Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Биосфера мен биота эволюциясының механизмдері

Өйткені, динозаврлардың жойылу кезеңдеріндегі геологиялық қабаттардан Жерде кездеспеген металл – иридий табылған.

 Америкалық зерттеушілер Р.Принн мен Б.Фигли тәжірибе жұмыстарының нәтижесінде кометалар мен астероидтардың Жерге соғылуы кезінде озон қабатын бұзатын азот оксиді NO түзілетінін анықтады. Нәтижесінде катастрофадан кейін біренше минут не сағат ішінде атмосферадағы азот оксидінің концентрациясы 0,1 процентке жететінін дәлелдеді. Азот оксидтері сумен әрекеттесіп азотты қышқыл HNO2 және азот қышқылын HNO 3 түзеді.

 Қышқыл жаңбырлардың әсерінен азот оксидтері молекулаларының Күн сәулесін сіңіруіне байланысты фотосинтез процесі тоқтайды. Оның үстіне топырақтан организмге өте зиянды Be, Hg, Ta және басқа элементтер бөлінеді де, олар су буларымен, ауамен бірге тірі организмдердің тыныс алу органдарын зақымдайды.

Құрлық өсімдіктері жапырақтарын жоғалтып, солып қалады. Мұхиттарға түскен қышқылдар карбонатты қосылыстарды ыдыратып, ауаға СO2 көп бөлінуіне себеп болады. Ал кремнийді қосылыстарға бұл қышқылдар әсер етпейді.

 Бұндай катастрофалардың зардаптары шамамен 1000 жылға дейін созылған.Қорыта айтқанда, қарастырылған кезеңдердің қалдық шөгінділерінде иридийдің мөлшері қалыпты фоннан 100-1000 есе артық екендігі табылған. Иридийден басқа платина тобының элементтері, сол сияқты кварц табылды. Бұл жағдайлар Жердің өте үлкен аспан денелерімен соқтығысқанының дәлелдері болып саналады.

                  

7. Қысқа периодты ауытқулар және антропогенез

 Жоғарыда айтылғандардан басқа 30 млн жыл бұрын жердің тектогенезінде геомагниттік өрістердің инверсиялары мен басқа да құбылыстардың қысқа фазалы процестері байқалды. Олар да өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне, адамдарға әсер етті.

 Қазіргі заманғы түсініктер бойынша адам мен адам тәрізді маймылдар тармақтары бұдан 4.5 млн жыл бұрын бөлінді. Бұл кездегі адамдарға бірнеше рет түрлі факторлар әсерінен пайда болған радиацияның жоғары дозалары әсер етті. Мысалы, бірнеше қайтара Жердің магнит өрісінің инверсиялары мен рифтогенездің қарқындылығының жоғарылауының әсерінен уранның жоғары концентрациялары гидросфераға, одан құрылыққа түсті.

 Бұдан да бұрында айтып кеткеніміздей, геомагниттік өрістің инверсиялары кезінде планетаның магниттік экраны жойылып, Күн мен космостық радиация сәулелері Жердің бетіне еш кедергісіз өтіп биосфераға, әсіресе адамдар организіміне зор қауіп туғызады. Қазіргі кезде, көптеген ғалымдардың пікірінше, мутацияның әсерінен Homo sapіens пайда болған деген жорамал бар.

 Г.Н.Матюшин 2.8 млн жыл бұрын болған геомагниттік өрістің инверсиясының әсерінен австралопитектер адамға (”шебер адам”) айналды, ал 1.8 млн жыл бұрын екінші инверсия әсерінен “тік жүретін адам” пайда болып, 690 мың жыл бұрынғы инверсия нәтижесінде питекантроп пайда болды деп жорамалдайды.

 Соңғы 600 мың жыл ішінде палеомагнитологтар геомагниттік өріс инверсиясының 12 кезеңін анықтады. Бұл кезеңде планетада геологиялық, климаттық және биологиялық өзгерістер болған. П.Олсонның көрсетуі бойынша, геомагниттік өрістің ең төменгі шегі 2700 жыл бұрын болған, олай болса, оның толық циклы 11400 жыл.

 Кестеде инверсиялардың адамның антропологиялық түрінің қалыптасуына әсері көрсетілген. Г.Н.Матюшин 250 мың жыл бұрын болған инверсия сөйлеудің бастапқы түрлеріне ие неандерталдықтардың шығуына себеп болды деп жорамалдайды. Бұл кезеңде Жердің беткі қабатына түскен уранның мөлшері туралы мәліметтер өте аз. С.Г.Неручевтің пікірінше, антропоген кезінде (соңғы 2 млн жыл) уран мен сапропелді органикалық заттардың жинақталу аймақтары рисс-вюрм кезеңі (80 мың жыл бұрын) және голоценде (7-3 мың жыл бұрын) болған.

 

Жердің магниттік әрісінің соңғы 600 мың жылда өзгеруі

                           

 

 Осы кезеңде неандерталдықтардан неоантроп-кроманьондықтар қалыптасқан.Неоантроптың қалыптасуына 60-50 мың жыл бұрын болған геомагниттік өрістің инверсиясы әсер еткен. (Конг-Юоуци анықтағандай). К.П.Сонетт және оның қызметкерлері (1987) мұздықтардағы бериллий – 10 - ды зерттеу нәтижесінде, 60 мың жыл бұрын өте жаңа жұлдыз пайда болып оның жарқылы кезінде космостық бөлшектер ағыны және бериллий-10 мөлшері ұлғайғанын анықтаған. Бериллий - 10 бэта - бөлшектерді шығарып, оның жартылай ыдырау кезеңі 2,5 млн жылға созылған. Кейін бұл изотоп жауын - шашынмен бірге Жердің үстіне түседі.

 

8 Кроманьондықтардың дамуындағы шешуші кезеңдер

 Кроманьондықтардың кеңінен таралуы 45-50 мың жыл бұрын басталған. Осы кезеңде А.Г.Маленков пен И.Е.Ковалевтің пікірінше, адамның даму тізбегінде елеулі өзгерістер болған: қолдың босауы - еңбек ету қабілеті - мидың дамуы - терінің жүнді жабыннан босауы.

 Бұл кезеңде кезекті геомагниттік өріс инверсиясы жүрген. Осы уақыттан бастап адамның гомосапиенттік белгілері көбейіп, оның әрі қарай дамуында елеулі оқиғалар болған: бұған дәлел бола алатын Батыс, Орта және Шығыс Европада, Сібірде, Орта Азияда, Қиыр Шығыста, Африкада, Микронезияда. Табылған сол кездегі адамдардың қолынан шыққан өнер туындылары. Ең ертедегі бейнелеу өнерінің туындылары 40 мың жыл бұрын жасалған (Танзания т.б.)

 Адамдардың дамуының бұдан кейінгі кезеңдерінде геомагниттік өрістің 4 инверсиясы байқалған: 24 мың, 13 мың, 9500 жыл және 5000 жыл бұрын. Оның ең алғашқысы 20-24 мың не 19-31мың жыл аралығында болған болуы мүмкін. К.Л.Сонетт және т.б. мұздықтағы Ве-10 концентрациясының күрт көтерілуі 31 мың жыл бұрын байқалған дейді. Б.М. Владимирский және Л.Д.Кисловский, бұл кезеңде 80 жарық жылы қашықтығында жаңа жұлдыз жарқылы байқалған деп көрсетеді.

 Осы жарқылдың әсерінен геомагниттік өрістің инверсиясы орын алған болуы керек. Биосфера мен адамға геомагниттік өрістің инверсиясы туғызған планетаның магниттік экранын уақытша жойған жұлдыз жарқылы әсер еткен. Дәл осы кезеңде Жер биосферасына магнитосферадан кедергісіз өткен космостық сәулелер де әсер еткен. Осының барлығы неоантроптардың ары қарай жетіліп, палеоантроптардың толық жоғалып кетуіне әкеліп соққан. Антропологиялық мәліметтер бойынша палеоантроптар ми орталықтарының нашар дамуына байланысты әлеуметтік өмірге нашар бейімделген еді. Ал неоантроптар бұларға қарағанда әлдеқайда жоғары дамыған болатын.

 Осы кезеңде өнер саласында үлкен жетістіктер болды. Мысалы, Франциядан табылған “Леспук Венерасы”, Сібірден - адамдар мен жануарлардың мүсіндері, Забайкальеде, және т.б. жерлерде аюдың скульптурасы Европада “сурет галереясы” және т.б. осының дәлелі болып табылады. Олардың жасы 30 мың жыл. Адамдар бұл кезеңде күнтізбек, сүйектен флейта сияқты музыкалық аспаптар жасады, желкен арқылы Күнге, жұлдыздар мен ағыстарға қарап теңіздерді жүзіп өтті, кремнийді шахталар арқылы өндірді және т.б. Дәл осы кезеңде Жердің ең қатты мұздануалдыңғы Азия мен Шри - Ланкада адамдар астық, Перуде - картоп, т.б. өсірумен айналысты. Осы кезде садақ атып, балық аулады, неше түрлі ілгектермен торлар жасады. Алғашқы қалалар пайда болды. Марокконың Эр-Риф таулы аймақтарында 1986 жылы бұдан 10 мың жыл бұрын салынған жер астындағы қала табылды. Ондағы галереялар мен залдардың ұзындығы 35 километрге жеткен.

Геомагниттік өрістің келесі инверсиясы (7-8 мың жыл бұрын) полярлық мұздықтардағы бериллиуым - 10 концентрациясының жоғарылауымен сәйкес келеді; бұл кезде екінші бір жаңа жұлдыздың жарқылы байқалған. Дәл осы жұлдыз шумерлердің жазбаларындағы “екінші Күн” болуы мүмкін. Бұл жазбаларда оңтүстіктегі екі шоқжұлдыздар Парус пен Корма аралығында алып жұлдыз болған. Австралиялық астрономдар аспанның осы бөлігін зерттей отырып, РР- 6835-45 пульсарын анықтады.

Қарастырылып отырған кезеңде Жердің беткі қабаты мен гидросферада уранның концентрациясы жоғарылаған. Барлық осы факторлардың бірлескен әсерінен мезолит неолит пен энеолитке ауысып, алғашқы өркениеттің бастамалары – Кіші Азияда, Таяу Шығыста, Египетте қалалар пайда болуы мүмкін. Адамдар егін, мал шаруашылығымен түбегейлі айналысып, математиканың алғашқы түсініктерін игеріп, медицинада белгілі жетістіктерге жетті.Осы оқиғалардан кейін басталған планетаның сейсмикалық белсенділігі органикалық заттарға бай балдыр құрамында уранның мөлшерінің 4,5 . 10-3 % дейін жоғарылауына себеп болды.

Бұл б.э.д. 5,6-5,1 мың жыл бұрын басталды. Бұл кезең планетаның тарихында голоценнің климаттық оптимумына сәйкес келеді. Климат жұмсарып жылу, ылғал мол болып, адамзат қоғамының материалдық байлықтарының дамуына мүмкіндік жасалды. Алайда осы региондарда тайпалардың варварлық басқыншылықтарының әсерінен халықтардың қоныс аударулары да байқалған. Мысалы, б.э.д. 6-4,5 мың жылдары Палестина мен Египетте, 5-3,5 жылдарда Кипр мен Солтүстік Месопатамияда, т.с.с. нәтижесінде толып жатқан қоныс орындары, бірнеше мың халқы бар қалалар жойылып кеткен. (Чатал - Гююк, Хаджиар, т.б.). Осы сияқты жағдай Ресейдің европалық бөлігіндегі солтүстік батыс жерлерінде қалыптасты. С.Г.Неручев батпақты топырақтарды зерттей отырып, б.э.д. 5-4,5 мың жыл бұрынғы топырақтардың құрамында уранның концентрациясының 2,5. 10-4% дейін көтерілгенін көрсеткен. Бұл оның ойынша осы аймақтардағы халық санының күрт азаюына себеп болған.

Геомагниттік өрістің соңғы инверсиясы (б.э.д. 3,2-2,9 мың жыл) халықтардың кең көлемде қоныс аударуына әкелді. Тур Хейердал, осы кезеңде Африканың батыс жағалауында тұрақтын ежелгі халықтар кемелермен Оңтүстік Америкаға- қазіргі Бразилия жерінде қоныс аударған деп есептейді. Тур Хейердал Май

12345След.
скачать работу

Биосфера мен биота эволюциясының механизмдері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ