тиiс және оның бейнесiн қарындашпен қағаз бетiне түсiре бiлуi керек. Белгілі географ А.Половкин тiптi «география және сурет салу» деп аталатын бiр тұтас кiтап та жазған екен. Осындай бейнелеу өнерiнiң өмiрге қажеттiлiгi, адамды ауыруынан емдеуде қолданыс тапқаны туралы айтылған хирургтардың  және тағы басқа да мамандық иелерiнiң ойлары дәлел бола алады. Бейнелеу өнерінің қоғамдағы маңыздылығына келетін болсақ, бейнелеу өнері  әр салада тиімді қолданыс тауып жатыр. Қазiргi кездерi сурет салғызу арқылы ауыруды емдеу, психотерапиялық  әдiстердiң бiр түрi ретiнде пайдаланылып келеді. Адамның мінезінде қандай психологиялық ауытқулар бар екенін анықтау үшін де, сурет салғызу арқылы зерттеу жұмыстары кейінгі кезде көптеп жүргізілуде. Бейнелеу өнерін меңгеру, әрбiр оқушының сурет салудағы біліктілігін дамытып қоймай, адамның рухани және ұлттық сана-сезімін қалыптастырады, жалпы  егемен еліміздің өркендеп дамуына  зор әсерін тигiзедi.

Сондықтан орта мектепте бейнелеу өнерiн оқыту кезiнде тәрбие мен оқытудың бiрлiгi, тек педагогикалық жағын емес, адамның мәдени құндылығын мағыналы түрде арттырады.

Ал қазiргi уақытта жастардың бойында кәсібилік, белсенділік, креативтік, бәсекеге қабілеттілік, патриоттық, экологиялық тәрбиелердi қалыптастыру әр мемлекеттің басты міндеті. Осы міндеттердің орындалуына себебін тигізетін  пәндердiң бiрi — бейнелеу өнерi. Сондықтан орта мектепте бейнелеу өнері сабағының өз деңгейiнде жүргiзiлуiне мән беріп, асқан жауапкершілікпен қарауымыз қажет. Сапалы өтілген бейнелеу өнері сабағынан  жастарымыз қоғамдық орындарда мәдениетсіз қылықтарға бармайды, нашақорлық індеті белең алып отырғанда бейнелеу өнерінің қосымша үйірмелерінің қажеттілігі қазір өте маңызды. Мысалы, бейнелеу өнерімен айналысатын оқушылар, сая бақтардағы жақсы нәрсенi сындырып кетуге, көпшілік орындарда шемішке шағуға, түкіруге, әдемi заттың бетiн сызуға, бүлдiруге, былапыт сөз айтуға бармайды, қарапайым мәдениеттiлiктерден жұтаң болмайды. Бейнелеу өнерi сабағында пән мұғалімі оқушыларға сурет салғызуды ғана үйретумен шектелмей, тәрбиелік мағынада үнемі әңгіме айтып отыру қажет. Бейнелеу өнері бойынша оқытудың жаңа технологияларын кеңінен қолдануға іздену жұмыстары жоспар бойынша «Жас суретші» ғылыми, оқу-әдістемелік зертханасында жүргізіліп жатыр.

Бейнелеу өнерінің туындылары қоғамда эстетикалық тәрбиенiң негiзгi құралы болып есептелiнедi. Лувр, Эрмитаж, Орыс мұражайы, А.С.Пушкин атындағы Бейнелеу өнерінің мұражайы, Третьяков галереясы, Ә.Қастеев атындағы бейнелеу өнерінің мұражайларындағы ертеден бастау алған Бейнелеу өнерiнің ғажайып туындылары, оның орындалысы, шынайлылығы, қолданған бояулардың үйлесімділігі,  әсемдiгi адам баласын осы уақытқа дейiн тамсандырумен келедi.   Бұл бейнелеу өнерінің  киелілігі.

Қазір батыстың жеңіл мазмұнды, сапасы төмен, мағанасы жоқ, композициялық шешімі таяз, бейнелеу өнерінің заңдылықтарын сақтамаған жұмыстарына еліктеген өзінше «туынды» деп атап жүрген жұмыстарға еліктеу белең алуда. Көрмелерде осындай жеңіл жұмыстарға мән бере бастаған сияқтымыз. Сондықтан орта мектеп қабырғасынан бастап,  бейнелеу өнерiн оқыту мен ұйымдастыруды жетілдіруіміз қажет. Ол үшін, мектептегі Бейнелеу өнерi сабағын басқа мамандықтың мұғалімдері өткізуге тиым салынуы керек, бейнелеу өнері сабағына  бөлiнген сағаттарды    математика, тiл сабақтарын терең оқыту үшін,  қосымша сағат ретiнде пайдалануға жол берілмеуі қажет.

Қоғамда қалыптасқан Бейнелеу өнерi мұғалiмiне деген көзқараста көңiлдi көтермейдi. Мектепке келген Бейнелеу өнерінің мұғалімі, ол сол мектептiң тегiн безендiрушiсi, оның қолынан бәрi келедi, мектеп аралық көрмеге қатысуда, сол мектептiң намысын қорғап, барлық жұмысына жауап беретін жалғыз мұғалiм. Мұғалімнің күнделікті сабаққа дайындалуына,  тұрмыс жағдайына, шығармашылықпен айналысуына уақыты болмайтынына біз мән бере  қоймаймыз. Әрбір жаңа сабаққа дайындалуға мұғалiмнiң уақыты жетiспейтiндiктен, сабақ сапасыз, қызықсыз өтiледi. Көне грецияның суретшiлерi мен ойшылдары сурет салу тек қана қол өнердi дамыту үшiн ғана қажет емес, жалпы бiлiм мен тәрбие беруге қажет деп есептеген. Бейнелеу өнерiнің   балаларға жастайынан эстетикалық тәрбие беретiн құрал екенiн дамыған елдердiң барлығы түсiнген, оның iшiнде жапон елi және батыс еуропа елдерi күнi бүгiнге дейiн  оған көп көңiл бөлетiнiн жиi ұйымдастырып отыратын балалардың көрмесiнен айқын көруге болады. Шет елдерде балалардың суреттерiнен  халықаралық деңгейде көрме ұйымдастырылып тұрады және оны тамашалауға өнер сүйер қауыммен бiрге ғалымдар, жазушылар, кәсiпқой суретшiлерде қызығушылық танытады, оның өзiндiк себебi бар. Бұдан жалпы бейнелеу өнерiнiң оның iшiнде балалар суреттерiнiң өмiрдегi алатын орнының ерекше екенiн түсiнуге болады. Ресейдiң өзiнде балалардың суретiне деген көзқарас ерекше. Бала суретін зерттеуге арналған екi ғылыми зерттеу зертханасы Кеңес одағы кезiнен бастап, әлi күнге дейiн жұмыс iстеп келеді. Бірінші зертхананы педагогика ғылымдарының докторы, Ресей бiлiм академиясының академигi В.С.Кузин, екiншiсiн Кеңес одағының халық суретшiсi, академик Б.Неменский басқарады. Зертханаларда балалар суреттерiн зерттеп жүрген атақты ғалымдар мен тәжiрибелi әдiскерлер еңбек етедi. Алға қойған мақсаттары – бәсекелестiк негiзiнде бейнелеу өнерiн оқытуға байланысты жаңа   оқыту әдiстемесiн дайындау, оны ғылыми негiзде дәлелдеп, түрлi оқулықтар, оқу-әдiстемелiк нұсқаулар мен оқу бағдарламаларын құрастыру, арнайы бөлінген мектептерде тәжiрибелер өткiзу арқылы министрлiктiң қолдауымен оқу процесіне қолданысқа енгiзу. Осындай мәселенi қолға алу мақсатында біздің «Жас суретші» зертханамыз жұмыс істеп жатыр.

Бейнелеу өнерi сабағын бастауыш сыныптарда оқытудың өзiндiк ерекшелiктерi бар. Егемендiк алғаннан бастап,   бейнелеу өнерiн орта мектептерде оқытуға  арналып жазылған жаңа буын оқулықтар басылып шықты. Бұл оқулықтардағы  берiлген  тапсырмалардың көпшілігін  балалар   көшiрiп салу жолымен орындайды. Қазіргі таңда біз балалардың өздері ойлап шешім жасай алатын тұлға етіп тәрбиелеуіміз қажет екенін ескеретін болсақ, бұндай тапсырмалар балалардың шығармашылық қабілетін дамытуғак ері әсер береді. Оқушыларға арналған арнайы жұмыс дәптерлерiнде мысалы, затқа қарап салу тапсырмаларын 4 түрлi кезең арқылы  салу және оны қандай бояу түрлерiмен бояу қажет екендiгiн көрсететiн бейнелеу жолдары  ұсынылған. Осы  көрсетiлген тапсырмаларды орындаған оқушылардың жұмыстарына талдау жасау барысында, сыныптағы оқушылардың көпшiлiгi  тапсырмаларды ешқандай ойланбастан, қалай болса солай, сол қалпында көшiре салатынын аңғардық. Бұның негізгі себебi, 4 түрлі кезеңмен салудың жолдарын оқушылар не үшiн қолдану керектiгiн толық түсiнбеуінен. Сурет салу кезінде оқушылар қосымша сызықтарды қолдану арқылы бейнелеуді толық білмейді. Қосымша сызықтарды қолдану заңдылықтарын балаларға  тек сабақ  жүргiзушi мұғалiм ғана түсiндіре алады, мысалы, тақтаға жаңа тапсырманы орындау жолдарын мұқият түсiндiру барысында. Оқушының сурет салуға қызығушылығын оятуда, кейбiр балаларға дайын суреттен қарап көшiрiп салудың да тигiзетiн пайдасы бар екенін Ресей ғалымдары дәлелдеген.  Көшіріп салу әдісін үнемі қолдануды әдетке айналдырса,  баланың қиялы, ойлауы, еске түсiру процестерi және жеке даралық қабiлеттерi дамымай тежелiп қалатын көрінеді. Белгiлi балалар суреттерiн зерттеушi  орыс психологы Е.И.Игнатьев балалардың көшiрiп салуға дағдылануын зерттеу нәтижесінде мынадай қортындыға келген. «Егерде орта мектепте балаларға сурет салуды үйрету  тек  көшiрiп салу жолымен жүргiзілетiн болса, онда  балалардың жалпы қабiлетi бастапқы мектепке келгендегi деңгейiнде қалып, жоғары  көтерiлмейтiнiн анықтаған». /2 /

Бұл жерде басты ескеретiн мәселе, ол бейнелеу өнерi сабағындағы тапсырмаларды орындау, басқа оқитын пәндерге қарағанда шығармашылықпен жүзеге асырылатынын және сабақты жүргізудегі қолданатын   оқыту әдiстемесi айрықша болатынын түсiну. Сурет салуды жетілдіруде маңызды мәселенің бірі, сыныптағы оқушылардың қабiлетiне қарай тапсырма құрастыру, бiз қазiргi оқулықтарда арнайы көркем өнер мектептерiнiң өнерге бейiмi бар балаларына арналған күрделі тапсырмаларын оқулыққа енгіздік, бұдан тапсырмалардың  бірізділігі бұзылды және күрделендiрілдi.  Осындай мәселелердi жаңа оқулық дайындау барысында қайталамас үшiн, авторлар оқу құралындағы тапсырмаларды балалардың жас ерекшелiктерiне байланыстыра білуі қажет. Мектеп мұғалiмi балалардың сурет салу қабiлеттерiнiң ғылыми негiздерiн түсiнiп,  баланың салған суре

123
скачать работу

БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН КӨТЕРУДЕ АРНАЙЫ ҒЫЛЫМИ, ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЗЕРТХАНАНЫҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ