Биология сабағы
» — экопрос-вещения ассоциациясы — 100 мин.
Экология. Дәстүрсіз энергетика. «Кварт» киновидеостудиясы — 1 кас, 50 мин.
Табиғат бірлестіктері. «Кварт» киновидеостудиясы — 1 кас.,. 42 мин.
Өсімдік тіршілігі. «Кварт» киновидеостудиясы — 1 кас, 70 мин.
Табиғат құпиялары. «Кварт» киновидеостудиясы — 1 кас, 175 мин.
Қызықты табиғат. «Кварт» киновидеостудиясы — 1 кас, 75 мин.
Өсімдік бірлестіктері.
Жануарлар жауап береді ВВС кино-видеостудиясы – 1.кас…,103 мин.
Экологиялық альманахтар (жинақ). «Кварт» кино-видеостудиясы – 1.кас…, 85 мин.
Экологиялық жүйе. «Кварт» кино-видеостудиясы – 1.кас…, 76 мин.
Биосфералық қорықтар. «ВВС» кино-видеостудиясы – 1.кас…, 55 мин.
Экология. Табиғатты қорғау. «ВВС» кино-видеостудиясы – 1.кас…, 85 мин.
Күйтабақтар. Табиғаттағы құстар дауыстары. Табиғаттағы жануарлар
дауыстары. Экологиядан сабақтар мен сарамандық жұмыстар өткізген кезде жетіспейтін құрал-жабдықтар мен материалдарды биология, химия, физика кабинеттерінен алып қолдануға болады.
1.1 Өсімдіктану курсы бойынша табиғи материалдарды , жасанды мәліметтерді , қордағы , кітаптағы , ғылыми жұмыстарды оқушылардың биология сабағына белсенділігін , қызығушылығын , сүйіспеншілік мәні бар білім беру керек . Өсімдіктер әлемін балдырдан оқу басталады . (құрылыс ерекшеліктері , көбеюі , даму т.б. ) яғни көп жасушалы балдырлар , одан ашық тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктер , дара және қос жарнақты өсімдіктер , одан төменгі сатыдағы өсімдіктер және жоғары сатыдағы өсімдіктер оқушыларға тәрбиелік мәні бар білім береміз . Өсімдіктану курсында тірі табиғат бұрышындағы жинақтамалар бөлімінде әртүрлі табиғи мекек орталарына өсімдіктердің бейнеленуі (орман , шалғындық , дала , өзен , көл , таулар және т.б. )
Мекен ету ортасы ретінде топыраққа экологиялық бейімделуші формалар және өсімдіктердің өмірлік формалары бар.
Өсімдіктердің қорғаныштық бейімделушіліктері (құрылысы , түр-түсі , көбеюі , дамуы , тыныс алу , қоректену т.б.)
Өсімдіктердің мәдени формалары (түрлік сан-алуандық) агрожүйедегі мәдениеттендіру
Өсімдіктердің шөп қоректі жануарлардан қорғанатын аналогиялық мүшелері (арша , таңқурай , итмүрын , бөріқарақат)
Өсімдік бірлестіктері
Қазақстанның және Халықаралық Қызыл кітапқа енген өсімдіктер туралы мәлімет беру
Өсімдіктердің шаруашылықтағы , адам өміріндегі , табиғаттағы мағызы
Міне осы бағытта өсімдіктер курсында тәрбиелік мәні бар білім береміз .
Өсімдік ― табиғат қазынасы , халық байлығы . Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес . Олай дейтін себебіміз , ол тіршілікке қажетті органикалық зат пен оттегінің қайнар көзі , өсімдіктерде түзілген органикалық заттарды бүкіл тірі ағзалар пайдаланады .
Біздің ғаламшардағы өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн тонна
шамасында оттегін бөліп шығарады . Өсімдіктер айналадағы ортаны жақсартады ; ауа райын салқындатып , қатты желге тосқауыл болады ; аптап ыстықты қайтарып , қысқы суықтың ызғарын бәсеңдетеді . Сондықтан да ауыл шаруашылық өсімдіктерін қатты аңызақ желден құрғақшылықтан сақтау үшін және қар тоқтату , жыралар мен тау беткейлеріндегі топырақты бекіту үшін орман алқаптары пайдаланады .
Өсімдіктер топырақта түзде де ерекше маңызды: топырақты қара шірікпен байытады (өсімдіктердің органикалық заттары жануарлар мен ұсақ ағзалардың әсерінен қара шірікке айналады) . Топырақтың құрамы жақсы болуы өсімдіктердің жемістердің молайуына әкеп соғады.
Демек , өсімдік адам үшін азықтың қайнар көзі .
Адамдардың өміріне , тіршілік қажетіне бірден-бір жарамды мәдени өсімдіктер дәнді (бидай , жүгері , күріш , тары , қарақұмық) , майлы (күнбағыс , зығыр , жер жаңғағы ) , талшақты (ақ мақта) , бау-бақша өсімдіктері (орамжапырақ , қызанақ , баклажан , қарбыз , қауын , дақылдар мен жеміс-жидектері (алма , шие , таңқурай , қарақат , грек жаңғағы т. Б. ) болып табылады .
. Қазақстанда 6000-ға жуық дәрілік өсімдіктер өседі екен . Дәрілік өсімдіктер әр түрлі аймақта таралған . Бұл дәрілік өсімдіктер қорғауды талап етеді . Қазақстанда өсімдіктерді және жануарларды қорғауға алған 9 қорық 62 қорықша бар.
1.2 Жанурартану ылғалды препараттарды аквариумдегі жануарларды және акватеррариумдегі жануарларды биология сабақтарында тірі табиғат бұрышындав пайдалану
Биология сабақтарында ылғалды препараттардан К.И. Скрябин ұсынған ГТЖТ әдісі арқалы зерттеу .
Бұл әдіс ғылыми мақсат барысында қолданылады . Онымен жануарлардың тоғышарлары бар барлық мүшелерін тексеруге болады
Мал дәрігерлік жеке тәжірбиеде мүшелерді тексеруде ГТЖТ әдісі көп пайдаланылады . Мысалы: фасиолез бен дикроцелиозын аурулардың қоздырғыштары сорғыш құрттарды балау үшін бауырды тексереді . Оны ет жолдары бойынша тіліп отырып , оның жеке бөліктерінің ішінде физиологиялық кюветкаға салады . Осы уақытта құрттар ертіндіге түсіп , ыдыс түбіне жиналады және олардфы үлкейткіш лупаны пайдалана отырып теріп алады .
Герлихтың модификациясы бойынша асқорыту жүйесін зерттеу . Бұл әдіс күйіс қайыратын малдың стронгилятадаларын нематодаларын іздеп табуға қолайлы . Ол үшін асқазан ұлтабар асқазан кілегейлі қабығынан көптеп қырынды алып , ыдысқа салып , Рингер ертіндісінде бірнеше дүркін жуып-шайып 60 в-ты электро шам астына 4-5 см қою керек . 30 минут өтісімен жұмыр құрттар жылы мен жарықтың әсерінен қырындының үстіне шығып , преполовальды инемен жинап алып , қайта жуып шаю үшін стаканға салады . Остертагиялар мен гемонхтарды жинау үшін ұлтабарды бөліп алып тіліп қандауырдың (скальпелдің) түбі өтпес жағымен кілегейлі қабығынан мол етіп қырынды жинап , көлемі 9-12 см кюветкаға салып , 200 в электро шам астында екі арлық 20 см қояды . Қырынды сыртына жылжып шыққан неиотодтарды жинап физиологиялық ертіндісі бар шыны ыдысқа салады .
Аквариумдегі алғашқы балықтарға келсек майда және ірі балықтарды кездестіреміз . Мысалы: алтын балық , группиялар , жайыншалар , скаляриялар т.б. Бұлар майда балықтар . Осы сияқты аквариумде омыртқасыздар ; кірпікшелі кебісше , гидра , былқылдақденелілерден ; айқұлақ , ұлу , қошқармүйіз ұлу т.б, шаянтәрізділерден ; өзен шаяны , циклоп , дафния т.б, өрмекшітәрізділерден ; қарақұрт , бұзаубас т.б. оқушыларға білім беру үшін пайдаланамыз . Аквариумдегі барлық жануарлар еріген оттегімен тыныс алады және қолдан қореқтенеді . Бұлар жыртқыш жәндіктер . Жануарлардың адам өмірінде үлкен маңызы бар .
Жануарлардың жер жүзінде суда да , құрлықта да , топырақта да тіршілік етеді . Жануарлар қоректеніп ұрпағын өрбітеді .
Бұлардың акватеррариум дегеніде бар . Онда арнайы қосмекенділер кәдімгі құйрықты бақа , тритон , аксолотль , шұбар бақа т.б. Бақаларды жеке бөлек ұстайды . Өйткені бақалар суды тез ластап , басқа жануарлардың өмір сүруіне кедергі жасайды . Қазақстанда бақалардың екі түрі мекендейді . Көпшілігі тропиктік жерлерде (Африка , Австралия ) елдерінде мекендейді .
Мамандандырылған кабинеттерде басқада жануарларды ұстауға болады : тасбақаларды , су жыландарды , атжалмандарды , теңіз шошқаларын , үй қояндарын , құстардан : кептерді , тотықұстарды , шымшықтарды т.б.
Негізінен жануарлар әлемі табиғаттың бөлінбес құрамдас бөлігі . Сондықтан бүкіл халық болып жануарларды қорғау жұмысы ұйымдастырылды . Халықаралық Қызыл кітапқа 1979 жылдан 226түрі 79түр тармақтары , құстардың 181 түрі мен 77 түртармақтары, жорғалаушылардың 98 түрі мен түр тармақтары , қосмекенділердің 40 тармақтары тіркелді .
2. Жаңа технология әдісі бойынша ― Модулдік бағдарламамен оқыту оқушылардың сабаққа деген белсенділігін , қызығушылығын арттырады . Оқытудың молудік технологиясының басты элементінің бірі модулдік бағдарлама . Мұнда оқыту әдістері мен тақырыпты меңгеру жүйелілігі көрсетіледі , яғни модулдік бағдарлама белгілі бір тақырыпты оқып үйренудегі оқушы іс-әрекетінің бағдарламасы . Бұл бағдарлама бірнеше оқу элементтерін қамтиды .
Биология 8-сынып «Қосмекенділер класы » тарауына құрылған модулдік бағдарлама үлгісі .
Оқу эле- Тапсырмалар көрсетілген Тапсырманы орындауға
менттер оқу материалдары берілген ұсыныстар
ОЭ―0 Мақсат: модуль мазмұнын меңгере Сабақтың мақсатын мұқи-
Отырып қосмекенділердің сипаттама — ят оқып шығу
сын , мекен ету ерекшеліктерін анық-
ОЭ―1 Жұмысқа дайындық
1.Оганикалық дүниенің дамуы сызба- Кабинеттегі сызба-нұсқа-
нұсқасына назар аудара отырып , жан- ны пайдалану .
уарлар әлемінің даму сатысын жүйелеу
2. Жұмбаққа назар аудару . Ойланып жауап беру .
3. Осы жұмбақтағы екі жер деген сөз- Қазақ тілінен синонимдік
дің баламасын немесе синониумын сөздерді еске түсіру .
табу .Екі ― қос, жер ― мекен. Демек
сабақтың тақырыбы Қос мекенділер-
класы.
ОЭ―2 Мақсат:қосмекенділер туралы түсінік
алу
Жоспар
1. Мекен ортасы , көптүрлілігі . Мәтінді мұқият тыңдап,
2. қосмекенділер организмінің қажетті жерлерді дәп-
құрылысы терге түсіріп отыру .
3. Тіршілік әрекетінің ерекшеліктері
4. Шығу тегі , көбеюі
5. Табиғаттағы және адам өміріндегі
маңызы .
ОЭ―3 Мақсат: қосмекенділердің ерекшелік-
ліктерін анықтау
1. Салыстыру әдісін пайдаланып , Балықтар класы туралы
қосмекенділердің балықтар класымен білетініңізді пайдалану
ұқсастықтарын айырмашылығын
табу
ОЭ―4 Мақсат: білімді жүйелеу
Графикалық диктант немесе деши-
фратормен жұмыс .
1. Өкпе және тері арқылы тыныс Шартты белгілерді пай-
алады. Даланып, класқа тән бел-
2. Кіші және үлкен қанайналым гілерді теріп жазу.
шеңбері бар.
|