Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ботсвана



 Другие рефераты
Бруней Бразилия Босния және Герцеговина Боливия

Ботсвана (Botswana), Ботсвана Республикасы — Оңтүстік Африкада орналасқан мемлекет. Жері — 600,4 мың км2. Халқы — 1,6 млн. (1997). Астанасы — Габороне (139 мың). Ресми тілдері — ағылшын, сетсвана тілдері. Тұрғындары христиан және жергілікті діни нанымдарын ұстанады. Байырғы халқы: тсвана, бушмен, бегуан, хереро, т.б. тайпалар. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы органы — бір палаталы Ұлттық жиналыс. Кеңесші орган ретінде көсемдер палатасы жұмыс істейді. Ботсвана жерінің 80%-ін ойысты келген Калахари шөлі алып жатыр. Климаты субтропиктік. Солт. жағы тропиктік. Жылдық орташа жауын-шашын мөлш. 500 — 600 мм. Жануарлар әлеміне өте бай. Арыстан, қабылан, шибөрі, піл, крокодил, түйеқұс кездеседі. Ботсвана жерінде ертеде бушмендер қоныстанған, кейін оңтүстіктен келген бечуандар оларды ығыстырып шығарды. Елге еуропалықтар 19 ғасырдан бастап келе бастады. 1885 ж. бечуан тайпаларын ағылшындар басып алып, Бечуанланд протекторатын орнатты. 2-дүниежүз. соғыс кезінде қазіргі Ботсвананың 10 мыңдай азаматы ағылшын әскерлері қатарында соғысты. Соғыс аяқталғаннан кейін елде ұлт-азаттық қозғалыс кең өріс алды. 1960 ж. саяси партиялардың құрылуына байланысты тәуелсіздік жолындағы күрес қатты күшейді. 1965 ж. ағылшын үкіметі елге ішкі билігін өзі жүргізуге құқық берді. Ал 1966 ж. Ботсвана Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. 1980 жылдан бері елді Квет Кетумиле Джони Масире басқарып келеді. 1994 ж. сайлауда ол тағы да жеңіске жетті. Ботсвана БҰҰ-ның, Африка бірлігі ұйымының және Британия Достастығының мүшесі болып табылады. Экономикасының 42%-і тау-кен өндірісінен тұрады. Алмас өндіруден дүние жүзінде 3-орын алады. Халықтың 75%-і аesk шаруашылығмен айналысады. 2,8 млн. ірі қара, 2,6 млн. қой өсіріледі, астық өнімдерінен тары, жүгері, бидай егіледі. Экспортқа алмас, түсті металдар шығарылып, сырттан машина, құрал-жабдықтар, тамақ өнімдері әкелінеді. Соңғы жылдары туризм кең қарқынмен дамуда. Негізгі сауда серіктестері: Оңтүстік Африка Республикасы, АҚШ, Ұлыбритания.

Пайдаланылған әдебиет

“Қазақ Энциклопедиясы”, II-том

скачать работу


 Другие рефераты
Земледелие, финансы и торговля в Древнем Египте
Профконсультирование школьников
История формирования научного социально-психологического знания
Понятие и виды субъектов политики


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ