Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Дайын өнімнің мәні және негізгі түсінігі

німді есептеу мен оның қозғалысын  ұйымдастырудың міндетті алғышарты болып табылатын номенклатураны жобалау жолымен жасалады.

Номенклатура деп кәсіпорынмен немесе біртекті кәсіпорындар тобымен өндірілетін өнім түрінің қолданыстағы белгілеу жүйесіне сай өлшем бірлігі бар жүйелендірілген тізімі аталады. Номенклатураның әр позициясына номенклатуралық номер беріледі, ол оның коды болып табылады. Кодтағы белгілер саны минимальды болу қажет, бірақ өндірілетін өнімнің барлық тізіміндегі белгілерді қамту үшін жеткілікті болу қажет.

Өнімнің осындай түрде жасалған номенклатуралық тізімі әрбір номенклатуралық позицияның коды мен сөзбен жазылған түсініктемесінің арасындағы байланысты орнататын ақпараты бар анықтамалық материал болып табылады.

Есепті жеңілдету мақсатында бір номенклатуралық номерге бағасы бірдей немесе бір-біріне жақын бірнеше өнімдердің размерін, сорттарын немесе түрлерін бекітеді, осылайша номенклатураны бекітеді. Бірақта есеп мәліметтерінің ақпараттылығын көтеруін және бақылауын жақсарту мақсатында номенклатураның жайылған түрі тартымдырақ болады.

Көптеген бухгалтериялар есептеу бағасы ретінде кәсіпорынның көтерме бағасын қолдануды қалайды (айналымнан салықсыз) немесе бөлшектеу бағасын қолданады, егер соңғысы болса. Есептеу бағасы үшін өнімнің орташа жылдық жоспарлы өндірістік өзіндік құнын қабылдайтын бухгалтерия бар кәсіпорындарда аз емес.

Нығайтылған топтық ассортименті бойынша кәсіпорынның бухгалтериясы жүргізетін өнімнің талдамалық есебі болған жағдайда есептік баға осы топ үшін орташа болып есептеледі және бағалау шамасының нормативті-анықтамалық массиві бойынша жеке дара позиция болады. Дайын өнім есебін ұйымдастырудың алғышарттары нормативті-анықтамалық ақпараттың бар болуы ғана емес, сонымен қатар осыған барлық қызығушылығы бар тұлғалардың қол жетуін қамтамасыз етуі екенін ескеру қажет. Көптеген көздер бойынша бөлінген бұл ақпаратты рационалды ұйымдастыру қажет, олардың әрбірі белгілі пайдаланушыға қажетті нақты мәліметтерді массивте біріктіреді.

Материалды-жауапты тұлғалар номенклатуралық парақ ұстау қажет, онда барлық өнімнің түрі, өнімнің позициялық коды, өлшеу бірлігі және есептеу бағасы болады. Нақты осы деректемелерді материалды-жауапты тұлғалар өнімнің қозғалысын көрсететін басқы құжаттарды толтырғанда белгілеу міндетті.

Жедел жұмыс жасау үшін өткізу бөлімінің қызметкерлері дәл осындай номенклатуралық парақты қажетсінеді, бірақ онда сату бағасы көрсетіледі және де сол бағалар прейскуранттың позициясы мен номеріне сілтейді, олар сатып алушыларға берген шоттарда белгіленеді. Сонымен қатар, оларға сатып алушылардың, келісім-шарттардың коды бойынша дифференциалды өнімдердің жеткізуі бойынша кәсіпорынның міндеттері мен жоспарлық тапсырмалары туралы анықтамалық құжаттың мәліметтері керек.

Пайдаланушылардың мүдделеріне сай нормативті-анықтамалық ақпаратты ұйымдастырудың рационалды әдістері арнайы әдебиеттерде экономикалық ақпаратты механикалық өндеуді жобалау және басқаруды автоматизацилау жүйесімен байланыста қарастырады. Бірақ бұл әдістердің негізгі идеяларын өнім және оның қозғалысы туралы жоспарлық және есептік ақпараттар компьютерлендірілмесе де қолдануға болады.

Дайын өнім туралы ақпаратты компьютерлік өндеу жағдайында алғышарттары техникалық тасымалдаушыларға нормативті-анықтамалық мәліметтерді салу болып табылады, оларды ыңғайлы тәртіппен ұйымдастыру және өзгерістер және толықтырулар қажет болған жағдайларда уақытылы жаңартып отыру жүйесін жасау.

 

1.4       Дайын өнім аудиті

 

Дайын өнім аудитінің басты міндеті - оларды есептеудің дұрыс жүргізілуі, олардың сақталу орындарындағы бар болуы мен қозғалысы туралы нақты мәліметтер алу, сақталуын қамтамасыз ету және қабылданған нормативтерге сай болуын қамтамасыз ету болып табылады.

Жүргізу толықтығына қарай аудит кешенді, функцоналды және локальді болады. Аудит түрлерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Функционалды аудит әр түрлі сатыдағы процесс, цикл және шаруашылық іс-қызметі түрлері бойынша белгілі бір басқару функцияларын атқару жағдайын мақсатты түрде бақылау түсіндіріледі. Операциялық аудиттің осы түрінің маңызды сипаттамалары арасында ең алдымен зерттеудің тереңдігі мен аудиторлардың бизнесті басқарудағы әр түрлі функциялары бойынша еңбекке мамандану мүмкіндігін атап айтқан жөн. Функционалды аудит шеңберінде менеджмент, маркетинг, қаржы, бухгалтерлік есеп, әкономикалық талдау, еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды басқару жағдайын ішкі шаруашылық бақылау функцияларын орындауды тексеру жасалады.

Функционалды аудит өндірістік ресурстарды қолдану мен процестерді, сатылы және циклдерді қалыптастыру бойынша жүргізіле алады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтау, өндірістік және қаржылық іс-қызметінде өндірістік ресурстарды басқару функцияларын орындаудың іс жүзіндегі нақты жағдайын зерттеудің кешенді тәсілі ең пайдалы болыптабылады.

Тауарлы-материалдық қорларға (ТМҚ) сатып алу циклінің функционалдыаудитін қаржылықесеп берудіңмәліметтерін және белгілі бір кезең ішіндегі олардың қозғалысы туралы алғашқы құжаттарды қарастырудан басталады. Бастапқы есепті ұйымдастыруда қабылдауды, құжатта рәсімдеуді, тиеу-тасу жұмыстарын, материалдық ресурстардың қозғалысын, сақталуын және ұтымды қолданылуын бақылау мен орналастыруды тікелей жүзеге асыратын қойма шаруашылығы қызметкерлері маңызды рөл атқарады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сатып алу, өндіріс және дайын өнімді өткізу циклдерінің функционалды аудитінің маңызды кезеңдері мыналар:

Материалдық ресурстармен жабдықтауды ұйымдастыру жағдайын тексеру.

Қалыптасқан  тауарлык-материалдық   қорларды   басқару жүйесін талдау.

Қорлардың жағдайын және олардың қолданылу деңгейін бағалау.

Қойма шаруашылығын ұйымдастырудың жағдайын тексеру.

Тауарлық-материалдық қорлармен жасалатын операцияларды есепте көрсетудің дұрыстығын тексеру.

Қорларды түгендеудің жүйелілігі мен дұрыстығын зертгеу.

Тауарлық-материалдық құндылықтарды қолдануды ішкі бақылау жағдайын бағалау.

Жабдықтау-дайындау іс-қызметі есебін, басқаруды және талдауды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Тауарлық-материалдық қорларды құру мен сақтау белгілі бір шығындарға кездеседі. Шынында, Қазақстанның кен өндіру өнеркәсібінде жабдықтау-дайындау іс-қызметіне қатысты шығындардың жалпы сомасы оларға жасалған материалдық ресурстар қоры құнының 30%-не жуық болды. Бұдан шығатын қорытынды, шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық кұндылықтарға деген кажеттілігін ең аз шамадағы шығындармен қамтамасыз ету мақсат болып қойылады.

Арнайы әдебиеттерді оқып білу және озық тәжірибені жинақтап қорыту негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарлық-материалдыққорлары есебі мен ішкі бақылау жағдайының функционалды аудитібағдарламасы ұсынылады.

 

Дайын өнімді аудиторлық тексеру бағдарламасы

 

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарлық-материалдық

қорларының құрамдас бөліктерінің бірі - дайын өнім. Оны шығару, сақтау және өткізу дегеннің өзі - субъектінің шаруашылық іс-қызметінің жалпы жиынтық процестерінің жекелеген процесі. Дайын өнімнің жағдайын бағалау тауарлық-материалдық қорды басқарудың функционалды аудиті аясында не болмаса оның іс-әрекетінің жеке циклін іріктемелі тексеру ретінде өткізіледі. Соңғы жағдайда тексеру бәрінен гөрі ішкі бақылау жүйесіне қатысты және ревизия сипатты болады.

Дайын өнімнің қозғалысы жөніндегі есептік мәліметтер негізінде алынған ақпарат қаржылық есептілікті жасау үшін, соның ішінде, кірістер, шығыстар, айналымдық активтер мен басқа маңызды бөлімдер позициялары бойынша негізгі болып табылады. Өнімді өткізу циклінің аудитіне қаржылық есеп берудің де, функционалды аудиттің де міндеттері тән.

Құжаттық мәліметтері ескерілмеген өнімді шығару мен өткізуді анықтау мақсатымен тексере келіп, қайсыбір жалғыз құжатпен шектелуге болмайды. Мұндай фактілер жөніндегі аудиттің қорытындысы оның тұжырымдарын толығымен негіздейтін құжаттық мәліметтердің жиынтығына сүйенуі тиіс. Дәл солайша, тек кәсіпорын қоймасында өзіндік (меншікті) өндірістің дайын өнімінің артық болуы туралы мәліметтер де жеткіліксіз. Дегенмен бұл барлық өнімнің ескерілмегенін айғақтай алады.

Тексеру материалдарында ескерілмеген дайын өнімнің шығарылуы мен өткізілуін дәлелдейтін, соның ішінде, материалдық құндылықтардың ескерілмеген артықтары, көмекші материалдардың, шығарылған өнімнің есептелген санына қарағанда артық шығуы үшін, жұмысшыларға еңбекақы төлеу фактілері; автоматтық есептегіштердің көрсеткіштері, дайын өнімді тасып шығаруға рұқсат және т.б. бар болуын растайтын басқа да көрсеткіштерді келтіру қажет. Сондықтан аудитор бұл мәселелерді зерттей келе барлық құжаттаманы, бұрынғы тексеру қорытындыларын оқып білуі тиіс және ескерілмеген енімді шығару мен еткізу жағдайлары бар екендігі немесе жоқтығы туралы негіздемелі тұжырым жасау керек.

Шығындар туралы мәліметтердің функционалды аудиті үшін, мысалы тұтас кәсіпорынға қанша материал жүмсалғанын білу жеткіліксіз. Өндірілген өнімге мәнді талдау жасау үшін әрбір цехтағы, учаскедегі, бригададағы, яғни пайда болу орындарында өзгешелікті номенклатура (атаулар тізімі) бойынша материалдар

1234
скачать работу

Дайын өнімнің мәні және негізгі түсінігі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ