Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Биосфера мен биота эволюциясының механизмдері

я халқында 3113 жыл 12 тамызда “жаңа” күнтізбектің негізі болып алынғанына назар аударады. Ол, дәл осы кезеңде бүкіләлемдік катастрофа болған, соның нәтижесінде адамзаттың дамуының жаңа тарихы басталған деп түсіндіреді. Шамамен осы кезеңде Египет, Месопатамия, ертедегі Индия мен Қытайда өркениет пайда болып, қалалар мен пирамидалар салынды, жазу мен әдебиет пайда болды, тас обсерваториялар құрылып мыс дәуірі қола дәуірге алмасқан, т.б. Бұл Мексиканың ертедегі халықтарына да тән болды. Тур Хейердал бұл катастрофаға дейін барлық халықтарға ортақ өркениеттік орталық болған болуы керек дейді.

 Б.э.д. 3113 жылғы катастрофадан кейін сақталып қалған халықтар жаңа жерлерге, атап айтқанда Египет, Месапатамия, Индия, Қытай, Мексика және т.б. қоныстануға мәжбүр болған. Т. Хейердал б.э.д. 3113 жылы 12 тамызды біздің тарихымыздың жыл санағының басы деп қарастыруды ұсынады, себебі, ертедегі грек және рим өркениеттері шумер, египет және крит өркениеттерінен бастау алған.

Жерорта теңізі халықтарына едәуір зиян келтірген б.э.д. 1500 жылғы Санторин вулканының атқылауы болды, соның нәтижесінде атмосфераға 13-18 км3 күл таралып, бүкіл крит – миной өркениеті жойылып кетті. Жердің тектоникалық тіршілігінің белсенділігі (б.э.д.1200 ж.) және рифтогенездің жандануы гидросфера мен жердің беткі қабатында уранның біршама концентрациясының жиналуына байланысты болды. Бұл халықтар миграциясының жаңа толқынын және финикийліктердің Оңтүстік Америкаға қоныс аударуын туғызды. Осы кезеңде тек биосфераның ғана емес, сол сияқты Жерорта теңізі, Қара теңіз жағалаулары мен Ресейдің европалық бөлігінің солтүстік батысында адамзат қоғамының қайта шоғырлануы жүрді. Дәл осы кезеңде Трояны гректер жаулап алды, Таяу шығыста хеттар елі, Үндістанда –Хараппи және Мохенджо - Даро мәдениеттері құлады. Орталық Европада халықтардың қоныс аударуы қайта жанданды.

Сонымен, жоғарыда айтылғандарға қарап отырсақ, геомагниттік өрістің инверсиялары мен уранның концентрацияларының жоғарылау кезеңдерінде биосферада да, адамзат қоғамында да елеулі өзгерістер болған. Бұл, С.Г.Неручевтің пікірінше, адамдардың дене құрылысының түрінің, өзгеруіне де әсерін тигізген. Бұған дәлел Украинада б.э.д. 8-1,5 мыңыншы жылдары өмір сүрген адамдар қалдықтарын зерттеген Т.С.Кондукторованың осы мәліметтері . Б.э.д. 7 мыңыншы жылдан бері қарай адам сүйегінің қаңқасы кішірейе бергені осы зерттеулер барысында анықталды.

Геомагниттік өрістің келесі жаңа инверсиясы шамамен 4000 жылдан соң байқалуы мүмкін. Бірақ бұл жорамал, егер өрістің сипаты сол күйде сақталған жағдайда ғана шындыққа ұласуы мүмкін. Осы бағытта ғалымдар бірталай зерттеу жұмыстар жүргізумен қатар басқа планеталардың магнитөрістерін де зерттеу үстінде. Магнитологтар әртүрлі планетадағы бұндай өзгерістер дамудың әртүрлі стадиясында екенін дәлелдеді. Бірақ басқа планетада тірі организмдер жоқ, сондықтан адамдар мен жануарлар организмдерінде бұл өзгерістер қай бағытта жүретінін басқа планеталар арқылы анықтау мүмкінділігі жоқ деуге де болады.

 

9.Теңіз деңгейінің катастрофалық өзгерістері

Мұхиттар мен теңіздердің деңгейінің көтерілуі - әдетте бірнеше мың жылдықтар бойына жай жүрді. Бұндай өзгерістер климаттық факторлар әсерінен жүреді. Алайда, табиғатта мұхиттар мен теңіз деңгейінің қысқа уақыт ішінде көтерілуіне әсер ететін процестер бар.

Бұл Ай мен Күннің тартылыс күші сол сияқты, жер сілкіну мен вулкан атқылау әсерінен болатын толқынды желдер мен цунами толқындарының әсерінен болады.

Бірақ бұнымен бірге теңіз деңгейінің катастрофалық өзгерістері де байқалады, олар жер осінің өзгеруі нәтижесінде құрлықтың массасының ығысуынан болады, нәтижесінде бір жерлерде мұхиттар мен теңіздердің деңгейі көтеріліп, яғни трансгрессия болса, екінші жерлерде оның төмендеуі, яғни регрессия байқалады.

Теңіз деңгейінің күрт көтерілуі көбіне құрлықты су алу құбылысына (стихиясына) әкеледі. Қара теңіздің соңғы 3000 жылда деңгейінің өзгеруін қарап отырсақ, оның ең төменгі деңгейі б.э.д. VІІІ ғасырмен ІV ғасыр аралығында болып, біздің эрамыздың басына қарай қазіргі деңгейінен 2 метр жоғары болған. Бұдан кейін оның деңгейі 1,2-2 метрге 3 рет төмендеп, 0,5 метрге 2 рет көтерілген.

Атақты гидробиолог б.ғ.д. В.В.Полещук: Қара теңіз деңгейінің ең төменгі кезінде б.э.д. VІІІ- VІІ ғасырда Солтүстік, Балтық және Ақ теңіздері тасып Қара теңізге құйған деп көрсетеді. Нәтижесінде Қара теңіздің деңгейі қазіргі деңгейінен 80 – 100 метрге көтерілген. Бұны В.В.Полещуктың пайымдауынша, су жануарлары дәлелдейді. Қара теңіздің суларында Балтық, Солтүстік, Ақ теңіздерде тіршілік ететін 200-ден аса түрлі организмдер табылған.

Болған катастрофалық су тасқыны туралы Солтүстік пен Оңтүстік халықтары- эстон, фин, шведтерде көптеген мәліметтер бар.

В.В.Полищук су тасқыны Жердің айналу осінің өзгеруіне байланысты болған деп жорамалдайды. Бұл кезде, жоғарыда айтып кеткендей, жер массалары ығысады - бір жерлерде трансгрессия, басқа жерде - регрессия жүреді. И.И.Гудземнің жүргізген есептеулері бойынша, Жердің айналу осі 54’4”-қе бұрылғанда Батыс Сібір ойпатын, Евразияның біраз бөлігі мен Африканың Солтүстік шығыс бөлігін су басады да, Орал таулары, Скандинавия түбегі, Батыс Европа аралға айналады. Айналу осі 27‘2 “- қе өзгергенде, Батыс Сібір ойпатының бір бөлігін су алып, Қара, Каспий, Арал теңіздері қосылып Жерорта теңізі арқылы байланысқан бір бассейнге айналады. Жердің айналу осінің ығысуын В.В.Полищук планетаның тектоникалық белсенділігінің артуынан деп түсіндіреді. П.В.Василиктің пайымдауынша, бұндай құбылыстар Күнді Жер орбитасына жақын орбита бойымен айналып жүрген астероид тәрізді космостық дене әсерінен болады деп жорамалдайды. Құрылық пен теңіздің орын алмасу құбылыстарына дәлел бола алатын Азия мен Солтүстік аралығындағы Берингия деп аталатын көпірдің пайда болуы.

Б.э.д. VІІІ- VІІ ғасырда Солтүстік Америкадан Азияға Алеут аралдарына эскимостардың қоныс аударғаны тарихта белгілі.

Сонымен, теңіз деңгейінің катастрофалық өзгерулері теңіз, өзен, көл биоталарына ғана емес, адамдардың қоныстануына да тікелей әсер етеді, нәтижесінде кейбір аймақтар ұзақ уақытқа бос қалады.

 

10.Магнитті дауылдар және олардың биосфераға әсері

Магнитті дауылдар күн сәулелері ағысы әсерінен пайда болады. Күннің де Жер сияқты магнит өрісі бар. Күннің бетінде магнит өрісінің орташа көрсеткіші 1-2 эрстед, яғни Жер өрісінен 2-4 есе жоғары. Күннің магнит өрісінің қуаты 20-30 эрстед, кейде 3000 эрстедке дейін жетеді. Магниттік өрістің мұндай жоғары қуаты оның сәуле шығару қабілетін төмендетеді.

 Күн дақтарының астындағы температура күшті магнит өрісінің әсерінен 6000 нан 4500К- ге дейін төмендейді. Зерттеушілер бұдан 700 млн жыл бұрын Күн белсенділігінің 11 жылдық циклінің байқалғанын анықтады. Күннің 11 жылдық циклі Жердің биосферадағы, атмосфера, гидросфера, литосферадағы түрлі құбылыстармен байланысты. Бұл кезеңділік планетадағы болған құрғақшылық пен су тасқынымен сәйкес келеді.

Күн мен Жер арасындағы байланыстарды зерттеушілер соңғы онжылдықтардағы алынған мәліметтерді талдай отырып, Жер планетамыз магнит өрістері арқылы өткенде бұл өрістердің оған әсер ететінін анықтады. Совет геофизигі А.И.Оль бірінші болып бұл кезде планетада түрлі құбылыстар байқалатынын көрсетті. Жер магнит өрісінің бір секторынан екіншісіне екі тәулік ішінде өтеді. Жердің магнитосферасы бұл кезде біршама өзгерістерге ұшырайды. Мамандар дәл осы кезеңдерде метеорологиялық факторлар – атмосфераның турбуленттілігі, найзағайлар саны ұлғайып, атмосфералық қысымның өзгеретінін, т.б. байқалатынын анықтады. Мысалы, америкалық зерттеуші Р.Марксон 1969 жылы Жер екі сектордың арасындағы шекарадан өткенде, найзағайдың көбейетінін көрсеткен. 1974 жылы Дж. Уилконс өзінің әріптестерімен бірге, сол сияқты 1977 жылы С.Хейнес пен И. Хамви Жердің жасанды серіктерінің мәліметтері негізінде жоғарыда айтылған кезеңде атмосферада бұлттардың азаятынын байқаған.

Күн белсенділігінің күшеюі, не әлсіреуі кезінде Күнде отты жарқылдар пайда болады. Бұл кезде электромагнитті сәулелер мен энергияның зарядталған бөлшектері түрінде 102 джоульге дейін энергия бөлінеді.

Жарқылдың көлемі 1 млрд мегатонна ядролық жарылыс мөлшеріне тең болады. Пайда болған электромагнитті сәулелер Жер орбитасына 8 минут 20 секундта, ал жоғары энергетикалық плазма бөлшектері – 1-2 тәулікте жетеді. Бұл сәулелердің екеуі де Жердің магнитосферасына әсер етіп, түрлі геофизикалық құбылыстарды туғызады: магнитті желдер, геоэлектрлік өрістердің өзгерістері, атмосфералық қысымның ауытқулары және т.б. Бұл құбылыстардың барлығы жер сілкінулер мен вулкандардың атқылау белсенділігіне әсер етеді.

Магниттік дауылдар жарқылдың жердің ионосферасына және магнитосферасына әсер еткенде және планетаның магниттік секторларды асып өткенде де пай         да болады.

Жоғарыда айтылғаннан адамның және биосфераның даму үрдісі әр кезде ғарыштық және жерлік сипаттағы әртүрлі өзгерістер арқылы бұзылып отырған. Эволюция үрдісіне әртүрлі факторлардың әсер еткендігі жайлы көптеген дәлелдер әлі де пайда болып, табылуда. Адамның және биосфераның эволюциясының проблемасы Жер және Ғарыш жайлы ғылымдардың синтезі кезеңіне өтуде.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Жер планетасы бұдан 4,7 млрд жыл бұрын қалыптасып, оның эволюциясының алғашқы кезеңі атмосфера, гидросфера, литосфераның абиогенді физико-химиялық қалыптасуы мен олардың арасындағы қатынастардың қарқындауы арқылы болды. Вулкандар әсерінен жүретін геологиялық және геохимиялық үрідстер нәтижесінде азот пен көміртегі оксидтері бөлініп шығып, сутегі, метан, аммиак және су буларынан тұратын атмосфераны қалыптастырды.

Би

12345След.
скачать работу

Биосфера мен биота эволюциясының механизмдері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ