Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Даражарнақтылар класы

үлдi 3 масақша  орналасады. Арпа гүлдеген кезде өздiгiнен тозаңданады, айқас тозаңдануы да мүмкiн. Арпа – ерте пiсетiн дәндi дақыл. Оның дәнегiнен арпа жармасын дайындайды және сыра ашытады. Мал азығы ретiнде де пайдалы дақыл арпамен  жылқыны, iрi қараны, шошқаны және құстарды семiртедi.

Сұлы туысының(овес — Avena) 33-тей түрi бар. Қазақстанда  7 түрi кездеседi. Шашыраңқы болып келетiн гүлшоғыры сыпырғы деп аталды. Сыпырғының бұтақшаларында  масақшалар орналасқан, олардың әрқайсысында 2-4 гүл бар. Сұлы- суыққа төзiмдi дақыл. Мәдени жағдайда егiстiк сұлыны (овес посевной – Avena sativa) орталық және солтүстiк аудандарында құнды жарма алынатын және малазықтық өсiмдiк ретiнде себедi.

Тары туысы(просо — Panicum). Тропикалық және субтропикалық  зоналарда көп таралған және қоңыржай климатты аймақтарда өсетiн 400-дей түрi бар. Жарма беретiн дақыл ретiнде себiледi.

Күрiш туысының(рис — Oryza) Азияда, Африкада, Австралияда, Оңтүстiк Америкада таралған 24 түрi бар. Бiр гүлдi масақшалары сыпырғы тәрiздi  гүлшоғырына жиналған. Масақшаның гүлiнiң 4 қабыршағы, 6 аталығы, 1 аналығы болады. Күрiштiң екi түрi мәдени жағдайға ендiрiлген және көп жерде себiледi. Олардың ең маңызыдысы – екпе күрiш (рис посевной – Oryza sativa). Бiздiң елде күрiш бидайдан кейiн екiншi орын алады. Ол Орталық, Оңтүстiк –Шығыс және Кiндiк Азияда негiзгi астық өнiмдерiн беретiн дақыл. Қазiргi кезде дүниежүзi бойынша күрiштiң  2 мыңнан астам сорттары белгiлi. Гүлiнiң формуласы:  ♂♀ Гс2 А3+3 Ж(3)

Жүгерi туысы (кукуруза — Zea). Бiр үйлi өсiмдiк, гүлдерi және гүлшоғыры әр түрлi жынысты. Агрегатты, сыпырғы тәрiздi гүлшоғырында екi гүлдi аталық масақшалары орналасқан. Екi гүлдi масақшаның әр гүлiнде үш- үштен аталығы болады. Аналық гүлдерi собық деп аталатын күрделi гүлшоғырына жиналады. Собық жапырақтың  қолтығында орналасып, түрi өзгерген жапырақтардан тұратын жамылғымен оралып қапталған. Аналықтың жатыны дөңгелек, мойны жiбек жiп тәрiздi сусылдаған ұзын, аузы қос телiмдi. Өсiмдiкте собық пайда болып, оның жамылғысынан шашақтанып, аналықтың аузы көрiнгенше тозаң пiсiп кетедi. Сондықтан жүгерiде өздiгiнен тозаңдану мүлдем жоқ десе де болады. Тозаң аналықтың аузына жел арқылы жақын өскен өсiмдiктердiң бiрiнен келiп түседi. Шыққан жерi – Мексика.

Жүгерi – жылу сүйгiш өсiмдiк. Оның тамыры ауаның жеткiлiктi мөлшерде келiп тұрғанын қажет етедi. Сондықтан жүгерiнi себуден бұрын топырақты тиянақты түрде өңдеуден өткiзiп, оны жаз бойы қопсытып отырады. Жүгерi жарықты қажет етедi, сондықтанда оны қатар- қатар, бiр- бiрiнен қашықтау себедi. Бiршама құрғақшылыққа төзiмдi, бiрақ күнiне әрбiр өсiмдiк 1 литрдей су қажет етедi. Жүгерiнi суық ұрғанға, (үсiк жүргенге) дейiн жинап алады, өйткенi пiсiп жетiлген өсiмдiк -1ºС өзiнде оңай зақымданады.

Туыстың кең тараған түрi кәдiмгi жүгерi(кукуруза обыкновенная – Zea mays). Жүгерi – биiктiгi 2-3 метр кейде одан да биiктеу болатын бiр жылдық шөптесiн өсiмдiк.

Ол тек мәдени жағдайда ғана белгiлi. Еуропаға Оңтүстiк Америкадан 1493 ж. әкелiнеген, Ресейде оны XVII ғасырда себе бастаған. Тағамдық, малазықтық және техникалық өсiдiк ретiнде маңызы аса зор.

Қоңыржай климатты аудандарда жүгерiнiң көптеген сорттарының дәндерi пiсiп үлгермейдi. Сондықтанда Солтүстiк аудандарда жүгерiнi сүрлем үшiн өсiредi. Қазақстанда жүгерi тамақ өнiмдерiне қажеттi және малға азық болатын аса құнды дақыл, әрi өндiрiске қажеттi шикiзат.

Борыққамыс туысы(сахарный тростник — Saccharum). Жер шарының екi бөлiгiнiң де тропикалық және субтропикалық аймақтарында кең тараған 15 түрi бар. Сабақтарында 15-20% дейiн қант болады. Сондықтанда бұл өсiмдiктi қант, ром, спирт алу үшiн өсiредi.

Қоңырбас туысы(мятлик — Poa). 200-дей түрi бар. Қазақстанда 32 түрi кездеседi. Олардың кейбiреулерi космополиттер*. Мал азығы ретiнде құнды өсiмдiктер. Сондықтан ерекше құндыларын мәдени жағдайда өсiредi.

Бидайық туысының(пырей — Agropyron) 70-тей түрi бар. Қазақстанда 44 түрi кездеседi. Күрделi масақтың өсiне жалпақ жағымен 3-тен 13-ке дейiн гүлi бар масақша орналасқан. Жатаған бидайық (пырей ползучий — Agropyron repens) деген түрi егiстiкке зиянды арамшөп, оның гүлшоғыры тiк өсетiн жекелеген күрделi масақтан тұрады.

Шалғын атқонағы (тимофеевка луговая – Рhleum pratense). Тамырсабағы қысқа болып келетiн көп жылдық шөптесiң өсiмдiк. Гүл шоғыры жүгерiнiң аталық гүлоғыры секiлдi өсiмдiктiң сабағының жоғарғы бөлiгiнде тoп болып орналасады. Мұндай гүл шоғыры сұлтан деп аталады. Малазығы ретiнде ең құнды өсiмдiктердiң бiрi, көп жағдайда оны бедемен (клевер — Trifolium) араластырып себедi.

Осы жоғарыда келтiрiлгендерден басқа астық тұқымдасына жабайы өсiмдiктерден бетеге (овсяница — Festuca), арпабас (костер — Bromus), ажырық (прибрежница — Aeluropus), қау (ковыль — Stipa), қамыс (тростник — Phragmites), қияқ (волоснец — Elumas), мортық (мортук — Eremopyrum) туыстарының өкiлдерi, т.б. жатады.

123
скачать работу

Даражарнақтылар класы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ