Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Биология сабағы

> 3. Жүрегі екі бөлікті.
4. Жемін жақ сүйектегі өткір
тісімен ұстайды.
5. Алдыңғы миы күшті дамыған
және үлкен жарты шарларда
құралған.
6. Артқы ішек кең, жері -
клоакаға ашылады.
7. Мишығы жақсы жетілген,
Теп-теңдігін басқаруға қатысады.
ОЭ―5 Мақсат:қосымша материалдарды Плакаттағы суретпен та-
пайдалана білу нысу.Физиологиялық
1. Қосмекенділердің көптүрлілігі тәжірбиені сипаттап үй-
2. Ғылымдағы еңбегі. рену.Аңызды мұқият тың-
3. Аңыз Көлбақа неге құйрықсыз дап, қорытынды жасау.Ауа-
4. Қосмекенлер мінез-қылығы. райын бақылап үйрену.
5. Емдік маңызы. Халық медицинасында қол-
данылу жолын түсініп ал-
ыңыздар.
ОЭ―6 Сабақ қорытындысын шығару.
1. Динамикалық модель арқылы Топтық жұмыс.
омыртқалы жануарлар эволюция-
сы кестесін толтыру.
2.Сабақтағы өз жұмыстарын Бағалау

Оқушылардың модулдік бағдарлама сабағын өту арқылы жоғыры деңгейге жетуге болады.

2.1 Биологиядан сабақтарының сапасын көтеру үшін оқушылардың сабаққа қызығушылығын , біліктілігі мен белсенділігін арттырудың негізгі жолдарының бірі ― сабақты түрлендіріп өту. Сондай сабақтардың бірі ― симпозиум сабақ.
Сабаққа төмендегідей мақсаттар қойылды:
1. Білімділік: Оқушылардың мектеп гигенасының денсаулыққа тікелей әсері бар екендігі , пәннің әр түрлі ғылымдармен байланысты.Оған
үлес қосқан ғалымдар және олардың еңбектері туралы түсіндіру
2. Дамытушылық:Оқушылардың гигена туралы алған білімдерін одан әрі тереңдетіп бекіту, сабаққа белсенділігін арттыру мақсатында қосымша материалдарды пайдалануға дағдылану , ойлау қабілетін дамыту
3. Тәрбиелеушілік: Оқушыларды жеке дербес тазалығын сақтай білуге, қоршаған орта тазалығын қорғауға, адамгершілік пен әдіптілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Симпозиум оқушылар педагог, психолог , физиолог , гтнеколог , дермотолог , стомотолог , эпидемиолог мамандары болып дайындалып келеді.Сабақ 3 бөлімнен тұрады.
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі
2. Мамандалардың баяндамаларын тыңдау.
3. Оқушылардың реферат жұмысын қорғауы.
1-бөлім. Симпозиум сабақты мұғадім оқушыларға қазақ халықының дене мен жан саулығына , гигиенаға мән бергендігі туралы мәліметтер беруін бастайды. Мұғалім өз сөзінде төмендегідей мәліметтер беруімен бастайды: Әрбір ұлт өзінің даму тарихында ұлттық дәстүрін , әдет-ғұрып атадан балаға қалдырып , өзінің өсуіне және дамуына жол көрсетіп , көзінің қарашығындай сақтап келеді . Қазақ халқы тазалыққа о бастан үлкен мән берген. Ата-бабамыз көптеген ғасырлар бойы көшіп-қонып жүріп , қиындық көрседе, ұлттық дәстүрін жоғалтпай қайта оны байытып отырады. Мұндай өмір қазақ халықының ғылыммен жақындасып , соның ішінде адамның денесін шынықырып, физиологиясынжәне гигиеналық ережелерін меңгеруге ешбір мүмкіндігі болмады, Соның өзінде халқымыз баланың, жеке бастың тазалығын , қыз бенжігіттің тәрбиесіне үлкен мән берді. Солардың бірі баланың бесікке салуға ерекше назар аударған. Бесік ― ғасырлар бойы атадан балаға мұра болған, сәбидің тазалығын сақтау және денсаулығына қамқорлық жасау тәсілдердің бірі. Жеті атасын білу , текті жердің қызын алу, тағы басқа толып жатқан дәстүрлер дүниеге келер дені сау ұрпақтың денсаулығына екенін білген .
Тазалық денсаулық кепілі , денсаулық ― байлық кепілі – демекші , денсаулық өмірдегі ең баға жетпес байлық . Ал енді осы денсаулықты күту, аурулардың алдын алу , гигиеналық талаптар жайлы мағлұматтар симпозиумға келіп отырған мамандардан білеміз және олар қойылған сұрақтарға жауап береді.
2 -бөлім Маиандардың баяндамаларын тыңдау.
1. Педагог. Мектеп гигиенасының бөлімдері , талаптары және халықтық гигиена жайлы (ораза ұстау, намаз оқу ) баяндама жасайды.
2. Психолог . Көңіл-күйдің бұзылуы , стресс , психоз және т.б. алдын алу шаралары туралы баяндама жасайды.
3. Физиолог . Мектеп жасындағы балалардың физиологиялық ерекшеліктері , ұл мен қыздың жіктелуі жайында баяндама оқиды.
4. Гинеколог. Жыныстық жолмен жұғатын аурулар және жеке бас гигиенасы туралы баяндама жасайды .
5. Дермотолог. Тері гигиенасы және олардың алдын-ала шараларымен таныстырып өтеді.
6.Стомотолог. Ауыз қуысын күту , тіс ауруларын алдын-алу шараларымен таныстырып өтеді .
7. Эпидемиолог. Жұқпалы аурулардың алдын-алу шараларын баяндап өтеді.
Симпозиумға келген оқушылар мамандарға төмендегідей сұрақтар қойды:
1. Педагогқа: Бастауыш сынып оқушылары жазу жазғанда тез шаршайды. Неліктен
2. Психологқа: Псиохлогиялық денсаулыққа әлеуметтік жағдайдың әсері қандай
3. Физиологқа: Жалпақтабандылық қалай пайда болады
4. Дермотологқа: Безеу неден пайда болады
5. Гинекологқа: Неге СПИД ауруының емі табылмайды
6. Стомотологқа: Тісті қандай халықтық медицина әдістерін қолданып емдеуге болады
7. Эпидемиологқа: Нге тұмау ауруы күн салқындағанда көбейіп кетеді
3-бөлім. Оқушылардың реферат жұмыстарын қорғауы:
1. Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигенасы саласында үлес қосқан ғалымдардың еңбектері
2. Денсаулық , тазалық және әдептілік жайлы мақал-мәтелдер , тиым сөздер.

2.2. Биология сабағын ақын-жазушылардың поэзия түрінде оқушылардың белсенділігін оқушылар жаратылыстану пәніне үлес қосқан ақын-жазушыларды атай келіп, ол кісілердің өлең-жырларынан үзінділер оқыды. Оқушылар өз қалауымен ақындардың өлеңдерін таңдап онда қандай ой жатқанын айтады. Негізінен өзіндік жұмыс сабағына негізделген .

Шәкәрім Абай

Сырбай Жамбыл

Ильяс Әбділда

Қадыр Мәриям
Фариза
Мұқағали
Мұхтар Сакен

Ақын-жазушылардың өлең-жырларынан үзінділер.
Талды қиған неткен суық қол еді,
Тоғай тозған… Енді сірә жоқ елі
Бұл өмірге не көрінген, тәңір-ау?!
Бұл өңірде соғыс болған жоқ еді.
…Кәріқұлақ саған айтам налыма
Жүгін өзің ақылыңа арыңа.
Жазда — жайлау, қыста —
қыстау еді ғой,
Титтей тоғай — малыңа да жаныңа.
Сиреп қалған сидам орман шулап тұр,
Қарғыс айтып ойбайлатын жауына.
М. Мақатаев.

Ауру. Індет Сыр бойын алды басып,
Туған жерден үріккен ел жатыр
Қашып. Аралдағы құландар ауып кеткен,
Әлдеқайда үйірінен жүр адасып.
Ә.Тәжібаев.
Мұнаралар теңіз бойлай тігілген,
Күзетшідей тұра қалған іңірде.
Бірін-бірі қуалаған шабақтай,
Миллион жұлдыз жатыр Каспий түбінде.
С.Мәуленов.
Ыстықкөл Жер айнасы мөлтілдейді,
Балқашты қамыс қамап желкілдейді.
Атанған алтын өзені Жітісудің
Балқашқа бауырымдап еңірейді.
Балқаштан өзенді өрлей жүзген балық,
Тұмсығын тас қаққанша еркіндейді.
Бұлқынса анда-санда алабура,
Жетісу желпең қағып селкілдейді.
Ілияс.
Берекесі болса ел, Жағасы жайлау ол бір көл
Жапырағы жайқалып.
Бұлғақтайды соқса жел.
Оның малы өзгеден,
Өзгеше болып өсер төл.
Абай.

Жатырда қанды емізген,
Ауызсыз қорек жегізген,
Туғызып, түзеп өсіріп
Өзіңді -өзім дегізген
Тіршілік сөйтіп таралған
Шәкәрім
Табиғат әсемдіктің төркінісің
Ән салам бір сенің көркің үшін,
Жан-жануар табынып бір өзіңе
Сенен алып тұрғандай бар тынысын.
Ж.Жабаев
«Табиғаттан бабамыз ала берген секілді!
Дархандықты қазаққа дала берген секілді.
Мөлдірліктін көгілдір көлден алған секілді.
Қ. Мырзалиев
Келесі кезекте оқушылар өз шығармашылықтарынан өлеңдер оқыды
Жетісудің табиғатын жер қылған
Салқын самал лептерін ән қылған,
Осы жерде туғандығын мақтан қып
Ілияс баба жан дүниесін арнаған.
Рәпи М.(7-сынып)
Жетісудың дүлділі,
Қазағымның бұлбылы
Жеті қабат жон арқада аруақ бар!
Жамбыл ата!
Ұлтымның сен құндызы.
Төленгентегі А. (5-сынып)
Жаратылыс іліміне үлес қосқан ақындар
Сондықтан да халқына олар жақындар.
Ілияс Шәкәрім, Абай, Мұқағали сынды тұлғалар,
Асылдарды жинап, маржан таққандар.
Табиғатты жаным, қаным дегендер,
Ақындар ғой айбай болған ұрпақтар.
Анаң айтқан бесік жырын, бал шырындай ұйытқан,
Ақын сөзі ақын әні балалар.
Табиғатқа сезімменен қараңдар,
Тылсым сырын іліп, оқып, ұғыңдар
Жаратылыс сан ғажайып құбылыс.
Ақындармен дос боп соны ұғыңдар.
Садуақасова Ж. (8-сынып)

Қорытынды

Қорыта айтатын болсақ, биология сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдістерді қолдануға болады. Биология кабинетіндегі тірі табиғат бұрышындағы жануарлардың, өсімдіктердің диафильмдердің, кинофильмдердің, күй табақтардың ылғалды препараттардың, жинақтамалардың, кепешөптердің т.б. бөлімдерді сабақта пайдаланса, өсімдіктер бөлімі бойынша оқушылардың белсенділігі артады. Жануарлардың аквариумдегі, акватеррариумдегі және басқа да мамандандырылған бөлмелердегі жануарларды пайдаланып, сабақты бекітіп, қорытындылауға болады.
Жаңа технология әдісі бойынша әр әдістің өзіндік ерекшелігі болады. Модульдік технология күннен күнге дамып, келеді. Бұл әдістің бағыт бағдар беру, түсіндіру қорытындылау сияқты мақсаттарды алға тартады.
Симпозиум сабағының қорытындысы заман талабына сай жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, білімді, мейірлі, өзін-өзі тәрбиелей алатын, салауатты өмір салтын мұра тұтқан дара тұлғаларды қалыптастыру.
Ал, поэзиялық сабақ әр ақынның өзіндік ой түйіні ерекше. Біреі эколог, бірі биолог, бірі зоолог, бірі ботаник. Барлық сабақтарды оқыту барысында оқушыларға қызықты белсенділігін арттыратын, тәрбиелік мәні бар білімді тұлғаның ойында қалыптастырып, заман талабына сай азаматты тәрбиелеп шығар.

<
1234
скачать работу

Биология сабағы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ