Деректанудың теориясы
Другие рефераты
Глоссарий (сөздік, анықтама): тарих, қосалқы тарихи ғылымдар, дерек, деректану, деректің түрлері.
Дәріс мақсаты: болашақ тарихшы мамандар бойында деректерді іздеп табу, таңдау, жүйелеу және сыни талдай білу қабилетін қалыптастыру; деректанудың ұғымдық-терминологиялық аппаратын меңгеру; деректерді талдау барысындағы білім жүйесін қалыптастыру және оны іс жүзінде пайдалана білу жолдарын көрсету.
Тақырыпта қарастырылатын сұрақтар:
-
Тарих ғылымның жүйесі
-
Тарихи ғылымдар жүйесіндегі теориялық деректанудың орны
-
Деректанулық ұғымдар мен терминдер туралы
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы):
«Тарих» ұғымы көне ғылыми ұғымдар қатарына жатады. Ежелі грек тілінен аударғанда – сұрастыру, білу мағынасына ие. «Тарих» ұғымында бірнеше аңықтамалар бар: өткен уақыт; өткен туралы әңгіме; қоғам өмірі; уақиға; адам қоғамның өткен уақытын зерттейтін ғылым.
Бүгінгі күні «тарих» ұғымы көпмағыналы болып келеді. Олардың ішінде төмендегі ұғымдар ерекшеленеді:
1. өткен уақыт және онда болғанның барлығы;
2. ауыз немесе жазбаша түрде сақталған, бұл өткен туралы әңгіме.
Бұл екі ұғымның қарама-қайшылық мәселесі - әдіснамалық мәселе тарих пәнінің негізін анықтайды
Деректану – тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі міндеті тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және оларда тарихи процестердің (құбылыстардың) объективті бейнелеуін зерттеу.
Теориялық деректанудың жалпы тарих ғылымындағы алатын орны ерекше. Оның қосымша тарихи пәндермен және басқа да тарихи зерттеулермен ара қатынасы бар.
1). Қосалқы тарихи пәндер. Тарихи деректерді зерттеумен көптеген қосалқы пәндердің айналысатыны белгілі.
Қосалқы тарихи пәндердін, арасында, түп дерек тануға ерекше орын беріледі, мұның міндеті тарихи түп деректерді тауып анықтау, оларды ғылыми жүйеге келтіру, сын көзімен талдау, зерттеу мен пайдалану әдістерін тұжырымдау, әрі, ақырында адамзаттың, өткен шағының тарихын баяндау үшін түп дерек бере алатындардың бәрін, нақтылы да жан-жақты алып анықтап шығу болып табылады.
Кейбір қосалқы тарихи пәндер өз алдына неғұрлым тар мақсаттарды қояды. Бұлардың бірі тарихи түп деректердін, жеке түрлерін зерттеумен шұғылданады. Мәселен, эпиграфика тас плиталардың, металдың, сүйектің, ағаштың, саз балшық бұйымдардың, үстіндегі жазуларды, папирология— папирустардағы жазу-сызуды, ал нумизматика басқа міндеттермен қатар — монеталардағы мәтіндерді зерттейді. Жекелеген қосалқы тарихи пәндер өзінің назарын жазба түп деректердін, сыртқы белгілерін зерттеуге аударады. Палеография, мәселен, жазу-сызу материалдары мен оның құралын, жазу мен өрнектеу ерекшеліктерін, сфрагистика — баспасөздерді, оның қосымша құжаттарын, ал геральдика — гербтерді, ел таңбаларды, орта ғасырларда кеңінен таралған ерекше айырым белгілерін зерттейді.
Қосалқы тарихи пәндердің ерекше бір тобы жазба тарихи түп деректердің жеке түрлерінің ғылыми сын тәсілдерін тұжырымдайды. Оған, мәселен, актілерді зерттейтін дипломатика және әдеби шығармалардың мәтіні тарихына өзінін, назарын аударатын текстология жатады.
Тарихи түп деректерді зерттеу ушін деректерді тұжырымдауды өз алдына міндет етіп қоятын бірқатар тарихи пәндерді атаған жөн. Бұлардың қатарына, ең алдымен, белгілі бір тарихи оқиғалардың, уақытын анықтаумен шұғылданатын тарихи хронология, өлшемдер және ақша есебі жүйесін зерттейтін метрология жатқызылады. Түп деректердің ғылыми сыны үшін тарихи өткен шақтың географиясын қалпына келтіретін тарихи география және онымен тығыз байланысты жеке географиялық атаулардың этимологиялық құрылымын, маңызын әрі қайсыбір тілге жататындығын зерттейтін тарихи топонимика көп деректер береді. Тарихи түп деректерді зерттеу үшін рулардың, әулеттер мен жеке адамдардың шығу тегі мен тарихын зерттейтін генеалогия сияқты қосалқы тарихи пән де маңызды мәліметтер береді.
Қосалқы тарихи пәндердің қай-қайсысы болсын өзінің зерттеу объектісі жағынан да, тәсілі мен шеңбері жағынан да деректанудан әлдеқайда тар.
Деректану деректердің кейбір түрлерін, типтерін немесе топтарын (теңгелер, актілер, жылнамалар, заманхаттар т.б.) ғана зерттеп қоймайды, ол барлық тарихи деректердегі салынған ақпараттарды қоғам дамуының заңды өнімі ретінде зертттейді. Сондықтан оның шеңбері барлық жағынан қосалқы тарихи пәндерден кеңірек.
2) Haқты тарихи зерттеулермен ара қатынастары.
Екiншi жaғынан, деректануды накты тарихи зерттеулермен, жалпы тарихи ғылымымен шатастыруға да болмайды: а) тарихи зерттеу өз мiндетiне тарихи деректер комплексi негiзiнде тарихи процестер заңдылығын тануды алады; ә) деректану ез мiндетiне деректi қоғамдык өмiрдiң жемiсi ретiнде, басқаша айтқанда тарихи процестiң бiр бөлiгi ретiнде тануды алады. Деректану шеңберi тарихи зерттеу шеңберiнен тар.
Сонымен, деректану дегенiмiз — тарих ғылымында өзiндiк орны бар арнаулы ғылыми пән болып табылады.
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1. «Тарих» ұғымы?
2. Тарих ғылымның салалары.
3. «Дерек» ұғымы.
4. Деректанудың салалары
5. Деректанулық ұғымдардың аңықтамалары
Әдебиеттер: 1, 2, 8, 10, 11, 16, 28, 32, 34, 36, 42, 43.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|