Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бүгінгі поэзиядағы көне Түркілік таным көріністері

мұз елі, Қара суық қалтыратты тізені, 1944-тің күзі еді), өлең мазмұнындағы тағы басқа шумақтардың қайлатанып келуі ақынның айтпақ, жеткізбек болған ойын, өлеңнің идеясын танытуда маңызды орынға ие болып, көркемдік бітімін ерекшелеп тұр. Ақын «Муза елі» атандырған «Қызыларай» колхозы – жан-жүректері сағыныш пен шерге толған отыз алты жесірдің ауылы. Мұңға шомылып ғұмыр кешкен жесірлер арқылы халық тағдырын сөз еткен ақынның поэтикалық иірімдерді, техникалық бітімді шебер меңгеруі, оған үстемеленген шешен тілі өлеңнің ажарын айшықтай түскен.
Өршіл үн, өрекпіген сезім табиғатына тән Серік Ақсұңқарұлы поэзиясы үнемі биікке ұмтылған рухтың, сол рухқа дем беруші жүректің шеңберінде жүреді. Сол жүректің лүпілі, қайғысы мен қуанышы ұлттық ұлы тұлғалармен, ұлттың батыр ұлдарының рухымен бірігіп, өз алдына тұтастай бір көркемдік кеңістікті құрайды. «Махамбеттің монологы», «Арғымақтар», «Император Троянның қылышы туралы хикая», «Имам Шәміл» өлеңдері осыған мысал.
Заман-ай, суық, сұр өңің,
Отқа да, суға саласың.
Кенесарының басын ап, түкті жүрегін
Жүрегіме жерлеп,
Қай жаққа қаңғып барасың? –
деп, заманға нали тіл қатқан ақынның лирикалық қаһарманы халықтың қайғысын жүрегіне дарытқан. «Кенесарының түкті жүрегі» болып бейнеленген ұлттық рух, қасиет пен кие бүгінгі ұрпақтың жүрегінде жүрсе – бұл өткенімізді ұмытпай, ата-бабадан мұра болған рухани құндылықтарды, рухани болмысты сақтағанымыз. Ақынның ақындық мұраты ұлттық рухпен тамырлас екендігінің бір мысалы осы.
Неңді іздеп жүрсің төрткүл дүниені түтіп жеп,
Осынау қырғын-сүргіннен?
...Кеудемде әлі түкті жүрегім лүпілдеп,
Басымды іздеп жүрмін мен.
Ел мен жерді сақтар айбар мен намыстың жоқтаушысы бола алатын тек «түкті жүрек» қана. Өмірге құштарлық ақынның ұлтына деген терең сүйіспеншілік сезімін, биік оптимизмін туындатады. Өршіл рухты жырларымен кешегі Махамбеттермен үндесетін, солардың бүгінгі рухани жаңғыруындай әсер қалдыратын Ақсұңқарұлының жырлары қайғы-қасіреттің өзін өр рух, асқақ пафоспен жырлайды. «Басын» іздеген, яғни рухани бастауын іздеген «Кенесарының түкті жүрегі» кеудесіне жерленген ақынның поэтикалық «мені» мұң мен қасіретке шомыла тұра күрес жолынан танбайды. Осы идея, осы сарын «Кенесарының басы» өлеңінде жалғасын тапқан. Ұлтымыздың жанына батқан ауыр жара Кенесарының өлімі болса, оның басының табылмауы жоғын іздеген қазаққа тағы бір сын болуда. Елінің намысын жоқтап, халықтың кегін қуған Кенесарыдай қаһарманның трагедиялы тағдыры, кесілген бастың ізсіз кетуі жүрегімізге шер, жанымызға шемен болған тарихи оқиға.
Серік Ақсұңқарұлының жырларында ұрпақтар сабақтастығын, уақыт байланысын арқау еткен поэтикалық идея туған дала және оның жыршысының бейнесі арқылы өрнектеледі. «Қарқаралым – қара орманым» атты бөлімде ақынның туған елі мен жері жырға арқау болған. Қарқаралының «қасиетті топырағына еміреніп, Қасым – Музасына» тебірендім. Мен оның тауының әрбір тасына, орманының әрбір бұтағына ғашық едім», – депті ақын осы бөлімге қара сөзбен жазған кіріспесінде. 1997 жылдың тамызында Қарқаралы ормандарының өртенгенін ел біледі. Осы өрт «Өрт менің өзегімді өртеп, жүрегімді қап-қара ғып тастады», – дейді ақын. Ақынның өртенген жүрегі Қарқаралыға арналған өлеңдерінің өн бойынан лүпілдей көрінеді. Қарқаралыдағы өртті ғана емес, қазақ жанындағы дертті де күңірене жырға қосады:
Дегелеңді дерт алды,
Қарқаралыны өрт алды.

Шыңырауда көзі біткен бұлақ – тұл,
Өзегіне өрт кеп түскен құрақ – тұл.
Алматыда
Көшесінде Саиннің
Ұлттық ұят бетін басып,
Жылап тұр.
Қара орман ұлт рухы мен киесінің символдық бейнесіне айналып, өрт те астарлы поэтикалық мән иеленген. Кешегі Мәдидей тағдыр иесі «Атыңнан айналайын Қарқаралы, Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады» деп күңіренткен қазақтың бұл киелі мекенін Серік Ақсұңқарұлы:
Қарқаралы, қайда көктің жасындары, қайтейін,
Сенен бір өрт,
Менен бір дерт басылмады, қайтейін.
Пенделердің көзіндегі құрты болдың, қайтейін,
Салған өрт пен жанған өрттің жұрты болдың, қайтейін.
Ғаламдағы жалғыз пірім, Қарқаралы-ау, қайтейін,
Сенен – бір шер,
Менен – шемен тарқамады-ау, қайтейін...–
деп жырға қосады.
Кезекті қайталау үлгісімен өрілген бұл жолдар сыртқы айшығының әсемдігімен ғана емес, ішкі көркемдік мазмұнының тереңдігімен де ерекше. Ақынның көркемдік ізденісі дәстүрлі пішінді жаңғырта отырып, жаңаша ой айтумен дараланған. Қарқаралысын өрт алғанда жаны шырылдаған ақын:
Қара орманнан бұрын түсіп отқа кеп,
« – О, Тәңірім, өрт басарың жоқ па? – деп,
Сұрап едім, тіл қатпады ол маған,
Тұла бойым – содан бері соқпа дерт.

Шыбын жаным бір тіріліп, бір өлді,
Көкірегімнен көк аспанға жыр өрді, –
деп күңіренеді. Қарқаралы өрті жүрегіне дерт болып көшкен ақынның мына фәниден түңілуі де нанымды:
Қажыдым қара күлден,
Қарау ой, қаралы үннен.
Абайға барамын мен!
Аллаға барамын мен!!!
Әдебиеттегі Ана тақырыбы туралы айтар сөз көп-ақ. Ұлттық көркем әдебиет үлгілерінен мысалдар келтірер болсақ, сөз зергері Ғабит Мүсіреповтің классикалық туындылары абзал ананың ізгілікті болмысын сомдауымен ерекшеленді. Ана тақырыбына жыр арнамаған ақын кемде кем. Бұл тақырып Серік Ақсұңқарұлы поэзиясынан да қомақты орын алған. Кітаптың «Қайран шешем» бөлімінде ана бейнесі ақынның қалам мәнеріне тән ерекшелікпен өрілген.
Кейінгі кезде күстәна,
Боп кеттім неге мұнша мен?
Төбеңнен өткен құстан да
Жүрсің бе жолдап бір сәлем?
Уақыт-ай, зулап ұшқан кеп,
Ұрлайды-ай күнде жамалын.
Сіз жақтан дағы құстар кеп,
Көктемнің берді хабарын.
Өршіл ақын ана туралы жыр толғағанда сыршыл қалыпқа ауысады. Анаға деген перзенттік сағыныш көкте еркін қалықтаған құстардан жолданған сәлемге телінеді. Ананың перзентіне деген ықылас пейілі де әдемі поэтикалық жолдармен өрнектелген:
Менің ішкі дертімді сезеді ме,
Өксіп келіп тығылып өзегіне.
«Өлеңіңді тасташы, – дейтін анам, –
Өгей бола қоймассың өз еліңе...»
Ана туралы сөз Ана тілі, Алаш ана туралы толғамдарға ұласатын тұстар ақынның алымы мен қарымын барынша танытады:
Ана тілім, Алашымның көзі едің,
Өртенеді өзегім...
Үндемейді бесік жырын айт десем,
Өгей шеше – өз елім?!
Ана тіліміздің өгейлік көрген кездері ақын жүрегіне ауыр тиген жайт. Ұлттың рухы мен ділі болып саналатын тіл мәселесін анамен сабақтастыра сөз етуі поэтикалық жағынан қисынды. Тілімізді «ана тілі» деп атауымыздың өзінде үлкен мән бар. Ана перзент үшін қаншалықты қымбат болса, тіл ұлт үшін соншалықты қымбат. Ақын өлеңдеріне осы жайт өзек болған. Ана – тіл – ұлт болып желі тартқан өлеңдер шоғыры ақынды тағы бір қырынан танытқан.
Алаш Анам –
Ғаламның қара нары.
Ит те , құс та жүрегін жаралады, –
деп, ақын ана туралы толғаныстан Алаш туралы толғанысқа қадам баса отырып, ұлтының тағдырына алаң көңілін білдіреді. Өзіне біткен өр мінезбен бір сәт асқақтап кеткен ақын қайта айналып анаға деген перзенттік сағынышын мұңмен толғайды:
Ойрантау ұшар басын бұлт алып кіл,
Шақырар мені өзіне бұрқанып бір.
Қолына шам ұстаған қайран анам,
Жолыма шырағыңнан нұр тамып тұр.
Білдім де көңілімнің күйі неде,
Сүйініп ғұмыр кештім, күйіне де,
Жолыма шырағыңнан нұр тамып тұр,
Қап-қара түнек басқан дүниеде...
Ананың ақ тілегін жолына шырақ еткен ақынның мазасыз жаны енді бірде ұлттың рухани болмысын өлең әлеміне әкеледі. Жыр жинағының «Қабіріңе қоям бес шоқ қара гүл» бөліміне «Қазақ поэзиясының бес кезеңі» туралы кандидаттық диссертацияның жобасы» өлеңдер шоғыры кірген. Ғылыми жұмыс формасына сай етіп, шоғыр өлеңнің сыртқы бітімін, тарау атауларын негізге алып, ақын қызғылықты жаңа ізденіске барған. Шешен тіл мен шебер өрім ақынның айтпақ, жеткізбек ойын барынша танытқан. Ұлт тарихындағы, оның ішінде поэзиямыздың тарихындағы нар тұлғалардың ақындық тағдырын арқау ете отырып, халық тағдырын өрнектеген. Қазақ басынан кешкен қасіретті кезеңдердің халық рухының бейнесіндей болған ақындар жүрегіне жарақаты әсерлі де шынайы поэтикалық толғаммен берілген. Бұл өлең шоғыры «Кіріспе», «1.Ш.Құдайбердиев», «2.М.Жұмабаев», «3.Ж.Молдағалиев», «4.Т.Ысмаилов», «5.К.Мырзабеков», «Ғылыми кеңестегі соңғы сөз» болып жіктелген.
Ел-бесіктен Жер-бесікке ауысқан,
Аруақтар үні қайда қауышқан?
Құдайым-ау, қайда барсам құтылам
Құлағымның түбіндегі дауыстан?!
«Кіріспе» бөлімі осылай басталып:
Қаралы жыр,
Қаралы күн,
Қаралы үн...
Жазыла ма жанымдағы жара бұл?
...Қанша едіңдер?
Қазағымның атынан
Қабіріңе қоям бес шоқ қара гүл... – деген жолдармен аяқталады да, «бірінші бөлім» Шәкәрім Құдайбердиевке арналған. Ұлтымыздың Абайдан кейінгі ірі ақыны, рухани тұлғасы аласапыран заманның зобалаң жылдарында Қарасартов сияқты жендеттің қолынан қазаға ұшырағаны тарихтан белгілі дерек. Бас аяғы бес шумақтан тұратын өлеңде үлкен поэтикалық ой бейнеленген.
Поэзия демін ішке тартып тұр
Жидебайдың тұсында
Дантес – Қарасартовтың
Мылтығының ұшында!
Әдебиеттегі интертекстілік мәселесі әдебиеттану ғылымында қазіргі уақытта басты назарға алынып, зерттелуде. Әдеби дамуда жаңашылдықтың, сол негізде туындайтын жаңа ағымдар м

123
скачать работу

Бүгінгі поэзиядағы көне Түркілік таным көріністері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ