Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Дайын өнімнің мәні және негізгі түсінігі

дың шығысы туралы ақпарат қажет. Бұл мақсатқа шығындарды шығыстардың калькуляциялық баптары бойынша жіктеу мен осы шығындардың функционалды аудиті қызмет етеді. Функционалды аудит пен елеулі тапдау тәсілдерінің көмегімен өндірістің мақсатын, орнын анықтап және шығыстарды қатаң бақылауды ұйымдастыруға, олардың азайту резервтерін табуға және тауарлық-материалдық қорларды қолданудың тиімділігін арттыруға болады.

Аудитор дайын өнімді тиеу мен өткізу жағдайын тексеріп, мыналарды анықтауы тиіс:

Дайын өніммен жабдықтауға арналған шарттар жасалған ба және оларды ресімдеу дұрыстығы.

Өнімді тиеуге арнапған кұжаттарды ресімдеудің дұрыстығы.

Тиелген өнімнің бағасын ресімдеудің дұрыстығы.

Банкке тиелген өнім үшін төлем талап-тапсырмасын ұсынудың мерзімділігі.

Егер өнім тікелей  жабдықтаушының қоймасынан босатылатын болса, өнімді босатуға арналған құжаттарды ресімдеудің дұрыстығы.

Дайын өнімді тиеу мен өткізу есебін жүргізудің дұрыстығы.

Өнімді тиеу мен өткізу жөніндегі бухгалтерлік өткізбелерді жасаудың дұрыстығы.

Синтетикалық және аналитикалық есеп жазбаларының 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» және 6010 «өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс» шоттары бойынша сәйкестігі.

Өнімді шетелдік валютамен төлеу үшін экспорттық операцияларды

өткізудің өз ерекшеліктері бар. Валюта бағамының құбылуы бағамдық айырма сомасы пайда болуына әкеледі. Ақшалай қаражаттың түскен уақыты мен ұлттық валютамен өткізу уақытындағы мәмілелік құн баламасы арасында әкспорттық операциялар бойынша бағамдық айырма пайда болады. Осылайша, бағамдық айырмалар не сатып алушылардың борышын арттырады, не болмаса кәсіпорынның кірістері мен шығыстарына тиісінше ықпал етіп, оны азайтады.

Ұтымды бағамдық айырмада мынадай жазу жазылады:

Д-т 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты К-т 6250 «Бағам айырмасынан түсетін табыс».

Теріс бағамдық айырмада:

Д-т 7410 «Бағам айырмасы бойынша шығыстар» шотына К-т 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотына.

Ақпарат функционалды аудит өткенге дейін қасақана бұрмалануы және елеулі ауытқулар болуы мүмкін. Ағымдағы активтердің қозғалысы туралы ақпараттың анықтығына қарама-қарсы тексеру, ішкі бақылау жүйесін, бастапкы құжаттарды, синтетикалық және аналитикалык есеп, қаржылық, статистикалық және жедел есептіліктің тіркелімдерін бағалауды өткізу қажет.

ТМҚ түгендеу мен оның қорытындысын талдау заттарды сатып алу, өнімді өндіру мен өткізу циклдері функционалды аудит кезінде жеке шара болып табылады. Түгендеуді өткізу үшін құрамын кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітілетін түгендеу жұмыс комиссиясы құрылады. Түгендеу басталмас бұрын қойма меңгерушісінен бухгалтерияға материалдық құндылықтардың кірісі мен шығысына арналған барлык құжаттар тапсырылғаны туралы қолхат алынады. Бір материалдарға жауапты адамның қорларды әр түрлі оқшауланған бөлмелерде сақтағанында олар сақталу орындары бойынша дәйектілікпен түгенделеді. Қорлардың бар-жоғы тексерілген соң бөлмеге кіру пломбыланады және комиссия басқа бөлмеге жұмыс істеу үшін көшеді.

Қоймадағы материалдық құндылықтардың нақты бар болуын оларды міндетті түрде қайта есептеу, қайта таразылау және өлшеу жолымен тексереді. Тауарлық-материалдық қорларды түгендеу нәтижелерін, түгендеу тізімдемесіне (актісіне) жеке әрбір атау бойынша кіргізеді. Тізімдеме бір дана болып жасалады. Есепте ескерілмеген материалдық құндылықтар айқындалғанда, комиссия оларды тізімдемеге кіргізуге тиіс. Түгендеу біткен соң тізімдеме салыстырмалы ведомость (тізімдеме) жасалуы үшін бухгалтерияға беріледі. Түгендеу қорытындылары шешім шығаратын түгендеу комиссиясы мәжілісінде қаралады.

Артық шығу сомаларына 1310 «Шикізат және материалдар», 1320 «Дайын өнім», 1330 «Тауарлар» және 1350 «Өзгеде қорлар» шоттары дебеттеліп, 6210 «Активтердің шығуынан түскен табыстар» шоты кредиттеледі, ал кем шығу - Д-т 7210 «Әкімшілік шығыстар» шоты -- К-т 3130 шоты бойынша - бұрын есепке алынған, кем шыққан құндылықтар бойынша ҚҚС сомасы; Д-т 1284 «Басқа да дебиторлық берешек» шоты, К-т 1310 «Шикізат және материалдар», 1320 «Дайын өнім» шоттары бойынша, айыптыға жатқызылатын Д-т 1251 «Есеп астындағы тұлғалардың қысқа мерзімді берешегі» шоты - К-т 1284 «Басқадай дебиторлық берешек» шоты бойынша.

Кәсіпорын қорларының сақталуын қамтамасыз ету мәселелерін қарағанда, өндіріс пен қоймалардағы ескерілмеген шикізат пен материалдардың артық шығуы негізінде, сондай-ақ бұрын пайда болған жасыру, соның ішінде тауарсыз құжаттар бойынша шикізаттар мен материалдарды кіріске алумен байланысты туындаған кем шығуларды жасыру оларды заттай алу, олардан ескерілмеген өнімді өндіру мақсатымен жасалатынын назарда ұстау керек. Шикізаттар мен материалдардың артық шығуы кәсіпорында бұл құндылықтардың әр түрлі сатыдағы қозғалысында: қабылдағанда, сақталғанда, қоймадан цехқа беру-де, өндіріске есептен шығаруда және т.б. пайда болуы мүмкін.

Сонымен қатар өнеркәсіп орындарында тауарлық-материалдық құндылықтардың артық шыққанын заңсыз иемдену мен жасаудың мынадай тәсілдері қолданылады:

Тым арттырылған норма бойынша есептен шығарылған шикізат пен материалдарды қымқыру; шикізат пен  материалдарды өндіріске нақты іс жүзіндегі шығыс бойынша емес, кей жағдайда көтермеленген болып табылатын, бекітілген нормамен белгіленген қажеттіліктер есебіне қарай есептен шығару.

Ескерілген өнім өндірісі үшін қолданылатын және заңсыз иеленген артық шығулар.

Шикізат пен материалдарды өндірісте есептен шығаруда шығыстың орташа нормаларын қолдану.

Өнімді шығаруда техникалық шарттарды бұзу, өте төмен сападағы шикізатты қолдану салдарынан өнім сапасының нашарлауы, бір компоненттерді екіншісімен ауыстыру.

Шикізат пен материалдарды іс жүзіндегі және бар болатындай шығыс нормаларынан асатындай, нақты іс жүзінде орындалмаған жеке технологиялық операцияларды шығынға негізсіз есептен шығару.

Шикізат пен материалдарды жабдықтаушылардан қоймаға қабылдағанда толық кіріске алмау.

Кірістік құжаттарда шикізат пен материалдардың сапалық көрсеткіштерін олардың шынайы іс жүзіндегі мәліметтеріне қарағанда төмендетілуі.

Қабылдау, тиеу, тасымалдау, оларды қоймаға, базаға, аймаққа және теміржол станциясына тасу кезінде тауарлық-материалдық құндылықтардың кем шығуы, сынуы, ағуы және бүлінуіне арналған комерциялық және ішкі актілерді негізсіз жасау.

Жабдықтаушыдан шикізат пен материалдарды ілеспе құжаттарда көрсетілгеннен гөрі көп мөлшерде тасып әкелу немесе құндылықтардың (басқа жақтағы тауарлар) мүлдем құжатсыз ресімделуі.

Ілеспе құжаттарда көрсетілген қалдықтардың орнына жақсы сападағы шикізат пен материалдарды алу.

11.Ыдыстың (тара) салмағын оны өлшеу туралы актіні жасағанда артық жазу.

Материалдарға оның саны немесе салмағын ұлғайту мақсатымен басқа немесе төмен сападағы біртектес зат қосу.

Бір құндылықтарды екінші құндылықтармен құжаттарды ресімдеудің және т.б. ауыстыру жолымен артық шығатындай етіп жасау.

Ескерілмеген шикізат пен материалдардың артығын жасау мен иелену тәсілдерінің келтірілген тізбесі, атап айтқанда, көрсетілген тәсілдер Қазақстанның көптеген өндіріс кәсіпорындарында аудит өткізу іс-тәжірибесінде ең жиі кездеседі.

Функционалды аудиттің жұмыс бағдарламасында қоймалар мен материалдық құндылықтардың сақталған жерлерін тексеру оларды белгілеу бойынша қолдануға жарамдылығын; өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау; дабыл берудің, өлшеу шаруашылығының және басқа өлшегіш құралдардың бар болуын анықтау мақсатымен жеке қарастырылады. Сонымен бірге мезгілде материалдарды өндіріске босату жүйесі, олардың санын анықтаудың дұрыстығы, цех басшыларының тарапынан бақылаудың жағдайы, тиісті бастапқы және жиынтық құжаттарда босатуды көрсетудің уақыты мен дәлдігі тексеріледі.

Материалдық кұндылықтардың сақталуын бақылаудың ажырағысыз бөлігі қойма есебін тексеру болып табылады. Комиссия жұмысының іс-тәжірибесі көрсеткендей, қойма есебін жүргізуде негізгі бұрмалаулар материалдық құндылықтар түрлері бойынша теріс қойма қалдықтары («қызыл сальдо») бар болғанда, жекелеген кірістік құжаттар бойынша

материалдардың түсуі жөніндегі жазбалардың жоқтығынан, қойма есебі карточкаларының мәліметтерінің айырмашылықтары, есептен шығарылатын құжаттар санын аса көтеру, қалдықтарды қате санаудан тұрады. Материалдық құндылықтардың сақтауын қамтамасыз етудің шартты міндеті - дұрыс ұйымдастырылмаған күзет. Оның жағдайына функционалды аудит

материалдық құндылықтарды әкелу мен тасып шығаруды; күзет қызметкерлеріне рұқсатнама ресімдеу мен тіркеудің белгіленген тәртібін сақтауды; олардың қолданылған рұқсатнаманы бухгалтерияға уақтылы қайтаруын; басқа шарттарды орындауын ішкі бақылаудың іс жүзіндегі жүйесін кенеттен тексеруден басталады. Мұнда әр түрлі бұрмалаулар кездеседі: материалдық құндылықтарды бір рұқсатнамамен екі рет алып шығу; бұған құқы жоқ адамның қолы қойылған рұқсатнамамен тасып шығару.

Өндірістік іс-қызме

1234
скачать работу

Дайын өнімнің мәні және негізгі түсінігі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ