Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Білiм беру және тiл оқыту салаларында тiлдiк даму

қарым-қатынас құралы ретінде ұтымды пайдаланудың тәсілдерін игеруге толық әдістемелік жағдай жасау, «Тіл туралы Заңды» бұлжытпай орындауды талап ету. Осы айтылғанның бәрінен де шығатын қорытынды: оқу орыс тілінде жүретін мектепте қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты – оны мемлекеттік тіл ретінде оқыту.
Егер мемлекеттiк тiлде бiлiм беретiн мектептер саны бiртiндеп өсiп келе жатса, мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiнiң саны азайып барады. Олардың саны 2000 жылы елiмiз бойынша осы тектес ұйымдардың жалпы санының 25%-нен (1158) асқан жоқ. Осылайша, неғұрлым тiлдi қабылдауға бейiм ұрпақ тiлдiк қатынастарды мемлекеттiк реттеу саласынан сырт қалуда.
Республиканың бастауыш және орта кәсiптiк оқу орындарында 200 мамандық, жоғары оқу орындарында 75-тен астам мамандықты оқыту мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi. Қазақ тiлiнде оқыту бөлiмдерiнде оқитын студенттердiң саны 2000 жылы барлығы 32%-тi (85300) құраса, орыс тiлiндегi бөлiмдердегi студенттердiң саны 68%-тi (181000) құрайды. Қазақ тiлiнде оқыту бөлiмдерiнiң жалпы алғанда өсуiне қарамастан, осы тiлде оқытылатын мамандықтар санын көбейтуге назар аудару керек. Мәселен, 1998-1999 оқу жылынан бастап елiмiздiң жоғары және орта арнаулы оқу орындарына «Мемлекеттiк тiлде іс жүргiзу» атты жаңа мамандық енгiзiлдi.                                                                                                     Мемлекеттiк тiлдi оқытуда сабақ жүргiзудiң жаңа жеделдетiп оқыту әдiстемелерiн әзiрлеу, дыбыс-бейне материалдарды, компьютерлiк технологияларды пайдалану нәтижесiнде үлкен мүмкiндiктер көзi ашылуда. Осылайша, бүгiнгi күнi орталық атқарушы органдарда мемлекеттiк тiлде электронды құжат айналымын қамтамасыз ету жөнiнде компьютерлiк бағдарламалар әзiрленiп, орнатылды, сканер арқылы компьютер қарiптерiн тануды, қазақ тiлiнде дұрыс жазылуын тексерудi, мәтiндердi қазақ тiлiнен орыс тiліне, орыс тiлiнен қазақ тiлiне автоматты түрде аударуды қамтамасыз ету жөнiнде бағдарламалар әзiрлендi.
- қазақ тілін оқытудың нақты және тиімді әдістерін жасайтын қазақ
тілі пәні оқытушыларын және мемлекеттік тілде сабақ жүргізетін өзге ұлт өкілдері оқытушыларын моральдық және материалдық тұрғыда көтермелеу;
- орыс тілді топтарда кейбір гуманитарлық пәндерді қазақ тілінде қатар
оқытуды эксперимент түрінде енгізу;
- жыл сайын профессорлар — оқытушылар құрамындағы өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді білуіне байланысты сайыстар өткізу;
- қосымша пәндер есебінен студенттердің қазақ тілін игеру
сағат саны мен мерзімін екі жылға дейін ұзарту;
- өзге ұлт өкілдері студенттері арасында болашақ мамандықтары
бойынша мемлекеттік тілді үздік меңгеру сайыстарын өткізу;
- жоғары оқу орны бағдарламасын игеру үрдісінде мемлекеттік тілді
толық меңгерген жоғарғы курстардағы өзге ұлт өкілдері студенттерін материалды ынталандыру үшін ректордың арнайы шәкіртақысын енгізу;
- студенттер, аспиранттар, магистранттар арасында олардың болашақ
мамандықтары бойынша үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын тілдерін) бірдей игеру деңгейін анықтайтын сайыстар өткізу.

123
скачать работу

Білiм беру және тiл оқыту салаларында тiлдiк даму

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ