Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Даражарнақтылар класы

Сонымен бiрге қазақстанда ринопеталюм туысының (ринопеталюм — Rhinopetalum) 2 түрi кездеседi.

Жуалар (луковые — Alliaceae) және iнжугүлдер (ландышевые — Convallariaceae) тұқымдастары

Жуалар тұқымдасының жалпы сипаттамасы. Жуалар тұқымдасында 32 туыс, 750 түр бар. Олар Австралиядан басқа құрлықтардың барлығында кездедi. Түрлерiнiң басым көпшiлiгi солтүстiк ендiктiң қоңыржай климатты аймақтарында өседi. Жуалар тұқымдасының түрлерi алуан түрлi және биiк тау белдеулерiнен бастап теңiз жағалауларына дейiн өседi. Қазақстанда жуа (лук — Allium) деп аталынатын бiр ғана туыс кездеседi. Онда 109 түр бар. Екi түрлi жапырағы болады: түтiк тәрiздi және жалпақ жапырақты. Гүлшоғыры жай шатыр. Ашылмаған гүлшоғырын ақ түстi, жұқа жарғақ жамылғы жауып тұрады.

Кейде гүлшоғырынан ұсақ пиязшықтарды- өнiм бүршiктерiн көремiз. Гүлiнiң құрылысы қарапайым. Қос жынысты, дұрыс гүл. Гүл серiгi қарапайым ол тек 3-тен екi шеңбер түзiп орналасқан 6 күлте жапырақшадан тұрады. Аталықтарының да саны 6, олар да 3-тен  екi шеңбер түзiп орналасады. Бiр- бiрiмен бiрiккен 3 аналығы болады, жемiсi үшбұрышты қауашақ. Жуа гүлiнiң формуласы:  *♂♀ К3+3 А3+3  Ж(3)

Тұқымдастың басты өкiлiнiң бiрi қатпарлы жуа. Қатпарлы жуаның (лук репчатый — Allium cepa)

жапырағы түтiк тәрiздi. Гүл жаратын (шығаратын) сабағын гүлсидам дейдi. Жуаның ащы иiсiнiң болуы оның құрамында эфир майының барлығын көрсетедi (концентрациясы 0,03-0,5%). Одан басқа жуаның құрамында қант (5%-ға дейiн), витаминдер В,С фитонцидтер кездеседi. Бұл түрдiң көптеген сорттары бар, бiрақ жабайы  түрi белгiсiз. Сарымсақтың(лук чеснок – Allium sativum) жапырағы жалпақ, пиязшығы көптеген ұсақ пизшықтардан тұрады. Гүл шоғыры шатыр тәрiздi. Ашылмаған жас шатыршаны ақ түстi жарғақ жамылғы жауып тұрады. Мұндай жамылғының бiр ұшы үшкiр болады. Пиязшықтары және өнiм бүршiктерi арқылы вегетативтiк жолмен көбейедi, құрамында сарымсақ майы болады. Жуалар тұқымдасына жататын өсiмдiктер сонымен бiрге тұқымдары арқылы көбейедi. Сарымсақты Қазақстанда көптеп отырғызады. Порей жуасын (лук порей – Allium porrum) жапырақтары мен сабақтарынын жеуге келетiн түп жағы үшiн отырғызады. Домалақ сарымсақ кей жағдайда күресуге бой бермейтiн арам шөп болып өседi. Тұқымдасқа жуадан басқа да туыстар жатады. Бiрақ олардың ешқайсысы Қазақстанда өспейдi.

Жуалар тұқымдасының көптеген өкiлдерi тамаша гүлдейтiн сәндiк өсiмдiктер. Оларды көкөнiстiк өсiмдiк ретiнде тамаққа пайдаланады. Сонымен бiрге жуалар мен сарымсақтар дәрiлiк өсiмдiктер.

Меруертгүлдер немесе Iнжугүлдер тұқымдасы (ландышевые — Convallariaceae)

Iнжугүлдер тұқымдасының (ландышевые — Convallariaceae) жалпы сипаттамасы. Дүние жүзi бойынша iнжугүлдер тұқымдасының 23 туысы, 230- дай түрлерi бар. Олар негiзiнен солтүстiк жартышардың қоңыржай климатты аймақтарында кездеседi. Әсiресе Гималай тауларында, Шығыс Азияда, Солтүстiк Америкада, Кавказда, Шығыс Сiбiрдiң ормандарында көптеп өседi. Қзақстанда iнжугүлдер тұқымдасының өкiлдерi негiзiнен таулы аймақтарда өседi. Меруертгүл, мамыр iнжугүлi (ландыш майский – Convallaria majalis) деп те аталынады. Ол биiктiгi 15-30 сантиметр болатын көп жылдық шөптесiн өсiмдiк. Жiңiшке ұзын тамырсабағы болады. Жапырақтарының саны екеу (сиректеу үшеу),  олар тамырына жақын орналасады және қынапша тәрiздi жапырақшаларымен  қоршалып тұрады. Жапырақтары ұзын сағақты,  сопақша екi жүйкелi. Жапырақтары сабақты сыртынан түгелiмен жауып тұрады. Сәуiр, мамыр айларында гүлдейдi. Гүл беретiн атпа сабағы ұзын болады және бiржақты орналасқан сирек шашақты гүлшоғырымен аяқталады. Гүлдерiнiң саны әр өсiмдiкте 6-дан 20-ға дейiн болады. Жекелеген гүлдiң сыртқы көрiнiсi қоңырау тәрiздi. Оның төменгi жағында 6 тiсi бар, ақ түстi, жұпар иiстi бiрiккен желектерден тұрады. Гүлi қос жынысты , дұрыс гүл. Гүлсерiгi қарапайым, 6 бiрiккен желектерден тұрады. Аталықтарының саны 6, аналықтары 3 және олар бiрiккен. Гүлнiнiң құрылысын формула түрiнде былай беремiз:

*♀♂ К(3+3) А3+3  Ж(3)

Жемiсi қызғылт- сары түстi, шырынды, шар тәрiздi, үш дәндi жидек. Улы өсiмдiк. Дәрiлiк қасиетi бар. Гүлдерi мен жапырақтары жүрек ауруларына қолданылады. Оларды қайнатып медицинада  тұнбасын пайдаланады. Жаңа жиналған гүлдерiн парфюмерия өндiрiсiнде иiс сулар жасауға пайдаланады. Iнжугүлдi сәндiк өсiмдiк ретiнде саябақтарда отырғызады.

Бұл тұқымдасқа Қазақстан аумағында кездесетiн қырлышөп(купена — Polygonatum) туысының 4 түрi және қоянжем(майник — Majanthemum) туысының бiр ғана түрi жатады. Маңызды түрлерiнiң бiрi кәдiмгi қырлышөп (купена обыкновенная – Polygonatum officinale) көпжылдық шөптесiн өсiмдiк. Жуан тамырсабағы горизонталь бағытта өседi. Сабағы иiлген болады. Биiктiгi 30-70 см шамасында. Гүлдерi ақ түстi, төмен қарап салбырап тұрады. Орманда бұталардың арсында, шалғындарда өседi. Тамырсабағының дәрiлiк қасиетi бар. Жапырақтары мен жемiстерi де сағаққа бекiнген. Құрамында витамин С көп болады. Тамырсабғында алколоидтар, глюкозиттер т.б. бар. Сондықта да улы өсiмдiктерге жатады.Гүлiнiң құрылысы iнжугүлдiң гүлiнiң құрылысымен бiрдей. Қоянжем кiшкентай орман өсiмдiгi. Iнжугүлмен қатар гүлдейдi. Ақ түстi ұсақ гүлдерi жұпар иiстi болады. Қос жапырақты қоянжем (майник двулистый – Majanthemum bifolium) тамаша сәндiк өсiмдiк.

Бұлардан басқа диоспорум (Disporum 20 түр), стрептопус (Streptopus 9 түр), клинтония (Clintonia 6 түр), смилацина(Smilacina25 түр) туыстары бар. Бұлардың көпшiлiгi сәндiк өсiмдiктер. Кейбiреулерiнiң жемiсi жеуге келедi. Бiрақ олар Қазақстанда кездеспейдi.

Астық тұқымдасы дара жарнақтылар класына жатады. Онда 7,5-10 мың түр, 700-дей туыс бар. Астық тұқымдасы көп жағдайда шалғындар мен далалы жерлердiң табиғи өсiмдiктер жабыныда басым болады. Тамаққа пайдаланылатын және малазықтық өсiмдiктер ретiнде, олардың халық шаруашылығындағы маңызы аса зор. Астық тұқымдасына негiзiнен көп жылдық және бiр жылдық шөптесiн өсiмдiктер жатады. Тропикалық және субтропикалық аймақтарда ағаш тәрiздi формалары да бар. Олар шашақтамырлы, сабақтары буыннан және буын аралықтарынан тұратын өсiмдiктер. Астық  тұқымдасының сабақтары буын аралығының түп жағындғы клеткалардың бөлiнуiнiң нәтижесiнде ұзарып өседi. Астық тұқымдасына жататын өсiмдiктердi тығыз түптенген,  сирек түптенген және тамырсабақты деп топтастырады.

Бiрқатар астық тұқымдасының – бидай(пшеница — Triticum), қарабидай(рожь — Secale), атқонақ(тимофеевна — Phleum) сабағының буын аралығының iшкi қуыс, ал буындары ұлпалармен толтырылған. Мұндай сабақты сабан деп айтады. Ал кейбiр астық тұқымдасына жататын өсiмдiктердiң (жүгерiнiң, борыққамыстың) буынаралықтары ұлпалармен толтырылған.

Жабайы астық тұқымдастар

Астық тұқымдасының жапырақтары кезектесiп орналасады, параллель жүйкеленедi және олардың қынапшасы болады. Қынапша дегенiмiз- жапырақтың түтiк тәрiздi кеңейген түп жағы. Қынапша сабақты буыннан жоғарырақ орап тұрады, одан жапырақ кетедi. Астық тұқымдасында қынапша буынаралығының төменгi бөлiгiн жауып, бөлiнетiн жас клеткаларды қорғап тұрады. Астық тұқымдасы басқа тұқымдастарға жататын өсiмдiктерден осы ерекшелiгiмен ажыратылады. Жапырақ тақтасының қынапшадан кететiн жерiнде жарғақ тәрiздi өсiндiсi немесе тiлшесi болады. Ол сабақ пен қынапшаның арасына судың өтуiне мүмкiндiк бермейдi. Астық тұқымдасының ұсақ, көрiксiз гүлдерi күрделi масақ және сыпырғы гүлшоғырын түзедi.Астық тұқымдасының барлығының масағының түп жағында, екi масақша қабыршағы болады. Масақшаларындағы гүлдердiң саны, әр түрлi астық тұқымдасында әрқилы. Олардың саны әр масақшада бiреуден бiрнешеуге дейiн болады. Астық тұқымдасының әрбiр гүлiн 2-ден гүл қабыршағы, 2 гүлжарға, 3 аталығы және бiр аналығы болады. Аналығының сыртын қалың түктер каптайды, аузы қостелiмдi, мойны болмайды. Бiр ғана тұқым бүрi болады. Әдетте бұл бұрыс гүлге жатады. Гүлiнiң формуласы:         *♂♀ Т(2)+2 А3  Ж1

Астық тұқымдасының жемiсi – дән. Дәнде жемiс қабы мен тұқым қабы бiрiгiп кетедi. Дәнде эндосперм ұрықты қоршап жатпайды. Эндосперм ұрыққа бүйiр жағынан жанасып, қалқанша деп аталынатын жалғыз тұқым жарнағына тiкелей тиiп тұрады.

Астық тұқымдасының экономикалық жағынан аса маңыздыларына бидай, қарабидай, жүгерi, арпа, күрiш, сұлы, тары жатады.

Бидай туысында (пшеница — Triticum)19 түр бар, олардың тек 4-уi ғана табиғи жағдайда белгiлi, қалғандары мәдени жағдайда өседi. Жел арқылы өздiгiнен және айқас тозаңданатын өсiмдiктер. Масағы жалғыздан, оның 3-тен 7-ге дейiн гүлi болады. Гүлшоғыры — күрделi масақ. Дүниежүзiнiң ауыл шаруашылық өндiрiсiнде негiзiнен нан өнiмдерiн беретiн дақыл, 4 мыңнан астам сорттары белгiлi.

Қарабидай туысы (рожь — Secale). Қарабидайдың қоңыржай климатты аймақтарда, әсiресе солтүстiк ендiктiң таулы аудандарында кең таралған 8 түрi бар. Жабайы қарабидайдың (дикая рожь – Secale sylvestre) ареалы кең – Кавказда, Батыс Сiбiрде, Орта Азияда кездеседi. Жабайы қарабидай көп жылдық және бiр жылдық шөптесiн өсiмдiк. Гүлшоғыры күрделi масақ. Масақтың осiнде көптеген екi гүлдi масақшалар орналасады. Гүлдiң төменгi қабыршағының қылтығы болады, дәнiнiң сыртын түктер қаптап тұрады.

Мәдени қарабидайда(рожь посевная — Secale cereale) күрделi масағының әрбiр масақшасында 2 жақсы жетiлген , 1 толық жетiлмеген гүлi болады. Қарабидай – желмен тозаңданатын өсiмдiк. Оның дәнi әрi жiңiшке, әрi ұзын. Қарабидайдың дәнiнен алынған ұнның түсi қоңыр. Одан қрабидай нанын пiсiредi.

Арпа туысында(ячмень — Hordeum) 26 түр бар, оның 12-сi Қазақстанда кездеседi.

Арпаның гүлшоғыры – күрделi масақ. Масақ осiнде бiр г

123
скачать работу

Даражарнақтылар класы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ