Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН КӨТЕРУДЕ АРНАЙЫ ҒЫЛЫМИ, ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЗЕРТХАНАНЫҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ

тiн бағалау кезiнде оның табиғи мүмкiншiлiгiн ескерiп, әрбiр салған баланың суретiн шығармашылық туынды ретiнде қарауын басты назарда алуы ең негізгі талап болып саналады. Әрбiр сыныпта өтiлетiн бейнелеу өнерi пәнiндегi затқа қарап салу, тақырыпқа байланысты композиция орындау, сәндiк сурет сабақтарында берiлетiн тапсырмалар, бiр-бiрiмен өзара байланыста болуы басты шарт. Осындай талаптарды жоғары деңгейде орындау пән мұғаліміне тікелей байланысты. Қазіргі ұлттық білім беру жүйесіне қойылып отырған мәселелерді айқындау мақсатында сәуір айының соңында Астана қаласында 2008 жылы ашылған эстетикалық бағыттағы түңғыш №61 орта мектепте Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласының Білім басқармасы, Астана қалалық Білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтымен бірлесе отырып «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасы-Қазақстандағы көркем білім беруді жетілдірудің негізі» атты тақырыпта Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өткіздік.

Конференцияны Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Бейнелеу өнері кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Жас суретші» ғылыми, оқу-әдістемелік зертхананың меңгерушісі С.Ә.Аманжолов және №61 орта мектептің директоры, суретші-ұстаз Ұ.Н.Арқабаева ұйымдастырды.

Конференцияға Астана қаласының Білім басқармасының бейнелеу  өнерін оқыту әдістемесінің әдіскері Асаинова Н, Астана қалалық Білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының жетекші маманы Дүйсенбинова Б.С., Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты, З.Ш.Айдарова,  Қазіргі заман мұражайының қызметкері, Бейнелеу өнері және сызу магистрі П.Сүйіндікова, Технология және бизнес колледжінің оқытушысы А. Жантілесова, Бейнелеу өнері кафедрасының  профессоры, ҚР еңбегі сіңген білім қызметкері, ҚСРО және ҚР Суретшілер одағының мүшесі И.Ш.Ачилов, доцент, п.ғ.к. Т.К.Самұратова, аға оқытушылар Г.А.Байтышев, Ш.І.Пірімбаев, Астана қаласының №63 орта мектебінің бейнелеу өнері, сызу және технология сабақтарының мұғалімі А.Х.Байделдинов,  Астана қаласының №37 орта мектебінің бейнелеу өнері, сызу және технология сабақтарының мұғалімі Қ.Әбжаппаров, № 61 орта мектептің мұғалімдері: Е.К.Түсіпханов, М.М.Ахметжанов, Л.И.Малгаджарова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Бейнелеу өнері және сызу мамандығының 2 курс магистранты Ұ.Мамбетова, 1 курс магистранттары  Амандық Т., Якубова М. және Бейнелеу өнері және сызу мамандығының 1 курс студенттері Габбасова С., Жумагереев А., О.Есентай, 2 курс студенттері К.Буянжорғал, Д.Рамазанова, Е.Жолдас, Самосеевич М., А.Адай, 3 курс студенттері: С.,Әбілқайыр, Мухажанов Б., Г.Сымағұл, 4 курс студенттері: Жалын Буырхан, Ахметжанова А., Касимова К., және 6,8,10 сынып оқушылары қатысты. Конференцияның ерекшелігі сол, бұнда алғаш рет ғалымдар, мектеп ұстаздары, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушылары бір деңгейде қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді және Кеңес одағынан келе жатырған қалыптасып қалған әдет, мінбеге шығып ешкімге қажетсіз тақырыпта баяндама жасап, жұрттың ұйқысын келтіретін дәстүр өзгертілді. Конференцияда орта мектептердің ұстаздары қолданып жүрген  авторлық оқытудың жаңа  технологиялары, білім сапасын көтеруге байланысты ғалымдардың пікірлері кеңінен тыңдалды. Ғалымдар қазіргі білім беру саласына қойылып отырған талаптарға байланысты мәселелердің ғылыми негіздеріне тоқталса, мектеп ұстаздары оқу процесін ұйымдастырудағы жаңа бағыттары мен бейнелеу өнері, сызу, технология және дизайн мұғалімдерін дайындау қажеттігі туралы ойларын ортаға салды. Магистранттардың көтерген ойлары негізінен бейнелеу өнерін оқытудың жаңа педагогикалық технологияларына, қазіргі технология, дизайн сабақтарын өткізуде бейнелеу өнері сабағының мұғалімдеріне қойылатын талаптарға байланысты болды. Студенттер қазіргі мектепте өтілетін үздіксіз практикаларды ұйымдастырудың тиімді жолдары жайлы сөз көтерді. Мектеп оқушылары болса, жоғары сыныптарда бейнелеу өнерін оқытуды жалғастыру қажет екендігі жайлы ойларымен бөлісті.

Конференция соңында студенттер мен мектеп оқушыларының шығармашылық көрмесі ашылды, «Жас суретші» ғылыми, оқу-әдістемелік зертхананың жоспары және орындайтын жұмысымен және сол мектепте жұмыс істеп жатырған кәсіби суретші Г.Телғозиеваның жеке шеберханасымен, сурет, кескіндеме, мүсін үйірмелеріне арналған шеберханалармен  танысты. Конференцияда көтерілген мәселелер бойынша қаулы қабылданды. Қатысқан ғалымдар мен оқытушылар бейнелеу өнеріне байланысты осындай конференцияны дәстүрлі түрде өткізіп тұруға осы білім ордасын  ұсынды.

Орта мектептегi бейнелеу өнерi пәнiнiң мұғалiмi, әсіресе ұлттық мектептің мұғалімі өте жауапты және маңызды міндеттерді атқарушы. Пән мұғалiмi сурет салуды үйретумен қатар, халқымыздың ұлттық  шығармашылық туындыларын талдай бiлудi, сол арқылы балалардың көркемдiк талғамын, ұлтжандылық сезімін қалыптастырады. Күндегi өмiрде ұлттық өнеріміздің қол өнер туындыларын қанша тұрып байқап қарағанмен, кейде ересек адамның өзi, сол тамашалап тұрған өнер туындысының мағанасын өз деңгейiнде толық түсiне алмайды. Өнер туындысын түсінудің маңыздылығы неде деген сұрақ тууы мүмкін. Қазiргi уақытта батыс өнеріне деген жастардың қызығушылығы, бейнелеу өнерiнiң неше түрлi бағыттарына еліктеу етек алып отыр, сондықтан өнер туындыларын дұрыс талдай бiле отырып оған баға беру, ол өмiр талабы.

Дамыған 50 елдiң қатарындағы елдермен бiрге iргелi ел болуға, ұлт болып қалуымызға, мемлекеттiк тiлдi, халқымыздың тарихын, мәдениетiн, өнерiн бiлетiн, қазақтың жанын ұға алатын, елiнiң саясатынан хабардар өз саласының бәсекеге төтеп бере алатын нағыз маманын дайындау қазiргi елбасымыздың  өнер, білім салаларына  қойып отырған негізгі талабы. Ендеше осы қойылып отырған міндеттерді шешуде балаларды өнермен сусындататын бейнелеу өнерi пәнi мұғалiмдерiнiң ғылыми, оқу-әдістемелік бiлiмі мен кәсiптiк деңгейлерi өте жоғары  болуы басты шарт. Міне осы талаптарды атқаруда «Жас суретші» зертханасы айтарлықтай өз үлесін қосады деп ойлаймын, әрине оған барлығымыз жұмылып қызмет істеуіміз қажет.

 

Қолданылған әдебиеттер

  1. С.Ә.Аманжолов. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі. ЕҰУ, -2010. 320б.
  2. Игнатьев Е.И. Психологияи зобразительной деятельности детей. М.-1961

 

С.Ә. Аманжолов

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, кафедра меңгерушісі,

«Жас Суретші» зертхана меңгерушісі,

педагогика ғылымдарының докторы, профессор

123
скачать работу

БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН КӨТЕРУДЕ АРНАЙЫ ҒЫЛЫМИ, ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЗЕРТХАНАНЫҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ