XIX ғасырдың 40 — 60 жылдар аралығындағы халықаралық қатынастар
Другие рефераты
Жоспар
1. 1848-1849 жылдар аралығындағы революцияның еуропалық дипломатияға әсері
2. Италиядағы 1848-1849 жылғы революция
3. Ресейдің Венгрияға интервенциясы. Еуропа жандармы сияқты орыс патшалығы. Ресейдің жаңа сыртқы саяси курсының негізі
4. 1856 жылғы Париж бейбіт келісімінен кейінгі Англияның, Францияның, Ресейдің дипломатиясы. Қырым жүйесініңқалыптасуы
5. XIX ғасырдың I жартысындағы қазақ-орыс қарым–қатынастары
1848-1849 жылдар аралығындағы революцияның еуропалық дипломатияға әсері
1848 — 1849 жылдар аралығындағы революция жеке мемлекеттер ішіндегі реакцияға ғана қарсы емес, сонымен қатар,монархиялық Еуропадағы халықаралық қатынастар жүйесіне де қарсы болды. 1848 жылы «веналық жүйе» жаңа соққыға тап болды.
1848 жылғы революцияның Германия мен Италия үшін басты мәселесі, осы елдердің феодалдық езгіден босату және осыелдерді біртұтас ұлттық буржуазиялық мемлекетке айналдыру болды. 1848 — 1848 жылдар аралығындағы революция Венгрияныңавстриялықтардың қол астынан азат етілуіне және Габсбургтер империясын құлатуға әкелер еді. 1848 жылғы Польшадағы революция Польшаны қайта қалпына келтіру проблемасын қайта туындатар еді.
1848 жылғы буржуазиялық - демократиялық революцияға қарсы реакциялық таптар мен оның үкіметі қарсы шықты. Әрбірмемлекеттердің феодалдық - абсолюттік реакциясы революцияға қарсы қозғалысқа бірігіп шықты және де осы қақтығыстадипломатия соңғы орында еместігі көрінеді.
1848 — 1849 жылғы революция дамыған жұмысшылар табының қолында жүруі еуропалық дипломатияға өзінің үлкен әсерінтигізді. 1848 жылға дейін британдық буржуазия барлық революциондық салттардан бас тартты, әсіресе, жұмысшы таптан сескенді. Англияның буржуазиялық — демократиялық плутократиясы реакцияның ең басты, ең маңызды қорғаны болды.
Азияда Пальмерстонның басшылығымен британдық үкімет және басқа да британдық буржуазиялық лидерлері агрессиясаясатын жүргізді, ал Еуропада Балқан жартыаралы халқына Түрік сұлтандарының езгісін қолдаған. 1848 — 1849 жылдары Англия өзінің ақшасын, флотын және дипломатиясын революциялық - демократиялық қозғалыстың сәтті жүруіне кедергікелтіру үшін және еуропалық халықаралық жағдайдың өзгерулерін минимумға дейін жеткізу және де отарлық экспансия үшінбостандықты сақтауға қолданды.
Бірақ, 1848 — 1849 жылдардағы халықаралық қатынастардың мазмұны тек қана революциялық және контрреволюциялықкүштердің арасындағы қақтығыспен сарқылмады. Дипломатиялық келіссөздерге орыс -ағылшындық және ағылшын — француздық қарама — қайшылықтар өзінің үлкен әсерін тигізді. Сонымен қатар, ұлттық және агрессивті буржуазияның талпынысы үлкен басты маңызға ие болды. Еуропа державаларының Шлезвиг — Гольштейн мәселесіне және 1848 жылғы Германияның ұлттық бірігу проблемасына деген қатынасы. 1848 — 1850 жылдары бүкіл ұлы державалар — Англия, Ресей, Франция, Австрия жэне Пруссия Германияның революциялық бірігуіне қақтығыстарында үйлесімге келді. Бұл германдық проблеманы шешу жолы еуропалық және сонымен қатар германдық реакция ушін де қажет болмады. Австрия мен Пруссияның қақтығысында және Англия үкіметінің, Германияның, Ресейдің және Францияның феодалдық езгілерін сақтап қалу және Еуропада өздерінің саяси үстемдігін сақтау мәселесі көзделді.
1848 жылы Шлезвиг - Гольштейн мәселесі туындаған кезде жағдай күрт өзгерді. Шлезвиг және Гольштиния герцогтығы Дат патшалығының құрамында болды. Гольштиния осымен бір уақытта Герман одағының мүшесі болды. Оның халық құрамы, Солтүстік Шлезвигтің халқы сияқты немістер болды. 1848 жылы осы герцогтығында Даниядан бөліну мақсатымен ұлттық қозғалыс басталды. Пруссия бұл жағдайды қолданып, Даниядан осы екі герцогтығы және Солтүстік Шлезвигті итеріп, Данияға соғыс ашып, осы аркылы осы герцогтығының барлығын өзінің билігіне жүгіндіру ойластырды. Осы соғыс арқылы прусстік үкімет өз елінің ішіндегі революциядан халықты алаңдату және Германияда өзінің беделін көтеруді ойластырды. Пруссияның сәттілігі Германияның прусстық қол астына өтуінің бірінші кезеңі болар еді. Герцогтықтардың Пруссияның қол астына өтуі Пруссияға Солтүстік теңізге жол ашар еді және Балтика жағалауында өзінің беделін нығайтуға жол ашар еді. Даниямен соғысты Германияны біріктіру және оның құрамына басқа да көрші жерлерді қосу жоспарын жасап жатқан франкфурттық парламент те қолдады.
1848 жылдың 6 сәуір күні соғыстың басталуы жайлы хабарламай, Прусстық әскер Шлезвиг және Гольштейнге басып кіреді, 23 сәуірде Ютландиде дат әскерін талқандады, бірақ, даттықтар Ресейден, Англиядан және Швециядан көмек сұрайды. Патша Ютландиден прустық әскерді шығаруды талап етті. Сонымен қатар, егер екі герцогтықты қайтадан қайтармаса, онда патша Висланың бағытын жаулап алуы жайлы хабар берді. Фридрих — Вильгельм IV өзінің әскерін Ютландиден әкетуге келісімін береді.
Италиядағы 1848 — 14849 жылғы революция
Италияда 1848 жылғы революциялық қозғалыс Сицилия аралығындағы халық көтерілісінен басталды. 1848 жылдың 12 қаңтар айында халық қозғалысы Сицилияның басты қаласы Палермода басталды. Қала баррикадалармен жабылды. Көтерілісші азаматтарға көмекке қарапайым азаматтар келді. Неаполитандық әскер талқандалып, 26 қаңтар айында Палермодан кетуге мәжбүр болды.
Келесі күні конституцияны талап етуші бұқаралық көтеріліс Неапольде болды. Патша реакциялық министрлерді отставкаға жіберіп, билікті қызмет етуші буржуазиялық либералдардың қолына берді. Көп ұзамай, Неапольде конституция жария етілді.
Сицилияда, Уақытша үкімет орнады. Оның құрамына либералды буржуазия мен либералды дворяндардың өкілдері кірді. Неаполитандық әскер тұрақтанған Мессины қамалынан басқа барлық аралдар Уақытша үкіметті қабылдады.
Сицилия мен Неапольдағы жағдайлар Италияның басқа да жерлерінің саяси қақтығыстарына өзінің үлкен әсерін тигізді.Сардина патшалығы мен Тоскана халқына қысым көрсету арқылы 1848 жылдың наурыз айында конституция жөніндегі декрет жарық көрді. Папа Пию IX да конституцияның енуін қабылдауына тура келді. Ол бұл шешімді басқа италияндық мемлекеттерге қарағанда кеш қабылдады, яғни, 15 наурыз айында. Папалық мемлекеттердің тарихында бірінші рет құрамында шіркеу адамдары жоқ, министрлер кеңесі қүрылды. 17 наурыз айында Венада революция басталды деген хабар жеткеннен кейін, Венецияда австриялықтарға қарсы қақтығыс басталды. 22 наурыз айында венециялық арсеналының жұмысшылары мен матростарының бой көтеруі басталды. Сол күні Венеция республикасының тәуелсіздігі қайта орнады. Венецияның президенті итальяндық буржуазиялық революционер, адвокат және публицист Даниэль Мании болды. 18 наурыз айында Ломбардияның басты қаласы Миланда қарулы көтеріліс басталды. Көтерілісте жұмысшылар, ұсақ кәсіпкерлер, ұсақ сатушылар және маңайдағы ауылдардың қарапайым шаруалары басты рөлді ойнады. Көтерілісшілер мен австриялық әскер арасындағы қақтығыс 5 күнге созылды. 22 наурыз айында австриялық әскер қолбасшысы Радецкиймен Миланнан кетуге мәжбүр болады. Миландағы билік Уақытша үкіметтің қолына көшті. Оның қүрамына буржуазиялық либералдар кірген болатын.
1848 жылғы Италиядағы революция феодалдық - абсолюттік тәртіпке ғана емес, сонымен қатар австриялықтарға қарсы даболды. Халықтың бұқаралық қысымы мен прогрессивті буржуазиялық жік және дворяндықтың қысымынан Сардиния патшалығының королі Пьемонта Карл — Альберт 1848 жылдың 23 наурыз айында Австрияға қарсы соғыс жариялады. Австрияға қарсы басқа да итальяндық мемлекеттерінің үкіметтері дайын екенін жариялады. Италия халқын патриоттық жалын жаулады. ¥лттық гвардиялық батальондар мен өз еркімен қатысушы жасақтар Ломбардияға қарай бет алды. Осы жасақтардың ішінде батырлығымен көзге түскен жэне ерекше орын алған өз еркімен қатысушы қолбасшысы Гарибальдидің жасағы болды.
Италияда наурыз айының аяғына таман құрылған антиавстриялық одақ берік болмады; оны итальяндық мемлекеттердің арасында болған қарама — кайшылықтар мен қақтығыстар үзіп отырды.
Ломбардияда австриялық езгіден босатылу мақсатымен жүрген халық қозғалысы өрши түсті. Сардина королІнен көмек аламын деген үмітпен Ломбардия өзінің Пьемонтқа қосылуы жайлы хабарлады. Ломбардиядан кейін Сардина
| | скачать работу |
Другие рефераты
|