Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бүгінгі поэзиядағы көне Түркілік таным көріністері

ен бағыттардың көрініс беруі заңды нәрсе. Қазіргі әдеби дамудағы постмодернизмді осы бағытта пайымдаған жөн. Бұл жаңа ағым құр мәтінге көңіл аударып қана қоймайды, ол интертекстілік мәселесіне көп назар аударады. Әдебиеттегі әрбір жаңа құбылыс өзінің алдындағы құбылыстардан шығып отыратынын ескерсек, кез-келген шығармаға әсер еткен, үлгі болған өзге туындылар болатынын қалыпты құбылыс деп қабылдаймыз. Әрбір дүниеге келген жаңа туынды мәтіндік негізден келгенде, басқа туынды мәтінінен әсер алады. Осыдан келіп интертекст мәселесі туындайды. Интертекст дегеніміз бір туындыдағы мәтіннің өзге туындыдағы мәтінге негіз болуы, яғни мәтіндердің кірігуі. Әдеби мәтінді көп дауысты құрылым ретінде қарастырғанда, мәтін дегеніміздің өзі мәтіндер мен таңбалардың өрімі, өзге мәтіндердің өзгеріске түскен нұсқасы.
Интертекст мәтін шекарасын кеңейтіп, жаңаша пайымдауға, жүйелеуге жол ашады. Интертекстіліктің негізгі қасиеті оның ішкі болмысының әртектілігі, анықтығы және көпнұсқалығы. Мәтіннің қайнар көздері тек мәтіннен бұрын емес, онан кейін де өмір сүре береді. Бұл тұрғыда кез келген мәтін өзге мәтіндер кеңістігінде жанданып, қосымша мағына тудырады. Сондай-ақ біз сөз етіп отырған интертекстілік семиотикалық жүйе ретінде бүкіл мәдениетті қамтиды. Интертекстілікті осы тұрғыдан пайымдасақ, Пушкиннің дуэльде Дантестің оғынан қазаға ұшырау оқиғасы көптеген әдеби көркем туындыларға сюжет болып енсе, С.Ақсұңқарұлы өлеңіндегі Шәкәрімнің Қарасартов оғынан ажал табуын айту да поэтикалық бейнелеуге негіз болып тұр. Поэтикалық бейнеге айналған Шәкәрім-Поэзия поэтикалық паралелі һәм метафорасы мен Қарасартов-Ажал образымен оппозициялық қарым-қатынаста. Бұл бейнелердің артында ізгілік пен зұлымдық, жақсылық пен жамандық, ең соңында кіршіксіз асқақ Рух пен озбыр да сұм ниет қарама-қайшылығы тұр. Осы көп қабатты көркем ойды ақын ұтымды берген.
Аза тұнған алабым,
Тұманданып санасы.
Қасқыры өліп даланың
Қалды иттің баласы, – делінген жолдармен тамамдалған бұл «тарау» поэтикалық қуаттылығымен дараланып тұр. Екінші «тарау» тағы бір ірі рухани тұлға, ұлт ақыны Мағжан Жұмабаевтың монологы түрінде жырланған. Бұл монологтың көркемдік мазмұнында да интертекстілік тәсілі бар. Кешегі замандағы Біржан мен Азнабай, Поштабай образдары көрініп, Біржан салдың тағдыры мен Мағжан ақын тағдыры ұқсастырылады.
Біржан салға қамшы ала жүгірген,
Қызыл мундир – Поштабайдың үстінде...–
деп түйінделген Мағжан монологы кеңестік саясаттың ұлт жанашырларына, рухани тұлғаларына көрсеткен азабын айқын көрсетеді. «Үшінші тарау» белгілі ақын Ж. Молдағалиевтің күні кешегі Желтоқсан көтерілісінде жазықсыз жапа шеккен ұл-қыздарға араша түсіп, ашынған үнін жеткізген. Т.Ысмаилов, К.Мырзабеков сияқты өмірден ерте кеткен ақындар болмысы да көркем бейнелеулер, астарлы поэтикалық тіркестермен жырланған.
«Төбемнен жауһар жауып тұр» жыр жинағының поэтикалық табысы «Адасқан ұлдың ата жұртқа қайтып оралуы», «О, Тәңірім», «Кең Алла әлі сақтап тұр» т.б. бөлімдерге кіргізілген өлеңдерден де айрықша көрінеді. Елінің азабына күңіреніп, қуанышына шаттанатын ақынның:
Көк Тәңірі Көктен жерге сауып Нұр,
Еділ патша елге келді шауып бір!
Қайда жөнеп барасыңдар ауып бір?!
...Қазақты қайырып түркіге,
Төбемнен жауһар жауып тұр, –
деген толғанысы барынша шынайы шыққан.
Қорыта айтқанда, қазақ поэзиясының бүгінгі өкілдері қатарында өзіндік ақындық болмысымен ерекшеленетін, өлең атты сырлы әлемнің құпиясын танып, қыр-сырын шебер меңгерген шешен тілді Серік Ақсұңқарұлының поэзиясы ұлттық өлеңнің жеткен биігін көрсете аларлық, мазмұны терең, мағынасы салмақты поэтикалық әлем демекпіз.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Ақсұңқарұлы С. Төбемнен жауһар жауып тұр. Алматы, 2007.
2. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. Алматы, 1985.


Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы – бәрінен де сенімді байлық
Ғабиден Мұстафин

123
скачать работу

Бүгінгі поэзиядағы көне Түркілік таным көріністері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ